Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № А-8/429 қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы М.Балпан

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ А-8/429 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 21 маусымдағы
№ А-6/284 қаулысына
қосымша

Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары

      1. Вячеслав су қоймасы:

      Рекреациялық балық аулау аймағы Аршалы ауданының Арнасай және Михайловка ауылдарының арасында орналасқан, жалпы ұзындығы 71 километр шақырым болатын Вячеслав су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.

      2. Шағалалы су қоймасы:

      Рекреациялық балық аулау аймағы Зеренді ауданының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 25 километр шақырым болатын Шағалалы су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.

      3. Көпа көлі:

      Рекреациялық балық аулау аймағы Көкшетау қаласының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 15 километр шақырым болатын Көпа көлінің жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.

      4. Сілеті су қоймасы:

      Рекреациялық балық аулау аймағы Ақкөл және Ерейментау аудандарының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 99 километр шақырым болатын Сілеті су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады