Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Рахимов |
