ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 19.05.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерінде:
Дене шынықтыру дайындығын бағалау кестесінің ескертпесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер ӘОО-ға оқуға түсу кезінде үш жаттығу бойынша бағаланады (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру) және мынадай жаттығулар бойынша бағаланады:
ерлер:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші жас топтары – 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу және 3000 метрге жүгіру;
бесінші жас тобы – 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу және 1000 метрге жүгіру;
алтыншы, жетінші, сегізінші жас топтары – белтемірде тартылу және 1000 метрге жүгіру;
бірінші және екінші жас топтарындағы әйелдер – 100 метрге жүгіру, кешенді күш жаттығуы және 1000 метрге жүгіру;
үшінші және одан жоғары жас тобындағы әйелдер – кешенді күш жаттығуы және 1000 метрге жүгіру.".
2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларында:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер үшін – жиын уақытында аптасына 3 сағат, ал әскери бөлімге үш күндік жиынға келгендер үшін – күн сайын 1 сағат.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскери бөлім және мекеме басқармасының қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен және әскери қызметші әйелдерімен, сондай-ақ резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдармен дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу;";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) резервтегі әскери қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде дене шынықтыру дайындығының нәтижесі.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер ТДШЖ бөлімше құрамында бөлімше сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нұсқаушының басшылығымен шұғылданады.";
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бөлім. Қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, әскери қызметші әйелдердің және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдардың дене шынықтыру дайындығы";
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Қатардағы жауынгер, сержант, офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдардың дене шынықтыру дайындығы.";
125 және 126-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Бесінші және одан жоғары жас топтарындағы сарбаз (матрос), сержант (старшина), офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдар үшін сабақтың дайындық бөлігінің ұзақтығы 15 минутқа дейін, ал қорытынды бөлігі 10 минутқа дейін ұзартылады. Сабақ процесінде көп дене және статикалық күшті, шапшаң еңкеюді қажет ететін, сондай-ақ тыныс алуды кідіртуді ұзартуға және қатты күшенуге мәжбүр ететін жаттығуларды қолдануға шектеу қойылады.
126. Дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарынан басқа, сарбаз (матрос), сержант (старшина), офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдар спорттық жұмысқа және өзіндік дене шынықтыру жаттықтыруына қатысады.";
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. Сарбаз (матрос), сержант (старшина), офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдар қызметтен тыс уақытта өздігінен дене шынықтыру жаттықтыруымен айналысады. Өздігінен айналысатын сарбаз (матрос), сержант (старшина), офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдармен дене шынықтыру дайындығы және спорт, медицина қызметінің бастығы кезең-кезеңімен сабақтың мазмұны мен әдістемесі бойынша нұсқау беруді өткізеді.";
149-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жиын уақытында.";
172 және 173-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"172. Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар дене шынықтыру дайындығынан үш жаттығу бойынша (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру) емтихан тапсырады.
Әскери қызметшілер және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдар қатарынан әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар жас топтарына сәйкес дене шынықтыру дайындығынан үш жаттығу бойынша (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру) емтихан тапсырады.
Сержант (старшина), офицер лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген адамдар қатарынан әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар жас топтарына сәйкес дене шынықтыру дайындығынан емтихан тапсырады:
әскери қызметші ерлер:
1) бірінші, екінші, үшінші, төртінші жас топтары – 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу және 3000 метрге жүгіру;
2) бесінші жас тобы – 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу және 1000 метрге жүгіру;
3) алтыншы, жетінші, сегізінші жас топтары – белтемірде тартылу және 1000 метрге жүгіру;
әскери қызметші – әйелдер:
1) бірінші және екінші жас топтары – 100 метрге жүгіру, кешенді күш жаттығуы және 1000 метрге жүгіру;
2) үшінші және одан жоғары жас тобындағы – кешенді күш жаттығуы және 1000 метрге жүгіру.
"173. Келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтардың дене шынықтыру дайындығы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтар үшін бір күн ішінде спорттық киім нысанында орындалатын жаттығулар мен нормативтерді орындау шарттары мен нәтижесі бойынша анықталады.";
17-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
6. Осы бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 651 бұйрығына Қосымша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына 17-қосымша |
Келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға арналған жаттығулар мен нормативтер
Р/с | Жаттығу | Баға | Жас тобы/санат | |||
ерлер | әйелдер | |||||
30 жасқа дейін | 30 жас және одан жоғары | 30 жасқа дейін | 30 жас және одан жоғары | |||
1. | Белтемірде тартылу | өте жақсы | 14 рет | 8 рет | - | - |
жақсы | 10 рет | 6 рет | - | - | ||
қанағаттанарлық | 6 рет | 4 рет | - | - | ||
2. |
Кешенді | өте жақсы | - | - | 25 рет | 20 рет |
жақсы | - | - | 20 рет | 15 рет | ||
қанағаттанарлық | - | - | 15 рет | 10 рет | ||
3. | 100 метрге жүгіру | өте жақсы | 14,0 секунд | 15,5 секунд | 17,0 сек | - |
жақсы | 14,5 секунд | 16,0 секунд | 18,0 сек | - | ||
қанағаттанарлық | 15,5 секунд | 17,0 секунд | 19,0 сек- | - | ||
4. | 1000 метрге жүгіру | өте жақсы | - | 4 минут 10 секунд | 4 минут 50 секунд | 5 минут 20 секунд |
жақсы | - | 4 минут 30 секунд | 5 минут 20 секунд | 5 минут 40 секунд | ||
қанағаттанарлық | - | 4 минут 50 секунд | 5 минут 50 секунд | 6 минут 20 секунд | ||
5. | 3000 метрге жүгіру | өте жақсы | 12 минут 30 секунд | - | - | - |
жақсы | 13 минут 10 секунд | - | - | - | ||
қанағаттанарлық | 13 минут 50 секунд | - | - | - |
Үлгілік тарату есебі:
1. № 2 тарату есебі – 563 дана
Жиыны: – 563 дана
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері дене даярлығын бақылау және әдіснама бөлімінің бастығы подполковник |
М. Химеденов |