ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 16.09.2025 ж. ерте емес қолданысқа енгізіледі.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 16 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы "08"тамыздағы №1015 бұйрығымен бекітілген |
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – аумақтық үйлестіру кеңесі) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері болып табылады.
2-тарау. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
2. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
1) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылды жүзеге асыруы және олардың қызмет тиімділігін арттыру;
2) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату;
3) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау болып табылады.
3-тарау. Аумақтық үйлестіру кеңесінің құрамы
3. Аумақтық үйлестіру кеңесінің құрамы азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары қатарынан қалыптастырылады.
Аумақтық үйлестіру кеңесі мыналардан тұрады:
1) үйлестіру кеңесінің төрағасы;
2) үйлестіру кеңесінің мүшелері;
3) үйлестіру кеңесінің хатшысы.
4. Аумақтық үйлестіру кеңесінің төрағасы (бұдан әрі – төраға) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының өкімімен тағайындалады.
4.1. Төраға болып жергілікті атқарушы орган әкімінің әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
Әскери-патриоттық тәрбие саласындағы аумақтық үйлестіру кеңесінің қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
4.2. Төраға отырыстың күн тәртібін бекітеді, оны өткізу орны мен уақытын айқындайды, сондай-ақ іс-шаралардың бірлесіп орындаушысын және іс-шаралардың негізгі орындаушысын белгілейді.
5. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
1) үйлестіру кеңесінің күн тәртібі, оны өткізу күні мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) отырыстарға материал дайындауға, сондай-ақ үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады;
3) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату мәселелерін талқылауға және түсіндіруге қатысады;
4) аумақтық үйлестіру кеңесінің қызметі мәселесі бойынша төрағаға жүгінеді және аумақтық үйлестіру кеңесіне түсетін ақпаратты белгіленген тәртіппен пайдаланады, сондай-ақ аумақтық үйлестіру кеңесі отырысының жұмысына, сондай-ақ аумақтық үйлестіру кеңесі өткізетін өзге де іс-шараларға жеке өздері қатысады;
5) аумақтық үйлестіру кеңесі мүшелерінің өкілеттігін үйлестіру кеңесінің құрамына кірмейтін басқа адамдарға беруге жол берілмейді.
6. Үйлестіру кеңесінің хатшысы (бұдан әрі – хатшы) аумақтық үйлестіру кеңесі төрағасының шешімі бойынша әкімдік аппаратының қызметкерлері ішінен тағайындалады.
7. Хатшы өз құзыретінің мәселесі бойынша төрағаға тікелей бағынады және есеп береді.
8. Хатшы аумақтық үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, атап айтқанда:
1) үйлестіру кеңесінің мүшелерін отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;
2) отырыста қаралатын материалды дайындауды ұйымдастырады;
3) отырыс хаттамасын ресімдейді;
4) жартыжылдық бойынша үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалу барысын талдайды және жинақтайды;
5) үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де іс-шараларды орындайды.
4-тарау. Аумақтық үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
10. Үйлестіру кеңесінің отырысы, егер оған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып табылады.
11. Үйлестіру кеңесінде қаралатын материалды дайындауды хатшы жүзеге асырады.
12. Анықтамалар, өзге де материал және шақырылатын адамдар тізімі отырыс өткізілетін күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал жоспардан тыс мәселелер бойынша бес жұмыс күнінен кешіктірілмей хатшыға беріледі.
13. Үйлестіру кеңесінің мүшелері материалды дайындау және хаттамаларды орындау шеңберінде үйлестіру кеңесінің мүшелеріне осы органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат, материал мен өзге де талдамалық құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды жібере алады.
14. Хатшы ұсынылған материал негізінде отырыстың күн тәртібін дайындайды, төраға бекіткеннен кейін ол барлық қажетті құжаттарды қоса беріп, отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберіледі.
15. Хатшы отырысқа шақырылған адамдардың келуін қамтамасыз етуді, оларды тиісті құжаттармен таныстыруды жүзеге асырады.
16. Төрағаның шешімі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысына үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.