Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 қаңтарда № 3306 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "ставкалары", "ставкаларын" сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерін" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5 тармағына, "Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 31.03.2026 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы шешімге сәйкестендіру және жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізуді "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-не (келiсiм бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келiсiм бойынша) ұсынылсын.
      3. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 52 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3240 тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газетінің 2008 жылғы 10 сәуірінде № 42-43 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Қ.ТОҚТАРОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ

  Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 235 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 31.03.2026 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

418,31

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

1 197,59

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

337,35

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

337,35

5.

Су энергетика

теңге/1000 киловатт сағатына

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

40,48

Торғай, Ырғыз өзендері бассейні

7.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

834,90

8.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

2 386,36

9.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

657,4

10.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

657,4

11.

Су энергетика

теңге/1000 киловатт сағатына

-

12.

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады