Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "жұмсаған" сөзі "жұмсалған" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |