Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8906-03 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесінің қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
2. | Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газета) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі (Вn) | Шаршы сантиметр | Ақмола облысы | 520 | 550 | 600 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |