Бруцеллез жөніндегі шектеу іс-шараларының күшін жою және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық Округі әкімінің 2025 жылғы 01 шілдедегі № 7 "Шектеу іс-шараларын тағайындау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет аулдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 9 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 06-05/98 ұсынысы негізінде, Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Сырымбет ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 01 шілдедегі № 7 "Шектеу іс-шараларын тағайындау туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М. Бекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады