Астана қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 509-1566 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 21-19/3048 тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын масштабтау жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.К. Өтебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "___" _________
№ ________ қаулысына
1-қосымша

Астана қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормасы

Р/с №

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Жылыту маусымындағы айлық норма, м3

Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м3

1.

Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы

911

148

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады