ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Әкім | Ж. Қасымбек |
| Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсан № 107-5049 қаулысына қосымша |
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Р/с№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (5, 6, 7 - бағандарда көрсетілген тәрбиеленушілерді қоспағанда) | |||||||||
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым | Жеке меншік мектепке дейінгі ұйым | Шағын орталық | Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар |
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар. | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар | Жарты күн болатын шағын орталық | Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар |
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы арнайы және инклюзивті топтар. | Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық | |||
толық күн болатын | жарты күн болатын | |||||||||||
3 жасқа дейін | 3 пен 6 жас аралығында | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1. | 25 757 | 49 786 | 1 019 | 4 593 | 340 | 2 369 | 58 343 | 25 916 | 86 250 | 103 249 | 19 700 | 20 800 |