Іргелі ауылдық округінің Көксай және Кемертоған ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іргелі ауылдық округі Көксай, Кемертоған ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іргелі ауылдық округінің Көксай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1)Көксай ауылының атауы қайталанатын Береке көшесіне "Садықхан Дүйсенбаев" көшесі;

      2)Көксай ауылының атауы қайталанатын Арай көшесіне "Әлім Тутадзе" көшесі;

      3)Көксай ауылының атауы қайталанатын Ақсай көшесіне "Білял Жақұбаев" көшесі;

      4)Көксай ауылының атауы қайталанатын Тәуелсіздік көшесіне "Сәрсенбай Керімтаев" көшесі.

      2. Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылының көшесіне келесі атау берілсін:

      1)Кемертоған ауылының атауы жоқ көшеге "Дәулетқұл Әбдиев" көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күнненбастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іргелі ауылдық округінің әкімі А. Қамалбек

О присвоении наименований улицам Иргелинского сельского округа села Коксай и Кемертоган

Решение акима Иргелинского сельского округа Карасайского района Алматинской области от 30 июня 2025 года № 1

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения села Коксай и Кемертоган Иргелинского сельского округа и на основании заключения ономастической комиссии Алматинской области от 11 июня 2025 года аким Иргелинского сельского округа Карасайского района ПРИНЯЛ РЕШЕНИЕ:

      1. Присвоить следующие наименования улицам села Коксай:

      1)Улице с повторяющимся названием Береке присвоить имя "Садықхан Дүйсенбаев";

      2)Улице с повторяющимся названием Арай присвоить имя "Әлім Тутадзе";

      3)Улице с повторяющимся названием Ақсай присвоить имя "Білял Джакубаев";

      4)Улице с повторяющимся названием Тәуелсіздік присвоить имя "Сәрсенбай Керімтаев";

      2. Присвоить следющее наименование улице села Кемертоган:

      1)Безымянной улице села Кемертоган, присвоить имя "Давлеткул Абдиев";

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Аким Иргелинского сельского круга А. Камалбек