Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30257 болып тіркелген);
2) Қобда аудандық мәслихатының "2022 жылғы 7 қазандағы № 228 "Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 24 қарашадағы № 236 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30918 болып тіркелген) ;
3) Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қазандағы № 84 "Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 "Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ергалиев |