"Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 113 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 223 шешімі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің қосымшасында:

      Ойыл ауданы бойынша:

      Ойыл ауылдық округі бойынша - 262-жолы "Екпетал ауылы" алып тасталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады