Алматы облысының жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 42-235 шешімі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысының жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

  Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 42-235 шешіміне қосымша

Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

№ п/п

Арнаулы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

2025 жылға төлемақы мөлшерлемелері, теңге

Балқаш және Алакөл көлдері мен өзендерінің бассейні

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

658,9

2.

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

1 819,8

3.

Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

522,9

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

522,9

5.

Су энергетикасы

теңге/1000 киловатт-сағат

193,5

6.

Су көлігі

теңге/1000 тонна-шақырым

57,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады