Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабының 1-тармағына 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Сүйінтаева |
2025 жылғы 27 маусымдағы № 225 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні | |||
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 239,88 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 696,33 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 193,42 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 189,02 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | 23,20 |
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні | |||
7. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 208,27 |
8. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 586,27 |
9. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 161,22 |
10. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 161,22 |
11. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
12. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |