Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № А-9/476 қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы №180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Әміренова

  Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ А-9/476 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған 2025 жылғы субсидиялар көлемі

Субсидиялау түрі

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидия сомасы, теңге

1.

Албырт балық түрлерін және оның будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарын өтеу бойынша субсидиялар

килограмм

11 451,66

2 914 896

2.

Тұқы балықтар түрлерінің және оның будандарының балық өсіру материалы сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар

дана

1500

22 500

Барлығы:




2 937 396


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады