ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 20.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобаларды, дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-13-бабы 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы маслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
| Астана қаласы маслихатының | |
| 2025 жылғы 12 қарашадағы | |
| № 340/45-VIII шешіміне | |
| қосымша |
Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері
1. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алудың қолданыстығы мөлшерлемелері (бұдан әрі – жалға алу мөлшерлемелері) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес белгіленеді және Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерін пайдану үшін жалға алу мөлшерлемелерін анықтайды.
2. Жалға алу мөлшерлемелері Астана қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылуын және жалға алу алаңын ескере отырып айқындалады.
Р/с № | Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) |
1. | Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | 1,0 |
2. | Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | 0,8 |
3. | Монументтік өнер құрылыстары | 1,0 |
Ескерту:
Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.
