Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 1307 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 166-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 1307 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ағымдағы қаржы жылы – жоспарлы жыл алдындағы жыл;

      2) жабдықталым органы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелері, республикалық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мүддесінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын, қажеттілікті уақтылы айқындауға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде қаражатты жоспарлауға(оның ішінде сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің кемінде үш баға ұсынысын беруге), мемлекеттік сатып алу бойынша тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке техникалық ерекшелікті (техникалық тапсырманы)әзірлеуге, жауапты тапсырыс берушінің бас басқармалары;

      3) қабылдаушы – мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті қабылдауды тікелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мекеме;

      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі– Заң) сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын Қорғаныс министрлігінің заңды тұлғасы немесе құрылымдық бөлімшесі;

      5) тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алуды жүзеге асыруға, шарт жасауға және олар бойынша төлем жүргізуге уәкілеттік берген республикалық мемлекеттік мекеме.

      Бұл ретте тапсырыс берушілерге және жабдықталым органдарына бір тұлға ретінде болуға жол беріледі.

      3. Жабдықталым органы және қабылдаушы осы Қағидаларда айқындалған және көзделген тапсырыс берушінің кейбір функцияларын орындайтын оның өкілдері болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттіксатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы

1-параграф. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту

      4. Тапсырыс беруші тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарын) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген)бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) 1-қосымшаға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35220 болып тіркелген)бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес тәртіппен және нысандар бойынша тиісті бюджет негізіндеәзірлейді және бекітеді, бұл ретте мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспары тиісті бюджет комиссиясының оңшешімі түскеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      5. Алдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту үшін жабдықталым органы:

      1) ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін лимит үшін жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұраусалу негізінде тапсырыс берушіге әрбір тармақ бойынша сатып алу тәсілінің негіздемесін және сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын қоса беріп, жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам бекіткен мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына ұсыныстар, осы Қағидалардың 14,15,16-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді, сондай-ақ конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін адамдар тізімін және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ұсыныстарды жібереді;

      2) ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін тапсырыс берушіге әрбір тармақ бойынша сатып алу тәсілінің негіздемесімен және тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодымен жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам бекіткен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ұсыныстар, осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді, сондай-ақ конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін адамдар тізімін және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ұсыныстарды жібереді.

      Жабдықталым органының мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) ұсыныстары Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      6. Тапсырыс беруші жабдықталым органы ұсынған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша оларды қабылдайды не қабылдаудан бас тартады.

      Қабылдаудан бас тартылған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) ұсыныстар тапсырыс берушінің іс жүргізуіне түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды қоса беріп қайтарылады.

      7. Жабдықталым органы ескертулерді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды жояды және тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) ұсыныстарды қайта жібереді.

      8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) ұсыныстарды қайта енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жабдықталым органы тарапынан ескертулер толық жойылған жағдайда көрсетілген жоспарды қабылдайды.

      9. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарына) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін жабдықталым органы ай сайын келесі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушіге тиісті жоспарға өзгеріс пен (немесе) толықтыру енгізу туралы ұсыныс береді.

      10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде жабдықталым органы сатып алу тәсілін және тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын негіздеумен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы тиісті ұсынысты және әрбір тармақ бойынша сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің кемінде үш баға ұсынысын, сондай-ақ осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және тапсырыс берушіге жібереді.

      11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспары) және оларға өзгерістер (толықтырулар) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны және енгізілетін өзгерістерді көрсетіп, түсіндірме жазбасымен бірге ұйымдастырушыға жібереді.

      12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың болжамды жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алудың веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде және ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алудың болжамды жоспары бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға болжамды жылдық жоспарда көзделген бірінші кезектегі тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бойынша конкурстық рәсімді жүргізу үшін өтінімдер жібереді.

      Бірінші кезектегі тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке:

      оларды жеткізу мерзімі алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының соңына дейін көзделген тауарлар;

      алдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап орындау және көрсету қажет жұмыс, көрсетілетін қызметтер жатады.

      13. Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, ал егер тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға атынан әрекет етсе, тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының таңдалған кодының веб-порталдағы тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасына сәйкестігіне, техникалық ерекшеліктің сапалы әзірленуіне және біліктілік талаптарын негізделген белгілеуге жауапты болады.

2-параграф. Техникалық ерекшелікті әзірлеу және біліктілік талаптарын белгілеу

      14. Жабдықталым органы сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде Заңның 12-бабының талаптарын, сондай-ақ Ерекше тәртіптіқолдана отырып,мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының ережелерін ескереді.

      15. Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің әзірленген техникалық ерекшелігінде ұлттық стандарт, ал олар болмағанда сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке мемлекет аралық стандарт көрсетіледі. Ұлттық және мемлекет аралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескеріп, сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы көрсетіледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшелікте жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламентте, стандарттарда немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талап қамтылады.

      Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы нақты қажеттілікке сәйкес белгіленеді.

      16. Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, ал егер тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға атынан әрекет етсе, онда тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам басшылық құжаттардың (техникалық регламент) және қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырғаннан кейін әзірленген техникалық тапсырмаға және (немесе) техникалық ерекшелікке қол қояды.

      Ерекше тәртіпті қолданып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігіне жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам әр парағына қол қояды, ал егер тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға атынан әрекет етсе, онда тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      17. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Заңның 11-бабына және Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес белгіленеді.

      18. Әлеуетті өнім берушіге рұқсаттың (хабарламаның) болуы бойынша қойылатын біліктілік талаптары белгіленген жағдайда рұқсаттың (хабарламаның) нақты атауы, қызмет түрі, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі және олардың кодтары көрсетіледі.

      19. Әлеуетті өнім берушіге еңбек ресурсының болуы бойынша қойылатын біліктілік талаптары белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес қызметкердің нақты мамандығы немесе біліктілігі және олардың саны көрсетіледі.

      20. Әлеуетті өнім берушіге материалдық ресурстың болуы бойынша қойылатын біліктілік талаптары белгіленген жағдайда материалдық ресурстың нақты атауы және оның саны көрсетіледі.

3-параграф. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

      21. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жабдықталым органы қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды ұсынып, тапсырыс берушіге қарау үшін өтінім жібереді:

      1) міндетті түрде қабылдаушының мекенжайын және атауын көрсетіп, сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тізбесін (жеткізу базисі, қызмет көрсету, жұмысты орындау орны);

      2) осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адамқол қойған техникалық ерекшелікті.

      Дұрыс емес деректерді енгізуді болдырмау мақсатында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу кезіндетехникалық ерекшелікте лот нөмірі (мемлекеттік сатып алу жоспары тармағының нөмірі) көрсетіледі.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстың ерекше тәртібін қолданып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама болуға тиіс.

      Жобалау-сметалық құжаттаманың болуын талап ететін жұмысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 117 және 118-тармақтарында көзделген ақпаратпен құжаттардан басқа, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және оның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы болуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты орындау мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының осы қорытындысында көрсетілген жұмысты орындау мерзіміне сәйкес келуге тиіс.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жұмысын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 117 және 118-тармақтарында көзделген ақпаратпен құжаттардан басқа, заңнамаға сәйкес жобалауға және бекітілген ғимараттар мен құрылыс жайдың сенімділігімен орнықтылығын (қажет болғанда) техникалық тексеру бойынша сараптамалық қорытындыға тапсырма болуға тиіс;

      3) мамандануы сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке сәйкес келетін дипломның/сертификаттың көшірмесін қоса беріп, сараптау комиссиясының құрамына енгізу үшін кандидатураларды (сарапшыны). Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алу кезінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары 129-тармағының талаптары ескеріледі. Маманды сарапшы ретінде тарту мүмкін болмағанда соңғысы конкурстық комиссияның құрамына енгізіледі;

      4) мұндайлар болғанда мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа толықтырулар мен ұсыныстарды;

      5) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес және осы Қағидалардың 17, 18, 19 және 20-тармақтарына сәйкес біліктілік талаптарын.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттар WORD/EXCELL және PDF форматтарында ұсынылады.

      Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және WORD/EXCELL форматында ұсынылады.

      Мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу нәтижесін (қорытынды хаттамасын) ұсынады.

      Жабдықталым органы тапсырыс берушіге өткізілмеген деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген ұсыныстарды жібереді.

      Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеген деп танылған жағдайда тапсырыс беруші жабдықталым органының жазбаша ұсынысы негізінде Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      22. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жабдықталым органы тапсырыс берушіге Заңның 12-бабында көзделген мәліметтерді көрсетіп және талаптарды сақтап, жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға өтінімді, сондай-ақ осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшелікті және мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа ұсыныстар мен толықтырулар (бар болғанда) жібереді.

      23. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жабдықталым органы:

      1) осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес техникалық ерекшелікті әзірлейді;

      2) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 506 – 518-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығында өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге (егер әлеуетті өнім беруші үштен аз болса, онда бар әлеуетті өнім берушіге) баға ұсынысын беру туралы сұрау салу жібереді;

      3) әлеуетті өнім беруші ұсынған баға ұсынысы немесе өнім берушіні таңдауға негіз болған өзге де құжаттар негізінде жабдықталым органыЗаңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтап, әлеуетті өнім берушіні айқындайды;

      4) шарт жасалғанға дейін тапсырыс берушіге өнім берушіні және сатып алу тәсілін таңдау негіздемесін, жабдықталым органының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам бекіткен техникалық ерекшелікті және осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес алынған баға ұсынысын жібереді.

      Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 506 – 518-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде өнім берушімен тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алуға шарт жасайды.

      24. Тапсырыс беруші баға ұсынысын сұрату, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен бір көзден және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 493-тармағына сәйкес өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндежабдықталым органы үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.

      25.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді ұйымдастырушы тапсырыс беруші берген өтінім негізінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды ұсынып жүзеге асырады:

      1) сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзіндіні;

      2) осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тізбесі мен техникалық ерекшелігін.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу кезінде дұрыс емес деректерді енгізуді болдырмау мақсатында техникалық ерекшелікте лот нөмірі (мемлекеттік сатып алу жоспары тармағының нөмірі) көрсетіледі.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстың ерекше тәртібін қолданып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамамен бірге Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама ұсынылады.

      Жобалау-сметалық құжаттаманың болуын талап ететін жұмысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 117 және 118-тармақтарында көзделген ақпаратпен құжаттардан басқа, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және оның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы болуға тиіс.Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты орындау мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының осы қорытындысында көрсетілген жұмысты орындау мерзіміне сәйкес келуге тиіс.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жұмысын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 117 және 118-тармақтарында көзделген ақпаратпен құжаттардан басқа, заңнамаға сәйкес бекітілген жобалауға және ғимараттармен құрылыс жайдың сенімділігімен орнықтылығын (қажет болғанда) техникалық тексеру бойынша сараптамалық қорытындыға тапсырма болуға тиіс;

      3) мамандануы сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке сәйкес келетін дипломның/сертификаттың көшірмесін қоса беріп, сараптамалық комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды (сарапшыны). Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алуды жүргізу кезінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары 129-тармағының талаптары ескеріледі. Маманды сарапшы ретінде тарту мүмкін болмағанда, соңғысы конкурстық комиссияның құрамына енгізіледі;

      4) жабдықталым органыныңұсынысы мен толықтыруы ескеріліп, шарт жобасын (бар болғанда);

      5) Заңның 11-бабының 1-тармағына және осы Қағидалардың 17, 18, 19 және 20-тармақтарына сәйкес біліктілік талаптарын.

      Мемлекеттіксатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттар WORD/EXCELL және PDF форматында ұсынылады.

      Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттар тұпнұсқадажәне WORD/EXCELLформатында ұсынылады.

      26. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген құжаттар түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарайды және ескертулер анықталған кезде тапсырыс берушіге толық пысықтау үшін қайтарады.

      27. Ескертулер болмаған жағдайда ұйымдастырушы Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 5 және 12-қосымшаларға және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 42-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлейді және қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде оны бекіту үшін тапсырыс берушіге жібереді.

      28. Тапсырыс беруші ескертулерді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды жояды және ұйымдастырушыға қайта жібереді.

      29. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттама жобасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның берілген өтінімге сәйкестігін тексереді, оны бекітеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуүшін ұйымдастырушыға жібереді.

      30. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының атына конкурстық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықтан үзіндіні жібереді.

      31. Ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің атына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.

      32. Электрондықдүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруүшінжабдықталым органы тапсырыс берушіге қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды беріп, қарауға өтінім жібереді:

      1) сатып алу болжанатын тауардын KZTIN кодын,қабылдаушының мекенжайы менатауын (жеткізу базисін), қабылдаушы өкілінің байланыс деректерін (тегі, инициалы және байланыс телефоны)міндетті түрде көрсетіп, тауарлар тізбесін;

      2) мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа толықтырулар мен ұсыныстарды (бар болғанда).

4-параграф. Шарт жасау

      33. Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші арасында жасалады.

      34. Сатып алу туралы шартта қабылдаушы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      35. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жабдықталым органына қабылдаушы шартының бір данасын жібереді.

      Жабдықталым органы шарттың бір данасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қабылдаушыға (қабылдаушыларға) жібереді.

      Тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға атынан әрекет еткенде тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарттың бір данасын қабылдаушыға жібереді.

      36.Ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруы немесе ұстап қалуы мақсатында тапсырыс беруші:

      1) әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы енгізген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде бұл туралы ұйымдастырушыны хабардар етеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеген не уақтылы енгізілмеген жағдайда тапсырыс беруші қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      2) әлеуетті өнім беруші шарт жасаудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы ұйымдастырушыны хабардар етеді.

      37. Шарттың көшірмесін алғаннан кейін қабылдаушы шартты сапалы орындау мақсатында жеткізілетін тауарды қабылдау, тиісті түрде қызмет көрсету және жұмысты орындау үшінорын дайындау бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

      38. Жабдықталым органы жасалған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қараған кезде тапсырыс берушіге шартқа өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі және/немесе мақсатқа сәйкестігі туралы мәліметтерді жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады