Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 392 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев

  Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "29" желтоқсандағы № 392 қаулысына қосымша

Алматы облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Балқаш ауданы

1

"Ақжар" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

2

"Береке" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

3

"Құйған" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

Талғар ауданы

1

"Панфилов (СНК)" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

2

"Белбұлак" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

Қонаев қаласы

1

"Шеңгелді" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

2

"Ақөзек" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

3

"Кербұлақ" ауылының сумен жабдықтау жүйесі

4

"Сарбұлак" ауылының сумен жабдықтау жүйесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады