"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2026 жылғы "01" қазандағы № 274
  қаулысына қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

      Петропавл қаласы

      2026 жыл

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 01.10.2026 № 274 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ішкі саясат, бұқаралық ақпарат құралдары, кітап шығару, полиграфия, шетелдік басылымдарды таратуға бақылау жасау салаларында, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты ұйымдары:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5."Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте шешімдер қабылдайды, олар "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделеді.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "2024 - 2029 жылдарға арналған Қызылжар жастары" әлеуметтік бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      9. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 150011, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

      Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение "Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области".

      10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) ішкі саясат саласында мемлекет алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсіну негізінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын топтастыруға, мемлекеттілікті нығайтуға және әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты, сондай-ақ өңірде жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктерін қамтамасыз етуге, жастардың кәсіби, рухани және дене бітімінің дамуына жағдай жасауға, жастар және балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру;

      2) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамның топтасуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      5) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      6) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      7) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын тиімді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) өңірдегі ішкі саяси процестер мен олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;

      9) азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік рәміздерді қолдануға және орналастыруға мониторинг жүргізу;

      11) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүйесіне кіретін өзге де құжаттарды іске асыру үшін жағдай жасау;

      12) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жастардың салауатты өмір салтын ұстану бойынша берік дағдыларын қалыптастыру және азаматтық-құқықтық әрі адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу;

      13) мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогтың жаңа нысандарын іздеу арқылы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді одан әрі нығайту;

      14) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      15) жастар саясаты саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      16) жастар ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

      17) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      18) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      19) жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      20) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      21) жастар ұйымдарымен, саяси партиялардың жастар қанаттарымен және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      2) облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі және жастар саясаты саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      4) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға;

      5) ведомстволық бағынысты мекемелер құруға, заңнамада белгіленген тәртіппен олардың құқықтық мирасқоры болуға және олардың қызметін үйлестіруге;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;

      7) қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құруға.

      Міндеттері:

      1) лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      2) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асырады, оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджеттер", "Ашық НҚА" порталдарын толықтыруды және сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өңірдің жергілікті атқарушы органдары қызметінің ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тілдік, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

      2) ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамның топтасуын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;

      3) өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

      4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салаларда жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру бойынша өңірде республикалық және өңірлік маңызы бар ақпараттық топтардың (бұдан әрі – АТ) қызметін ұйымдастыру, АТ-ын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасау;

      7) облыс әкімдігі жанында жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

      8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

      9) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, БАҚ қызметіне заңнаманың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу, телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өңірлік және шетелдік БАҚ-ты есепке алу;

      10) әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

      11) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімінің, облыс әкімдігінің актілері жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;

      12) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Құрылтаймен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау;

      13) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау;

      14) мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      15) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және оларды облыстық мәслихаттың бекітуіне енгізу;

      17) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      19) білім беру және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      20) жастар саясаты саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;

      21) "2024 - 2029 жылдарға арналған Қызылжар жастары" әлеуметтік бағдарламасы комиссиялары мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

      22) ішкі саяси салада, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерінде, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарын іске асыруға қатысу;

      23) жетекшілік ететін салада пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді бақылау және толтыру;

      24) телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өздерінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімділік карталарын және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналдарын жеке қабылдауға арналған жабдықтарды таратуға тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына облыс аумағында пайдаланылуына (орнатылуына, орналастырылуына) қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады, ол "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      өз орынбасарлары мен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      белгіленген заңнамалық тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

      белгіленген заңнамалық тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және өзге де құжаттардың әзірлену барысын бақылайды;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

      ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер беру туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;

      белгіленген тәртіпте қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған құрылтайшы берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады