"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |
| Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 42-235 шешіміне қосымша |
Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ п/п | Арнаулы су пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | 2025 жылға төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
Балқаш және Алакөл көлдері мен өзендерінің бассейні | |||
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 658,9 |
2. | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 1 819,8 |
3. | Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5) | теңге/1000 текше метр | 522,9 |
4. | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 522,9 |
5. | Су энергетикасы | теңге/1000 киловатт-сағат | 193,5 |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тонна-шақырым | 57,5 |