Ақмола облысының ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/668 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшем шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36719 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысының ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Ақмола облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/634 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ А-12/668 қауылысына
қосымша

Ақмола облысының ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Сумен жабдықтау жүйесінің атауы

1.

Степногорск қаласының топтық су құбыры

2.

"Дамса-Научный-Степное" топтық су құбыры

3.

"Ижевск" топтық құбыры

4.

"Қойтас-Ажы" топтық құбыры

5.

Көкшетау топтық су құбыры

6.

Нұра топтық су құбыры

7.

"Оразақ" топтық құбыры

8.

"Торғай-Төменгі Торғай-Қарағайлы" топтық су құбыры

9.

"Шантобе" топтық құбыры

10.

"Аршалы" оқшау су құбыры, Аршалы ауданы

11.

"Еркіншілік" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

12.

"Ақсуат" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

13.

"Ақмырза" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

14.

"Майлан" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

15.

"Бозтал" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

16.

"Өлеңті" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

17.

"Күншалған" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

18.

"Тайбай" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

19.

"Жарық" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

20.

"Малтабар" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

21.

"Елтай" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

22.

"Балықты" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

23.

"Олжабай батыр" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

24.

"Байсары" оқшау су құбыры, Ерейментау ауданы

25.

"Жақсы" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

26.

"Новокиенское" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

27.

"Жаңа Қима" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

28.

"Киев" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

29.

"Тарасов" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

30.

"Чапаев" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

31.

"Подгорное" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

32.

"Белағаш" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

33.

"Киров" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

34.

"Запорожье" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

35.

"Моховое" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

36.

"Лозовое" оқшау су құбыры, Жақсы ауданы

37.

"Тасты-Талды" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

38.

"Үшқарасу" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

39.

"Отрадное" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

40.

"Уәлиханов" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

41.

"Гастелло" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

42.

"Далабай" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

43.

"Зерноград" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

44.

"Костычев" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

45.

"Львов" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

46.

"Пригородный" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

47.

"Пятигорск" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

48.

"Тасөткел" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

49.

"Тассуат" оқшау су құбыры, Жарқайың ауданы

50.

"Жұмай" оқшау су құбыры, Қорғалжын ауданы

51.

"Садырбай" оқшау су құбыры, Қорғалжын ауданы

52.

"Ұялы" оқшау су құбыры, Қорғалжын ауданы

53.

"Үшсарт" оқшау су құбыры, Қорғалжын ауданы

54.

"Талапкер" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

55.

"Қоянды" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

56.

"Приречное" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

57.

"Қажымұқан" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

58.

"Мортық" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

59.

"Қызылсуат" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

60.

"Жайнақ" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

61.

"Қаратомар" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

62.

"Жарлыкөл" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

63.

"Жалғызқұдық" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

64.

"Сарыкөл" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

65.

"Садовое" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

66.

"Жаңа Есіл" оқшау су құбыры, Целиноград ауданы

67

"Бестөбе" оқшау су құбыры, Степногорск қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады