Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 107-5049 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Әкім Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсан
№ 107-5049 қаулысына
қосымша

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Р/с№

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (5, 6, 7 - бағандарда көрсетілген тәрбиеленушілерді қоспағанда)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйым

Шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар

Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар

Жарты күн болатын шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы арнайы және инклюзивті топтар.
2. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар

Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық

толық күн болатын

жарты күн болатын

3 жасқа дейін

3 пен 6 жас аралығында

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1.

25 757

49 786

1 019

4 593

340

2 369

58 343

25 916

86 250

103 249

19 700

20 800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады