Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 "Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 309 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 "Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6092 тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық Кодексінің 600 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м. а. С. Муканов

  Алға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 20 қараша
№ 309 қаулысына қосымша
  Алға ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 сәуірдегі
№ 130 қаулысына қосымша

Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

№ р/н

Округтің атауы

Елді мекен

Аймаққа бөлу коэффициенті

1.

Алға қаласы

Алға қаласы

2,1

Подхоз тұрғын үй алабы

1,5

2.

Ақай ауылдық округі

Ақай ауылы

1,95

Көлтабан ауылы

1,4

 
3.

Бесқоспа ауылдық округі

Есет батыр Көкіұлы ауылы

2,05

Қызылту ауылы

1,15

4.

Бестамақ ауылдық округі

Бестамақ ауылы

2,10

Бесқоспа ауылы

1,95

5.

Қарағаш ауылдық округі

Самбай ауылы

2,05

Нұрбұлақ ауылы

1,85

6.

Қарабұлақ ауылдық округі

Қарабұлақ ауылы

1,95

Амангелді ауылы

1,65

7.

Қарақобда ауылдық округі

Қарақобда ауылы

1,85

Ерназар ауылы

1,25

Құмсай ауылы

1,25

8.

Маржанбұлақ ауылдық округі

Маржанбұлақ ауылы

1,95

Қайыңдысай ауылы

1,85

9.

Сарықобда ауылдық округі

Сарықобда ауылы

2,05

Болгарка ауылы

2,05

10.

Тамды ауылдық округі

Тамды ауылы

1,95

Еркінкүш ауылы

1,70

Талдысай ауылы

1,70

11.

Тоқмансай ауылдық округі

Қайнар ауылы

2,05

Тоқмансай станциясы

1,40

Тоқмансай ауылы

1,95

12.

Үшқұдық ауылдық округі

Үшқұдық ауылы

2,05

Жерұйық ауылы

1,85

Ақсазды ауылы

1,15

13.

Қарақұдық ауылдық округі

Қарақұдық ауылы

2,05

Көктоғай ауылы

1,65

Тікқайың ауылы

1,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады