"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 06-05/77 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Сырымбет ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім онын алғақы ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
М. Бекенов |