Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 287-VIII ҚРЗ.

      2024 жылғы 24 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ MEH ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ ҚҰРАМА КОРОЛЬДІГІ АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

КІРІСПЕ

МАЗМҰНЫ

I БӨЛІМ

ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

II БӨЛІМ

САЯСИ ДИАЛОГ СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

III БӨЛІМ

САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

1-ТАРАУ

ТАУАРЛАР САУДАСЫ

2-ТАРАУ

КЕДЕН

3-ТАРАУ

САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР

4-ТАРАУ

САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

5-ТАРАУ

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРУ

1-БӨЛІМ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2-БӨЛІМ

ҚҰРУ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БЕРУ

1-КІШІ БӨЛІМ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

2-КІШІ БӨЛІМ

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫН ҚОСПАҒАНДА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

3-БӨЛІМ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ІСКЕРЛІК МАҚСАТТАРДА УАҚЫТША ҚАТЫСУЫ

4-БӨЛІМ

ІШКІ РЕТТЕУ

5-БӨЛІМ

ЖЕКЕЛЕГЕН СЕКТОРЛАР БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР

6-БӨЛІМ

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

7-БӨЛІМ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

6-ТАРАУ

КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕР

7-ТАРАУ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

1-БӨЛІМ

ҚАҒИДАТТАР

2-БӨЛІМ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ

3-БӨЛІМ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

4-БӨЛІМ

ДЕЛДАЛДАР РЕТІНДЕ ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ПРОВАЙДЕРЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8-ТАРАУ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

9-ТАРАУ

ШИКІЗАТ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА

10-ТАРАУ

САУДА ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ

11-ТАРАУ

БӘСЕКЕЛЕСТІК

12-ТАРАУ

МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР, МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАЙТЫН КӘСІПОРЫНДАР ЖӘНЕ АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ЭКСКЛЮЗИВТІ ҚҰҚЫҚТАР НЕМЕСЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР БЕРІЛГЕН КӘСІПОРЫНДАР

13-ТАРАУ

ТРАНСПАРЕНТТІЛІК

14-ТАРАУ

ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

1-БӨЛІМ

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2-БӨЛІМ

КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯ

3-БӨЛІМ

ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ РӘСІМДЕРІ

1-КІШІ БӨЛІМ

ТӨРЕЛІК РӘСІМ

2-КІШІ БӨЛІМ

САҚТАУ


3-КІШІ БӨЛІМ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4-БӨЛІМ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ІV БӨЛІМ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1-ТАРАУ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИАЛОГ

2-ТАРАУ

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ПЕН ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ҚОСА АЛҒАНДА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

3-ТАРАУ

САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

4-ТАРАУ

СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

5-ТАРАУ

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

6-ТАРАУ

КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

7-ТАРАУ

ҚОРШАҒАН ОРТА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

8-ТАРАУ

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

9-ТАРАУ

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

10-ТАРАУ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

11-ТАРАУ

КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

12-ТАРАУ

БАНК ІСІ, САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

13-ТАРАУ

АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

14-ТАРАУ

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

15-ТАРАУ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

16-ТАРАУ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ, ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЬІМАҚТАСТЫҚ

17-ТАРАУ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

V БӨЛІМ

ЕРКІНДІК, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

VI БӨЛІМ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСҚА ДА БАҒЫТТАРЫ

1-ТАРАУ

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2-ТАРАУ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

3-ТАРАУ

ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

4-ТАРАУ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ДЫБЫС-БЕЙНЕ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

5-ТАРАУ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

6-ТАРАУ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

7-ТАРАУ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҒАРЫШ

8-ТАРАУ

ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

9-ТАРАУ

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

VII БӨЛІМ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

VIII БӨЛІМ

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕР

ІХ БӨЛІМ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

I ҚОСЫМША

45-БАПҚА СӘЙКЕС АЛЫП ҚОЮЛАР

II ҚОСЫМША

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 47-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ҚОЛДАНАТЫН ШЕКТЕУЛЕР

III ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 8-ТАРАУЫНЫҢ (МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ) ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

IV ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 8-ТАРАУЫНА (МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ) СӘЙКЕС САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖӘНЕ ХАБАРЛАНДЫРУЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

V ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС ТӨРЕЛІК РӘСІМНІҢ ҚАҒИДАЛАРЬІ

VI ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС ТӨРЕЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕН МЕДИАТОРЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ

VII ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС МЕДИАЦИЯ ТЕТІГІ

КЕДЕН ІСІНДЕГІ ӨЗАРА ӘКІМШІЛІК КӨМЕК ТУРАЛЫ ХАТТАМА

КІРІСПЕ

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын

      бір тараптан

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      және

      екінші тараптан

      бұдан әрі "Ұлыбритания" деп аталатын

      ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ ҚҰРАМА КОРОЛЬДІГІ

      Тараптар арасындағы тығыз байланыстарды, олардың ортақ құндылықтарын және бұрын орнатылған байланыстарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге деген ниетін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың демократиялық қағидаттарды, заң үстемдігін және тиісінше басқаруды құрметтеуге, сондай-ақ адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын көтермелеуді, қорғауды және жүзеге асыруды нығайтуға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ("БҰҰ Жарғысы"), Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ("ЕҚЫҰ"), атап айтқанда, Хельсинки қорытынды актісінің, сондай-ақ халықаралық құқықтың басқа да жалпыға бірдей танылған нормаларының қағидаттары мен ережелерін толық жүзеге асыру арқылы және осы тұрғыда азаматтық қоғамдастықтың маңызды рөлін одан әрі тану арқылы нығайтуға деген берік міндеттемесін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың еркін нарықтық экономика, Дүниежүзілік сауда ұйымына ("ДСҰ") мүшеліктен туындайтын құқықтар мен міндеттерді сақтау, сондай-ақ осы құқықтар мен міндеттерді транспарентті кемсітушіліксіз жүзеге асыру жөніндегі қағидаттарға бейілділігін РАСТАЙ ОТЫРЫП;

      Осы Келісім Тараптар арасындағы маңызды экономикалық қатынастарды нығайтатынын және олардың арасындағы теңгерімді сауда мен инвестицияларды, оның ішінде энергетика саласында, кеңейтілген құқықтық негізде одан әрі дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайтынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және дауларды бейбіт жолмен реттеуге, атап айтқанда, осы мақсатта БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде тиімді ынтымақтастық арқылы жәрдемдесу жөніндегі міндеттемесін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың жаппай қырып-жою қаруларын және оларды жеткізу құралдарын таратуға қарсы күрес жөніндегі халықаралық міндеттемелерге және таратпау, ядролық және физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа бейілділігін ТАНИ ОТЫРЫП;

      Тараптардың атыс қаруының және жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мен жинақталуына қарсы күресу міндеттемесін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП және БҰҰ Бас Ассамблеясының Қару саудасы туралы шартты ("ҚСШ") қабылдағанын назарға алып;

      Тараптардың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі міндеттемесін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың заңды көші-қон жөніндегі ынтымақтастыққа және заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күреске бағытталған кешенді тәсіл негізінде көші-қонға байланысты мәселелер жөніндегі диалогты және ынтымақтастықты кеңейту міндеттемесін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Тараптардың өзара мүдделілік білдіретін, атап айтқанда, орнықты дамуды, халық денсаулығын қорғауды, ғылым мен технологияны, инновациялық дамуды, білім беруді, мәдениетті, энергетиканы, энергетикалық қауіпсіздікті және тиісті инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесуді қоса алғандағы екіжақты және халықаралық мәселелерді тұрақты саяси диалог арқылы ілгерілетуге бейілділігін РАСТАЙ ОТЫРЫП;

      2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада жасалған бір тараптан, Қазақстан Республикасы, екінші тараптан, Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ("Қазақстан және ЕО арасындағы Келісім") Ұлыбританияға қатысты қолданылуын тоқтатқанын ТАНИ ОТЫРЫП;

      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:

І БӨЛІМ

ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

1-бап

Жалпы қағидаттар

      1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, ЕҚЫҰ-ның Хельсинки қорытынды актісінде, жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында және адам құқықтары саласындағы басқа да тиісті халықаралық құжаттарда бекітілген демократиялық қағидаттар мен адам құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ құқық үстемдігі қағидаттарын құрметтеу екі Тараптың ішкі және халықаралық саясатының негізіне алынған және осы Келісімнің елеулі элементі болып табылады.

      2. Тараптар еркін нарықтық экономика қағидаттарына, орнықты даму мен экономикалық өсуді ілгерілетуге өздерінің бейілділігін растайды.

      3. Осы Келісімді орындау диалог, өзара сенім және құрметтеу, тең құқылы әріптестік, өзара пайда қағидаттарына және БҰҰ Жарғысында бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды толық құрметтеуге негізделеді.

2-бап

Осы Келісімнің мақсаттары

      1. Осы Келісім Тараптар арасындағы ортақ мүддеге және оны қолданудың барлық салаларындағы қатынастарды тереңдетуге негізделген стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты белгілейді.

      2. Бұл ынтымақтастық халықаралық және өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылыққа, экономикалық дамуға жәрдемдесетін және Тараптар өздерінің халықаралық міндеттемелерімен, атап айтқанда, БҰҰ және ЕҚЫҰ шеңберіндегі қайта растайтын қағидаттарға құрылған Тараптар арасындағы процесті білдіреді.

3-бап

Өңірлік және халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық

      Тараптар өңірлік және халықаралық форумдар мен ұйымдар шеңберінде ынтымақтасуға және пікір алмасуға келіседі.

II БӨЛІМ

САЯСИ ДИАЛОГ. СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

4-бап

Саяси диалог

      1. Тараптар халықаралық құқық, көпжақты институттар мен ортақ құндылықтар шеңберіндегі тиімді ынтымақтастық негізінде халықаралық бейбітшілікке, тұрақтылық пен қауіпсіздікке, оның ішінде Еуразия құрлығында жәрдемдесу мақсатында өзара мүдделілік білдіретін барлық салаларда тиімді саяси диалогты дамытады және нығайтады.

      2. Тараптар БҰҰ мен ЕҚЫҰ рөлін нығайту және тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдардың тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтасады.

      3. Тараптар ағымдағы жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндер мен негізгі қатерлерге ден қою мақсатында халықаралық қауіпсіздік және дағдарысты басқару мәселелері бойынша ынтымақтастық пен диалогты тереңдетеді.

      4. Таралтар ортақ мүдделілік білдіретін барлық мәселелер бойынша, атап айтқанда, халықаралық құқықты сақтау, демократиялық қағидаттарды құрметтеуді нығайту, заң үстемдігі, адам құқықтары және тиісінше басқару сияқты мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға міндеттенеді. Тараптар өңірлік ынтымақтастықты, атап айтқанда, Орталық Азия шеңберінде және одан тысқары жерлерде одан әрі дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөнінде жұмыс жүргізуге келіседі.

5-бап

Демократия және заң үстемдігі

      1. Тараптар адам құқықтарын ілгерілету және тиімді қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету, оның ішінде адам құқықтары саласындағы тиісті халықаралық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыру мақсатында қамтамасыз етуде ынтымақтасуға келіседі.

      2. Мұндай ынтымақтастық Тараптар өзара келіскен қызмет арқылы, оның ішінде заң үстемдігін құрметтеуді нығайту, олардың адам құқықтары жөніндегі диалогын одан әрі кеңейту, демократиялық институттарды одан әрі дамыту, адам құқықтары туралы хабардарлықты арттыруға жәрдемдесу және БҰҰ мен ЕҚЫҰ құқық қорғау органдары шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

6-бап

Сыртқы саясат және қауіпсіздік

      1. Тараптар сыртқы саясат және қауіпсіздік саласындағы диалог пен ынтымақтастықты жандандырады және атап айтқанда, жанжалдарды болғызбау және дағдарысты басқару, өңірлік тұрақтылық, қару-жарақты таратпау, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, ядролық қауіпсіздік және қару мен қосарланған мақсаттағы тауарлардың экспортын бақылау мәселелерін қарайды.

      2. Ынтымақтастық саясаттың тиімділігі мен жақындасуын арттыру және екіжақты, өңірлік және халықаралық форумдарды пайдалануға бағытталған ортақ құндылықтар мен өзара мүдделерге негізделеді.

      3. Тараптар БҰҰ Жарғысы мен ЕҚЫҰ-ның Хельсинки қорытынды актісінде айқындалған аумақтық тұтастықты, шекараның мызғымастығын, егемендік пен тәуелсіздікті құрметтеу қағидаттарына өзінің бейілділігін, сондай-ақ өздерінің екіжақты және көпжақты қатынастарында осы қағидаттарды ілгерілетуге бейілділігін тағы да растайды.

7-бап

Ғарыштық қауіпсіздік

      Тараптар ғарыш кеңістігіне байланысты бүкіл қызметтің қауіпсіздігін, сенімділігін және орнықтылығын арттыруға ықпал етеді және ғарыш кеңістігінің бейбіт мақсаттарда пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлерде бірлесіп жұмыс істеуді қолдауға келіседі. Екі Тарап та ғарыш кеңістігінде жанталаса қарулануды болғызбаудың маңыздылығын атап көрсетеді.

8-бап

Халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын туғызатын ауыр қылмыстар

      Тараптар бүкіл халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын туғызатын ауыр қылмыстар жазасыз қалмауға тиіс екенін және оларды соттық қудалау ұлттық немесе халықаралық деңгейде шаралар қолдану арқылы, оныд ішінде қолдануға болатын жағдайларда Халықаралық қылмыстық сот арқылы қамтамасыз етілуге тиіс екенін растайды.

9-бап

Жанжалдарды болғызбау және дағдарысты басқару

      Тараптар бейбітшілік пен тұрақтылық жағдайын жасау мақсатында жанжалдарды болғызбау, өңірлік жанжалдарды реттеу және дағдарысты басқару жөніндегі ынтымақтастықты нығайтады.

10-бап

Өңірлік тұрақтылық

      Тараптар Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесу, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында, ЕҚЫҰ-ның Хельсинки қорытынды актісінде және екі Тарап та қатысушысы болып табылатын басқа да тиісті көпжақты құжаттарда айқындалған қағидаттар негізінде одан әрі өңірлік ынтымақтастыққа арналған шарттарды жақсарту үшін бірлескен күш-жігерді жандандырады.

11-бап

Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл

      1. Тараптар жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) және оны жеткізу құралдарын мемлекеттік субъектілерге де, мемлекеттік емес субъектілерге де тарату халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнетін ең елеулі қатерлердің бірі деп есептейді.

      2. Тараптар өздерінің тиісті халықаралық шарттық міндеттемелерін және қарусыздану мен қаруды таратпау саласындағы өзге де тиісті халықаралық міндеттемелерін толық сақтау және орындау арқылы ЖҚҚ-ны және оны жеткізу құралдарын таратуға қарсы іс-қимыл жасауға ынтымақтасады және ықпал етеді. Тараптар осы ереженің осы Келісімнің елеулі элементі болып табылатынына келіседі.

      3. Бұл саладағы ынтымақтастық, оның ішінде:

      (a) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар мен технологияларға қатысты экспорттық бақылау жүйелерін одан әрі дамыту;

      (b) осы бапта қамтылатын мәселелер бойынша ұдайы саяси диалог орнату арқылы жүзеге асырылады.

12-бап

Атыс қаруы және жеңіл қару-жарақтар

      1. Тараптар барлық тиісті деңгейлерде ынтымақтасады және оқ-дәріні қоса алғанда, атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасына қарсы күрес бойынша өздерінің күш-жігерін үйлестіруді, өзара толықтыруды және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді және ұдайы саяси диалогты, оның ішінде көпжақты негіздегі диалогты жалғастыруға келіседі.

      2. Тараптар бұл ынтымақтастықты қолданыстағы халықаралық шарттарға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларьша, сондай-ақ Тараптар қатысушысы болып табылатын, осы салада қолданылатын басқа да халықаралық құжаттар шеңберіндегі өздерінің міндеттемелеріне толық сәйкестікте жүзеге асырады. Осыған байланысты екі Тарап та ҚСШ-ның құндылығына сенеді.

13-бап

Терроризмге қарсы іс-қимыл

      1. Тараптар заңның үстемдігі қағидатына, халықаралық құқыққа, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға, гуманитарлық құқыққа және БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын қоса алғанда, БҰҰ-ның тиісті шешімдеріне толық сәйкес келетін, терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл жасау үшін екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлерде бірлесіп жұмыс істеуге келіседі.

      2. Тараптар арасындағы ынтымақтастық:

      (a) БҰҰ-ның қарарларын, БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы басқа да халықаралық конвенциялар мен құралдар бойынша өздерінің міндеттемелерін қажеттілігіне қарай орындауға;

      (b) жоспарланып жатқан және жасалған террористтік актілер, оларды жүзеге асырудың нысандары мен әдістері және халықаралық құқыққа және ұлттық заңнамаға сәйкес екінші Тараптың аумағында қылмыс жасауды жоспарлап отырған, жасап жатқан немесе жасаған террористік топтар туралы ақпарат алмасуға;

      (c) терроризмнің барлық нысандарының, оның ішінде интернетті пайдалана отырып, террористік қылмыс жасауға жария түрде айдап салудың алдын алу бойынша тәжірибе, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл құралдары мен әдістері бойынша тәжірибе, техникалық саладағы тәжірибе алмасуға және Ұлыбританияның институттары, органдары мен агенттіктері ұсынатын немесе қаржыландыратын оқытуға;

      (d) терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша ортақ күш-жігерді жандандыруға және радикалдандыру мен тарту процестері туралы пікір алмасуға; және

      (e) терроризмге қарсы күресте адам құқықтарын қорғау саласында озық тәжірибе алмасуға бағытталады.

III БӨЛІМ

САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

1-ТАРАУ

Тауарлар саудасы

14-бап

Неғұрлым қолайлы режим

      1. Осы Келісімге mutatis mutandis енгізілген және оның бір бөлігі болып табылатын, оған Түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің ("1994 ж. ГАТТ") I бабына сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың тауарларына неғұрлым қолайлы режим ұсынады.

      2. 1-тармақ 1994 ж. ГАТТ-қа сәйкес кез келген Тараптың басқа елдің тауарларына ұсынатын преференциялық режиміне қатысты қолданылмайды.

15-бап

Ұлттық режим

      Осы Келісімге mutatis mutandis енгізілген және оның бір бөлігі болып табылатын, оған Түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, 1994 ж. ГАТТ-тың III бабына сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың тауарларына ұлттық режим ұсынады.

16-бап

Импортқа және экспортқа шектеу қою

      Тараптардың бірде-біреуі екінші Тараптың кез келген тауарын импорттауға немесе осы Келісімге mutatis mutandis енгізілген және оның бір бөлігі болып табылатын, оған Түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, 1994 ж. ГАТТ-тың XI бабына сәйкес квоталар, импортқа немесе экспортқа лицензиялар немесе басқа да шаралар нысанында енгізілген, кедендік баждардан, салықтардан немесе өзге де алымдардан басқа, екінші Тараптың аумағына арналған кез келген тауарды экспорттауға немесе экспортқа сатуға кез келген тыйым салуды немесе шектеу қоюды белгілей алмайды немесе сақтай алмайды.

17-бап

Тауарларды уақытша әкелу

      Әрбір Тарап тауарларды уақытша әкелу жөніндегі өзі үшін міндетті кез келген халықаралық конвенцияда көзделген жағдайларға және рәсімдерге сәйкес екінші Тарапқа уақытша әкелінетін тауарларға қатысты салықтар мен кедендік баждарды төлеуден босатуды ұсынады. Бұл босату осы Тараптың аумағында қолданылатын халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, босатуды ұсынатын Тараптың заңнамасына сәйкес қолданылады.

18-бап

Транзит

      Тараптар транзит еркіндігі қағидаты осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізудің елеулі шарты болып табылатынына келіседі. Осыған байланысты, осы Келісімге mutatis mutandis енгізіл ген және онын бір бөлігі болып табылатын, оған Түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, 1994 ж. ГАТТ-тың V бабына сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың кеден аумағынан жөнелтілген немесе кеден аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы еркін транзитін қамтамасыз етеді.

19-бап

Қорғау шаралары

      Осы Келісімде ештеңе де 1994 ж. ГАТТ-тың XIX бабы және ДСҰ-ның Қорғау шаралары жөніндегі келісімі бойынша кез келген Тараптың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді немесе ықпал етпейді.

20-бап

Ауыл шаруашылығының арнайы қорғау шаралары

      Осы Келісімде ештеңе де ДСҰ-ның Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімшің 5-бабы (Ауыл шаруашылығының арнайы қорғау шаралары) бойынша кез келген Тараптың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді немесе ықпал етпейді.

21-бап

Демпингке қарсы және өтемақы шаралары

      1. Осы Келісімде ештеңе де 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабы, 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабын қолдану жөніндегі ДСҰ-ның келісімі мен ДСҰ-ның Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі келісімі (СӨШ жөніндегі келісім) бойынша кез келген Тараптың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді немесе ықпал етпейді.

      2. Түпкілікті шешім қабылдау алдында Тараптар 1994 ж. Г АТТ-тың VI бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің 6-бабының 5-тармағына және СӨШ жөніндегі келісімнің 12-бабының 4-тармағына нұқсан келтірмей, шараларды қолдану туралы шешім кабылдау үшін негіз болып табылатын барлық қарастырылып отырған елеулі фактілерді ашуды қамтамасыз етеді. Ақпаратты ашқан кезде мүдделі тараптарға олардың түсіндірмелерін ұсыну үшін жеткілікті уақыт беріледі.

      3. Бұл тергеп-тексеру жүргізуді шамадан тыс кідіртуге алып келмейтін жағдайда, әрбір мүдделі тарапқа демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексерулері барысында өз пікірін білдіру үшін тыңдалу мүмкіндігі беріледі.

      4. Осы Келісімнің дауларды реттеу жөніндегі ережелері осы баптың ережелеріне қолданылмайды.

22-бап

Баға белгілеу

      1. Әрбір Тарап өзі арнайы немесе эксклюзивті құқықтар беретін немесе өзі бақылайтын және тауарларын ішкі нарықта сататын, сондай-ақ осындай өнімді экспорттайтын кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мынадай:

      (a) ішкі және халықаралық нарықтағы қызметпен байланысты шығыстар мен кірістерді және

      (b) ішкі және халықаралық нарықтағы қызметтен шығыстар мен кірістерді айқындау немесе бөлу әдістері туралы толық ақпарапы нақты белгілеу үшін бөлек есеп жүргізуін қамтамасыз етеді.

      2. Мұндай бөлек есеп халықаралық танылған бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес себеп-салдарлық байланыс, объективтілік, ашықтық және дәйектілік қағидаттары мен аудит деректеріне негізделеді.

23-бап

Ерекшеліктер

      1. Тараптар 1994 ж. ГАТТ-тың XX бабы және оған Түсіндірме ескертулер бойынша өздерінің бұрыннан бар құқықтары мен міндеттемелері осы Келісімде қамтылатын тауарлар саудасына mutatis mutandis қолданылатынын растайды. Осы мақсатта 1994 ж. ГАТТ-тың XX бабы және оған Түсіндірме ескертулер осы Келісімге mutatis mutandis енгізілді және оның бір бөлігі болып табылады,

      2. Тараптар 1994 ж. ГАТТ-тың XX бабының (і) және (j) тармақшаларында көзделген қандай да бір шараларды қолданар алдында шара қолдануға ниеттенген Тарап Тараптар үшін қолайлы шешім табу мақсатында екінші Тарапқа барлық тиісті ақпаратты беретінін түсінеді. Тараптар қиындықтарды еңсеруге қажетті кез келген шаралар туралы уағдаласа алады. Егер Тараптар мұндай ақпаратты бергеннен кейін 30 күн ішінде келісімге қол жеткізбесе, Тарап осы бапқа сәйкес қаралатын тауарға қатысты шаралар қолдана алады. Егер дереу әрекет етуді талап ететін ерекше және қиын жағдайлар алдын ала ақпарат беруге немесе зерделеуге мүмкіндік бермесе, шаралар қолдануға ниеттенген Тарап жағдайды шешу үшін қажетті сақтық шараларын шұғыл қолданады және бұл туралы екінші Тарапқа дереу хабарлайды.

      3. Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының косылуы туралы хаттамада айқындалған осы Келісімнің 14-бабына, 15-бабына және 16-бабына сәйкес келмейтін белгілі бір шараларды осы Хаттамада бұл шаралар үшін көзделген өтпелі кезеңдер аяқталғанға дейін сақтай алады.

2-ТАРАУ

Кеден

24-бап

Кедендік ынтымақтастық

      1. Тараптар ашық сауда ортасын қамтамасыз ету, саудаға жәрдемдесу, жеткізіп беру тізбегінің қауіпсіздігін арттыру, тұтынушылардың қауіпсіздігін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын тауарлар легіне кедергі болу және контрабанда мен кедендік құқық бұзушылықтардың басқа да түрлеріне қарсы күрес мақсатында кеден ісі саласында ынтымақтастықты нығайтады.

      2. Тараптар бұл міндеттерді іске асыру үшін және қолда бар ресурстар шегінде, өзгелерімен қатар мынадай:

      (a) кеден ісі және саудаға жәрдемдесу саласында қолданылатын, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы және Дүниежүзілік кеден ұйымы әзірлеген (атап айтқанда, қайта қаралған Киото конвенциясы) халықаралық конвенциялар мен стандарттарға сәйкес кеден заңнамасын жақсарту, кедендік рәсімдерді үйлестіру және оңайлату;

      (b) кедендік ресімдеудің қазіргі заманғы технологияларын, уәкілетті экономикалық операторлар туралы ережелерді, тәуекелді бағалауға негізделген автоматтандырылған талдау мен бақылауды, тауарларды шығару үшін оңайлатылған рәсімдерді, кеденнен кейінгі бақылауды, ашық кедендік бағалауды және кеден мен бизнес арасындағы әріптестік туралы ережелерді қоса алғанда, қазіргі заманғы кеден жүйелерін орнату;

      (c) кеден ісі саласында, атап айтқанда, шекарада, Дүниежүзілік кеден ұйымының Аруша Декларациясында белгіленген қағидаттарды көрсететін шараларды қолдану арқылы кәсіптік әдептің ең жоғары стандарттарын көтермелеу;

      (d) әлеуетті жоспарлау мен нығайту және кәсіптік әдептің ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін озық тәжірибе алмасу, оқыту мен техникалық көмек ұсыну;

      (e) қажет болған кезде Тараптардың құпия деректердің құпиялылығы және дербес деректерді қорғау туралы қағидалары сақталған кезде тиісті ақпарат пен деректер алмасу;

      (f) Тараптардың кеден органдары арасында үйлестірілген кедендік әрекеттерге қатысу;

      (g) саудаға жәрдемдесу жөніндегі барабар шараларды қоса алғанда, тиісті жағдайларда және қажет болған кезде уәкілетті экономикалық операторлардың бағдарламаларын және кедендік бақылауды өзара тануды белгілеу;

      (һ) тиісті жағдайларда және қажет болған кезде тиісті кедендік транзит жүйелерінің, өзара байланыстылығына арналған мүмкіндіктерді дамыту мақсатында ынтымақтасады.

      3. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетті құрады.

      4. Осы тарауда қамтылатын мәселелер бойынша ұдайы диалог жүргізіледі. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осындай диалог жүргізу қағидаларын белгілей алады.

25-бап

Өзара әкімшілік көмек

      Осы Келісімде, атап айтқанда, 24-бапта көзделген ынтымақтастықтың басқа да нысандарына нұқсан келтірмей, Тараптар осы Келісімге Кеден істеріндегі өзара әкімшілік көмек туралы хаттамаға сәйкес кеден істерінде бір-біріне өзара әкімшілік көмек көрсетеді.

26-бап

Кедендік бағалау

      Тараптар 1994 ж. ГАТТ-ның VII бабын қолдану жөніндегі келісімге сәйкес, өздерінің қолданыстағы міндеттемелерін мойындайды және оның қағидаттарына бейілділігін растайды. Оның ережелері осы Келісімге mutatis mutandis енгізілді және оның бір бөлігі болып табылады.

3-ТАРАУ

Саудадағы техннкалық кедергілер

27-бап

      ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімі

      Тараптар өздерінің қатынастарында осы Келісімге mutatis mutandis енгізілген және оның бір бөлігі болып табылатын ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінің ("СТК жөніндегі келісім") құқықтары мен міндеттемелерін сақтайтынын растайды.

28-бап

Техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу, нарықты қадағалау және сәйкестікті бағалау

      1. Тараптар:

      (a) техникалық реттеу, стандарттау, заңнамалық метрология, аккредиттеу, нарықты қадағалау және сәйкестікті бағалау салаларында, оның ішінде осы салаларда қабылданған халықаралық құралдарды пайдалануды көтермелеу арқылы өздерінің арасындағы бар айырмашылықты азайтуға;

      (b) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды және олардың қызметін қолдау үшін халықаралық қағидаларға сәйкес аккредиттеуді пайдалануды ілгерілетуге;

      (c) қызметі стандарттауға, метрологияға, сәйкестікті бағалауға және тиісті функцияларға байланысты еуропалық ұйымдарға Қазақстан Республикасының және оның тиісті органдарының қатысуына және мүмкіндігіне қарай мүше болуына жәрдемдесуге келіседі.

      2. Техникалық регламенттерді, стандарттарды және сәйкестікті бағалау рәсімдерін барынша кеңейтілген негізде келісу мақсатында Тараптар өз ресурстары шеңберінде ДСҰ-ның СТТ келісімі бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес тиісті стандарттау органдарының нұсқаулары мен ұсынымдарды дайындауына белсенді түрде қатысады.

      3. Өзара мүдделі салалар үшін Тараптар сәйкестікті бағалау және өнеркәсіп өнімін тану туралы кслісімдер бойынша келіссөздер жүргізу мәселесін қарай алады.

      29-бап

      Транспаренттілік

      1. Әрбір Тарап осы Бөлімнің 13-тарауының (Транспаренттілік) ережелеріне нұқсан келтірмей, қауіпсіздік, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау немесе ұлттық қауіпсіздік үшін төтенше жағдайға немесе төтенше жағдай қатеріне орай мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, жария талқылау нәтижесінде алынған түсіндірмелер әлі енгізілуі және назарға алынуы мүмкін тиісті ерте сатыда өзінің техникалық регламенттерді және сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу жөніндегі рәсімдерді мүдделі тараптармен жария талқылауды көздеуін қамтамасыз етеді.

      2. СТТ жөніндегі келісімнің 2-бабының 9-тармағына сәйкес әрбір Тарап ұсынылатын техникалық регламенттер немесе сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы хабарламадан кейін тиісті ерте сатыдағы түсіндірмелерге арналған кезенді ұсынады. Егер ұсынылатын техникалық регламенттердің жобаларын немесе сәйкестікті бағалау рәсімдерін талқылау процесі жұртшылық үшін ашық больш табылған жағдайда, әрбір Тарап екінші Тарапқа немесе екінші Тараптың аумағында орналасқан жеке немесе заңды тұлғаларға қолайлылығы осы Тараптың аумағында орналасқан жеке немесе заңды тұлғаларға ұсынылатындардан кем болмайтын жағдайлармен оған қатысуға рұқсат береді.

      3. Әрбір Тарап өзінің қабылданған техникалық регламенттері мен сәйкестікті бағалау рәсімдерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

4-ТАРАУ

Санитариялық және фитосанитариялық мәселелер

30-бап

Мақсаты

      Тараптар арасындағы саудада санитариялық және фитосанитариялық ("СФС") шараларға және жануарларды қорғау мәселелеріне қолданылатын қағидаттарды әрбір Тарап адамының өмірін немесе денсаулығын, жануарларын немесе өсімдіктерін қорғау деңгейін сақтай отырып, саудаға жәрдемдесу жалғасатындай етіп белгілеу осы тараудың мақсаты болып табылады.

31-бап

Қағидаттар

      1. Тараптар СФС шаралардың пропорционалдық, ашықтық, кемсітпеушілік және ғылыми негізделгендік қағидаттары негізінде әзірленуін және қолданылуын қамтамасыз етеді.

      2. Бірдей немесе ұқсас жағдайлар басым болатын жағдайда, Тарап өзінің СФС шаралары өз аумағы мен екінші Тараптың аумағы арасында еркін немесе жөнсіз кемсітушілік құралы болмауын қамтамасыз етеді. СФС шаралар сауданың жасырын шектеу түрін білдіретіндей тәсілмен қолданылмайды.

      3. Тараптар әрбір Тараптың тиісті органдарының СФС шараларды, рәсімдерді немесе бақылауды, сондай-ақ ұқсас отандық өнімге қарағанда импорттық өнімге катысты қолайлылығы кем болмайтын түрде жүзеге асыруын және ақпаратқа сұрау салуларды жөнсіз кешіктірмей қанағаттандыруын қамтамасыз етеді.

32-бап

Импортқа қойылатын талаптар

      1. Импорттаушы Тараптың импортына қойылатын талаптар осы тараудың 34-бабы ескеріле отырып, экспорттаушы Тараптың бүкіл аумағына қолданылады. Егер импортқа қойылатын талаптар ДСҰ-ның Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімімен ("СФС жөніндегі келісім") көзделген қолданылатын халықаралық қағидаларға сәйкес жүргізілген, ғылыми негізделген тәуекелді бағалаумен бекітілмесе, сертификаттарда белгіленген импортқа қойылатын талаптар "Кодекс Алиментариус" Комиссиясының ("Кодекс"), Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның ("ЖСДҰ") және Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның ("ӨКҚХК") қағидаттарына негізделеді.

      2. Импортқа рұқсаттарда белгіленген талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген сертификаттарда жазылған шарттарға қарағанда, неғұрлым қатаң санитариялық және ветеринариялық шарттарды қамтымайды.

33-бап

Баламалық

      Экспорттаушы Тараптың сұрау салуы бойынша және импорттаушы Тараптың қанағаттанарлық бағасы болған жағдайда, Тараптар тиісті халықаралық рәсімдерді ұстана отырып, тұтастай немесе секторға немесе сектордың бір бөлігіне қолданылатын жекелеген шараға және/немесе шаралар тобына және/немесе жүйелерге қатысты баламалықты таниды.

34-бап

Жануарлар мен өсімдіктердің саулығына байланысты шаралар

      1. Тараптар СФС жөніндегі келісімге және Кодекстің, ЖСДҰ мен ӨКҚХК-ның тиісті стандарттарына, нұсқауларына немесе ұсынымдарына сәйкес зиянкестерден немесе аурулардан таза аймақтардың және зиянкестер немесе аурулар аз таралған аймақтардың тұжырымдамасын таниды.

      2. Зиянкестерден немесе аурулардан таза аймақтарды және зиянкестер немесе аурулар аз таралған аймақтарды айқындаған кезде Тараптар географиялық жағдай, экожүйелер, эпидемиологиялық қадағалау және осындай аймақтардағы санитариялық немесе фитосанитариялық бақылаудың тиімділігі сияқты факторларды ескереді.

35-бап

Сауда рәсімдерін оңайлату

      1. Тараптар сауда рәсімдерін оңайлату құралдарын экспорттаушы Тараптың инспекциялау және сертификаттау жүйелерін импорттаушы Тараптың тануы негізінде әзірлейді және қолданады.

      2. Сауда рәсімдерін оңайлатудың мұндай құралдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес экспорттаушы Тарап аумағында әрбір тауар партиясын немесе әрбір экспорттаушы кәсіпорынды импорттаушы Тараптың инспекциялауын болғызбауға бағытталған. Олар экспорттаушы кәсіпорынды мақұлдауды және экспорттаушы Тарап берген кепілдіктер негізінде экспорттаушы Тараптың аумағындағы экспорттаушы кәсіпорындардың тізімдерін жасауды қамтуы мүмкін.

36-бап

Инспекциялар мен аудиттер

      Экспорттаушы Тараптың инспекциялау және сертификаттау жүйелерін бағалау үшін оның аумағында импорттаушы Тарап жүргізетін инспекциялар мен аудиттер тиісті халықаралық стандарттарға, нұсқаулар мен ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады. Инспекциялар мен аудиттерге арналған шығыстарды аудиттер мен инспекцияларды жүргізетін Тарап көтереді.

37-бап

Ақпарат алмасу және ынтымақтастық

      1. Тараптар қолданыстағы СФС шаралар мен жануарларды қорғау жөніндегі шараларды және олардың әзірленуі мен қолданылуын талқылайды және олар туралы ақпарат алмасады. Мұндай талқылаулар мен ақпарат алмасу кезінде тиісті жағдайларда, СФС жөніндегі келісім және Кодекстің, ЖСДҰ және ӨКҚХК-ның стандарттары, нұсқаулары немесе ұсынымдары назарға алынады.

      2. Тараптар осы саладағы әлеуетті ұлғайту мақсатында ақпарат, сараптамалық білім және тәжірибе алмасу арқылы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жөнінде ынтымақтасуға келіседі. Мұндай ынтымақтастық Тараптың қажеттіліктерін қанағаттандыруға нақты бағытталған және әрбір Тарапқа екінші Тараптың құқықтық базасын сақтауға жәрдем көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша СФС-пен байланысты мәселелерді және осы Тарауда қамтылатын басқа да шұғыл мәселелерді қарау үшін СФС мәселелері бойынша уақытылы диалог орнатады. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осындай диалогтарды өткізу қағидаларын қабылдауы мүмкін.

      4. Тараптар осы тарауда қамтылатын мәселелер бойынша ақпарат алмасу үшін байланыс ақпаратын тағайындайды және оларды жүйелі түрде нақтылап отырады.

5-ТАРАУ

Көрсетілетін қызметтер саудасы және құру

1-бөлім

Жалпы ережелер

38-бап

Мақсаты, қолданылу аясы және қамтылуы

      1. Тараптар ДСҰ келісімі бойынша өздерінің тиісті міндеттемелерін тағы да растай отырып, көрсетілетін қызметтер саудасы және құру үшін өзара жағдайларды жақсарту мақсатында қажетті уағдаластықтарды орнатады.

      2. Осы тарауда ештеңе де осы Бөлімнің 8-тарауы (Мемлекеттік сатып алу) ережелерінің нысанасы болып табылатын мемлекеттік сатып алуға қатысты қандай да бір міндеттемені жүктеу ретінде түсіндірілмейді.

      3. Осы тараудың ережелері Тараптар беретін субсидияларға қолданылмайды.

      4. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әрбір Тарап заңды мақсаттарға қол жеткізу үшін реттеу және жаңа реттеуді енгізу құқығын сақтайды.

      5. Осы тарау Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның жұмыспен қамту нарығына қол жеткізуге ұмтылатын жеке тұлғаларға қатысты шараларға қолданылмайды және азаматтыққа, тұрақты тұрғылықты жерге немесе тұрақты негізде жұмыспен қамтуға қатысты шараларға да қолданылмайды.

      6. Осы тарауда ештеңе де Тараптарға жеке тұлғалардың өз аумағына кіруін немесе олардың онда уақытша болуын реттеуге арналған шараларды, оның ішінде өз шекараларының тұтастығын қорғау және жеке тұлғалардың өз шекаралары арқылы тәртіпке келтірілген жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, мұндай шаралар осы Тараудың1 ережелеріне сәйкес кез келген Тарап алатын пайданы жоятындай немесе азайтатындай түрде қолданылмайтын жағдайда, қолдануға кедергі келтірмейді.

      7. Осы тарау дыбыс-бейне секторындағы көрсетілетін қызметтер саудасын және құруды қозғайтын, Тараптар белгілеген немесе сақтайтын шараларға қолданылмайды.

39-бап

Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:

      (a) "шара" Тараптың заң, қаулы, қағида, рәсім, шешім, әкімшілік іс-қимыл нысанындағы немесе кез келген басқа да нысандағы кез келген шарасын білдіреді;

      (b) "Тарап белгілеген немесе қолдайтын шаралар":

      (i) Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері немесе биліктері; және

      (ii) Тараптың орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтері немесе биліктері берген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде Тараптың үкіметтік емес ұйымдары қолданатын шараларды білдіреді;

      (c) "Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы" немесе "Ұлыбританияның жеке тұлғасы" өздерінің заңнамасына сай Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның азаматын білдіреді;

      (d) "заңды тұлға" кез келген корпорацияны, трестті, серіктестікті, бірлескен кәсіпорынды, жеке-дара меншікті немесе қауымдастықты қоса алғанда, пайда алу мақсатында немесе өзге де мақсатта қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті түрде құрылған немесе өзге де түрде ұйымдастырылған және жеке немесе мемлекеттік меншіктегі, құқықтық мәртебесі бар кез келген мекемені білдіреді;

      (e) "Тараптың заңды тұлғасы" тиісінше Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес құрылған және заңды мекенжайы Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның аумағында немесе 274-бапта айқындалғандай осы Келісім қолданылатын, халықаралық қатынастары үшін Ұлыбритания жауап беретін аумақта орналасқан бас офисі немесе шаруашылық қызметтің негізгі орны Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның заңды тұлғасын білдіреді,

      Егер Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының, Ұлыбританияның аумағында немесе осы Келісім қолданылатын, халықаралық қатынастары үшін Ұлыбритания жауап беретін аумақта тек өзінің заңды мекенжайы немесе бас офисі болған жағдайда, егер ол Қазақстан Республикасының, Ұлыбританияның аумағында немесе осы Келісім қолданылатын, халықаралық қатынастары үшін Ұлыбритания жауап беретін аумақта елеулі коммерциялық операцияларды жүзеге асырмаса, ол тиісінше Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның заңды тұлғасы ретінде қарастырылмайды;

      (f) теңіз учаскесін пайдалана отырып, интермодальды көлік тасымалдары бойынша операцияларды қоса алғанда, (е) тармағына қарамастан, халықаралық теңіз көлігіне қатысты тиісінше Қазақстан Республикасынан немесе Ұлыбританиядан тыс жерлерде құрылған және Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның азаматтары бақылайтын кеме қатынасы компаниялары, егер олардың кемелері тиісті заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында немесе Ұлыбританияда тіркелген болса және Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның тиесілі болса, олар да осы тараудың ережелерін қолданады;

      (g) "экономикалық интеграция туралы келісім" ДСҰ-ның Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісіміне (ГАТС), атап айтқанда, ГАТС-тің V және V-бис баптарына сәйкес құруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді елеулі түрде ырықтандыратын келісімді және/немесе қызметтің осындай түрлеріне қатысты ГАТС-тің V және N-бис баптарының өлшемшарттарына mutatis mutandis сай келетін экономикалық қызметтің басқа да түрлеріндегі құруды елеулі түрде ырықтандыратын ережелері бар келісімді білдіреді;

      (h) "экономикалық қызмет" мемлекеттік билік функцияларын орындау кезінде жүзеге асырылатын экономикалық қызметті қоспағанда, экономикалық сипаттағы қызметті қамтиды;

      (i) "мемлекеттік билік функцияларын орындау кезінде жүзеге асырылатын экономикалық қызмет" коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше экономикалық операторлармен бәсекелес емес жағдайларда жүзеге асырылатын қызметті білдіреді;

      (j) "қызмет" экономикалық қызметті жүзеге асыруды және қолдауды білдіреді;

      (k) заңды тұлғаның "еншілес компаниясы" сол Тараптың басқа заңды тұлғасының тиімді бақылауындағы заңды тұлғаны білдіреді2;

      (l) заңды тұлғаның "филиалы" тұрақтылық сипатына ие заңды тұлға ретінде жеке мәртебесі жоқ, үшінші тараптармен іскерлік қатынастарды жүзеге асыру үшін материалдық жарақтандырылған негізгі компанияның бөлімшесін білдіреді. Үшінші тараптар мұндай бөлімше, қажет болған жағдайда, бас кеңсесі шетелде орналасқан негізгі компаниямен заңды байланыс орната алатынын ескере отырып, негізгі компаниямен тікелей істерді жүргізбей, тек оның бөлімшесімен істерді жүргізуі қажет;

      (m) "құру" мыналарды:

      (i) заңды тұлғаны құруды, иемденуді немесе қолдауды;3 немесе

      (ii) экономикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында Тараптың аумағында филиал немесе өкілдік4 құруды немесе қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерліктің немесе коммерциялық қатысудың кез келген түрін білдіреді;

      (n) "инвестор" қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Тараптың аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын бір Тараптың жеке немесе заңды тұлғасын білдіреді;

      (o) "көрсетілетін қызметтер" мемлекеттік билік функцияларын орындау кезінде ұсынылатын қызметтерді қоспағанда, кез келген сектордағы кез келген көрсетілетін қызметті5 қамтиды;

      (p) "мемлекеттік билік функцияларын орындау кезінде ұсынылатын қызметтер" коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтерді берушілермен бәсекелес емес жағдайларда ұсынылатын кез келген көрсетілетін қызметтерді білдіреді;

      (q) "көрсетілетін қызметтерді беруші" көрсетілетін қызметтерді ұсынатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;

      (r) "көрсетілетін қызметті беру" көрсетілетін қызметтің өндірісін, бөлінуін, маркетингін, сатылуын және жеткізілуін қамтиды.

      _______________________

      1Белгілі бір елдердің жеке тұлғаларына виза алуға қойылатын талап фактісінің өзі және басқа да елдердің жеке тұлғаларына қатысты осындай талаптың болмауы осы Келісім бойынша пайданы жою немесе азайту ретінде қарастырылмайды.

      2Заңды тұлға, егер екінші заңды тұлға оның директорларының көпшілігін тағайындау немесе өзге де түрде оның қызметін заңды түрде бағыттау өкілеттіктеріне ие болса, соңғысының бақылауында болады.

      3Заңды тұлғаны "құру" және "иемдену" терминдері ұзақ мерзімді экономикалық қатынастар орнату және оны қолдау мақсатында заңды тұлғаның капиталына қатысуын қамту ретінде түсініледі.

      4Екінші Тараптың заңды тұлғасының өкілдіктеріне Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық негізде экономикалық қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілмейді. Құрама Корольдік осы ретте қарымта әрекет ету құқығын өзіне қалдырады.

      5Анығырақ болу үшін, осы тараудың мақсатына орай ДСҰ-ның MTN.GNS/W/120 құжатында оның соңғы нұсқасында көрсетілетін қызметтер деп есептеледі.

2-бөлім

Құру және көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беру

1-кіші бөлім

Экономикалық қызметтің барлық түрлері

40-бап

Қолданылу және қамтылу саласы

      1. Осы кіші бөлім Тараптардың экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі құруға және көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беруге қатысты болатын шараларына қолданылады.

      2. Тараптар ГАТС бойынша олардың міндеттемелерінен туындайтын өздерінің тиісті құқықтары мен міндеттемелерін растайды.

      Анығырақ болуы үшін, көрсетілетін қызметтерге қатысты, ескертпелерді және неғұрлым қолайлы режимнен алып қою тізбесін қоса алғанда, Тараптардың ГАТС бойынша тиісті Өзіндік ерекшелігі бар міндеттемелер тізбелері6 осы Келісімге енгізілген және оның бір бөлігі болып табылады және қолданылуға жатады.

      _____________________________

      6Қазақстан Республикасы үшін сілтеме Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманың Өзіндік ерекшелігі бар міндеттемелер тізбесі бар қосымшаны қамтиды.

41-бап

Құру үшін жағдайларды бірте-бірте жақсарту

      1. Сауда құрамында 260-баптың 1-тармағына сәйкес отырыстарын өткізетін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Тараптарға осы Келісім тұрғысынан құруды одан әрі ырықтандыру жөнінде ұсынымдар береді.

      2. Тараптар осы Келісімге қол қойылатын күннің алдындағы күнгі жағдаймен салыстырғанда құру үшін барынша шектейтін жағдайлар туғызатын кез келген шараны қабылдаудан аулақ болуға ұмтылады.

42-бап

Көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беру үшін жағдайларды бірте-бірте жақсарту

      1. Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беруді ырықтандырудың маңыздылығын Тараптар толықтай мойындайды.

      2. Сауда құрамында 260-баптың 1-тармағына сәйкес отырыстарын өткізетін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Тараптарға осы Келісім тұрғысынан көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беруді одан әрі ырықтандыру жөнінде ұсынымдар береді.

2-кіші бөлім

Көрсетілетін қызметтер саласын қоспағанда, экономикалық қызмет

43-бап

Қолданылу және қамтылу саласы

      Осы кіші бөлім көрсетілетін қызметтер саласын қоспағанда, Тараптардың экономикалық қызметтің барлық түрлерін қозғайтын шараларына қолданылады.

44-бап

Неғұрлым қолайлы режим

      1. Әрбір Тарап екінші Тараптың заңды тұлғаларына кез келген үшінші елдің заңды тұлғаларына оларды құруға қатысты ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      2. Әрбір Тарап екінші Тараптың заңды тұлғаларына бірінші Тараптың аумағында құрылған екінші Тараптың заңды тұлғаларының қызметіне қатысты ол кез келген үшінші елдің заңды тұлғаларына ұсынатын режимінен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      3. 1 және 2-тармақтарға сәйкес ұсынылатын режим, экономикалық интеграция туралы келісімдерге, еркін сауда туралы келісімдерге, қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдерге және ең алдымен, салық салу мәселелерін реттейтін келісімдерге сәйкес Тарап ұсынатын режимге қолданылмайды, сондай-ақ инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды реттеу рәсімін қоса алғанда, 45-баптан туындайтын режимнен басқа, инвестицияларды қорғауға қолданылатын ретінде түсіндірілмейді.

      4. Тараптар 3-тармаққа қарамастан, стратегиялық ресурстар мен объектілерге қатысты Тараптардың екінші Тарап аумағында заңды тұлға нысанында құрылған заңды тұлғаларының еншілес компанияларына осы бөлім қолданыла бастаған күннен кейін кез келген үшінші елдің сондай Тараптың аумағында заңды тұлға нысанында құрылған заңды тұлғаларының еншілес компанияларына ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем режимді ешқашан ұсынбайды.

45-бап

Ұлттық режим

      Тараптардың I қосымшада көзделген алып қоюлары ескеріле отырып, әрбір Тарап бірінші Тараптың аумағында құрылған екінші Тараптың заңды тұлғаларының еншілес компанияларына осы Тараптың меншікті заңды тұлғаларына олардың қызметіне қатысты ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

3-бөлім

Жеке тұлғалардың іскерлік мақсатта уақытша келуі

46-бап

Қамтылу және анықтамалар

      1. Осы бөлім 38-баптың 5 және 6-тармақтарына сәйкес құру мақсатта келуші іскер адамдардың, корпоративішілік ауысулардың және келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің Тараптардың аумақтарына келуіне және онда уақытша болуына қатысты шараларына қолданылады.

      2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін:

      (a) "құру мақсаты үшін келуші іскер адамдар" Тараптың заңды тұлғасында басшы лауазымда жұмыс істейтін екінші Тараптың аумағында мекемені құру үшін жауап беретін жеке тұлғаларды білдіреді. Олар көрсетілетін қызметтерді ұсынбайды немесе бермейді немесе құру мақсаты үшін талап етілетіндерден басқа, экономикалық қызметтің кез келген басқа түрлеріне қатыспайды. Олар қабылдаушы Тарапта орналасқан қаржы көзінен сыйақы алмайды;

      (b) "ішкі корпоративтік ауысулар" Тараптың заңды тұлғасы жалдаған немесе кемінде бір жыл ішінде онда әріптестер болып табылатын7 және екінші Тараптың аумағында Тараптың заңды тұлғасының еншілес компаниясы, филиалы немесе бас компаниясы болуы ықтимал мекемеге уақытша ауыстырылған жеке тұлғаларды білдіреді.

      Осы жеке тұлға осы бөлімнің мақсаты үшін экономикалық қызметтің барлық түрлеріне қолданылатын ГАТС бойынша Тараптар міндеттемелерінің тиісті Тізбелерінде айқындалған санаттардың біреуіне тиесілі болуға тиіс;

      (c) "келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді беруші" Тараптың өздігінен жұмысқа орналастыру және персоналды жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну агенттігі болып табылмайтын және осындай агенттіктер арқылы өз қызметін жүзеге асырмайтын және екінші Тараптың аумағында мекемесі жоқ және соңғы Тарапта түпкілікті тұтынушымен бірге көрсетілетін қызметтерді беруге арналған адал келісімшарт8 жасасқан, көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшартты орындау мақсатында оның қызметкерлерінің осы соңғы Тарапта уақытша негізде қатысуын талап ететін, заңды тұлғасы жалдаған жеке тұлғаны білдіреді;

      (d) "біліктіліктер" кәсіптік оқуды табысты аяқтағаны туралы куәландыратын заңнамалық, нормативтік немесе әкімшілік ережелерге сәйкес тағайындалған орган берген дипломдарды, сертификаттарды және басқа да ресми біліктілік куәліктерін білдіреді.

      _______________________

      7Айқынырақ болуы үшін, әріптестер нақ сол бір заңды тұлғаның бөлігі болып табылады.

47-бап

Корпоративішілік ауысулар және құру мақсаты үшін келуші іскер адамдар

      1. Көрсетілетін қызметтер саласына қатысты Тараптар корпоративішілік ауысулардың немесе құру мақсаты үшін келуші іскер адамдардың келуіне және уақытша болуына қатысты олардың ГАТС бойынша міндеттемелерінен туындайтын өздерінің тиісті міндеттемелерін тағы да растайды. Оларда санамаланған алып қоюлар қолданылуға жатады.9

      2. Көрсетілетін қызметтер саласын қоспағанда, экономикалық қызметке қатысты және II қосымшада көрсетілген алып қоюлар ескеріле отырып:

      (a) әрбір Тарап екінші Тараптың аумағында тауарлар өндірісімен айналысатын инвесторларға 46-баптың 2-тармағының (b) тармақшасында айқындалған корпоративішілік ауысуларды және 46-баптың 2-тармағының (а) тармақшасында айқындалған құру мақсаты үшін келуші іскер адамдарды ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат етеді. Келуге және уақытша болуға корпоративішік ауысулар үшін үш жылға дейінгі кезеңге және құру мақсаты үшін келуші іскер адамдар үшін кез келген 12 айлық кезеңде тоқсан күнге рұқсат беріледі;

      (b) бір де бір Тарап инвестор сандық квоталар нысанында корпоративішілік ауысулар немесе құру мақсаты үшін келуші іскер адамдар ретінде ауыстыра алатын жеке тұлғалардың жалпы саны үшін шектеулер сияқты және кемсітушілік шектеулер сияқты айқындалатын шараларды сақтамайды немесе белгілемейді.

      ___________________

      8Көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшарт осы келісімшарт орындалатын Тараптың заңдарына, заңға тәуелді актілеріне және заңды талаптарына сәйкес келеді.

      9Анығырақ болуы үшін, алып қоюлар корпоративішілік ауысулар мен құру мақсаты үшін келуші іскер адамдар санаттарының анықтамаларындағы алып қоюларды да қамтиды.

48-бап

Келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлыбритания азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың қатысуы арқылы Ұлыбританияның заңды тұлғаларына өз аумағында көрсетілетін қызметтерді беруге мынадай шарттар сақталған кезде:

      (a) Қазақстан Республикасына кіретін жеке тұлғаларда:

      (i) университеттік дәрежесі немесе баламалы деңгейдегі білімді көрсететін жоғары техникалық біліктілігі болса; және

      (ii) Қазақстан Республикасының заңдарына, заңға тәуелді актілеріне немесе талаптарына сәйкес тиісті секторда қызметті жүзеге асыру үшін талап етілетін кәсіби біліктіліктігі болса;

      (b) жеке тұлғалар Ұлыбританияның заңды тұлғасы төлейтін сыйақыны қоспағанда, Қазақстан Республикасында болған кезінде қызметтер көрсеткені үшін сыйақы алмаса;

      (c) Қазақстан Республикасына кіретін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына кіруге өтінім берілген күнге дейін кемінде бір жыл Ұлыбританияның заңды тұлғасында жұмыс істесе, рұқсат етеді. Бұдан басқа, жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасына кіруге өтінім берілген күні келісімшарт нысанасы болып табылатын қызмет секторында кемінде бес жыл кәсіби тәжірибесі бар болса;

      (d) Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығына кіретін, Ұлыбританияның келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің жалпы саны жылына 800 адамнан аспаса;

      (e) келісімшарттың орындалу тәртібімен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасына кіруі және уақытша болуы жиынтығында қай мерзімінің қысқа болуына қарай кез келген 12 айлық кезеңде алты айдан аспайтын мерзімді немесе келісімшарттың қолданылу мерзімін құраса, рұқсат етеді. Ұлыбританияның заңды тұлғалары өз қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағынан уақытылы шығуы үшін жауаптылықта болады.

      2. Егер көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшартта мынадай талаптарға сай болса, Қазақстан Республикасы Ұлыбританияның заңды тұлғаларына өз аумағына жеке тұлғалардың қатысуы арқылы қызметтер көрсетуді беруіне:

      (a) көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшарт:

      (i) Ұлыбританияның заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын түпкілікті тұтынушы арасында тікелей жасалса;

      (ii) көрсетілетін қызметтерді беру үшін осы заңды тұлға қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуын талап етсе; және

      (iii) Қазақстан Республикасының заңдарына, заңға тәуелді актілеріне және талаптарына сәйкес келсе;

      (b) көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшарт ГАТС бойынша Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің тізбесіне енгізілсе және онда айқындалған қызметтің мынадай секторларының бірінде жасалса, күмәнді болғызбау үшін олар осы Келісімді жасасу күніне Ұлыбританияның ГАТС бойынша мынадай міндеттемелерінің кестесімен сәйкес келеді деп болжанса, рұқсат етеді:

      (i) көрсетілетін заң қызметтері

      (ii) бухгалтерлік көрсетілстін қызметтер

      (iii) салық салу саласында көрсетілетін консультациялық қызметтер

      (iv) сәулет саласында көрсетілетін қызметтер

      (v) инженерлік көрсетілетін қызметтер

      (vi) кешенді инженерлік көрсетілетін қызметтер

      (vii) қала кұрылысын және ландшафты жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер

      (viii) жарнама саласында көрсетілетін қызметтер

      (ix) басқару саласында көрсетілетін консультациялық қызметтер

      (x) басқару саласында көрсетілетін консультациялық қызметке байланысты көрсетілетін қызметтер

      (xi) техникалық сынақтар және талдау жөнінде көрсетілетін қызметтер

      (xii) көрсетілетін аударма қызметтері

      (xiii) көрсетілетін құрылыс қызметтері, аймақты зерттеу жұмыстары.

      (c) осы тармаққа сәйкес ұсынылатын қол жеткізу келісімшарт нысанасы болып табылатын қызметтерді көрсету жөніндегі қызметке ғана қатысты болса, рұқсат етеді; ол Қазақстан Республикасының аумағында кәсіп атауын пайдалануға құқық бермейді.

      3. Ұлыбритания келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің кіруі мен уақытша болуына қатысты ГАТС бойынша міндеттемелерден туындайтын өздерінің тиісті міндеттемелерін тағы да растайды. Оларда санамаланған алып қоюлар қолданылуға жатады.10

49-бап

Неғұрлым қолайлы режим

      1. Ұлыбританияда орналасқан Қазақстан Республикасының келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілеріне Ұлыбритания ұсынатын режим кез келген үшінші елдің келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерге ұсынатын режимінен қолайлылығы кем емес болып табылады.

      2. ГАТС-тің V бабына сәйкес хабарланған немесе ГАТС бойынша Ұлыбританияның неғұрлым қолайлы режимінен Алып қоюлар тізбесін қамтудан пайда алып, Ұлыбритания үшінші тараппен жасасқан басқа келісімдер бойынша ұсынылған режим 1-тармақтың қолданылу аясынан алып тасталды. Ұлыбритания жасасқан, ГАТС-тің VII бабына сәйкес өзара тану көзделетін келісімдер негізінде нормативтік актілерді үйлестіруден туындайтын режим де 1-тармақтың қолданылу аясынан алып тасталды.

      3. Қазақстан Республикасында орналасқан Ұлыбританияның келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілеріне Қазақстан Республикасы ұсынатын режим кез келген үішнші елдің келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерге ұсынатын режимінен қолайлылығы кем емес болып табылады.

      4. ГАТС-тің V бабына сәйкес хабарланған немесе ГАТС бойынша Қазақстан Республикасының неғұрлым қолайлы режимінен Алып қоюлар тізбесін қамтудан пайда алып, Қазақстан Республикасы үшінші тараппен жасасқан басқа келісімдерге сәйкес, ұсынылған режим 3-тармақтың қолданылу аясынан алып тасталды. Қазақстан Республикасы жасасқан, ГАТС-тің VII бабына сәйкес өзара тану көзделетін келісімдер негізінде нормативтік актілерді үйлестіруден туындайтын режим де 3-тармақтың қолданылу аясынан алып тасталды.

      ___________________________

      10Анығырақ болуы үшін, алып қоюлар белгілі бір санаттардағы алып қоюларды да қамтиды.

50-бап

Жеке тұлғалардың іскерлік мақсаттарда уақытша қатысуы үшін жағдайларды бірте-бірте жақсарту

      Сауда құрамын 260-баптың 1-тармағына сәйкес отырыстарын өткізетін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Тараптарға жеке тұлғалардың іскерлік мақсаттарда уақытша қатысуын одан әрі ырықтандыру жөнінде ұсынымдар береді.

4-бөлім

Ішкі реттеу

51-бап

Қолданылу аясы және қамтылуы

      1. 52-бапта көзделген қағидалар Тараптардың:

      (a) көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беруді;

      (b) құруды;

      (c) осы тараудың 3-бөліміне сәйкес екінші Тараптың аумағында жеке тұлғаның қатысуы арқылы көрсетілегін қызметтерді беруді қозғайтын лицензиялау және біліктілік рәсімдеріне байланысты шараларына қолданылады.

      2. 52-бапта көзделген қағидалар осы тараудың қолданылу аясына жататын экономикалық қызметтің барлық түрлеріне қолданылады. Көрсетілетін қызметтерге қатысты олар ГАТС бойынша тиісті Тараптың өзіндік ерекшелігі бар міндеттемелері шегінде қолданылады11. Егер шаралар ГАТС-тің XVI және XVII баптарына сәйкес тізбелерге енгізілуге жататын шектеулерді білдіретін болса, бұл қағидалар оларға қолданылмайды.

      ________________

      11Қазақстан Республикасы үшін сілтеме Қазакстан Реслубликасының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманың көрсетілетін қызметтер жөніндегі бөлімін қамтиды.

52-бап

Лицензиялау және біліктілік

      1. Әрбір Тарап қойылатын талаптардың сипатын және бағаланатын өлшемшарттарды назарға ала отырып, көрсетілетін қызметтерді беруге немесе құруға рұқсат алу үшін лицензиялау және біліктілік рәсімдерінің ақылға қонымды, түсінікті және саясаттың негіз құраушы мақсаттарына сай болуын және өздігінен көрсетілетін қызметтерді беру немесе құру үшін шектеу болып табылмауын қамтамасыз етеді.

      2. Егер өтінімдерге арналған нақты мерзімдер бар болса, өтініш берушіге өтінім беру үшін ақылға қонымды мерзім ұсынылады. Құзыретті орган жөнсіз кідіртпестен өтінімді өңдеуді бастайды. Бұл мүмкін болғанда, өтінімдер қағаз форматта берілген өтінімдер сияқты төлнұсқалық шарттарындағыдай электрондық форматта қабылдануға тиіс.

      3. Бұл мүмкін болғанда, түпнұсқа құжаттардың орнына расталған көшірмелер қабылдануға тиіс.

      4. Әрбір Тарап түпкілікті шешім қабылдауды қоса алғанда, өтінімді өңдеу оның заңнамасында айқындалған ақылға қонымды уақыт кезеңіңде немесе кез келген жағдайда жөнсіз кешіктірілмей жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Әрбір Тарап өтінімді өңдеу үшін қалыпты мерзімдерді белгілеуге ұмтылады. Әрбір Тарап лицензия немесе рұқсат берілгеннен кейін оларда көрсетілген шарттарға сәйкес олардың жөнсіз кешіктірілмей қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етеді.

      5. Әрбір Тарап лицензиялық алымдардың12 құзыретті органдар шеккен шығыстар тұрғысынан негізді болуын және көрсететін қызметтерді беруді немесе құруды өздері шектемеуін қамтамасыз етеді.

      6. Егер құзыретті орган өтінімді толық емес деп есептесе немесе оған қосымша ақпарат қажет деп шешсе, онда ол ақылға қонымды уақыт кезеңінде:

      (a) өтініш берушіге хабарлайды;

      (b) мүмкіндігіне қарай, талап етілетін ақпаратты айқындайды; және

      (c) мүмкіндігіне қарай, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді.

      7. Егер құзыретті орган өтінімді қабылдамаса, ол бұл туралы өтініш берушіге жөнсіз кешіктірмей және мүмкіндігіне қарай, жазбаша нысанда хабарлайды. Құзыретті орган сұрау салу бойынша өтініш берушіге өтінімді қабылдамау себептері туралы және мүмкіндігіне қарай, кез келген аңықталған кемшіліктер туралы хабарлауға тиіс. Ол өтініш берушіге тиісті заңнамаға сәйкес шешімге шағым жасау жөніндегі рәсімдер туралы хабарлауға тиіс. Құзыретті орган тиісті орган лицензияларды немесе біліктілік анықтамаларының санын шектейтін жағдайларды қоспағанда, өтініш берушіге тиісті органның белгіленген рәсімдеріне сәйкес жаңа өтінім беруге рұқсат беруге тиіс.

      8. Әрбір Тарап лицензиялау немесе рұқсат беру процесі барысында құзыретті орган қолданатын рәсімдердің және оның шешімдерінің барлық өтініш берушілерге қатысты бейтарап болуын қамтамасыз етеді. Құзыретті орган өз шешімдерін тәуелсіз түрде қабылдауға тиіс және өзіне лицензия немесе рұқсат талап етілетін кез келген көрсетілетін қызметтерді берушіге немесе инвесторға есеп бермеуге тиіс.

      __________________________

      12Лицензиялық алымдар табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін алымдарды, аукциондар, тендерлер немесе концессиялар ұсынудың басқа да кемсітпейтін тәсілдерін өткізу үшін төлемақыны, сондай-ақ әмбебап қызметтер көрсеткені үшін міндетті жарналарды қамтымайды.

5-бөлім

Жекелеген секторлар бойынша ережелер

53-бап

Халықаралық теңіз көлігі

      1. Осы бап халықаралық теңіз көлігінің көрсетілетін қызметтерін ырықтандыру қағидаттарын белгілейді. Осы бап ГАТС бойынша әрбір Тараптың міндеттемелерінен туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге нұқсан келтірмейді.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін "халықаралық теңіз көлігі" жүктерді көліктің бірнеше түрін пайдалана отырып, оның ішінде теңіз учаскесі арқылы, бірыңғай көлік құжаты бойынша тасымалдауды білдіретін және осы мақсатта халықаралық теңіз көлігінің көрсетілетін қызметтерін берушілердің көліктің басқа түрлерін берушілермен тікелей келісімшарттар жасасу құқығын қамтитын "есіктен есікке дейінгі" тасымалдарды және мультимодалды көлік тасымалдарын қамтиды.

      3. 4-тармақта аталған және кеме қатынасы агенттіктері халықаралық теңіз көлігіне қатысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін жүзеге асыратын қызмет түрлеріне қатысты әрбір Тарап екінші Тараптың заңды тұлғаларына қайсысының жақсырақ екеніне қарай, өздерінің меншікті еншілес компанияларына немесе филиалдарына немесе кез келген үшінші елдің филиалдарына немесе еншілес компанияларына ұсынылатыннан қолайлылығы кем емес құру және қызмет шарттарына сәйкес өз аумағында еншілес компаниялар немесе филиалдар құруға рұқсат етеді.

      Осы тармақ Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның ұлттық туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдалану мақсаты үшін құруға қолданылмайды.

      4. Осындай қызмет түрлері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      (a) көрсетілетін қызметтерді берушінің өзінің немесе көрсетілетін қызметтерді сатушы тұрақты іскерлік келісімдер жасасқан көрсетілетін қызметтерді берушілердің осы көрсетілетін қызметтерді беретініне немесе ұсынатынына қарай, баға Ұсыныстарынан бастап шотты ұсынуға дейін клиенттермен тікелей байланыс арқылы жүзеге асырылатын теңіз көлігі қызметтерінің және оларға байланысты көрсетілетін қызметтердің маркетингі және оларды сату;

      (b) интермодалды көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті кез келген ішкі көлік көрсететін көлік қызметтерін қоса алғанда, өз атынан немесе өзінің клиенттері атынан кез келген көлік қызметтерін және оларға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу және пайдалану (және өз клиенттеріне қайта сату);

      (c) көлік құжаттарына, кедендік құжаттарға немесе тасымалданатын жүктердің шығарылған жері мен сипатына қатысты басқа да құжаттарға жататын құжаттаманы дайындау;

      (d) компьютерлендірілген ақпараттық жүйелерді және деректермен электрондық алмасуды (телекоммуникацияларға қатысты кез келген кемсітпейтін шектеулерді сақтау кезінде) қоса алғанда, іскерлік ақпаратты кез келген құралдармен ұсыну;

      (e) компанияның капиталына қатысуды және жергілікті жерде іріктелген персоналды тағайындауды (немесе осы Келісімнің ережелері сақталған кезде шетелдік персоналды тағайындау жағдайында) қоса алғанда, басқа кеме қатынасы агенттіктерімен, жергілікті жерде құрылған кез келген кеме қатынасы агенттігімен кез келген іскерлік келісімді жасасу;

      (f) қажет болған жағдайда, кеменің кіруін немесе жүкті қабылдауды ұйымдастыру кезінде, өзгелерімен қатар, заңды тұлғаның атынан әрекет ету.

      5. Халықаралық теңіз көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің Тараптар арасында трансшекаралық берілуін ырықтандырудың қолданыстағы деңгейін назарға ала отырып:

      (a) Тараптар халықаралық нарықтар мен мәмілелерге коммерциялық және кемсітпейтін негізде шектеусіз қол жеткізу қағидаттарын тиімді қолданады;

      (b) әрбір Тарап екінші Тараптың көрсетілетін қызметтерді берушілері пайдаланатын кемелерге, өзгелерімен қатар, порттарға қол жеткізуге, порттардың инфрақұрылымы мен көрсетілетін қызметтерін пайдалануға, теңізде қосалқы көрсетілетін қызметтерді пайдалануға, сондай-ақ оларға байланысты алымдарға, төлемдерге, кедендік қызмет көрсетуге, айлақтарды және тиеу мен түсіруге арналған жабдықтарды ұсынуға қатысты қайсысының жақсырақ екеніне қарай, өзінің меншікті кемелеріне немесе кез келген үшінші елдің кемелеріне ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      6. 5-тармақта белгіленген қағидаттарды қолдану кезінде Тараптар:

      (a) осы Келісім күшіне енген кезден бастап Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты келісімдердің жүк тасымалдарын бөлуге қатысты кез келген ережелерін қолданбайды;

      (b) өзге жағдайда осы Келісімнің белгілі бір Тарапының желілік кеме қатынасы компанияларының тиісті үшінші елге немесе одан қатынауының шынайы мүмкіндігі болмайтын айрықша мән-жайлардан басқа, үшінші елдермен болашақта жасалатын екіжақты келісімдерге жүк топтамаларын бөлу туралы ережелерді енгізбейді;

      (c) үймелі және құймалы жүктер саудасына қатысты болашақта жасалатын екіжақты келісімдерде жүк топтамаларын бөлу туралы уағдаластықтарға тыйым салады;

      (d) осы Келісім күшіне енгеннен кейін халықаралық теңіз көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің еркін берілуіне жасырын шектеуді білдіруі немесе кемсітушілік ықпалы болуы мүмкін кез келген біржақты шаралар мен әкімшілік, техникалық және басқа да кедергілердің күшін жояды және оларды енгізуден бас тартады.

      7. Ұлыбританияның халықаралық теңіз көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының ішкі суларында және керісінше теңіз-өзен халықаралық көрсетілетін қызметтерін еркін ұсынады.

      8. Тараптар екінші Тараптың халықаралық теңіз көлігі көрсетілетін қызметтерді берушілеріне ақылға қонымды және кемсітпейтін шарттармен портта мынадай көрсетілетін қызметтерді ұсынады: лоцмандық алып өткізу, тіркеп сүйреу, азық-түлікпен жабдықтау, отынмен және сумен жабдықтау, қоқыс жинау және балластық суларды кәдеге жарату, порт капитаны көрсететін қызметтер, навигациялық көмек, байланысты, сумен және электрмен жабдықтауды қоса алғанда, кеме қызметі үшін қажетті жағалаулық пайдалану қызметтері, авариялық жөндеу, зәкірге қою, айлақ және айлақ көрсетілетін қызметтері.

      9. Егер Қазақстан Республикасы, Каспий теңізі жағалауының мемлекеттері мен ТМД елдерін қоспағанда, ДСҰ-ның кез келген басқа мүшесіне теңіз тасымалдары үшін анағұрлым қолайлы режим ұсынатын болса, дәл сондай жағдайлар Ұлыбританияның жеке және заңды тұлғаларына да қолданылады.

54-бап

Автомобиль, теміржол тасымалдары, ішкі су жолдары арқылы тасымалдар және әуе тасымалдары

      Тараптар арасында олардың өзара коммерциялық қажеттіліктеріне сай келетін, тасымалдарды үйлестіре дамытуды қамтамасыз ету мақсатында автомобиль, теміржол тасымалдары мен ішкі су жолдары арқылы тасымалдар және егер бұл қолданылатын болса, әуе тасымалдары нарықтарына өзара қол жеткізу шарттары осы Келісім күшіне енгеннен кейін жасалған Тараптар арасындағы ықтимал нақты келісімдерде ескертілуі мүмкін.

6-бөлім

Ерекшеліктер

55-бап

Жалпы ерекшеліктер

      1. Мұндай шаралар ұқсас жағдайлары басым елдер арасында еркін немесе жөнсіз кемсітушілік немесе қызметті қоса алғанда, құру үшін немесе көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық беру үшін жасырын шектеу жасайтын тәсілмен қолданылмайды деген талап сақталған кезде осы тарауда ештеңе де кез келген Тараптың:

      (a) қоғамдык қауіпсіздікті немесе қоғамдық моральды қорғау үшін немесе қоғамдық тәртіпті13 қолдау үшін қажетті;

      (b) адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;

      (c) егер мұндай шаралар ішкі инвесторларға немесе көрсетілетін қызметтерді ішкі беруге немесе тұтынуға қатысты шектеулермен қатар қолданылатын болса, сарқылып бара жатқан табиғи ресурстарды сақтауға байланысты;

      (d) көркемдік, тарихи немесе археологиялық құндылықты білдіретін ұлттық қазыналарды қорғау үшін қажетті;

      (e) мыналарға:

      (i) жаңылыстыратын және жосықсыз практиканы болғызбауға немесе келісімшарттарды сақтамаудың салдарын еңсеруге;

      (ii) дербес деректерді өңдеу мен тарату кезінде жекелеген адамдардың жеке өміріне араласудан қорғауға және жеке өмірі мен шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын қорғауға;

      (iii) қауіпсіздікке байланысты;

      (f) режимдегі өзгешілік екінші Тараптың экономикалық қызметіне, инвесторларына немесе көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қатысты тиімді немесе әділ түрде тікелей салықтар салуды немесе оларды алуды қамтамасыз етуге бағытталған жағдайда14, 45-баппен үйлеспейтін шараларды қабылдауына немесе қолдануына кедергі келтіру ретінде түсіндірілмейді.

      2. Осы тарау Тараптардың тиісті олеум еттік қамсыздандыру жүйелеріне немесе әрбір Тараптың аумағындағы тіптен кейде мемлекетгік билік функцияларын орындауға байланысты қызметке қолданылмайды.

      ___________________

      13Қоғамдық тәртіпті қолдау тұрғысындағы ерекшеліктер қоғамның түбегейлі мүдделерінің біріне қатысты шынайы және айтарлықтай елеулі қатер төнген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

      14Тиімді немесе әділ түрде тікелей салықтар салуды немесе оларды алуды қамтамасыз етуге бағытталатын шаралар өзінің салық салу жүйесіне сәйкес Тарап қабылдайтын мынадай шараларды қамтиды, олар:

      (і) бейрезиденттердің салықтық міндеттемесі осы Тараптың аумағында болатын немесе орналасқан салық салу объектілеріне қатысты айқындалатын фактіні назарға ала отырып, резидент болып табылмайтын инвесторлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолданылады;

      (іі) осы Тараптың аумағында салық салуды немесе салықтарды алуды қамтамасыз ету үшін бейрезиденттерге қолданылады;

      (ііі) сақтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, салық салуды болғызбаудың немесе салықтарды төлеуден жалтарудың алдын алу үшін бейрезиденттерге немесе резиденттерге колданылады;

      (iv) осы Тараптың аумағындағы көздерден осындай тұтынушыларға салық салуды немесе олардан салықтар алуды қамтамасыз ету үшін екінші Тараптың аумағына немесе аумағынан ұсынылатын көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қолданылады;

      (v) бүкіл әлемде пайдаланылатын салық салу баптары бойынша салық салынуға жататын инвесторлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер және басқа инвесторлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер арасындағы айырмашылықты олардың салық базасының әртүрлі сипатын тануды ескере отырып жүргізеді; немесе

      (vi) резиденттер болып табылатын тұлғалардың немесе филиалдардың немесе осы Тараптың салықтық базасын қорғау мақсатында нақ сол бір тұлғаның байланысты тұлғаларының немесе филиалдарының арасындағы кірісін, табысын, пайдасын, ысырабын, шегерімін немесе кредит беруін айқындайды, бөледі немесе бөліп көрсетеді.

      (f) - тармағындағы және осы сілтемедегі салық терминдері немесе ұғымдары шара қолданатын Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша салық анықтамалары мен ұғымдарына немесе баламалы немесе ұқсас анықтамалары мен ұғымдарына сәйкес айқындалады.

7-бөлім

Инвестициялар

56-бап

Шолу және консультациялар

      Инвестициялар үшін кез келген тосқауылдарды анықтау мақсатында Тараптар осы Бөлім қолданыла бастаған күннен кейін үш жылдан кешіктірмей инвестициялық құқықтық базаға шолуды бірлесіп жүзеге асырады. Осы шолу негізінде олар осы Келісімді толықтыру мақсатында, оның ішінде инвестицияларды қорғаудың жалпы қағидаттарына қатысты мұндай тосқауылдарды жою ушін келіссөздерді бастау мүмкіндігін қарастырады.

6-ТАРАУ

Капитал қозғалысы және төлемдер

57-бап

Ағымдағы шот

      Тараптар еркін айырбасталатын валютада және қолданылауына қарай, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Келісімінің баптарына сәйкес Тараптар арасындағы кез келген төлемдер мен аударымдарға рұқсат береді.

58-бап

Капитал қозғалысы

      1. Капиталмен жасалатын операциялардың шоты және төлем теңгерімінің қаржылық шоты бойынша операцияларға қатысты және осы Келісімнің басқа ережелеріне нұқсан келтірмей, Тараптар қабылдаушы тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тікелей инвестицияларға, осы Келісімнің 5-тарауында (Көрсетілетін қызметтер саудасы және құру) қамтылатын экономикалық қызметке және осылай инвестицияланған капиталды жою мен репатриациялауға және одан алынған кез келген пайдаға байланысты капиталдың еркін қозғалысына шектеулер белгілемеуге міндеттенеді.

      2. 1-тармақта қамтылмайтын, капиталмен жасалатын операциялардың шоты және төлем теңгерімінің қаржылық шоты бойынша операцияларға қатысты және осы Келісімнің басқа ережелеріне нұқсан келтірмей, әрбір Тарап өз заңнамасына сәйкес, өзгелерімен қатар:

      (a) Тараптың резиденті қатысатын қызметтер көрсетуді қоса алғанда, коммерциялық мәмілелерге байланысты кредиттерге;

      (b) қаржылық қарыздарға және кредиттерге; немесе

      (c) ұзақ мерзімді экономикалық байланыстарды орнату немесе сақтау ниетінсіз заңды тұлғаға капиталдың қатысуына байланысты капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.

      3. Тараптар осы Келісімнің басқа ережелеріне нұқсан келтірмей, Тараптардың резиденттері арасындағы капитал қозғалысына қандай да бір жаңа шектеулерді енгізбейді және қолданыстағы уағдаластықтарды неғұрлым шектейтіндей етпейді.

      4. Тараптар өздерінің арасындағы капитал қозғалысын одан әрі жеңілдету мақсатында консультациялар өткізуі мүмкін.

59-бап

Ерекшеліктер

      Мұндай шаралар ұқсас жағдайлары басым елдер арасында еркін немесе ақталмайтын кемсітушілік құралын немесе капитал қозғалысы үшін жасырын шектеу жасайтын тәсілмен қолданылмайды деген талап сақталған кезде осы тарауда ештеңе де кез келген Тараптың:

      (a) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық моральды қорғау үшін немесе қоғамдық тәртіпті қолдау үшін қажетті;

      (b) мыналарға:

      (i) криминалдық немесе қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды, жаңылыстыратын және жосықсыз практиканы болғызбауға байланысты немесе келісімшарттарды сақтамау салдарын (банкроттық, дәрменсіздік және кредиторлардың құқықтарын қорғау) еңсеру үшін қажетті;

      (ii) Тараптың қаржылық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген немесе сақталатын шараларға;

      (iii) бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстер немесе өзге де туынды қаржы құралдарын шығаруға, олардың саудасына немесе олармен жасалатын операцияларға;

      (iv) құқық қорғау органдарына немесе қаржылық реттеу органдарына көмек көрсету қажет болған жағдайда, қаржылық есептілікке немесе ақша аударымдарын есепке алуға;

      (v) сот немесе әкімшілік процестердің қорытындылары бойынша қаулылардың немесе сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге;

      (vi) ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты шараларды қоса алғанда, осы Бөлімнің ережелеріне қайшы келмейтін заңдарды немесе нормативтік құқықтық актілерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауына немесе қолдануына кедергі келтіру ретінде түсіндірілмейді.

60-бап

Капитал козғалысына, төлемдерге немесе аударымдарға қатысты уақытша қорғау шаралары

      Қазақстан Республикасы жағдайында ақша-кредиттік саясатты және айырбастау бағамы саласындағы саясатты іске асыру үшін немесе Ұлыбритания жағдайында экономикалық және валюталық одақтың қызметі үшін елеулі қиындықтар немесе оларға қатысты қауіп-қатер болған айрықша мән-жайларда, мүдделі Тарап аса қажет болған жағдайда капитал қозғалысына, төлемдерге немесе аударымдарға қатысты қорғау шараларын бір жылдан аспайтын мерзімге қабылдауы мүмкін. Мұндай шараларды сақтайтын немесе белгілейтін Тарап екінші Тарапқа кідіртпей хабарлайды және олардың күшін жою графигін қысқа мерзімде ұсынады.

7-ТАРАУ

Зияткерлік меншік

61-бап

Мақсаттар

      Осы тараудың максаттары:

      (a) Тараптар арасында инновациялық және шығармашылық өнімдерді өндіруге және коммерцияландыруға жәрдемдесу; және

      (b) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың тиісті және тиімді деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

1-Бөлім

Қағидаттар

62-бап

Міндеттемелердің мәні мен қолданылу аясы

      1. Тараптар ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімін ("ТРИПС келісімі") қоса алғанда, өздері қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншікке қатысты халықаралық шарттарды тиісінше және тиімді орындауды қамтамасыз етуге өз міндеттемесін растайды. Осы тараудың ережелері ТРИПС келісімі және зияткерлік меншік саласындағы басқа да халықаралық шарттар бойынша Тараптар арасындағы құқықтар мен міндеттемелерді толықтырады және нақтылайды.

      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін "зияткерлік меншік" деген термин, өзгелерімен қатар, 65 - 95-баптарда аталған зияткерлік меншіктің барлық санатына жатады.

      3. Зияткерлік меншікті қорғау қайта қаралған және өзгертілген 1883 жылғы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының ("Париж конвенциясы") 10-бис бабында көзделгендей жосықсыз бәсекелестіктен қорғауды қамтиды.

      4. Осы тарау Тараптардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін неғұрлым жоғары стандарттарды көздейтін өз заңнамасының ережелерін олардың осы тараудың ережелеріне қайшы келмеу шартымен қолдануына кедергі келтірмейді.

63-бап

Технологияларды беру

      1. Тараптар технологияларды беруді қозғайтын, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау бойынша өз заңнамасы және халықаралық тәжірибе туралы пікірлер мен ақпарат алмасуға келіседі. Бұл, атап айтқанда ақпараттық ағымдарға жәрдемдесу, іскерлік әріптестікті дамыту және ерікті лицензиялық және қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу жөніндегі шаралар туралы алмасуды қамтиды. Қабылдаушы елдерде технологияларды беру үшін тиісті қолайлы орта жасауға қажетті жағдайға, оның ішінде ұлттық құқықтық базаны қамтамасыз ету және адам капиталын дамыту сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады.

      2. Технологияларды беруге қатысты шараларды қолдану кезінде зияткерлік меншік құқықтары иелерінің заңды мүдделері қорғалуға жатады,

64-бап

Құқықтардың түгесілуі

      Әрбір Тарап ТРИПС келісімінің ережелері қолданылатын зияткерлік меншік құқығы түгесілуінің өз режимін еркін айқындай алады.

2-бөлім

Зияткерлік меншік құқықтарының стандарттары

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР

65-бап

      Ұсынылатын қорғау

      Әрбір Тарап мына халықаралық шарттарда:

      (a) Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясында (Берн конвенциясы);

      (b) Орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияда (Рим конвенциясы);

      (c) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) авторлық құқық жөніндегі шартында;

      (d) ДЗМҰ-ның орындаушылықтар және фонограммалар жөніндегі шартында;

      (e) ТРИПС келісімінде белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді сақтайды.

66-бап

Авторлар

      Әрбір Тарап авторларға қатысты:

      (a) олардың туындыларын кез келген тәсілмен және кез келген нысанда, тікелей немесе жанама, уақытша немесе тұрақты, толық немесе ішінара қайта шығаруға;

      (b) туындылардың түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін сату арқылы немесе өзге тәсілмен кез келген нысанда таратуға;

      (c) олардың туындыларын жұртшылық өкілдері өздерінің қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткізуді жүзеге асыра алатындай етіп, жалпы жұрттың назарына жеткізуді қоса алғанда, оларды желілер арқылы немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы жалпы жұрттың назарына кез келген түрде хабарлауға рұқсат беруге немесе тыйым салуға айрықша құқық береді.

67-бап

Орындаушылар

      Әрбір Тарап орындаушыларға қатысты:

      (a) олардың орындаушылықтарының жазуға15;

      (b) олардың орындаушылықтарының жазбаларын кез келген тәсілмен және кез келген нысанда, тікелей немесе жанама, уақытша немесе тұрақты, толық немесе ішінара қайта шығаруға;

      (c) олардың орындаушылықтарының жазбаларын сату арқылы немесе өзге тәсілмен таратуға;

      (d) олардың орындаушылықтарының жазбаларын жұртшылық өкілдері өздерінің қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткізуді жүзеге асыра алатындай етіп, желілер арқылы немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізуге;

      (e) орындаушылық өздігінен трансляция болып табылатын немесе жазба негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, олардың орындаушылықтарының сымсыз трансляциялануына немесе жалпы жұрттың назарына хабарлауға рұқсат беруге немесе тыйым салуға айрықша құқық береді.

      ___________________

      15Осы тараудың мақсаты үшін "жазба" дыбыстарды не олардың бейнелерін тиісті құрылғының көмегімен кабылдауды, қайта шығаруды немесе хабарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнелеуді білдіреді.

68-бап

Фонограмма шығарушылар

      Әрбір Тарап фонограмма шығарушыларға қатысты:

      (a) олардың фонограммаларын кез келген тәсілмен және кез келген нысанда, тікелей немесе жанама, уақытша немесе тұрақты, толық немесе ішінара қайта шығаруға;

      (b) олардың фонограммаларын, оның ішінде көшірмелерін сату арқылы немесе өзгеше түрде таратуға;

      (c) олардың фонограммаларын жұртшылық өкілдері өздерінің қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткізуді жүзеге асыра алатындай етіп, оларды желілер арқылы немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізуге рұқсат етуге немесе тыйым салуға айрықша құқық береді.

69-бап

Хабар тарату ұйымдары

      Әрбір Тарап хабар тарату ұйымдарына қатысты:

      (a) олардың хабарларын жазуға;

      (b) олардың хабарларының жазбаларын қайта шығаруға;

      (c) олардың хабарлары жазбаларына жұртшылық өкілдері өздерінің қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткізуді жүзеге асыра алатындай етіп, оларды желілер арқылы немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізуге; және

      (d) олардың хабарларын сымсыз байланыс құралдары арқылы ретрансляциялауға, сондай-ақ осындай хабарлау жұртшылық үшін кіру ақысын төлеп қол жеткізетін орындарда жузеге асырылса, олардың хабарларын жалпы жұрттың назарына хабарлауға рұқсат беруге немесе тыйым салуға айрықша құқық береді.

70-бап

Эфирге беру және жұртшылыққа хабарлау

      Әрбір Тарап, егер фонограмма коммерциялық мақсатта жарияланса немесе осындай фонограмманы қайта шығару жалпы жұрттың назарына сымсыз байланыс құралдары арқылы эфирге беру немесе кез келген тәсілмен хабарлау үшін пайдаланылса, пайдаланушы біржолғы әділ сыйақы төлеуді қамтамасыз ететін және осындай сыйақыны тиісті орындаушылар мен фонограмма шығарушылар арасында бөлуді қамтамасыз ететін құқық береді. Әрбір Тарап орындаушылар мен фонограмма шығарушылар арасында келісім болмаған кезде олардың арасында осындай сыйақыны белу шарттарын айқындай алады.

71-бап

Қорғау мерзімі

      1. Әдеби немесе көркем туынды авторының құқықтары Берн конвенциясы 2-бабының мағынасы бойынша автордың өмір бойына және ол қайтыс болғаннан кейін кемінде 70 жыл қолданыста болады.

      2. Туынды тең авторлықпен шығарылған жағдайда, 1-тармақта көрсетілген мерзім соңғы автор қайтыс болған күннен бастап есептеледі.

      3. Орындаушылардың құқықтары орындаушылық күнінен кейін кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды. Алайда, егер орындаушылықтың жазбасы осы кезең ішінде заңды түрде жарияланса немесе жалпы жұрттың назарына заңды түрде хабарланса, оған қатысты құқықтар осылай алғаш жарияланған немесе жалпы жұрттың назарына осылай алғаш хабарланған күннен кейін, қайсысы ерте басталатынына қарай, кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды.

      4. Фонограмма шығарушылардың құқықтары жазба жүзеге асырылғаннан кейін кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды. Алайда, егер фонограмма осы кезең ішінде заңды түрде жарияланса, көрсетілген құқықтар ол заңды түрде алғаш жарияланған күнінен кейін кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды. Егер ол бірінші сөйлемде көрсетілген мерзімде заңды түрде жарияланбаса, және егер фонограмма осы кезең ішінде жалпы жұрттың назарына заңды түрде хабарланса, көрсетілген құқықтар жалпы жұрттың назарына заңды түрде алғаш хабарланған күннен кейін кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды.

      5. Хабар тарату ұйымдарының құқықтары осы хабар оның кәбіл арқылы немесе спутник арқылы берілуін қоса алғанда, желілер арқылы немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы трансляцияланған-трансляцияланбағанына қарамастан, хабар алғаш трансляцияланғаннан кейін кемінде 50 жыл өткен соң тоқтайды.

      6. Осы бапта жазылған шарттар олар туындаған оқиғадан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      7. Қорғау мерзімі осы бапта көзделген мерзімнен асып кетуі мүмкін.

72-бап

Техникалық шараларды қорғау

      1. Әрбір Тарап өзінің осы мақсатты көздейтінін білетін немесе білуге жеткілікті негіздері бар мүдделі тұлға жүзеге асыратын кез келген тиімді техникалық шараларды бұлтаруға қарсы тиісінше құқықтық қорғауды көздейді.

      2. Әрбір Тарап құрылғыларды, өнімдерді немесе құрамдастарды өндіруге, әкелуге, таратуға, сатуға, жалға беруге, сату немесе жалға беру мақсатындағы жарнамалауға немесе коммерциялық мақсатта оларға иелік етуге немесе негізінен кез келген тиімді техникалық шараларды айналып өтуге бағытталған немесе оған мүмкіндік туғызатын қызметтерді ұсынуға қарсы тиісінше құқықтық қорғауды көздейді.

      3. Осы Келісімнің мақсаттары үшін "техникалық шаралар" түсінігі техникалық шаралар ұлттық заңнамада көзделген кез келген авторлық құқық немесе сабақтас құқық иеленушісі рұқсат етпеген туындыларға немесе басқа да объектілерге қатысты іс-қимылдарды болғызбауға немесе шектеуге арналған кез келген технологияны, құрылғыны немесе құрамдасты білдіреді. Егер туындылардың немесе басқа да объектінің пайдаланылуын құқық иеленушілер қол жеткізуді бақылау немесе шифрлеу, код қою немесе туындының немесе басқа да объектінің өзгеше түрлендірілуі немесе қорғау мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін көшірме жасауды басқару тетігі сияқты қорғау процесін қолдану арқылы бақыласа, қалыпты жұмыс режимінде "тиімді" болып есептеледі.

73-бап

Құқықтарды басқару жөніндегі ақпаратты қорғау

      1. Әрбір Тарап мынадай іс-қимылдардың кез келгенін:

      (a) құқықтарды басқару жөніндегі кез келген электрондық ақпаратты жоюды немесе өзгертуді;

      (b) Құқықтарды басқару жөніндегі электрондық ақпаратты рұқсатсыз жойып немесе өзгертіп, осы Келісім бойынша қорғалатын туындыларды немесе басқа да объектілерді таратуды, тарату мақсатында импорттауды, эфирге беруді, хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткізуді рұқсатсыз жүзеге асыратын кез келген тұлғадан егер бұл тұлға ұлттық заңнамада көзделген, кез келген авторлық құқықтың немесе сабақтас құқықтың бұзылуына осылайша жәрдемдесетінін, қамтамасыз ететінін, мүмкін ететін немесе оны жасыратынын білсе немесе білуге жеткілікті негіздері бар болса, тиісті құқықтық қорғауды көздейді.

      2. Осы тараудың мақсаттары үшін "құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат" деген түсінік туындыны немесе авторлық құқықпен немесе сабақтас құқықтармен қорғалатын басқа объектіні, авторды немесе басқа да кез келген құқық иеленушіні құқық иеленуші ұсынған кез келген ақпаратты немесе туындыны немесе басқа да объектіні пайдалану шарттары туралы ақпаратты және осындай ақпарат берілген кез келген цифрларды немесе кодтарды білдіреді.

      3. 1-тармақ 2-тармақта аталған ақпарат элементтерінің кез келгені туындының немесе авторлық құқықпен немесе сабақтас құқықтармен қорғалатын басқа да объектінің данасына қоса берілетін не жалпы жұрттың назарына хабарлауға байланысты пайда болатын жағдайларда қолданылады.

74-бап

Ерекшеліктер және шектеулер

      1. Әрбір Тарап өздері тараптары болып табылатын конвенцияларға және халықаралық келісімдерге сәйкес туындылардың немесе басқа объектінің қалыпты пайдаланылуына қайшы келмейтін және кұқық иеленушілердің заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмейтін кейбір ерекше жағдайларда ғана 66 - 70-баптарда жазылған шектеулерді немесе құқықтардан ерекшеліктерді көздеуі мүмкін.

      2. Әрбір Тарап 66 - 70-баптарда аталған, аралық немесе кездейсоқ болып табылатын және жалғыз мақсаты туындыны немесе басқа объектіні:

      (a) үшінші тұлғалар арасында делдал арқылы желіге беру, немесе

      (b) туындының немесе басқа объектінің заңды түрде құқыққа сыйымды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету технологиялық процестің ажырамас әрі маңызды бөлігі болып табылатын және тәуелсіз экономикалық маңызы жоқ қайта шығарудың уақытша актілері 66 - 69-баптарда көзделген қайта шығару құқығы қолданысына жатпайтынын көздейді.

75-бап

Қайта сату құқығы

      Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматы болып табылатын түпнұсқа өнер туындысы авторының мүддесінде және оның құқықтық мирасқорының мүддесінде, тіптен алдын ала бас тартуға болмайтын оның иеліктен шығарылмайтын құқығы ретінде айқындалатын қайта сатуға құқығын, автор туындыны алғаш бергеннен кейін туындыны қайта сатудан алған сатылым бағасына негізделген сыйақы алу құқығын береді. Сыйақы алымының шекті деңгейлері мен мөлшерлемелері қайта сату орын алатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленуге тиіс16.

      ____________________

      16Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес әнер туындылары саласындағы дилерлердің қатысуымен мәмілелерді қайта сату құқығын шектей алады.

76-бап

Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы ынтымақтастық

      Тараптар туындыларға және басқа да қорғалатын объектілерге неғұрлым өзара жеңіл түрде қол жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тараптар аумақтары арасында оларды жеткізу, сондай-ақ осындай туындыларды немесе қорғалатын басқа да объектілерді пайдаланғаны үшін олардың арасында сыйақы беру үшін құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі өздерінің тиісті ұйымдары арасында уағдаластықтарды орнатуға жәрдемдесу мақсатында өздеріне қолжетімді ақылға қонымды шараларды қолданады. Тараптар құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі өздерінің тиісті ұйымдарының міндеттерін орындауға қатысты ұтымдылық пен ашықтықтың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін өздеріне қолжетімді ақылға қонымды шараларды қолданады,

ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ

77-бап

Халықаралық келісімдер

      Әрбір Тарап:

      (a) Таңба белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттаманы және ДЗМҰ-дың тауар белгілері жөніндегі заңдар туралы шартын сақтайды; және

      (b) Тауар белгілері жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына қосылу үшін ақылға қонымды барлық күш-жігерін жұмсайды.

78-бап

Тіркеу рәсімі

      1. Әрбір Тарап тауар белгілерінің тіркелу жүйесін көздейді, онда тауар белгілері жөніндегі тиісті құзыретті орган қабылдаған әрбір түпкілікті шешім тиісті түрде негізделген және ол өтінім берушіге жазбаша нысанда хабарланады, өтініш беруші оған тауар белгілері жөніндегі құзыретті органға дау айтуға және сотқа апелляция беруге құқылы.

      2. Әрбір Тарап құқық иеленушілердің өтінімге немесе тауар белгісін тіркеуге қарсылық білдіру мүмкіндігін көздейді. Қарсылық білдірілген жағдайда рәсімдер жарыспалы болып табылады.

      3. Әрбір Тарап тауар белгілерін тіркеудің жалпыға қолжетімді электрондық дерекқорының болуын көздейді.

79-бап

Жалпыға бірдей белгілі тауар белгілері

      Тараптар Париж конвенциясының 6-бис бабында және ТРИПС Келісімінің 16-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделгендей жалпыға бірдей белгілі тауар таңба белгілерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтасады.

80-бап

Тауар белгімен ұсынылатын құқықтардың ерекшеліктері

      Әрбір Тарап тауар белгісімен ұсынылатын сипаттамалық терминдерді адал пайдалану сияқты құқықтардан шектеулі ерекшеліктерді мұндай ерекшеліктер тауар белгісін иесімен және үшінші тұлғалардың заңды мүдделері ескерілген жағдайда көздей алады.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАР

81-бап

Анықтама

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін географиялық нұсқалар тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттамалары елеулі дәрежеде оның географиялық шығарылған жерімен байланысты болатын Тарап аумағынан немесе осы аумақтағы өңірден немесе жерлерден шығарылған тауар екенін сәйкестендіретін белгілемені білдіреді.

82-бап

Географиялық нұсқамаларды қорғау қағидаттары

      1. Тараптар sui generis жүйесі немесе басқа да құқықтық құралдар арқылы географиялық көрсеткіштер сауда маркасымен қорғалуы мүмкін екенін мойындайды.

      2. Тараптар осы баптың негізінде географиялық нұсқамалар саласында ынтымақтастыққа ұмтылады,

      3. Әрбір Тарап өзінің географиялық көрсеткіштерін қорғау жүйесінің екінші Тараптың географиялық көрсеткіштерін тіркеу үшін ашық болуын қамтамасыз етеді.

83-бап

Келіссөздер

      Тараптар осы Бөлім қолданыла бастаған күннен кейін жеті жылдан кешіктірмей өздерінің аумақтарында географиялық нұсқамаларды қорғау туралы келісімді жасасу мақсатында келіссөздерге кіріседі.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕР

84-бап

Халықаралық шарттар

      Ұлыбритания 1999 жылғы Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісімінің Женева актісіне бейілділігін растайды. Қазақстан Республикасы оған қосылу үшін ақылға қонымды күш-жігерін жұмсайды.

85-бап

Тіркелген өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қойылатын талаптар

      1. Әрбір Тарап жаңа және түпнұсқа болып табылатын дербес жасалған өнеркәсіптік үлгілерді қорғауды көздейді. Бұл қорғау тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркелген өнеркәсіптік үлгінің иеленушісіне айрықша құқық береді. Осы баптың мақсаттары үшін Тарап жеке сипатқа ие өнеркәсіптік үлгіні түпнұсқа деп есептей алады.

      2. Бұйымға қолданылатын немесе құрамдық бұйымның бөлігі болып табылатын бұйымға енгізілген өнеркәсіптік үлгі:

      (a) егер құрамдық бұйымға енгізілгеннен кейін бұйымның бөлігі техникалық қызмет көрсетуді, сервис немесе жөндеу жұмыстарын қоспағанда, осы бұйымды қалыпты пайдалану процесінде көзге көрінетін болып қалса; және

      (b) егер бұйым бөлігінің осы көзге көрінетін сипаттамалары жаңашылдық және жеке сипат талаптарына өзінен өзі сай келетін жағдайда ғана жаңа және жеке сипатқа ие деп есептеледі.

86-бап

Тіркеу арқылы берілетін құқықтар

      Тіркелген өнеркәсіптік үлгі иеленушісінің оны пайдалануға және иеленуші келісім бермеген үшінші тарапқа, өзгелерімен қатар, егер бұйымға қорғалатын өнеркәсіптік үлгі енгізілген немесе көрсетілген бұйымды шығару, сату, ұсыну, сату, импорттау. экспорттау, сақтау немесе пайдалану коммерциялық мақсаттарда қолданылса, осындай әрекеттерге тыйым салуға айрықша құқығы бар.

87-бап

Қорғау мерзімі

      Өтінім берілген күннен бастап ұсынылатын қорғау мерзімі кемінде он жылды құрайды. Әрбір Тарап құқық иеленушісінің қорғау мерзімін ұлттық заңнамада белгіленген барынша жоғары қорғау мерзіміне дейін әрқайсысын бес жылдан бір немесе одан көп кезеңге ұзарта алатындай етіп, кезеңнін қамтамасыз ете алады.

88-бап

Ерекшеліктер17

      1. Әрбір Тарап өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудан шектеулі ерекшеліктер қорғалатын өнеркәсіптік үлгілердің қарапайым қолданылуына негізсіз қайшы келмейтін және үшінші тұлғалардың заңды мүдделері ескеріле отырып, қорғалатын өнеркәсіптік үлгілер иеленушісінің заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмейтін жағдайда мұндай ерекшеліктерді көздей алады.

      2. Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау бұйымның техникалық функцияларымен ғана байланысты сыртқы түрінің ерекшелігіне де, басқа бұйыммен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қажет бұйымның сыртқы түрінің элементіне де қолданылмайды18.

      3. Өнеркәсіптік үлгіге құқық мемлекеттік саясатқа немесе жалпыға бірдей қабылданған мораль қағидаттарына қайшы келетін үлгіге қолданылмайды.

      _________________________

      17Осы бапта көрсетілген мақсаттарға сәйкес, "тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі" Еуропалық Одақ Кеңесінің 2006 жылғы 18 желтоқсандағы № 1891/2006 қаулысымен енгізілген соңғы түзетулері бар қоғамдастық өнеркәсіптік үлгілері туралы Еуропалық Одақ Кеңесінің Регламентімен 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 6/2002 қаулысымен қорғалады.

      18Ұлыбританияда бұл ереже модульдік бұйымдарға қолданылмайды.

89-бап

Авторлық құқыққа қатыстылық

      Тарапта тіркелген, өнеркәсіптік үлгіге құқықпен қорғалатын өнеркәсіптік үлгінің де осы Тараптың авторлық құқық туралы заңнамасы бойынша өнеркәсіптік үлгі кез келген нысанда жасалған немесе тіркелген күннен бастап қорғалуға құқығы болады. Түпнұсқалықтың талап етілетін деңгейін қоса алғанда, мұндай қорғауды ұсыну көлемі мен шарттарын әрбір Тарап айқындайды.

ПАТЕНТТЕР

90-бап

Халықаралық шарттар

      Әрбір Тарап Патенттік құқық туралы шарттың 1-16-баптарының талаптарын сақтау үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерін жұмсайды.

91-бап

Патенттер және халық денсаулығы

      1. Тараптар 2001 жылғы 14 қарашада қабылданған ТРИПС келісімі және халық денсаулығы туралы ДСҰ-ның Министрлік конференциясы декларациясының маңыздылығын таниды. Осы тарау бойынша құқықтар мен міндеттемелерді түсіндіру және орындау кезінде әрбір Тарап осы Декларацияға сәйкестікті қамтамасыз етеді.

      2. Әрбір Тарап 1-тармақта аталған Декларацияның 6-тармағына қатысты ДСҰ Бас кеңесінің 2003 жылғы 30 тамыздағы Шешімін құрметтейді.

92-бап

Қосымша қорғау куәліктері

      1. Тараптар өздерінің аумағында патентпен қорғалатын дәрілік заттар мен өсімдіктерді қорғау құралдары олар нарыққа шығарылғанға дейін әкімшілік рұқсат беру рәсіміне жатқызылуы мүмкін екенін таниды. Олар патентті алуға өтінім беру және өнімді нарыққа шығару туралы алғашқы рұқсат алу арасындағы уақыт кезеңі тиісті ұлттық заңнамада осы мақсат үшін айқындалғандай патент пен берілетін тиімді қорғау мерзімін қысқарта алатынын таниды.

      2. Әрбір Тарап патентен қорғалатын және әкімшілік рұқсат беру рәсіміне жататын дәрілік заттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын қорғаудың 1-тармақтың екінші сөйлемінде көрсетілген, бес жылға қысқартылған кезеңге тең келетін қосымша кезеңін көздейді.

      3. 2-тармаққа қарамастан, қорғаудың қосымша кезеңінің ұзақтығы бес жылдан аспайды.

93-бап

Фармацевтикалық өнімді19 нарыққа шығару туралы рұқсат алуға ұсынылған деректерді қорғау

      1. Әрбір Тарап фармацевтикалық өнімді нарыққа шығару туралы рұқсат алу үшін ұсынылған деректердің құпиялығына, ашылмауына және оларға сілтеме жасауға тыйым салынуына кепілдік беретін жан-жақты жүйені көздейді.

      2. Әрбір Тарап ТРИПС келісімінің 39-бабының 3-тармағында көрсетілгендей фармацевтикалық өнімді нарыққа шығару туралы рұқсат алу үшін ұсынылған кез келген ақпараттың үшінші тұлғаларға ашылмауын және кез келген Тарапта нарыққа шығару туралы рұқсат берілген күннен бастап кемінде алты жыл ішінде жосықсыз коммерциялық пайдаланудан қорғалуын қамтамасыз етеді.

      Осы мақсатта

      (a) нарыққа шығару туралы рұқсат берілген күннен бастап кемінде алты жыл ішінде осындай ашылмаған деректерді ұсынған адамнан немесе ұйымнан басқа ешбір адамға немесе мемлекеттік немесе жеке ұйымға, фармацевтикалық өнімді нарыққа шығару туралы рұқсат алуға арналған өтінішті негіздеу үшін осы деректерді ұсынған адамның немесе ұйымның анық келісуінсіз осындай деректерге тікелей немесе жанама түрде сілтеме жасауға рұқсат етілмейді;

      (b) егер келесі өтініш беруші алғашқы өтініш берушінің деректері сияқты талаптарға сай келетін өзінің жеке деректерін немесе алғашқы рұқсат иеленушісінің келісуімен пайдаланылған деректерді ұсынбаса, нарыққа шығару туралы рұқсат ұсынылған күннен бастап кемінде алты жыл ішінде фармацевтикалық өнімді нарыққа шығару туралы рұқсатқа кез келген кейінгі өтініш қанағаттандырылмайды. Осы алты жылдық кезең ішінде осындай деректер ұсынылмай тіркелген өнім осы талаптар қанағаттандырылмайынша нарықтан шеттетіледі.

      ________________________

      19"Фармацевтикалық өнім" термині осы тарауда Ұлыбритания жағдайында, адам қолдануға арналған дәрілік заттарға қатысты 2012 жылғы Медициналық қолдануға арналған дәрі-дәрмектер туралы регламектте айқындалған дәрілік заттарға жатады.

94-бап

Өсімдіктерді қорғау құралдары туралы деректерді қорғау және сынақтарды қайталауды болдырмау қағидалары

      1. Тараптар өсімдіктерді қорғау құралдарын нарыққа шығаруға рұқсат алғанға дейін олардың қауіпсіздік пен тиімділік талаптарына сәйкестігін тексереді.

      2. Әрбір Тарап өсімдіктерді қорғау құралдарын нарыққа шығару туралы рұқсат алу үшін алғаш ұсынылған, өткізілген сынақтар немесе зерттеулер туралы мәліметтер иеленушісінің деректерді уақытша қорғау құқығын таниды.

      Деректерді қорғау құқығының қолданыс кезеңі ішінде өткізілген сынақтар немесе зерттеулер туралы мәліметтер иеленушінің анық келісімі болған жағдайларды қоспағанда, өсімдіктерді қорғау құралын нарыққа шығару туралы рұқсат алуға ұмтылатын кез келген басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланылмайды. Бұл құқық осы жерде және бұдан әрі "деректерді қорғау" деп аталады.

      3. Өткізілген сынақтар немесе зерттеулер туралы мәліметтер:

      (a) басқа дақылдар үшін пайдалануға жол беруге рұқсат алу немесе рұқсатқа өзгерістер енгізу үшін қажет; және

      (b) тиісті зертханалық практика немесе тиісті эксперименттік практика қағидаттарына сәйкестікке сертификатталады.

      4. Тарапта өсімдіктерді қорғау құралдары үшін деректерді қорғау мерзімі осы Тарапта алғашқы рұқсат алынған күннен бастап он жылды құрайды. Әрбір Тарап өсімдіктерді қорғау құралдарына, мысалы жоғары тәуекел тудырмайтын және сирек пайдаланылатын құралдарға рұқсат алуды көтермелеу мақсатында қорғаудың неғұрлым ұзақ мерзімдерін көздеуі мүмкін20.

      5. Жүргізілген сынақтар немесе зерттеулер туралы деректер де, егер рұқсатты жаңарту немесе қайта қарау үшін қажет болса, қорғалуға жатады.

      6. Тараптар омыртқалы жануарларға сынақтар өткізуді қайталауды болдырмау бойынша қағидаларды көздейді. Омыртқалы жануарларға қатысты сынақтар мен зерттеулерді жүргізуге ниетті кез келген өтініш беруші осы сынақтар мен зерттеулердің жүргізілмегеніне немесе басталып кетпегенше көз жеткізу үшін қажетті шараларды қолданады.

      7. Болашақ өтініш беруші мен тиісті рұқсаттардың иеленушісі немесе иеленушілері омыртқалы жануарларға қатысты сынақтар мен зерттеулер туралы деректерді бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Сынақтар мен зерттеулер туралы ұсынылған деректердің құны әділ, ашық және кемсітпейтін негізде белгіленеді. Болашақ өтініш берушіден рұқсат алу талаптарына сәйкес ол ұсынуға тиіс ақпараттың құнын төлеу ғана талап етіледі.

      8. Егер болашақ өтініш беруші және өсімдіктерді қорғау құралдарына тиісті рұқсаттардың иеленушісі немесе иеленушілері омыртқалы жануарларға қатысты сынақгар мен зерттеулер туралы деректерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге келе алмаса, болашақ өтініш беруіпі бұл туралы тиісті Тараптың құзыретті органдарына хабарлайды.

      9. Омыртқалы жануарларға қатысты сынақтар мен зерттеулер туралы деректерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол жеткізудің мүмкін болмауы тиісті Тараптың құзыретті органдарына болашақ өтініш беруші өтінішінің мақсаттары үшін осындай деректерді пайдалануына кедергі болмайды.

      Тиісті рұқсаттардың иеленушісі немесе иеленушілері болашақ өтініш берушіден өздері көтерген шығыстарды әділ бөлуді талап ете алады. Тарап аталған мәселені ұлттық заңнамаға сәйкес ресми және міндетті төрелік арқылы шешу үшін қатысушы тараптарды жібере алады.

      ____________________

      20Осы баптың мақсаты үшін "сирек пайдаланылатын" түсінігі осы Тарап аумағында өсімдіктерді қорғаудың, немесе Тараптың аумағында кеңінен өсірілмейтін өсімдіктері қорғаудың, немесе айрықша жағдайы бойынша талапты орындау үшін кеңінен есірілетін өсімдіктерді пайдалануды білдіреді.

95-бап

Өсімдіктердің сұрыптары

      Ұлыбритания Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (УПОВ конвенциясы) бейілділігін растайды, оған қосылу үшін Қазақстан Республикасы ақылға қонымды күш-жігерін жұмсайды.

3-бөлім

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

96-бап

Жалпы міндеттемелер

      1. Тараптар ТРИПС келісімі, атап айтқанда оның III бөлігі бойынша өз міндеттемелерін растайды және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті осы бөлімде көзделген қосымша шараларды, рәсімдерді және құқықтық қорғау құралдарын қамтамасыз етеді21.

      2. Бұл шаралар, рәсімдер мен құқықтық қорғау құралдары әділ әрі тең болып табылады және аса күрделі немесе аса қымбат болмайды немесе мерзімдерді негізсіз ұлғайтуға немесе орынсыз кідірістерге әкелмеуге алып келмейді. Олар тиімді, мөлшерлес және тежеуші болуға тиіс және заңды сауда үшін кедергілердің жасалуын болдырмайтындай және оларды теріс пайдалануға қарсы кепілдік қамтамасыз етілетіндей етіп қолданылады.

      ____________________

      2198-110-баптардың мақсаттары үшін "зияткерлік меншік кұқықтары" термині кем дегенде мынадай құқықтарды: авторлық құқықты; сабақтас құқықтарды; дерекқорды құрушының айрықша түрдегі құқықтарын; жартылай өткізгіш бұйымдардың топологияларын құрушының құқықтарын; тауар белгісіне құқықтарын; өнеркәсіптік үлгіге құқықтарды; қосымша қорғаудың куәліктері берілетін құқықтарды қоса алғанда, патенттік құқықтарды; географиялық көрсеткіштерді; пайдалы модельдерге арналған құқықтарды; өсімдіктер сұрыптарына құқықтарды; және ұлттық заңнамаға сәйкес ерекше құқық ретінде қорғалатын мөлшердегі сауда атауларын қамтиды.

97-бап

Уәкілетті өтініш берушілер

      Әрбір Тарап осы бөлімде және ТРИПС келісімнің III бөлігінде көрсетілген шараларды, рәсімдер мен құқықтық қорғау құралдарын қолдануға жүгіну құқығына ие тұлғалар ретінде:

      (a) ұлттық заңнаманың ережелеріне сойксс зияткерлік меншік құқықтарының иелерін;

      (b) осы құқықтарды ұлттық заңнаманың ережелерінде жол берілетіндей және оған сәйкес келетіндей шамада пайдалану құқығына ие барлық басқа тұлғаны, атап айтқанда лицензиаттарды;

      (c) зияткерлік меншік құқықтары иелерінің атынан ұлттық заңнаманың ережелерінде жол берілетіндей және оған сәйкес келетіндей шамада өкілдік ету құқығына ие деп тұрақты түрде танылатын зияткерлік меншіктің ұжымдық құқықтарын басқару жөніндегі органдарды;

      (d) зияткерлік меншік құқықтары иелерінің атынан ұлттық заңнаманың ережелерінде жол берілетіндей және оған сәйкес келетін шамада өкілдік ету құқығына ие деп танылған кәсіби қорғау органдарын немесе басқа да тұлғаларды таниды.

98-бап

Дәлелдемелер

      1. Егер Тарап өз талаптарын күшейту үшін жеткілікті түрде қолда бар объективті дәлелдемелерді ұсынса және өз талаптарын растауға қарсы тараптың бақылауындағы дәлелдемелерді көрсетсе, әрбір Тараптың сот органдарының құпия ақпараттың қорғалуын ескере отырып, қарсы тарап осы дәлелдемелерді ұсынуы үшін бұйрық шығаруға өкілеттігі болады.

      2. 1-тармақта аталған шарттар сақталған кезде, коммерциялық ауқымда жасалған зияткерлік меншік құқықтары бұзылған жағдайда әрбір Тарап құзыретті сот органдарына тиісті жағдайларда және өтініш бойынша құпия ақпараттың қорғалуын ескере отырып, қарсы тараптың бақылауындағы банктік, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды беру туралы бұйрық шығаруға уәкілеттік беру үшін қажетті шараларды қабылдайды.

99-бап

Дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шаралар

      1. Әрбір Тарап зияткерлік меншікке құқықтарының бұзылған немесе бұзылуы мүмкін екендігі туралы өз талаптарын қолдау үшін қолда бар объективті дәлелдемелерді ұсынған құқық иеленушінің өтініші бойынша құзыретті сот органдарының істі мәні бойынша талқылауды бастағанға дейін құпия ақпараттың қорғалуын ескере отырып, болжанып отырған бұзушылыққа қатысты тиісті дәлелдемелерді сақтау үшін дереу және тиімді уақытша шараларды қолдану туралы бұйрық шығаруын қамтамасыз етеді.

      2. Мұндай шаралар үлгілерді алып қоя отырып немесе алып қоймастан немесе болжамды контрафактілі тауарларды, сондай-ақ тиісті жағдайларда осы тауарларды өндіруде және/немесе таратуда пайдаланылатын материалдар мен жабдықты және осыған қатысты құжаттарды іс жүзінде алып қою арқылы толық сиппатаманы қамтуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, бұл шаралар екінші тарапты тыңдамастан, атап айтқанда кез келген кідіріс құқық иеленушіге орны толмас нұқсан келтіруі мүмкін немесе дәлелдемелердің жойылатындығының айқын тәуекелі бар жағдайларда қолданылуы мүмкін.

100-бап

Ақпаратқа құқық

      1. Әрбір Тарап зияткерлік меншік құқықтарының бұзылғанына қатысты талқылау аясында және талап қоюшының негізді және мөлшерлес жүгінуіне жауап ретінде құзыретті сот органдарының зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің шығарылған жері және тарту желілері туралы ақпаратты бұзушы және (немесе):

      (a) құқықты бұзатын, тауарды коммерциялық ауқымда иеленетіні анықталған;

      (b) құқықты бұзатын, көрсетілетін қызметтерді коммерциялық ауқымда пайдаланатыны анықталған;

      (c) құқыққа сыйымсыз қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді коммерциялық ауқымда ұсынатыны анықталған, немесе

      (d) (a), (b) немесе (c) тармақшаларда аталған тұлғаның, осындай тауарларды өндіруге, дайындауға немесе таратуға немесе көрсетілетін қызметтер ұсынуға тартылғанын көрсеткен, басқа да кез келген тұлға ұсынатыны жөнінде бұйрық шығара алуын қамтамасыз етеді.

      2. 1-тармақта көрсетілген ақпарат:

      (a) өндірушілердің, дайындаушылардың, дистрибьюторлардың, өнім берушілердің және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да бұрынғы иеленушілерінің, сондай-ақ болжамды көтерме және бөлшек сауда өнім берушілерінің атауларын және мекенжайларын;

      (b) өндірілген, дайындалған, жеткізілген, алынған немесе тапсырыс берілген тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны туралы, сондай-ақ осындай тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған сомалар туралы мәліметтерді қамтиды.

      3. 1 және 2-тармақтар:

      (a) құқық иеленушіге неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат алу құқығын ұсынатын;

      (b) осы бапқа сәйкес ұсынылған ақпаратты азаматтық немесе қылмыстық процесте пайдалануды реттейтін;

      (c) ақпаратқа құқықты теріс пайдаланғаны үшін жауаптылықты реттейтін;

      (d) 1-тармақта аталған тұлғаны зияткерлік меншік құқығын бұзуға өзінің немесе оның жақын туыстарының қатысқанын мойындауға мәжбүр ететін ақпаратты ұсынудан бас тарту мүмкіндігін көздейтін, немесе

      (e) ақпарат кездерінің құпиялылығын қорғауды немесе дербес деректерді өңдеуді реттейтін басқа да заңнамалық ережелерге нұқсан келтірілмей қолданылады.

101-бап

Уақытша және ескерту шаралары

      1. Әрбір Тарап өтініш берушінің өтініші бойынша сот органдарының болжамды құқық бұзушыға қатысты зияткерлік меншікке құқықты кез келген болжалды бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қамтамасыз ету шараларын қабылдауға не уақытша негізде және қолданылуына қарай ұлттық заңнамада көзделген жағдайларда тиісті айыппұлдардың төленуін ескере отырып, осы құқықтың болжамды бұзылуын одан әрі жүзеге асыруға тыйым салуын немесе мұндай жүзеге асыруды құқық иеленушіге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған кепілдік берумен байланысты қамтамасыз етеді. Қамтамасыз ету шаралары сондай жағдайларда және ұлттық заңнамаға сәйкес, көрсетілетін қызметтерін үшінші тарап зияткерлік меншік құқықтарын бұзу үшін пайдаланатын делдалға қолданылуы мүмкін.

      2. Қамтамасыз ету шаралары зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына күдік келтірілген тауарларды сауда арналарында шығаруды немесе өткізуді болғызбау үшін оларды алып қою немесе беру үшін де қолданылуы мүмкін.

      3. Коммерциялық ауқымда жасалған бұзушылық жағдайында әрбір Тарап, егер өтініш беруші залалды өтеуге қауіп төндіруі ықтимал мән-жайларды көрсететін жағдайда, сот органдары ұлттық заңнамаға сәйкес болжамды тәртіп бұзушының жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлкін ескертіп алып қою немесе оған тыйым салу, оның ішінде оның банк шоттарын және басқа да активтерін бұғаттау туралы бұйрық шығаруын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта сот органдары банктік, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды ұсынуды немесе тиісті ақпаратқа тиісінше қол жеткізуді талап ете алады.

102-бап

Түзету шаралары

      1. Әрбір Тарап құзыретті сот органдарының өтініш берушінің сұрау салуы бойынша және бұзушылық жасалуына байланысты құқық иеленушіге өтелуге жататын залалға нұқсан келтірместен және қандай да бір өтемақысыз зияткерлік меншік құқығын бұзады деп анықталған тауарларға қатысты сауда арналарынан оларды қайтарып алу, түпкілікті шеттету немесе жою мақсатында бұйрық шығаруын қамтамасыз етеді. Қажет болған кезде құзыретті сот органдары осы тауарларды жасау немесе дайындау кезінде пайдаланылған материалдар мен жабдықты да жою туралы бұйрық шығара алады.

      2. Әрбір Тараптың сот органдарының, егер осыны жасамау үшін ерекше себептер болмаса, көрсетілген шаралардың бұзушы есебінен орындалуы туралы бұйрық шығаруға өкілеттігі бар.

103-бап

Сот тыйымдары

      Әрбір Тарап зияткерлік меншік құқығының бұзылғанын анықтаған сот шешімі қабылданған жағдайда сот органдарының бұзушыға қатысты бұзушылықты тоқтатуға бағытталған сот тыйымын шығаруын қамтамасыз етеді. Ұлттық заңнамада көзделген жағдайларда сот тыйымының орындалмауы тиісті жағдайларда оның орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде айыппұл салынады. Әрбір Тарап үшінші тарап көрсетілетін қызметтерін зияткерлік меншік құқықтарын бұза отырып пайдаланатын делдалдарға қатысты сот тыйымына құқық иеленушілердің өтініш беруін қамтамасыз етеді.

104-бап

Балама шаралар

      Әрбір Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес тиісті жағдайларда және 102-бапта және (немесе) 103-бапта көзделген шаралар қолданылуы тиіс тұлғаның сұрау салуы бойынша құзыретті сот органдарының, егер осы тұлға әдейі емес және абайсызда әрекет етсе, егер бұл шараларды қолдану ол үшін пропорционалды емес зиянға әкеп соқса және егер ақшалай өтемақы жәбірленуші тарапқа жеткілікті қанағаттанарлық түрде ұсынылса, 102-бапта және (немесе) 103-бапта көзделген шараларды қолданудың орнына жәбірленуші тарапқа төленуге тиіс ақшалай өтемақы туралы бұйрық шығара алатынын көздей алады.

105-бап

Залалдар

      1. Әрбір Тарап сот органдары залалды белгілеген кезде:

      (a) теріс экономикалық салдар, оның ішінде жәбірленуші тараптың айырылып қалған пайдасы, бұзушы алған кез келген заңсыз пайда және тиісті жағдайларда құқық иеленушіге бұзушы келтірген моральдық зиянды қоса алғанда, экономикалық факторлардан тыс басқа да элементтер сияқты барлық тиісті аспектілерді назарға алады; немесе

      (b) тиісті жағдайларда, егер бұзушы қарастырылатын зияткерлік меншік құқығын пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінсе, кем дегенде сыйақы немесе төленуі тиіс алымдар сомасы сияқты осындай элементтер негізінде бір жолғы сома түріндегі залалды белгілеуді қамтамасыз етеді.

      2. Егер бұзушы білмей немесе білуге жеткілікті негіздері болмай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға тартылған болса, әрбір Тарап сот органдарының жәбірленуші тарапқа пайдасын қалпына келтіру немесе алдын ала анықталуы мүмкін шығындарды өтеу туралы бұйрық шығара алатынын көздей алады.

106-бап

Сот шығындары

      Әрбір Тарап ақылға қонымды және мөлшерлес сот шығындарын және істі жеңіп шыққан тарап көтерген басқа да шығыстарды әдетте, егер бұл әділдік қағидатына қайшы келмесе, жеңілген тараптың төлеуін қамтамасыз етеді.

107-бап

Сот шешімдерін жариялау

      Әрбір Tapaп зияткерлік меншік құқығының бұзылуына байланысты бастамашылық етілген сот талқылаулары шеңберінде сот органдарының өтініш берушінің сұрау салуы бойынша және бұзушының есебінен шешімге қатысты ақпаратты, оның ішінде таныстыру және оны толық көлемде немесе ішінара жариялау үшін ұсыну туралы шешімге қатысты тиісті шараларды қолдану туралы бұйрық шығара алатынын қамтамасыз етеді.

108-бап

Авторлық немесе меншік презумпциясы

      Осы бөлімде көзделген шараларды, рәсімдерді және құқықтық қорғау құралдарын қолдану мақсатында әдеби немесе көркем туындының авторы үшін, қарсы дәлелдемелер болмағанда және тиісінше оны автор деп тану үшін және бұзушылыққа байланысты сот процесіне бастамашылық ету құқығына ие болу үшін оның атын туындыда жай ғана көрсету жеткілікті болып табылады. Бұл олардың қорғалатын объектісіне қатысты авторлық құқықтардың құқық иеленушілеріне де mutatis mutandis қолданылады.

109-бап

Әкімшілік сот ісін жүргізу

      Кез келген құқық қорғау құралы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен әкімшілік сот ісін жүргізу нәтижесінде қабылдануы мүмкін болғандықтан, мұндай сот ісін жүргізу осы бөлімнің тиісті ережелерінде көзделгендерге мәні бойынша барабар қағидаттарға сәйкес келеді.

110-бап

Шекаралық бақылау шаралары

      1. Зияткерлік менішк құқығын қорғау мақсатында шекаралық бақылау шараларын қолдану кезінде әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ Келісімі және ТРИПС Келісімі бойынша өздерінің міндеттемелеріне сәйкестікті қамтамасыз етеді.

      2. Әрбір Тараптың аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары өз өкілеттіктері шегінде 3 және 4-тармақтарда көрсетілтен зияткерлік меншік құқықтары бұзылды деп келтірген тауарларды қамтитын жеткізілімдерді табу үшін бірқатар тәсілдерді пайдаланады. Осы тәсілдер барлау деректерін жинауға және жүктерді инспекциялауға, оның ішінде құқық иеленушілер берген ақпаратқа негізделген тәуекелдерді талдау техникасын қамтиды.

      3. Кеден органдарының құқық иеленушілердің сұрау салуы бойынша кедендік бақылаудағы және тауар таңбасына, авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға немесе географиялық көрсеткіштерге құқықтар бұзылды деп күдік келтірілген тауарларды ұстау немесе олардың шығарылуын тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдау өкілеттіктері бар.

      4. Кеден органдарының кедендік бақылаудағы және тауар таңбасына, авторлық құқық пен сабақтас құқықтарға немесе географиялық керсеткіштерге құқықтар бұзылды деп күдік келтірілген тауарларды өз бастамасы бойынша ұстау немесе оларды шығаруды тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктері болады.

      5. 3-6-тармақтардың ережелеріне қарамастан, құқық иеленуші немесе оның келісімімен басқа елдің нарығында орналастырылған тауарларды ұстау және импортын тоқтата тұру жөніндегі шараларды қолдану міндеттеме болып табылмайды.

      6. Тараптар зияткерлік меншік құқықтары бұзылды деп күдік келтірілген тауарлардың халықаралық саудасына қатысты ТРИПС Келісімінің 69-бабын тиісінше орындауға келіседі. Осы мақсатта әрбір Тарап ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында өзінін кедендік органындағы байланыс пунктін айқындауға және ол туралы екінші Тарапқа хабарлауға дайын. Мұндай ынтымақтастық құқық иеленушілерден ақпаратты алу тетіктері туралы ақпарат, озық тәжірибе және тәуекелді басқару стратегияларын қолдану жөніндегі тәжірибе, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын бұзатын тауарларды қамтиды деп күдік келтірілген жүктерді сәйкестендіруге жәрдемдесу үшін ақпарат алмасуды қамтуы мүмкін.

      7. Әрбір Тараптың кеден органдары екінші Тараптың сұрау салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша екінші Тараптың кеден органдарына тиісті қолжетімді, атап айтқанда екінші Тараптың аумағына арналған немесе аумағынан шығарылған, Тарап аумағы арқылы транзиттегі тауарлар туралы ақпаратты беру мақсатында ынтымақтасуға дайын.

      8. Ынтымақтастықтың басқа нысандарына нұқсан келтірмей, Кеден істеріндегі өзара әкімшілік көмек туралы хаттама зияткерлік меншік құқықтарына байланысты кеден заңнамасын бұзуға қатысты осы баптың 8 және 9-тармақтарына қолданылады.

      9. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының өкілеттіктері үшін нұқсан келтірмей, 24-баптың 3-тармағында аталған Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет осы баптың тиісті жұмыс істеуін және қолданылуын қамтамасыз етуге жауапты. Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет Тараптардың уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындайды және тиісті рәсімдерін көздейді.

4-бөлім

Делдалдар ретінде әрекет ететін көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің жауапкершілігі

111-бап

Делдалдардың көрсетілетін қызметтерін пайдалану

      Тараптар үшінші тұлғалар құқық бұзушылық жасау мақсатында делдалдардың көрсетілетін қыметтерін пайдалануы мүмкін екендігін мойындайды. Ақпараттық көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысын және цифрлық ортадағы зияткерлік меншік құқықтарын бір мезгілде қорғалуын қамтамасыз ету үшін әрбір Тарап, бұл провайдерлер берілетін ақпаратпен ешқандай да байланыспайтын жағдайларда, делдалдар ретінде әрекет ететін көрсетілетін қызметтердің провайдерлері туралы осы бөлімде көзделген шараларды қамтамасыз етеді. Бұл бөлім зияткерлік меншікке құқық саласындағы бұзушылықтар нәтижесінде туындауы мүмкін жауапкершілікке ғана қатысты қолданылады.

112-бап

Делдалдар ретінде әрекет ететін көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің жауапкершілігі: "жай хабар беру"

      1. Егер ақпараттық қоғамдастықтың көрсететін қызметі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ақпаратты байланыс желісі бойынша беруден немесе байланыс желісіне қолжетімділікті ұсынудан тұратын болса, әрбір Тарап, егер провайдер:

      (a) беруге бастамашылық жасамаған;

      (b) беруді алушыны таңдамаған; және

      (c) берудегі ақпаратты таңдамайтын немесе өзгертпейтін жағдайда, көрсетілетін қызметтер провайдері берілетін ақпарат үшін жауапты болмайтынына кепілдік береді.

      2. 1-тармақта аталған беру және қолжетімділікті ұсыну бойынша іс-қимылдар байланыс желісінде беруді жүзеге асыру мақсатында ғана және ақпарат беруге қажетті ақылға қонымды уақыттан аспайтын кезең ішінде сақталмайтын жағдайда берілетін ақпаратты автоматты, аралық және қысқа уақытша сақтауды қамтиды.

      3. Осы бап ұлттық заңнамаға сәйкес сот немесе әкімшілік органның көрсетілетін қызметтер провайдерінен бұзушылық тоқтатуды немесе болдырмауды талап ету мүмкіндігіне ықпал етпейді.

113-бап

Делдалдар ретінде әрекет ететін көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің жауапкершілігі: "кэштеу"

      1. Егер ақпараттық қоғамдастықтың көрсетілетін қызметі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған ақпаратты байланыс желісінде беруден тұратын болса:

      (a) провайдер ақпаратты өзгертпеген;

      (b) провайдер ақпаратқа қол жеткізу шарттарын сақтаған;

      (c) провайдер осы салада кеңінен танылған және пайдаланылатын ақпаратты жаңартуға қатысты қағидаларды сақтаған;

      (d) провайдер ақпаратты пайдалану туралы деректерді алу үшін осы салада кеңінен танылған және пайдаланылатын технологияларды құқыққа сыйымды түрде пайдалануға кедергі келтірмеген; және

      (e) провайдер хабар берудің бастапқы пунктінде ақпараттың желіден жойылғандығы немесе оған қол жеткізудің тоқтатылғаны немесе сот немесе әкімшілік орган жою немесе қол жеткізуді тоқтату туралы бұйрық шығарғаны туралы нақты деректерді алғаннан кейін сақтаған ақпаратты жою немесе қол жеткізуді тоқтату үшін жедел әрекет ететін жағдайда, әрбір Тарап өздерінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметтерді басқа да алушыларға анағұрлым тиімді ақпаратты кейіннен беру мақсатында ғана жүзеге асырылатын, осы ақпаратты автоматты түрде, аралық және қысқа уақытқа сақтағаны үшін көрсетілетін қызметтердің провайдері жауапты болмайтынына кепілдік береді.

      2. Осы бап ұлттық заңнамаға сәйкес соттың немесе әкімшілік органның көрсетілетін қызметтер провайдерінен бұзушылықты тоқтатуды немесе болдырмауды талап ету мүмкіндігіне ықпал етпейді.

114-бап

Делдалдар ретінде әрекет ететін көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің жауапкершілігі: "сақтау"

      1. Егер ақпараттық қоғамдастықтың көрсетілетін қызметі көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған ақпаратты сақтауды қамтитын болса:

      (a) провайдердің заңсыз қызмет немесе ақпарат туралы нақты мәліметтері болмаған және залалдарды өтеу туралы өтініштерге қатысты заңсыз қызмет жүзеге асырылатын немесе ақпаратты беру айқын болып табылатын фактілерді немесе мән-жайларды білмеген; немесе

      (b) провайдер осындай мәліметтерді немесе білімді алғаннан кейін ақпаратты жою немесе оған қол жеткізуді тоқтату үшін жедел әрекет еткен жағдайда, әрбір Тарап көрсетілетін қызметтер провайдерінің көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша сақталатын ақпарат үшін жауапты болмайтынына кепілдік береді.

      2. Егер көрсетілетін қызметтерді алушы провайдердің басшылығымен немесе бақылауымен әрекет ететін болса, 1-тармақ қолданылмайды.

      3. Осы бап ұлттық заңнамаға сәйкес соттың немесе әкімшілік органның көрсетілетін қызметтер провайдерінен бұзушылықтарды тоқтатуды немесе болдырмауды талап ету мүмкіндігіне ықпал етпейді, сондай-ақ Тараптардың ақпаратты жоюды немесе оған қол жеткізуді тоқтатуды реттейтін рәсімдерді белгілеу мүмкіндігіне ықпал етпейді.

115-бап

Бақылау жөніндегі ортақ міндеттемелердің болмауы

      1. Тараптар 112-114-баптарда көзделген көрсетілген қызметтерді ұсыну кезінде провайдерлерге берілетін немесе сақтайтын ақпаратты бақылауға ортақ міндеттемені жүктемейді, сондай-ақ заңсыз қызметті көрсететін фактілер мен мән-жайларды белсенді түрде іздеуге ортақ міндеттемені жүктемейді.

      2. Тараптар ақпараттық қоғамның көрсетілетін қызметтерінің провайдерлері үшін болжамды заңсыз қызметтің жүзеге асырылғаны немесе олардың көрсетілетін қызметтерін алушылар ұсынатын ақпарат туралы құзыретті мемлекеттік органдарға жедел хабарлау міндеттемелерін белгілей алады. Тарап ақпараттық қоғамның көрсетілетін қыметтерінің провайдерлері үшін құзыретті органдардың сұрау салуы бойынша ақпаратты сақтау туралы шарты бар олардың көрсетілетін қызметтерін алушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты хабарлау міндеттемелерін де белгілей алады.

116-бап

111-115-баптарды қолдану мерзімдері

      Қазақстан Республикасы осы Бөлімді қолдану басталған күннен кейін бес жыл бойы 111- 115-баптарда көзделген міндеттемелерді толық көлемде орындайды.

117-бап

Ынтымақтастық

      1. Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтауға бағытталған сауда немесе кәсіптік қауымдастықтар немесе ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көтермелейді.

      2. Тараптар осы тарауға сәйкес қабылданған міндеттемелерді орындауға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтасуға келіседі. Ынтымақтастық салалары мынадай қызмет түрлерін:

      (a) зияткерлік меншік құқықтарына және қорғау мен сақтаудың тиісті қағидаларына қатысты өздерінің құқықтық жүйелері туралы ақпарат алмасуды, осы салалардағы заңнамалық прогресс мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды;

      (b) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша тәжірибе алмасуды;

      (c) кеден, полиция органдары, әкімшілік және сот органдары мен мүдделі ұйымдар арасында қорғау мен сақтау бойынша тәжірибе алмасуды; контрафактілі тауарлардың экспортгалуын болдырмау мақсатында үйлестіруді;

      (d) әлеуетті нығайтуды; және

      (e) өзгелерімен қатар, бизнес топтарда және азаматтық қоғамда зияткерлік меншік құқықтары туралы ақпаратты және білімді ілгерілету мен таратуды; тұтынушылардың және құқық иеленушілердің хабардар болуын және білімдерін арттыруды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

8-ТАРАУ

Мемлекеттік сатып алу

118-бап

Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:

      (a) "коммерциялық тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер", әдетте мемлекеттік емес сатып алушыларға коммерциялық нарықта мемлекетгік емес мақсаттар үшін сатылатын немесе сату үшін ұсынылатын және әдетте, олар осы мақсаттар үшін сатып алынатын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді білдіреді;

      (b) "құрылыс қызметі" мақсаты Біріккен Ұлттар Ұйымының Негізгі өнімдердің Алдын ала сыныптамасының (БҰҰ НӨС) 51-бөлімі негізінде азаматтық немесе құрылыс жұмыстарын кез келген құралдармен орындау болып табылатын көрсетілетін қызметті білдіреді;

      (c) "күндер" күнтізбелік күндерді білдіреді;

      (d) "электрондық аукцион" жаңа бағаларды, төмендету жағына қайта қаралған бағаларды және (немесе) тендерлік ұсыныстарды бастапқы толық бағалаудан кейін пайда болатын, тендерлік ұсыныстардың жекелеген элементтеріне қатысты және автоматты түрде бағалау әдістерін пайдалана отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін жаңа мәндерді ұсыну үшін электрондық құрылғыларды пайдалана отырып, қайталанатын процесті білдіреді. Демек, нысана ретінде құрылыс жобасы сияқты зияткерлік нәтижелері бар белгілі бір көрсетілетін қызметтерге және жұмыстарға арналған шарттар электрондық аукционный нысанасы бола алмайды;

      (e) "жазбаша нысанда" немесе "жазбаша" оқуға, айтуға және одан соң беруге болатын кез келген сөз немесе сандық көрсеткішті білдіреді. Ол электрондық түрде берілетін және сақталатын ақпаратты қамтуы мүмкін;

      (f) "қатысу шектеулі тендер" сатып алушы ұйым өзінің таңдауы бойынша өнім берушімен немесе өнім берушілермен байланысатын сатып алу әдісін білдіреді;

      (g) "шара" қамтылатын сатып алуға байланысты кез келген заңды, заңға тәуелді актіні, рәсімді, әкімшілік басшылық құжатты, немесе практиканы, немесе сатып алушы ұйымның кез келген әрекетін біддіреді;

      (h) "көп мәрте пайдалану тізімі" осы тізімге қатысу үшін талаптарға сай келетін деп айқындайтын және сатып алушы ұйым бір реттен көп қолдануға ниеттенген өнім берушілердің тізімін білдіреді;

      (i) "алдағы сатып алу туралы хабарландыру" сатып алушы ұйым жариялаған, мүдделі өнім берушілерді қатысуға өтінім, тендерлік ұсыныс немесе екеуін де ұсынуға шақыратын хабарландыруды білдіреді;

      (j) "ашық тендер" барлық мүдделі өнім берушілер тендерлік ұсыныс бере алатын сатып алу әдісін білдіреді;

      (k) "тұлға" жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;

      (l) "сатып алушы ұйым" III қосымшаның 1 -2-бөліктерінде көрсетілген ұйымды білдіреді;

      (m) "білікті өнім беруші" сатып алушы ұйым қатысу үшін шарттарға сай келетін деп танитын өнім берушіні білдіреді;

      (n) "іріктелген тендер" сатып алушы ұйым тендерлік ұсыныс беруге білікті өнім берушілерді ғана шақыратын сатып алу әдісін білдіреді;

      (o) "көрсетілетін қызметтер", егер өзгеше көзделмесе, құрылыс қызметтерін қамтиды;

      (p) "стандарт" сақталуы міндетті болып табылмайтын қағидаларды, басшылық ету қағидаттарын немесе тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің немесе жалпы және көп мәрте қолдануға арналған онымен байланысты өндіріс процестері мен әдістерінің сипаттарын белгілейтін танылған орган бекіткен құжатты білдіреді. Ол тауарға, көрсетілетін қызметке, өндіріс процесіне немесе тәсіліне қолданылатын терминологияға, белгілемеге, қаптамаға, таңбалауға немесе заттаңбаларға қойылатын талаптарды да қамтиды немесе толық түрде соған арналуы мүмкін;

      (q) "өнім беруші" тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынатын немесе ұсынуы мүмкін тұлғаны немесе тұлғалар тобын білдіреді;

      (r) "техникалық өзіндік ерекшелік":

      (i) сатып алынатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде сапасын, орындалуын, қауіпсіздігін және мөлшерін немесе оларды өндірудің немесе ұсынудың процестері мен тәсілдерінің сипатын белгілейтін; немесе

      (ii) тауарға немесе көрсетілетін қызметке қолданылатын терминологияға, белгілемеге, қаптамаға, таңбалауға немесе заттаңбаларға қолданылатын талаптар жататын тендерлік талапты білдіреді.

119-бап

Қолданылу аясы және қамтылуы

      Осы тараудың қолданылуы

      1. Осы тарау қамтылатын сатыл алуға қатысты оның тек қана немесе ішінара электрондық құралдар көмегімен өткізілетініне не өткізілмейтініне қарамастан, кез келген шараға қатысты қолданылады.

      Осы тараудың мақсаттары үшін "қамтылатын сатып алу" мемлекеттік мақсаттар үшін:

      (a) мыналарды:

      (i) III қосымшада көрсетілген; және

      (ii) коммерциялық сату немесе қайта сату мақсатында емес не коммерциялық сату немесе қайта сату үшін тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірісте немесе беруге пайдалану үшін жүзеге асырылатын;

      (b) сатып алуды; лизингті; сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз жалға алу немесе мерзімін ұзартып сатып алуды қоса алғанда, кез келген шарттық әдістерді пайдалана отырып;

      (c) 123-бапқа сәйкес хабарландыру жарияланған кезде құны III қосымшада көрсетілген тиісті шекті мәнге тең немесе одан асып түсетін;

      (d) сатып алушы ұйым жүзеге асыратын; және

      (e) осы баптың 3-тармағының немесе III қосымшаның қамту аясынан өзге түрде алып тасталмаған тауарларды, көрсетілетін қызметтерді немесе олардың кез келген комбинациясын білдіреді.

      Егер сатып алу құны анықталмалса, онда ол 6-8-тармақтарға сәйкес есептеледі.

      3. Егер III қосымшада өзгеше көзделмесе, осы тарау:

      (a) жерді, қолда бар ғимараттарды немесе өзге де жылжымайтын мүлікті немесе оған құқықтарды иеленіп алуға немесе жалға алуға;

      (b) ынтымақтастық туралы келісімдерді, гранттарды, кредиттерді, капитал салымдарын, кепілдіктерді және салықтық жеңілдіктерді қоса алғанда, шарттан тыс келісімдерге немесе Тарап көрсететін кез келген нысандағы көмекке;

      (c) салық органдарының немесе депозитарийлердің көрсетілетін қызметтерді, реттелетін қаржы институттары үшін тарату мен басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді немесе мемлекеттік борышты, оның ішінде қарыздар мен мемлекеттік облигацияларды, вексельдерді және басқа да бағалы қағаздарды қоса алғанда, сатуға, өтеуге және бөлуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуға немесе иемделіп алуға;

      (d) мемлекеттік сектордағы жалдау шарттарына;

      (e) мынадай:

      (i) дамытуға көмекті қоса алғанда, халықаралық көмек көрсету үшін нақты мақсатпен;

      (ii) әскерді орналастыруға немесе келісімге қол қойған елдердің жобаны бірлесіп жүзеге асыруына байланысты нақты рәсімге немесе халықаралық келісімнің талаптарына сәйкес; немесе

      (iii) халықаралық ұйымның нақты рәсіміне немесе талабына сәйкес жүзеге асырылатын немесе егер қолданылатын рәсім немесе талап осы тарауға сәйкес келмесе, халықаралық гранттар, қарыздар немесе өзге де көмек есебінен қаржыландырылатын кезде сатып алуға қолданылмайды.

      4. Әрбір Тарап үшін III қосымшада мынадай ақпарат:

      (a) 1-бөлікте - сатып алуына осы тараудың ережелері қолданылатын орталық мемлекеттік органдар;

      (b) 2-бөлікте - сатып алуына осы тараудың ережелері қолданылатын жергілікті (өңірлік) мемлекеттік органдар;

      (c) 4-бөлікте - осы тарауда қамтылатын тауарлар;

      (d) 5-бөлікте - құрылыс қызметтерін қоспағанда, осы тарауда қамтылатын көрсетілетін қызметтер;

      (e) 6-бөлікте - осы тарауда қамтылатын құрылыс қызметтері; және

      (f) 7-бөлікте - кез келген жалпы ескертпелер көрсетілген.

      5. Егер сатып алушы ұйым қамтылатын сатып алу тұрғысынан III қосымшада көрсетілмеген тұлғалардың нақты талаптарға сәйкес сатып алуды жүзеге асыруын талап етсе, мұндай mutatis mutandis талаптарға қатысты 121-бап қолданылады.

      Бағалау

      6. Сатып алу құнын оның қамтылатын сатып алуға жататынын не жатпайтынын айқындау мақсатында бағалау кезінде сатып алушы ұйым:

      (a) осы тараудың қолданылу аясынан толықтай немесе ішінара алып тастау ниетімен сатып алуды жекелеген сатып алуға бөлуден, сатып алу құнын айқындау үшін бағалаудың белгілі бір әдісін таңдаудан немесе пайдаланудан тартынады; және

      (b) сыйақы төлеудің барлық нысандарын ескере отырып, бір немесе бірнеше өнім берушілерді тандауға қарамастан, оларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде сатып алудың есептік ең жоғары жалпы құнын енгізеді, ол мыналарды қамтиды:

      (i) сыйлықақыларды, алымдарды, комиссиялық төлемдер мен пайыздарды; және

      (ii) егер сатып алуда басқа нұсқалардың мүмкіндігі көзделсе, осындай нұсқалардың жалпы құны.

      7. Егер сатып алуға қатысты жекелеген талап бірнеше шартты жасасуға немесе жекелеген бөліктерге шарттар (бұдан әрі "қайталанатын шарттар" деп аталады) жасасуға алып келсе, онда есептік ең жоғары жалпы құн:

      (a) келесі 12 ай ішінде сатып алынатын тауардың немесе көрсетілетін қызметтің санындағы немесе құнындағы мүмкіндігіне қарай күтілетін езгерістер ескеріле отырып түзетілген, сатып алушы ұйымның алдыңғы 12 айы ішінде немесе алдыңғы қаржы жылы ішінде тауардың немесе көрсетілетін қызметтің сол бір түріне жасалған қайталанатын шарттардың құны; немесе

      (b) сатып алушы ұйымның бастапқы шарты жасалғаннан кейін 12 ай ішінде немесе қаржы жылы ішінде тауардың немесе көрсетілетін қызметтің сол бір түріне жасалған қайталанатын шарттың есептік құны негізінде есептеледі.

      8. Тауарлар және көрсетілетін қызметтер лизинг, жалға алу немесе бөліп төлеу жолымен иеленіп алу арқылы сатып алынған жағдайында немесе жалпы құны айқындалмаған сатып алу жағдайында мыналар:

      (a) шарт белгілі бір мерзімге жасалған жағдайда:

      (i) егер шарттың қолданылу мерзімі 12 айды құрайтын немесе одан төмен болса, оның қолданылу мерзіміне жалпы есептік ең жоғары құн; немесе

      (ii) егер шарттың қолданылу мерзімі 12 айдан асса кез келген есептік қалдық құнды қоса алғанда, жалпы есептік ең жоғарғы құн;

      (b) егер шарт айқындалмаған мерзімге жасалса, 48-ге көбейтілген есептік ай сайынғы жарна; және

      (c) егер шарт белгілі бір мерзімге жасалатыны не жасалмайтыны анық белгілі болмаса, (b) тармақшаға сәйкес бағалау үшін негіз қолданылатын белгілі мерзімге жасалған шарт бағалауға негіз болып табылады.

120-бап

Жалпы ерекшеліктер

      Мұндай шаралар Тараптар арасында еркін немесе негізделмеген кемсітушілікті немесе халықаралық сауда үшін жасырын шектеуді білдіретіндей түрде қолданылмайтын талап сақталған кезде, осы тарауда ештеңе кез келген Тараптың:

      (a) қоғамдық моральды, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық қауіпсіздікті қорғау үшін қажет;

      (b) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажет;

      (c) зияткерлік меншікті қорғау үшін қажет; немесе

      (d) еңбек қабілеті шектеулі адамдар, қайырымдылық мекемелері ұсынатын немесе қамаудағы адамдардың көмегімен өндірілген тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты шараларды қабылдауына немесе қолдануына кедергі келтіру ретінде түсіндірілмейді.

121-бап

Жалпы қағидаттар

Кемсітпеушілік

      1. Әрбір Тарап, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдары қамтылатын сатып алуға байланысты кез келген шараға қатысты екінші Тараптың тауарларына немесе көрсетілетін қызметтеріне, сондай-ақ екінші Тараптың осындай тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынатын өнім берушілеріне, сол Тарап, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдары өз тауарларына, көрсетілетін қызметтеріне және отандық өнім берушілеріне ұсынатыннан кем емес қолайлы режим ұсынады.

      2. Қамтылатын сатып алуға байланысты кез келген шараға қатысты Тараптардың ешқайсысы, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдары:

      (a) шетелдік қатысу дәрежесі немесе меншік негізінде бір отандық өнім берушіге басқа отандық өнім берушіге қарағанда, қолайлылығы кем жағдайлар ұсынбайды; немесе

      (b) отандық өнім берушіні осындай өнім беруші нақты сатып алу үшін ұсынатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер екінші Тараптың тауарлары немесе көрсетілетін қызметтері болып табылады деген негізбен кемсітпейді.

      Электрондық құралдарды пайдалану

      3. Электрондық құралдардың көмегімен қамтылатын сатып алуды өткізу кезінде сатып алушы ұйым:

      (a) сатып алу ақпараттық технологиялар жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды, оның ішінде жалпы қолжетімді және басқа да жалпы қолжетімді ақпараттық технологиялық жүйелермен және бағдарламалық қамтылыммен үйлесімді ақпараттың растығын тексеруге және шифрлауға байланысты құралдарды пайдалана отырып жүргізілуін қамтамасыз етеді; және

      (b) алу уақытын белгілеуді және рұқсат етілмеген қол жеткізуді болғызбауды қоса алғанда, қатысуға арналған өтінімдер мен тендерлік ұсыныстардың сақталуын қамтамасыз ететін тетіктерге қолдау жасайды.

      Сатып алуды өткізу

      4. Сатып алушы ұйым қамтылатын сатып алуды:

      (a) ашық тендер, іріктелген тендер, қатысуы шектеулі тендер немесе электрондық аукцион сияқты әдістерді пайдалана отырып, осы тараудың ережелеріне сәйкес келетін;

      (b) мүдделер қақтығысына жол берілмейтін; және

      (c) сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алатын түрде ашық және бейтарап өткізеді.

      Шығарылу қағидалары

      5. Тарап қамтылатын сатып алудың мақсаттары үшін Тарап қолданатын шығарылу қағидаларынан ерекшеленетін, сонымен бірге сол Тараптан осындай тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің импортына немесе берілуіне кәдімгі сауда қатынастары барысында екінші Тараптан импортталатын немесе берілетін тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің шығарылу қағидаларын қолданбайды.

      Сатып алуға жатпайтын шаралар

      6. 1 және 2-тармақтар әкелу кезінде алынатын немесе сонымен байланысты кедендік баждарға және кез келген түрдегі алымдарға, осындай баждар мен алымдарды алу әдісіне, әкелудің басқа да қағидаларына немесе қамтылатын сатып алуды реттейтін шараларды қоспағанда, көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін формальдылықтар мен шараларға қатысты қолданылмайды.

122-бап

Сатып алу жүйесі туралы ақпарат

      1. Әрбір Тарап:

      (a) кез келген заңдарды, заңға тәуелді актілерді, сот шешімдерін, жалпы қолданылатын әкімшілік қағидаларды, оларға кез келген өзгерістерді қоса алғанда, заңда немесе заңға тәуелді актіде көзделген және қамтылатын сатып алуға қатысты хабарландыруларға немесе тендерлік құжаттамаға және рәсімге сілтеме ретінде енгізілген, шарттың стандартты талаптарын, кең таралатын және жұртшылық үшін қолжетімді болатын, ресми тағайындалған электрондық немесе қағаз түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жедел жариялайды; және

      (b) сұрау салу бойынша екінші Тарапқа жоғарыда санамаланған құжаттарға түсіндірмелер береді.

      2. IV қосымшаның 1-бөлігінде мыналар санамаланған:

      (a) осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты әрбір Тарап жариялайтын электрондық немесе қағаз түріндегі бұқаралық ақпарат құралдары;

      (b) 123-бапқа, 125-баптың 7-тармағына және 132-баптың 2-тармағына сәйкес қажетті хабарландыруларды әрбір Тарап жариялайтын электрондық немесе қағаз түріндегі бұқаралық ақпарат құралдары; және

      (c) 132-баптың 2-тармағына сәйкес Тарап жасасқан шарттар туралы өзінің хабарландыруларын жариялайтын веб-сайттардың мекенжайлары.

      3. Әрбір Тарап IV қосымшаның 1-бөлігінде берілген Тараптың ақпаратына кез келген өзгерістер туралы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын жедел хабардар етеді. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы IV қосымшаның 1-бөлігіне өзгерістерді көрсететін шешімдерді жүйелі түрде қабылдайды.

123-бап

Хабарландырулар

      Алдағы сатып алу туралы хабарландыру

      1. Әрбір қамтылатын сатып алу үшін сатып алушы ұйым, 129-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, IV қосымшаның 2-бөлігінде көрсетілген тиісті қағаз түріндегі немесе электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында алдағы сатып алу туралы хабарландыруды жариялайды. Мұндай бұқаралық ақпарат құралдары кең таралады және мұндай хабарламалар, кем дегенде хабарландыруда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жұртшылық үшін қолжетімді болады. III қосымшаның 1, 2-бөліктерінде көрсетілген сатып алушы ұйымдардың хабарландырулары IV қосымшаның 2-бөлігінде көрсетілген, кем дегенде ең қысқа мерзім ішінде қол жеткізудің бірыңғай нүктесі арқылы тегін негізде электрондық түрде қолжетімді болады.

      2. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, алдағы сатып алу туралы әрбір хабарландыруда мыналар:

      (a) сатып алушы ұйымның атауы мен мекенжайы және сатып алушы ұйыммен байланыс жасау үшін және сатып алуға байланысты барлық қажетті құжаттарды алу үшін қажетті басқа да ақпарат, сондай-ақ, егер бар болса, олардың құны және төлем мерзімдері туралы ақпарат;

      (b) сатып алудың сипаттамасы, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың немесе керсетілетін қызметтердің типі және саны немесе, егер саны белгісіз болса, онда болжамды саны;

      (c) қайталанатын шарттар үшін, егер мүмкін болса, алдағы сатып алу туралы кейінгі хабарландырулар мерзімдерін бағалау;

      (d) кез келген опциялардың сипаттамасы;

      (e) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді беру мерзімдері немесе шарттың қолданылу мерзімі;

      (f) пайдаланылатын сатып алу әдісі және онда келіссөздерді немесе электрондық аукционды өткізу болжанатыны не болжанбайтыны;

      (g) қолданылуына қарай мекенжайы және сатып алуға қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі;

      (һ) мекенжайы және тендерлік ұсыныстар берудің соңғы мерзімі;

      (i) егер сатып алушы ұйым Тарапының ресми тілінен өзге кез келген басқа тілде ұсынылуы мүмкін болса, тендерлік ұсыныстар немесе қатысуға өтінімдер ұсынылуы мүмкін тіл (дер);

      (j) егер мұндай талаптар алдағы сатып алу туралы хабарландырумен қатар, барлық мүдделі өнім берушілерге берілетін тендерлік құжаттамаға енгізілмесе, осы байланысқа өнім берушілер ұсынатын нақты құжаттарға немесе сертификаттарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, өнім берушілердің қатысуы үшін барлық шарттардың тізбесі және қысқаша сипаттамасы;

      (k) егер 125-бапқа сәйкес, сатып алушы ұйым тендерге қатысу үшін білікті өнім берушілердің шектеулі санын таңдауға ниеттенсе, іріктеу үшін пайдаланылатын өлшемшарттар және қолданылуына қарай тендерге қатысуға жіберілетін өнім берушілер саны бойынша кез келген шектеулер қамтылуға тиіс.

      Қысқаша хабарландыру

      3. Алдағы сатып алудың әрбір жағдайы үшін сатып алушы ұйым алдағы сатып алу туралы хабарландырумен бір мезгілде ағылшын тілінде жұртшылық үшін қолжетімді қысқаша хабарландыруды жариялайды. Қысқаша хабарландыру, кем дегенде, мынадай мәліметтерді қамтиды:

      (a) сатып алу нысанасы;

      (b) тендерлік ұсыныстарды берудің түпкі мерзімі немесе қолданылуына қарай, сатып алуға қатысуға немесе көп мәрте пайдалану тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың түпкі мерзімі; және

      (c) сатып алуға байланысты құжаттар сұратылуы мүмкін болатын мекенжай.

      Жоспарланған сатып алу туралы хабарландыру

      4. Сатып алушы ұйымдарға өздерінің алдағы сатып алу жоспарлары туралы хабарландыруды (бұдан әрі - "жоспарланған сатып алу туралы хабарландыру") әрбір қаржы жылы ішінде мүмкіндігінше ертерек V қосымшанын 2-бөлігінде көрсетілген тиісті қағаз немесе электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ұсынылады. Жоспарланған сатып алу туралы хабарландыру сатып алудың нысанасын және алдағы сатып алу туралы хабарландыруды жариялаудың жоспарланған күнін қамтиды.

124-бап

Қатысуға арналған шарттар

      1. Сатып алушы ұйым сатып алуға қатысуға арналған кез келген шарттарды тиісті сатып алуды орындау үшін өнім берушінің құқықтық және қаржылық мүмкіндіктерінің, сондай-ақ коммерциялық және техникалық әлеуетінің болуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттармен шектейді.

      2. Сатып алушы ұйым қатысуға арналған шарттарды айқындау кезінде:

      (a) өнім беруші сатып алуға қатысуы үшін бұрын Тараптың сатып алушы ұйымымен бір немесе бірнеше шарт жасасқаны туралы шартты белгілемейді;

      (b) сатып алу талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті болған кезде, тиісті тәжірибесінің болуын талап етуі мүмкін; және

      (c) Тараптың өнім берушісінің сатып алуға қатысуы немесе шарт жасасуы үшін өнім беруші екінші Тараптың сатып алушы ұйымымен бұрын бір немесе бірнеше шарт жасасқаны немесе өнім берушінің бұрынғы тәжірибесі сатып алу талаптарын қанағаттандыру үшін айтарлықтай маңызды болатын жағдайларды қоспағанда, сол Тараптың аумағында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы шартты белгілемейді.

      3. Өнім берушінің қатысу шарттарын қанағаттандыратынын не қанағаттандырмайтын айқындау кезінде сатып алушы ұйым:

      (a) сатып алушы ұйым Тарапының аумағы шегінде, сол сияқты одан тыс жерде өнім беруші жүргізетін белгілі бір қызмет негізінде өнім берушінің қаржылық мүмкіндіктері мен коммерциялық және техникалық әлеуетін бағалауды жүргізеді; және

      (b) сатып алушы ұйым хабарландыруда немесе тендерлік құжаттамада алдын ала көрсеткен шарттарға сәйкес өз бағалауын жүргізеді.

      4. Тарап растайтын дәлелдемелер болған кезде, оның сатып алушы ұйымдарын қоса алғанда, өнім беруші мына негіздер:

      (a) банкроттық;

      (b) жалған декларациялар;

      (c) бұрын жасалған шарт немесе шарттар бойынша қандай да бір айтарлықтай талапты немесе міндеттемені орындау кезіндегі едәуір немесе тұрақты кемшіліктер;

      (d) елеулі қылмыстарға немесе басқа да елеулі құқық бұзушылықтарға байланысты түпкілікті сот шешімдері;

      (e) өнім берушінің коммерциялық беделіне жағымсыз әсер ететін кәсіби функцияларды тиісініде жүзеге асырмауы немесе әрекеттері немесе әрекетсіздіктері; немесе

      (f) салықтарды төлемеуі бойынша алып тасталуы мүмкін.

125-бап

Өнім берушілердің біліктілігі

      Тіркеу жүйелері және біліктілік рәсімдері

      1. Тараптың, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдарының мүдделі өнім берушілері тіркелуге және белгілі бір ақпаратты ұсынуға тиіс өнім берушілерді тіркеу жүйесі болуы мүмкін.

      2. Әрбір Tapaп:

      (a) өзінің сатып алушы ұйымдары біліктілік рәсімдеріндегі айырмашылықтарды барынша азайту үшін күш-жігер жұмсауын; және

      (b) егер өзінің сатып алушы ұйымдарының тіркеу жүйелері болса, олар өздерінің тіркеу жүйелеріндегі айырмашылықтарды барынша азайту үшін күш-жігер жұмсауын қамтамасыз етеді.

      3. Тарап, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдары сатып алуға екінші Тарап өнім берушілерінің қатысуы үшін артық кедергілер жасау мақсатында немесе кедергілер жасайтын қандай да бір тіркеу жүйесін немесе біліктілік рәсімін белгілемейді немесе қолданбайды.

      Іріктемелі тендер

      4. Егер сатып алушы ұйым іріктелген тендерді пайдалануға ниетті болса, ол:

      (a) алдағы сатып алу туралы хабарландыруға кемінде 123-баптың 2-тармағының (a), (b), (f), (g), (j) және (k) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты енгізеді және өнім берушілерді қатысуға өтінім беруге шақырады; және

      (b) 127-баптың 3-тармағының (b) тармақшасына сәйкес, өзі хабардар ететін білікті өнім берушілер үшін 123-баптың 2-тармағының (с), (d), (е), (һ) және (і) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты кемінде тендер өткізу мерзімі басталуына қарай береді.

      5. Егер сатып алушы ұйым алдағы сатып алу туралы хабарландыруда тендерге қатысуға жіберілетін өнім берушілердің саны бойынша қандай да бір шектеу туралы, сондай-ақ өнім берушілердің шектеулі санын іріктеу өлшемшарттары туралы мәлімдемесе, сатып алушы ұйым барлық білікті өнім берушілерге нақты сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

      6. Егер тендерлік құжаттама 4-тармақта аталған хабарландыру жарияланған күннен бастап жалпыға қолжетімді болып табылмаса, сатып алушы ұйым 5-тармаққа сәйкес іріктелген барлық білікті өнім берушілер үшін осы құжаттардың бір мезгілде қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

      Көп мәрте пайдалану тізімдері

      7. Сатып алушы ұйым мүдделі өнім берушілерді тізімге енгізу үшін өтінім беруге шақыратын хабарландыру:

      IV қосымшаның 2-бөлігінде көрсетілген тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында:

      (a) жыл сайын жария етілетін; және

      (b) егер электрондық түрде жария етілсе, үнемі қолжетімді болып табылатын жағдайда, өнім берушілердің көп мәрте пайдалану тізімін жүргізуі мүмкін.

      8. 7-тармақта көзделген хабарландыру:

      (a) оларға қатысты тізім пайдаланылуы мүмкін тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын немесе олардың санаттарын;

      (b) тізімге енгізу үшін өнім берушілер сәйкес келуге тиіс қатысу шарттарын және өнім берушінің талаптарға сәйкестігін тексеру үшін сатып алушы ұйым пайдаланатын әдістерді;

      (c) сатып алушы ұйымның атауы мен мекенжайын және онымен байланыс жасау және тізімге қатысты барлық тиісті құжаттарды алу үшін қажетті басқа да ақпаратты;

      (d) тізімнің қолданылу мерзімін және оны ұзартуға немесе тоқтатуға арналған құралдарды немесе егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда тізімді пайдалануды тоқтату туралы хабарлама жіберілетін тәсілді көрсетуді;

      (e) тізім осы тарауда қамтылатын сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін көрсетуді қамтиды.

      9. Егер көп мәрте пайдалану тізімі үш жыл немесе одан аз мерзім ішінде жарамды болса, 7-тармаққа қарамастан, сатып алушы ұйым 7-тармақта аталған хабарландыруды, егер мұндай хабарландыру:

      (a) хабарландырудың қолданылу мерзімін және қосымша хабарландырудың жарияланбайтын мән-жайларын белгілейтін;

      (b) электрондық түрде жарияланатын және оның қолданылу мерзімі ішінде тұрақты қолжетімді болатын жағдайда, тізімнің қолданылу мерзімінің басында бір рет қана жариялай алады.

      10. Сатып алушы ұйым өнім берушілерге кез келген уақытта көп мәрте пайдалану тізіміне енгізу үшін өтінім беруге мүмкіндік береді және оған ақылға қонымды қысқа мерзімдерде барлық білікті өнім берушілерді енгізеді.

      11. Егер көп мәрте пайдалану тізіміне кірмеген өнім беруші осындай тізімнің негізінде өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді және барлық қажетті құжаттарды 127-баптың 2-тармағында көзделген мерзім ішінде ұсынса, сатып алушы ұйым бұл өтінімді қарайды. Сатып алушы ұйым, егер сатып алудың күрделі болуына байланысты ұйым тендерлік ұсыныстарды ұсыну үшін көзделген мерзім ішінде өтінімді қарауды аяқтай алмаған ерекше жағдайларда ғана болмаса, өзінің өтінімді қарау үшін уақыты жеткіліксіз болуы негізінде өнім берушіні сатып алуға қатысты қараудан алып тастамайды.

      12. III қосымшаның 2-бөлігінде көрсетілген сатып алушы ұйым:

      (a) хабарландыру осы баптың 7-тармағына сәйкес жарияланған және осы баптың 8-тармағына сәйкес талап етілетін ақпаратты, 123-баптың 2-тармағына сәйкес талап етілетін барлық қолда бар ақпаратты және алдағы сатып алу туралы хабарландыруды немесе өнім берушілер тек көп мәрте пайдалану тізімінен көп мәрте пайдалану тізімнің негізінде өткізілетін сатып алу туралы хабарландыруды одан әрі алып тұратынын білдіретін өтінішті қамтыған; және

      (b) ұйым осы сатып алуда ұйымдар мүдделілік білдірген өнім берушілерге, 123-баптың 2-тармағына сәйкес талап етілетін барлық қалған мәліметтерді қоса алғанда, олар сатып алуға өзінің мүдделілігін бағалай алатындай жеткілікті ақпаратты, егер мұндай ақпарат қолжетімді болса, ұсынады.

      13. III қосымшаның 2-бөлігінде көрсетілген сатып алушы ұйым осы баптың 10- тармағына сәйкес көп мәрте пайдалану тізіміне енгізуге өтінім берген өнім берушіге, егер өнім берушінің қатысуға арналған шарттарға сәйкес келетінін зерделеу үшін сатып алушы ұйымның жеткілікті уақыты болса, осы сатып алу үшін тендерлік ұсыныс беруге мүмкіндік бере алады.

      Сатып алушы ұйымның шешімдері туралы ақпарат

      14. Сатып алушы ұйым сатып алуға қатысуға өтінім беретін немесе көп мәрте пайдалану тізіміне енгізуге берілген өтінішін беретін өнім берушіге сатып алушы ұйымның өтінімге немесе өтінішке қатысты шешімін дереу хабарлайды.

      15. Егер сатып алушы ұйым өнім берушінің сатып алуға қатысуға арналған өтінімін немесе көп мәрте пайдалану тізіміне енгізуге берілген өтінішін қабылдамаса, өнім берушінің біліктілігін тануды тоқтатады немесе өнім берушіні көп мәрте пайдалану тізімінен шығарады, ұйым бұл туралы өнім берушіге дереу хабарлайды және өнім берушінің сұрау салуы бойынша өз шешімінің себептері туралы жазбаша түсініктемені дереу өнім берушіге ұсынады.

126-бап

Техникалық өзікдік ерекшеліктер және тендерлік құжаттама

      Техникалық ерекшеліктер

      1. Сатып алушы ұйым халықаралық сауда үшін артық кедергілерді жасау мақсатында немесе олардың туындауына әкелетін техникалық ерекшеліктерді жасаудан, қабылдаудан немесе қолданудан немесе сәйкестікті бағалау рәсімін тағайындаудан тартынады.

      Техникалық ерекшеліктер өнім берушілерге тең қолжетімділікті ұсынуға тиіс және бәсекелестік үшін сатып алу нарықтарын ашуға жөнсіз кедергілердің жасалуына алып келмеуге тиіс.

      2. Сатып алынатын тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған техникалық өзіндік ерекшеліктердің сипаттауында, сатып алушы ұйым қолданылуына қарай:

      (a) техникалық ерекшеліктерді дизайнға және түсіндірмелік сипаттамаларға қойылатын талаптар негізінде емес, пайдалану қасиеттері мен жұмыс істеу талаптары негізінде белгілейді; және

      (b) техникалық ерекшеліктерді халықаралық стандарттарға, егер ондайлар бар болса, не ұлттық техникалық регламентгерге, танылған ұлттық стандарттарға немесе құрылыс нормалары мен қағидаларына негіздейді.

      3. Егер техникалық ерекшеліктерде дизайнға немесе түсіндірмелік сипаттамаларға талаптар пайдаланылса, сатып алушы ұйым қолданылуына қарай тендерлік құжаттамаға "немесе барабар" сияқты сөздерді енгізе отырып, сатып aлy талаптарын анық қанағаттандыратын, барабар тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге тендерлік ұсыныстың қаралатындығы туралы көрсетеді.

      4. Егер сатып алуға қойылатын талаптарды сипаттаудың ешқандай да өзге жеткілікті нақты немесе түсінікті тәсілі болмаса ғана және осындай жағдайларда ұйым тендерлік құжаттамаға "немесе барабар" деген сөздерді қосатын жағдайда, сатып алушы ұйым белгілі бір тауар таңбасын немесе сауда маркасын, патентті, авторлық құқықты, дизайнды, типті, нақты шығу орнын, нақты өндірушіні немесе өнім берушіні көрсетуді талап ететін немесе оған сілтеме жасайтын техникалық ерекшеліктерді белгілемейді.

      5. Сатып алушы ұйым нақты бір сатып алуға арналған кез келген техникалық ерекшелікті жасау немесе қабылдау кезінде пайдаланылуы мүмкін кеңестерді бәсекелестікке кедергі болатындай түрде сатып алуға коммерциялық мүддесі болуы мүмкін тұлғадан сұратпайды немесе қабылдамайды.

      6. Айқынырақ болуы үшін Тарап өзінің сатып алушы ұйымдарын қоса алғанда, осы бапқа сәйкес табиғи ресурстарды сақтауға немесе қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесу үшін техникалық ерекшеліктер жасауы, қабылдауы немесе қолдануы мүмкін.

      Тендерлік құжаттама

      7. Сатып алушы ұйым өнім берушілерге, өнім берушілердің тиісті тендерлік ұсыныстарды дайындауына немесе ұсынуына мүмкіндік беретін барлық қажетті ақпаратты қамтитын тендерлік құжаттамаға қол жеткізуді ұсынады. Егер бұл алдағы сатып алу туралы хабарландыруда ұсынылмаса, мұндай құжаттама:

      (a) сатып алынатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің негізгі қасиетін және санын немесе саны белгісіз болғанда, болжамды санын және орындалуға тиісті талаптарды қоса алғанда, кез келген техникалық ерекшеліктерді, сәйкестікті бағалау туралы куәлігін, жоспарларды, сызбаларды немесе нұсқаулықтарды қоса алғанда, сатып алуды;

      (b) қатысу шарттарына байланысты өнім берушілер ұсынуға міндетті ақпарат пен құжаттардың тізімін қоса алғанда, өнім берушілердің қатысуына арналған кез келген шарттарды;

      (c) баға жалғыз өлшемшарт болып табылатын жағдайларды қоспағанда, шартты жасасу кезінде сатып алушы ұйым қолданатын бағалаудың барлық өлшемшартын және осындай өлшемшарттардың маңыздылығын;

      (d) егер сатып алушы ұйым сатып алуды электрондық тәсілмен өткізетін болса, төлнұсқалығына және шифрлауға қойылатын кез келген талаптарды немесе ақпаратты электрондық тәсілмен ұсынуға байланысты басқа да талаптарды;

      (e) егер сатып алушы ұйым электрондық аукцион өткізетін болса, оған сәйкес аукцион өткізілетін бағалау өлшемшарттарына байланысты тендерлік ұсыныстардың элементтерін сәйкестендіруді қоса алғанда, қағидаларды;

      (f) егер тендерлік ұсыныстардың жария ашылуы болжанса, ашылатын күнін, уақыты мен орнын және қолданылуына қарай, қатысуға уәкілетті тұлғаларды;

      (g) тендерлік ұсыныстар, мысалы қағаз форматта немесе электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін төлем шарттарын және тәсіл бойынша кез келген шектеуді қоса алғанда, басқа кез келген шарттарды;

      (һ) тауарларды беру немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну күндерін толық сипаттауды қамтиды.

      8. Сатып алушы ұйым сатып алынатын тауарларды берудің немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынудың кез келген күнін белгілеген кезде, сатып алудың күрделілігі, қосалқы мердігерлердің қатысуының күтілетін дәрежесі және тауарларды өндіру, беру пунктінен жөнелту және тасымалдау үшін немесе қызмет көрсету үшін қажетті нақты уақыт сияқты факторларды назарға алады.

      9. Алдағы сатып алу туралы хабарландыруда немесе тендерлік құжаттамада белгіленген бағалау өлшемшарттары, басқаларымен қатар, бағалар мен құнның басқа да факторларын, сапаны, техникалық өлшемшарттарды, экологиялық сипаттамаларды және өнім беру шарттарын қамтуы мүмкін.

      10. Сатып алушы ұйым дереу:

      (a) мүдделі өнім берушілерді тиісті тендерлік ұсыныстарды беруге жеткілікті уақытпен қамтамасыз ету үшін тендерлік құжаттаманы ұсынады;

      (b) кез келген мүдделі өнім берушіге сұрау салу бойынша тендерлік құжаттаманы ұсынады; және

      (c) кез келген мүдделі немесе қатысатын өнім берушіге тиісті ақпарат туралы кез келген негізделген сұрау салуға жауап қайтарады, бұл ретте осындай ақпарат басқа өнім берушілер алдында осы өнім берушіге артықшылық бермейді.

      Өзгерістер

      11. Егер сатып алушы ұйым шарт жасасқанға дейін қатысатын өнім берушілерге ұсынған, алдағы сатып алу туралы хабарландыруда немесе тендерлік құжаттамада белгіленген өлшемшарттарды немесе талаптарды өзгерткен немесе хабарландыруды немесе тендерлік құжаттаманы түзететін немесе қайта басып шығаратын болса, ол барлық осындай өзгерісті немесе түзетілген немесе қайта басып шығарылған хабарландыруды немесе тендерлік құжаттаманы:

      (a) егер сатып алушы ұйымға өнім берушілер белгілі болған жағдайда, өзгеріс енгізу, түзету немесе қайта басып шығару кезінде қатысатын барлық өнім берушіге және басқа да жағдайларда оларға ақпарат алғашқы берілген сол бір тәсілмен;

      (b) осындай өнім берушілерге жағдайға қарай түзетілген тендерлік ұсыныстарды өзгертуге және қайта ұсынуға мүмкіндік беретіндей тиісті мерзімдерде жазбаша нысанда береді.

127-бап

Мерзімдер

Жалпы ережелер

      1. Сатып алушы ұйым өзінің ақылға қонымды қажеттіліктерін ескере отырып, өнім берушілерге қатысуға арналған өтінімдерді және тиісті тендерлік ұсыныстарды дайындауы және ұсынуы үшін:

      (a) сатып алудың сипатын және күрделілігін;

      (b) қосалқы мердігерлер қатысуының күтілетін дәрежесін; және

      (c) егер электрондық беру құралдары қолданылмаса, шетелден, сондай-ақ ел ішінде электрондық емес тәсілмен тендерлік ұсынысты жіберу үшін қажет болатын уақыт сияқты факторларды назарға ала отырып, жеткілікті мөлшерде уақыт береді.

      Мұндай мерзімдер, кез келген мерзімдерді ұлғайтуды қоса алғанда, барлық мүдделі немесе қатысушы өнім беруші үшін бірдей болуға тиіс.

      Соңғы мерзімдер

      2. Іріктемелі тендер қолданатын сатып алушы ұйым қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі, қағидатында, алдағы сатып алу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде 25 күнді құрайды деп белгілейді. Егер сатып алушы ұйым тиісінше дәлелдеген шұғыл жағдайға байланысты осы уақыт кезеңі жеткіліксіз болса, мерзім кемінде он күнге дейін азайтылуы мүмкін.

      3. 4, 5, 7 және 8-тармақтарда көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алушы ұйым:

      (a) ашық тендер жағдайында, алдағы сатып алу туралы хабарландыру жарияланған; немесе

      (b) іріктемелі тендер жағдайында, сатып алушы ұйым көп мәрте пайдалану тізімін пайдаланатынына не пайдаланбайтынына қарамастан, өнім берушілерді тендерлік ұсыныстарды беруге олардың шақырылатындығы туралы хабардар еткен күннен бастап тендерлік ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімі кемінде 40 күн болады деп белгілейді.

      4. Сатып алушы ұйым, егер:

      (a) сатып алушы ұйым алдағы сатып алу туралы хабарландыруды жарияланғанға дейін 123-баптың 4-тармағында жазылғандай, кемінде 40 күн бұрын және 12 айдан асырмай, жоспарланған сатып алу туралы хабарландыру жариялаған болса және жоспарланған сатып алу туралы хабарландыруда:

      (i) сатып алудың сипаттамасы;

      (ii) тендерлік ұсыныстарды немесе қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну үшін шамалас түпкілікті мерзімдер;

      (iii) мүдделі өнім берушілер сатып алушы ұйымға сатып алуға өзінің мүдделілігін білдіретін өтініш;

      (iv) сатып алуға қатысты құжаттарды алуға болатын мекенжай; және

      (v) мүмкіндігіне қарай, 123-баптың 2-тармағына сәйкес алдағы сатып алу туралы хабарландыру үшін көрсетілуге тиіс барлық қолда бар ақпарат қамтылса;

      (b) сатып алушы ұйым қайталама сатып алу үшін алдағы сатып алу туралы бастапқы хабарландыруда осы тармақтың негізінде тендер өткізу үшін кейінгі хабарландыруларда мерзімдері көрсетілетінін нұсқасы; немесе

      (c) шұғыл жағдайларда, 3-тармаққа сәйкес белгіленген тендер өткізу мерзімін сатып алушы ұйым орындаудың мүмкін еместігін тиісті түрде дәлелдесе, 3-тармаққа сәйкес белгіленген тендер өткізуге арналған мерзімді кемінде он күнге дейінгі мерзімге қысқарта алады.

      5. Сатып алушы ұйым 3-тармаққа сәйкес белгіленген тендер өткізу мерзімін мынадай мән-жайларда:

      (a) алдағы сатып алу туралы хабарландыру электрондық тәсілмен жарияланғанда;

      (b) алдағы сатып алу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық тендерлік құжаттама электрондық түрде қолжетімді болып табылғанда; және

      (c) ұйым тендерлік ұсыныстарды электрондық тәсілмен қабылдағанда, әрқайсысы үшін жеті күнге қысқарта алады.

      6. 5-тармақтың ережелерін 4-тармақпен бірге пайдалану, ешбір жағдайда 3-тармаққа сәйкес белгіленген тендер өткізу мерзімін алдағы сатып алу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде жеті күнге дейін қысқартуға алып келмейді.

      7. Осы баптың кез келген өзге де ережесіне қарамастан, егер сатып алушы ұйым коммерциялық тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді немесе олардың кез келген қосындысын сатып алса, ол 3-тармаққа сәйкес белгіленген тендер өткізу мерзімін алдағы сатып алу туралы хабарландыруды және тендерлік құжаттаманы бір уақытта электрондық тәсілмен жариялаған жағдайда, кемінде 13 күнге дейін қысқарта алады. Бұдан өзге, егер сатып алушы ұйым коммерциялық тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тендерлік ұсыныстарды электрондық тәсілмен қабылдаса, ол 3-тармаққа сәйкес белгіленген мерзімді кемінде жеті күнге дейін азайта алады.

128-бап

Келіссөздер

      1. Тарап сатып алушы ұйымдарға:

      (a) егер 123-баптың 2-тармағына сәйкес алдағы сатып алу туралы хабарландыруда сатып алушы ұйым өзінің келіссөздер жүргізу ниетін білдірсе; немесе

      (b) егер бағалау нәтижесінде алдағы сатып алу туралы хабарландыруда немесе тендерлік құжаттамада жазылған ерекше бағалаудың нақты өлшемшарттарын ескере отырып, ешбір тендерлік ұсыныс аса тиімді емес екені анықталса, келіссөздер жүргізу мүмкіндігін бере алады.

      2. Сатып алушы ұйым:

      (a) келіссөздерге қатысушы өнім берушілерді кез келген шығарудың алдағы сатып aлy туралы хабарландыруда немесе тендерлік құжаттамада жазылған бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді; және

      (b) келіссөздер аяқталғаннан кейін қалған қатысушы өнім берушілердің кез келген жаңа немесе қайта қаралған тендерлік ұсыныстарды беруі үшін бірыңғай соңғы мерзімді қамтамасыз етеді.

129-бап

Қатысуы шектеулі тендер

      1. Сатып алушы ұйым өнім берушілер арасындағы бәсекелестікті болғызбау немесе екінші Тараптың өнім берушілерін кемсіту немесе отандық өнім берушілерді қорғау мақсатында осы ережені пайдаланбайтын жағдайда, ол тек мынадай кез келген мән-жайлар болған кезде ғана:

      (a) тендерлік құжаттама талаптары айтарлықтай өзгермеген жағдайда, егер:

      (i) бірде-бір тендерлік ұсыныс берілмесе немесе бірде-бір өнім беруші қатысуды сұрамаса;

      (ii) тендерлік құжаттаманың негізгі талаптарын қанағаттандыратын бірде- бір тендерлік ұсыныс берілмесе;

      (iii) ешқандай да өнім беруші қатысу шарттарын қанағаттандырмаса; немесе

      (iv) берілген тендерлік ұсыныстар сөз байласуға негізделсе;

      (b) егер тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді беруді белгілі бір өнім беруші ғана жүзеге асыруы мүмкін болса және тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге ақылға қонымды балама немесе оларды алмастыру мынадай негіздері бойынша болмаса:

      (i) өнер туындысына қойылатын талаптар;

      (ii) патенттерді, авторлық құқықтарды немесе басқа да айрықша құқықтарды қорғау; немесе

      (iii) техникалық себептер бойынша бәсекелестіктің болмауы;

      (c) алғашқы сатып алуға енгізілмеген алғашқы өнім беруші жүзеге асыратын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді қосымша беру мақсатында, егер осындай қосымша тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін өнім берушіні ауыстыру:

      (i) өзара ауыстыру талаптары немесе қолда бар жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, көрсетілетін қызметтерді немесе алғашқы сатып алу кезінде алынған қондырғыларды өзара алмастыру немесе олардың өзара іс-қимыл жасауы талаптары сияқты экономикалық немесе техникалық себептер бойынша жүргізу мүмкін болмаса; және

      (ii) сатып алушы ұйым үшін айтарлықтай қолайсыздықтар тудыруы немесе шығындардың елеулі қайталануы мүмкін болса;

      (d) сатып алушы ұйым алдын ала болжай алмаған оқиғалардан туындаған төтенше шұғыл себептер бойынша, ашық немесе іріктелген тендерді пайдалану кезінде тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді уақытылы алу мүмкін болмаған қатаң қажеттілік жағдайында;

      (e) тауар нарығында сатып алынған тауарлар үшін;

      (f) егер сатып алушы ұйым өз тапсырысы бойынша орындалу барысында немесе ғылыми-зерттеу, эксперименттік немесе бастапқы әзірлеме жүргізуге орындау барысында ол үшін оның өтініші бойынша әзірленетін арналған белгілі бір шарттар мақсатында әзірленген прототиптерді немесе бірінші тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатып алса қатысуы шектеулі тендерді пайдалана алады және 123, 124, 125, 126 (7-11-тармақтар), 127, 128, 130 және 131-баптарды қолданбау туралы шешім қабылдай алады. Алғашқы тауарды немесе көрсетілетін қызметті бастапқы әзірлеу шектеулі өндірісті немесе сынақ нәтижелерін қорыту үшін өнім беруді және қолайлы сапа стандартын қамтамасыз ететіндей көлемде өндіру немесе өнім беру үшін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жарамдылығын көрсетуді қамтуы мүмкін, бірақ тауардың немесе көрсетілетін қызметтің коммерциялық тіршілік қабілетін қамтамасыз ететін сериялы өндіруді жүзеге асыруды немесе өнім беруді немесе зерттеуге және әзірлеуге жұмсалған шығындарды өтеуді қамтымайды;

      (g) тұрақты өнім беруішілерден жүйелі сатып алуларын емес, тарату, конкурстық басқару және банкроттық сияқты мүлікті болжанбаған иеліктен шығару жағдайында өте қысқа мерзімде туындайтын аса тиімді жағдайларда жасалған сатып алулар үшін;

      (һ) егер үздік дизайнға арналған конкурс жеңімпазымен:

      (i) конкурс осы тараудың қағидаттарына сәйкес, атап айтқанда, алдағы сатып алулар туралы хабарландыруды жариялауға қатысты ұйымдастырылған;

      (ii) жеңімпазбен дизайн шартын жасау мақсатында қатысушыларды тәуелсіз конкурстық комиссия бағалаған жағдайда шарт жасалса, қатысуы шектеулі тендерді пайдалана алады және 123, 124, 125, 126 (7- 11-тармақтар), 127, 128, 130 және 131-баптарды қолданбау туралы шешім қабылдай алады.

      2. Сатып алушы ұйым 1-тармаққа сәйкес жасалған әрбір шарт бойынша жазбаша есеп жасайды. Есепте сатып алушы ұйымның атауы, сатып алынатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны мен түрі, сондай-ақ қатысуы шектеулі тендерді пайдалануға негіз болған, 1-тармақта жазылған мән-жайлар мен шарттар көрсетіле отырып, өтініш қамтылады.

130-бап

Электрондық аукциондар

      1. Сатып алушы ұйымдар электрондық аукциондарды пайдалануы мүмкін.

      2. Ашық тендерлер, қатысуы шектеулі тендерлер немесе келіссөздер рәсімдері кезінде шарттың ерекшеліктері нақты белгіленуі мүмкін болғанда, сатып алушы ұйым шарт жасасу электрондық аукцион алдында болуға тиіс екенін шешуі мүмкін.

      Электрондық аукцион:

      (a) шарт ең төменгі баға бойынша жасалатын бағаларға ғана; немесе

      (b) шарт аса қолайлы тендерлік ұсыныс бойынша жасалатын бағаларға және/немесе ерекшеліктерде белгіленген тендерлік ұсыныстар сипаттамаларының жаңа мәніне негізделеді.

      3. Электрондық аукцион өткізуді шешкен сатып алушы ұйым бұл фактіні алдағы сатып алу туралы хабарландыруда көрсетеді.

      Ерекшеліктерде, өзгелерімен қатар, мыналар:

      (a) сипаттамалар өлшенетін және сандармен немесе проценттермен көрсетілетін болып табылатын жағдайда, олардың мәндері электрондық аукционның нысанасы болатын сипаттамалар;

      (b) сатып алу нысанасына қатысты ерекшеліктерден туындайтын түрде ұсынылуы мүмкін болатын мәндерге кез келген шектеулер;

      (c) электрондық аукцион барысында қатысушыларға қолжетімді болатын ақпарат және орындылығына қарай, өздеріне ол қолжетімді болатын уақыт;

      (d) электрондық аукционның процесіне қатысты тиісті ақпарат;

      (e) қатысушылар өтінім жасай алатын шарттар және атап айтқанда, өтінім беру кезінде талап етілетін, қолданылуына қарай, ең төменгі айырмашылықтар;

      (f) пайдаланылатын электрондық жабдыққа қатысты тиісті ақпарат, байланыс үшін өлшемдер және техникалық ерекшеліктер қамтылады,

      4. Электрондық аукцион өткізгенге дейін сатып алушы ұйым шарт жасасу өлшемшартына немесе олар үшін белгіленген өлшемшарттар мен мәндердің жиынтығына сәйкес тендерлік ұсыныстарды бастапқы толық бағалауды жүргізеді. Жол берілетін тендерлік ұсыныстарды ұсынған барлық қатысушылар жаңа бағаларды және/немесе жаңа мәндерді бір уақытта электрондық тәсілмен ұсынуға шақырылады; шақыруда пайдаланылатын электрондық жабдыққа жеке қосылуға қатысты барлық тиісті ақпарат қамтылады және электрондық аукционның өткізілетін күні және басталу уақыты көрсетіледі. Электрондық аукцион бірнеше дәйекті кезеңдер арқылы өтуі мүмкін. Электрондық аукцион шақырулар жіберілген күннен кейін екі жұмыс күнінен бұрын басталмауы тиіс.

      5. Егер шарт ең тиімді тендерлік ұсыныс негізінде жасалса, шақыруға тиісті қатысушыны толық бағалау нәтижесі қоса беріледі. Шақыруда ұсынылған жаңа бағалар және/немесе жаңа мәндер негізінде автоматты түрде жаңартылатын рейтингті айқындау үшін электрондық аукционда пайдаланылатын математикалық формула да көрсетіледі. Бұл формула шарт немесе ерекшеліктер туралы хабарландыруда көрсетілгеніндей, ең тиімді тендерлік ұсынысты айқындау үшін белгіленген барлық өлшемшарттардың өлшемін қамтиды; алайда, осы мақсат үшін кез келген ауқымда берілген мәнге дейін алдын ала азайтылады.

      6. Электрондық аукционның әрбір кезеңі ішінде тапсырыс берушілер барлық қатысушыларға олар кез келген уақыт кезенінде өздерінің рейтингтегі салыстырмалы орнын білуі үшін, кем дегенде, жеткілікті ақпаратты дереу ұсынады. Олар бұл ерекшеліктерде көрсетілген жағдайда, езге де ұсынылған бағаларға немесе мәндерге қатысты басқа да ақпаратты хабарлай алады. Олар кез келген уақытта аукцион өткізудің сол кезеңіндегі қатысушыларының санын да жария етуі мүмкін. Алайда, олар электрондық аукционның кез келген кезеңінде ешбір жағдайда да қатысушылардың жеке басын ашып көрсете алмайды.

      7. Сатып алушы ұйым электрондық аукционды мынадай тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен жабады:

      (a) аукционға қатысуға шақыруда алдын ала анықталған күні мен уақытын көрсете отырып;

      (b) аукционға қатысуға шақыруда, егер оны электрондық аукционды жапқанға дейін соңғы өтінімде ең төменгі айырмашылыққа қатысты талаптарды қанағаттандыратын жаңа бағаларды немесе жаңа мәндерді ала алмаса, алған сәттен бастап белгіленген мерзімді көрсете отырып;

      (c) егер аукционға қатысуға шақыруда саны көрсетілген аукционның барлық кезеңдері аяқталса.

      8. Егер сатып алушы ұйым электрондық аукционды 7-тармақтың (с) тармақшасына сәйкес жабуды шешкен болса, сол тармақтың (b) тармақшасында жазылған ережелермен үйлестіре отырып, аукционға қатысуға шақыруда аукционның әрбір кезеңінің мерзімдері көрсетіледі.

      9. Электрондық аукционды жапқаннан кейін сатып алушы ұйым электрондық аукционның нәтижелері негізінде 131-бапқа сәйкес шарт жасайды.

      10. Сатып алушы ұйымдар электрондық аукциондарға құқыққа сыйымсыз түрде жүгіне алмайды және оларды бәсекелестікке кедергі жасау, оны шектеу немесе бұрмалау немесе алдағы сатып алу туралы жарияланған хабарландыруда және ерекшелікте айқындалған тендерге қойылған шарттың нысанасын өзгерту үшін пайдалана алмайды.

131-бап

Тендерлік ұсыныстарды қарау және шарттарды жасасу

      Тендерлік ұсыныстарды қарау

      1. Сатып алушы ұйым барлық тендерлік ұсыныстарды сатып алу процесінің әділдігіне және бейтараптығына, сондай-ақ тендерлік ұсыныстардың құпиялығына кепілдік беретін тәртіпке сәйкес алады, ашады және қарайды.

      2. Егер кешіктіру сатып алушы ұйымның тарапынан болған немқұрайлықтан ғана туындаған болса, сатып алушы ұйым тендерлік ұсынысы тендерлік ұсыныстарды алу үшін белгіленген мерзімнен кейін алынған өнім берушіні жазаламайды.

      3. Егер сатып алушы ұйым өнім берушіге тендерлік ұсыныстарды ашу мен шартты жасасу арасында абайсыз қателіктерді түзету мүмкіндігін беретін болса, сатып алушы ұйым осындай мүмкіндікті өнім берушілердің барлық қатысушыларына ұсынады.

      Шарттарды жасасу

      4. Тендерлік ұсыныс шартты жасасуға қаралу үшін жазбаша нысанда беріледі және ашылу кезінде хабарландыру мен конкурстық құжаттамада жазылған негізгі талаптарға сәйкес келеді және оны қатысу талаптарын қанағаттандыратын өнім беруші ұсынады.

      5. Сатып алушы ұйым шартты жасасуды қоғамдық мүддеге сәйкес емес деп шешкен жағдайларды қоспағанда, ұйым шарттың талаптарын орындауға қабілетті деп айқындаған және хабарландыру мен конкурстық құжаттамада көрсетілген бағалау өлшемшарттарының ғана негізінде:

      (a) ең пайдалы тендерлік ұсынысты; немесе

      (b) егер баға жалғыз өлшемшарт болып табылса, ең төменгі баға ұсынған өнім берушімен ұйым шарт жасасады.

      6. Егер сатып алушы ұйым ұсынылған өзге тендерлік ұсыныстардағы бағамен салыстырғанда шамадан тыс төмен баға болып табылатын тендерлік ұсыныс алған болса, ол өнім берушінің қатысу шарттарына сәйкестігін, сондай-ақ шарт талаптарын орындауға қабілеттілігін тексере алады.

      7. Сатып алушы ұйым опциондар пайдаланбайды, сатып алуды болғызбай тастай алмайды немесе жасалып қойған шарттарға осы тарау бойынша өзінің міндеттемелерін айналып өтіп, өзгерістер енгізбейді.

132-бап

Сатып алу туралы ақпараттың ашықтығы

      Өнім берушілерге ұсынылатын ақпарат

      1. Сатып алушы ұйым қатысушы өнім берушілерге шарт жасасу туралы өзінің шешімі туралы дереу хабарлайды және өнім берушінің сұрау салуы бойынша мұны жазбаша нысанда жасайды. 133-баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, сатып алушы ұйым сұрау салу бойынша ұтылған өнім берушіге оның тендерлік ұсынысын ұйымның неліктен таңдамау себебі туралы және жеңген өнім берушінің тендерлік ұсынысының салыстырмалы артықшылықтары жөнінде түсіндірме ұсынады.

      Шарт жасасу туралы ақпаратты жариялау

      2. Осы тарауда қамтылған әрбір шарт жасалғаннан соң 72 күннен кейін кешіктірмей, сатып алушы ұйым IV қосымшаның 2-бөлігінде келтірілген тиісінше қағаз түрінде немесе электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялайды. Егер ұйым хабарламаны электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жариялайтын болса, ақпарат ақылға қонымды уақыт кезеңінде оңай қолжетімді болып қала береді. Хабарлама кем дегенде, мынадай ақпаратты:

      (a) сатып алынатын тауарлардың, немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;

      (b) сатып алушы ұйымның атауын және мекенжайын;

      (c) жеңімпаз өнім берушінің атауын және мекенжайын;

      (d) жеңген тендерлік ұсыныстың құнын немесе шарт жасасу кезінде назарға алынған ең жоғары және ең төменгі ұсыныстарды;

      (e) шарт жасасу күнін; және

      (f) пайдаланылған сатып aлy тәсілін және 129-бапқа сәйкес қатысуы шектеулі тендер пайдаланылған жағдайда, қатысуы шектеулі тендердің пайдаланылуын негіздейтін мән-жайлардың сипаттамасын қамтиды.

      Құжаттамаларды, есептерді жүргізу және электрондық қадағалау

      3. Әрбір сатып алушы ұйым шарт жасалған күннен бастап кемінде үш жыл ішінде:

      (a) қамтылатын сатып алуға байланысты тендерлік рәсімдер және шарттар жасасу туралы құжаттар мен есептерді, оның ішінде 129-бапқа сәйкес талап етілетін есептерді; және

      (b) электрондық тәсілдермен қамтылатын сатып алуды жүргізудің тиісінше қадағалануын қамтамасыз ететін деректерді жүргізеді.

133-бап

Ақпаратты ашу

      Тараптарға ақпаратты ұсыну

      1. Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша сатып алудың адал, бейтарап және осы тарауға сәйкес жүргізілгенін анықтау үшін қажетті кез келген ақпаратты, соның ішінде жеңген тендерлік ұсыныстың сипаттамалары мен салыстырмалы артықшылықтары туралы ақпаратты дереу ұсынады. Егер ақпаратты ашу болашақтағы тендерлердің бәсекелестігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, ақпаратты ұсынған Тарап бұл мәселені Тараптар арасында талқылау нәтижесінде өз келісімін беретін жағдайды қоспағанда, ақпаратты алатын Тарап оны ешбір өнім берушіге жария етпеуге тиіс.

      Ақпаратты жарияламау

      2. Осы тараудың басқа да ережелеріне қарамастан, Тарап, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдары, өнім беруішілер арасындағы адал бәсекелестікке нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты кез келген жекелеген өнім берушіге ұсынбайды.

      3. Осы тарауда ештеңе де Тараптан, оның ішінде оның сатып алушы ұйымдарынан, билік органдарынан және қадағалау органдарынан, ашылуы:

      (a) заңның орындалуына кедергі жасайтын;

      (b) өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке нұқсан келтіретін;

      (c) белгілі бір тұлғалардың заңды коммерциялық мүдделеріне, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғауға нұқсан келтіретін; немесе

      (d) өзгедей жолмен қоғамдық мүдделерге қайшы келетін құпия ақпаратты ашуға қойылатын талап ретінде түсіндірілмейді.

134-бап

Шағым берудің ішкі рәсімдері

      1. Қамтылатын сатып алу тұрғысында мүддесі бар немесе болған өнім беруші:

      (a) осы тарау талаптарының бұзылғанына, немесе

      (b) егер өнім берушінің Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес осы тараудың бұзылғанына орай тікелей шағым жасауға құқығы болмаса, Тараптың осы тараудың талаптарын орындау бойынша шараларына сәйкес келуінің мүмкін еместігіне уақытылы, тиімді, ашық және кемсітілмейтін әкімшілік немесе соттық шағым беру рәсімін әрбір Тарап қамтамасыз етеді.

      2. 1-тармаққа сәйкес барлық шағым жасаулар үшін рәсімдік қағидалар жазбаша нысанда және жалпыға қолжетімді болуға тиіс.

      3. 1-тармақта көрсетілгендей, бұзушылық немесе шараларға сәйкес келудің мүмкін еместігі орын алғаны туралы өнім берушінің қамтылатын сатып алу тұрғысынан туындаған, мүддесі бар немесе болған, өнім беруші тарапынан шағым түскен жағдайда, сатып алуды жүргізетін сатып алушы ұйым Тарапы осы ұйымға және өнім берушіге проблеманы консультациялар арқылы реттеуді ұсынады. Сатып алушы ұйым әкімшілік немесе соттық шағым беру рәсіміне сәйкес өнім берушінің ағымдағы және болашақтағы сатып алуға қатысуға немесе оның түзету шараларын талап ету құқығына нұқсан келтірмей, осындай кез келген шағымды бейтарап және уақытылы қарайды.

      4. Шағымды дайындау және ұсыну үшін әрбір өнім берушіге шағым үшін негіздемесі белгілі болған немесе өнім берушіге ол туралы белгілі болуы туралы жеткілікті негіздер бар кезден бастап ешқандай жағдайда 10 күннен кем болмайтын жеткілікті уақыт мөлшері беріледі.

      5. Әрбір Тарап қамтылатын сатып алуға байланысты туындаған, өнім берушінің шағымын алу және қарау үшін өзінің сатып алушы ұйымдарынан тәуелсіз кем дегенде бір бейтарап әкімшілік немесе сот органын құрады немесе тағайындайды.

      6. Егер бастапқыда шағымды 5-тармақта көрсетілген органнан айырмашылығы бар орган қарайтын болса, онда Тарап сатып алулары шағым нысанасы болып табылатын сатып алушы ұйымнан тәуелсіз бейтарап әкімшілік немесе сот органында өнім берушінің алғашқы шешімді даулай алуын қамтамасыз етеді.

      7. Әрбір Тарап сот болып табылмайтын шағым беру органы соттық тәртіппен қайта қарауға жататын шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді немесе мыналарды:

      (a) сатып алушы ұйым шағымға жазбаша нысанда жауап беруді және шағым беру жөніндегі органға барлық тиісті құжаттарды ашуды;

      (b) талқылауға қатысушылардың (бұдан әрі - "қатысушылар" деп аталатын) шағым беру органы шағым бойынша шешім қабылдағанға дейін тындалуға құқығының болуын;

      (c) қатысушылардың өкіл болуға және бірге еріп жүруге құқығының болуын;

      (d) қатысушылардың барлық рәсімдерге қол жеткізетінін;

      (e) қатысушылардың істің көпшілік алдында қаралуын және куәлардың қатысуын талап етуге құқығының болуын;

      (f) шағым беру органы өзінің шешімдерін немесе ұсынымдарын уақытылы жазбаша нысанда қабылдайтынын және әрбір шешім немесе ұсыным үшін негіздемеге түсіндірме енгізетінін көздейтін рәсімді белгілейді.

      8. Әрбір Тарап:

      (a) өнім берушінің сатып алуға қатысуы үшін мүмкіндігін сақтау бойынша жедел аралық шараларды; және

      (b) шағым жасау органы 1-тармақта көрсетілген шараларды бұзудың немесе оған сәйкес келмеудің мүмкін еместігі орын алғанын анықтаған жағдайларда, түзетуші шараларды немесе мөлшері тендерлік ұсынысқа дайындауға кеткен шығындармен не шағым жасауға байланысты шығындармен не осылар бірге шектелетін шеккен залал немесе нұқсан үшін өтемақыны көздейтін рәсімдерді белгілейді немесе сақтайды.

      9. 8-тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жедел аралық шаралар сатып алу процесін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін. 8-тармақта көрсетілген рәсімдер қоғамдық мүдделерді қоса алғанда, мүдделі тараптар үшін мейлінше елеулі жағымсыз салдардың болуын, осындай шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдаған кезде оның назарға алынуын көздеуі мүмкін. Әрекетсіздіктің негізделген себебі жазбаша нысанда беріледі.

135-бап

Қолдану аясына өзгерістер мен нақтылаулар

      1. Тарап аталған Тарапқа қатысты III қосымшадағы элементтерге өзгерістер немесе нақтылаулар ұсына алады.

      Өзгерістер

      2. Tapaп өзгерісті ұсынғанда, ол:

      (a) екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етеді; және

      (b) хабарламаға өзгергенге дейін болған деңгеймен салыстырылатын, қамтылу саласы деңгейін қолдау мақсатында екінші Тарапқа тиісті өтемақылық түзетулер туралы ұсынысты енгізеді.

      3. 2-тармақтың (b) тармақшасына қарамастан, Тарап, егер:

      (a) айтылып отырған өзгеріс өзінің қолданысы бойынша елеусіз болса; немесе

      (b) өзгеріс Тараптың өз бақылауын немесе ықпалын нақты алып тастаған ұйымға қатысты болса, өтемақылық түзетулерді ұсынбайды.

      4. Егер ол 2-тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген:

      (a) 2-тармақтың (b) тармақшасына сәйкес ұсынылған түзету өзара келісілген қамтудың салыстырмалы деңгейін қолдау үшін жеткілікті болып табылатындығы;

      (b) 3-тармақтың (а) тармақшасына сәйкес өзінің қолданысы бойынша өзгеріс елеусіз болып табылатындығы; немесе

      (c) өзгеріс 3-тармақтың (b) тармақшасына сәйкес Тарап іс жүзінде өзінің бақылауын немесе ықпалын алып тастаған ұйымды қозғайтыны туралы хабарламаны алған кезден бастап 45 күннің ішінде жазбаша қарсылығын ұсынбаса, өзгерісті екінші Тарап, оның ішінде осы Бөлімнің 14-тарауының (Дауларды реттеу) мақсаттары үшін қабылдаған болып саналады.

      Нақтылаулар

      5. III қосымшаның 1-2-бөліктеріндегі мынадай:

      (a) ұйым атауының өзгеруі;

      (b) III қосымшаның сол бір бөлігінде санамаланған екі немесе одан да көп ұйымның қосылуы; және

      (c) ұйымның екі немесе одан көп ұйымға бөлінуі барлық жаңа ұйымдар бастапқы ұйым сияқты III қосымшаның сол бір бөлігіне қосылуы жағдайында өзгерістер осы тарауда көзделген өзара келісілген қамтуға ықпал етпейтін жағдайда, нақтылау болып есептеледі.

      6. Нақтылауды ұсынатын Тарап осы Бөлім қолданыла бастаған күннен бастап әр екі жыл сайын екінші Тарапты хабардар етеді.22

      7. Тарап 6-тармақта көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап 45 күн ішінде ұсынылған нақтылауға қатысты қарсылығы туралы екінші Тарапты хабардар ете алады. Егер Тарап өз қарсылығын ұсынса, ол ұсынылған нақтылаудың 5-тармақта көзделген өзгеріс болып табылмайды деп санау себептерін көрсетеді және осы Келісімде көзделген өзара келісілген қамтуға ұсынылған нақтылаудың әсерін сипаттайды. Егер хабарлама алынған кезден бастап 45 күн ішінде жазбаша нысанда қарсылық келіп түспесе, Тарап ұсынылған нақтылаумен келіскен болып есептеледі.

      Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы

      8. Егер ұсынылатын өзгеріске немесе нақтылауға қатысты 4 және 7-тармақтарда көзделген мерзім ішінде қарсылық келіп түспеген болса, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы кез келген осындай өзгерісті немесе нақтылауды көрсету үшін III қосымшаға өзгерістер енгізеді. Өзгеріс немесе нақтылау 4 және 7-тармақтарда аталған мерзім өткен күннен кейінгі келесі күні күшіне енеді.

      9. Егер ұсынылатын өзгеріске немесе нақтылауға қатысты қарсылық келіп түскен болса, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осы мәселені талқылайды. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы өзгерісті немесе нақтылауды мақұлдауды шешеді және тиісті түрде III қосымшаға өзгерістер енгізе алады.

136-бап

Өтпелі кезең

      Осы Бөлім қолданыла бастаған күннен кейін бес жыл өткен соң осы тарау қолданыла бастайды. III қосымшаның 4-бөлігінде санамаланған тауарларға және III қосымшаның 6-бөлігінде қамтылған көрсетілетін қызметтерге қатысты осы Бөлім қолданыла бастаған күннен кейін сегіз жыл өткен соң осы тарау қолданыла бастайды.

      ____________________

      22Егер Ұлыбритания ДСҰ-ның Мемлекеттік сатып алу туралы келісімі шеңберіндегі хабарламалар циклімен қатар Қазақстан Республикасын кез келген нақтылаулар жөнінде хабардар етсе, осы міндеттемені орындаған болып саналады.

9-ТАРАУ

Шикізат материалдары және энергетика

137-бап

Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:

      (a) "шикізат материалдары" энергетикалық тауарларды, өңделген балық өнімін немесе ауыл шаруашылығы өнімін қоспағанда, бірақ табиғи каучукты, өңделмеген терілер мен былғарыны, ағашты және целлюлозаны, жібекті, жүнді, мақтаны және басқа да өсімдік тоқыма материалдарын қоса алғанда, өнеркәсіптік тауарлардың өндірісінде пайдаланылатын заттарды білдіреді;

      (b) "энергетикалық тауарлар" Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі (ҮЖ) және Еуропалық Одақтың құрамдастырылған номенклатурасы негізіндегі табиғи газды, сұйытылған табиғи газды, сұйытылған мұнай газын (СМГ) (ҮЖ 27.11), электр энергиясын (ҮЖ 27.16), мұнайды және мұнай өнімдерін (ҮЖ 27.09- 27.10 және 27.13-27.15), көмірді және басқа да қатты отынды (ҮЖ 27.01- 27.04) білдіреді;

      (c) "серіктестік" корпорация, трест, әріптестік, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдастық сияқты, бірақ осындайлармен шектелмейтін, кез келген Тараптың юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы коммерциялық ұйым болып табылатын кез келген заңды тұлғаны білдіреді;

      (d) "көрсетілетін қызметті беруші" 39-баптың (q) тармағында айқындалғандай көрсетілетін қызметтерді берушіні білдіреді;

      (e) "шара" 39-баптың (а) тармағында айқындалғандай шараны білдіреді;

      (f) "тасымалдау" энергетикалық тауарларды мұнай мен мұнай өнімдеріне және жоғарғы қысымдағы табиғи газға арналған айдау құбырлары, электр энергиясының жоғары вольтты жүйелері мен тарату желілері арқылы, теміржолдар мен автомобиль жолдары және басқа энергетикалық тауарларды тасымалдау ушін пайдаланылатын инфрақұрылым объектілері арқылы тарату мен бөлуді білдіреді;

      (g) "санкцияланбаған іріктеу" энергетикалық тауарларды мұнай мен мұнай өнімдеріне және жоғары қысымдағы табиғи газға арналған айдау құбырларынан, жоғары вольтты жүйеден және электр тарату желілерінен, теміржолдар мен автомобиль жолдарынан және басқа энергетикалық тауарларды тасымалдауда пайдаланатын инфрақұрылым объектілерінен электр тауарларын заңсыз іріктеуден тұратын кез келген қызметті білдіреді;

      (һ) "төтенше жағдай" үшінші елдер арқылы транзитпен жеткізуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы табиғи газды, мұнайды немесе электр энергиясын жеткізуді едәуір бұзуға немесе физикалық түрде үзуге әкеп соғатын жағдайды немесе нарықтық шаралар жеткізіліксіз болып табылатын және қосымша нарықтық емес шаралар енгізілуі тиіс жағдайда Қазақстан Республикасында немесе Ұлыбританияда энергетикалық тауарларға ерекше жоғары сұраныс жағдайын білдіреді;

      (i) "жергілікті қамту талабы":

      (i) тауарларға қатысты нақты өнімге қатысты, өнімнің көлеміне немесе құнына қатысты не оның жергілікті өндірістік көлемінің үлесіне немесе құнына қатысты көрсетілген жергілікті немесе жергілікті көздерден шығарылған тауарларды кәсіпорындар үшін сатып алу немесе пайдалану талаптарын;

      (ii) көрсетілген қызметтерге қатысты екінші Тараптың көрсетілетін қызметіне немесе көрсетілетін қызметті берушілерге нұқсан келтіре отырып, көрсетілетін қызметтерді берушінің немесе көрсетілетін қызметтердің тандауын шектейтін талаптарды білдіреді;

      (j) "мемлекеттік кәсіпорын" коммерциялық қызметке қатысатын, Тарап орталық немесе өңірлік деңгейде тікелей немесе жанама түрде кәсіпорынның акционерлік капиталының немесе кәсіпорын шығарған акцияларға бекітілген дауыстың 50%-дан астамына ие болатын кез келген кәсіпорынды білдіреді;

      (k) "заңды тұлға" 39-баптың (d) тармағында анықталғандай заңды тұлғаны білдіреді;

      (l) "Тараптың заңды тұлғасы" 39-баптың (е) тармағында айқындалғандай Тараптың заңды тұлғасын білдіреді,

138-бап

Сауда және экспорттық монополиялар

      Тарап шикі және құрғақ газды және алтынды сатып алуға өзінің басым құқығын (артықшылығын) жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, Тараптар шикізат материалдарының немесе энергетикалық тауарлардың экспортына сауда немесе экспорттық монополияны қолдамайды немесе құрмайды.

139-бап

Көмірсутектерді (мұнай мен табиғи газ) зерделеуге, барлауға және өндіруге қолжетімділік пен оларға құқықтар

      1. Осы Келісімде ештеңе де халықаралық құқыққа сәйкес Тараптардың өз аумақтарында, құрлықтық, архипелагтық және аумақтық суларында орналасқан көмірсутек ресурстарына қатысты толық егемендігін, сондай-ақ олардың айрықша экономикалық аймақтарында және құрлықтық қайраңында орналасқан көмірсутек ресурстарын барлау және пайдалану мақсаттарына арналған егемен құқықтарын бұзбайды.

      2. Тараптар көмірсутектерді зерделеу, барлау және өндіру бойынша қызметnі жүзеге асыру мақсатында өз аумақтарында, құрлықтық, архипелагтық, аумақтық сулары, айрықша экономикалық аймақтары мен құрлықтық қайраңы шегінде салаларды айқындау құқығын өзінде қалдырады.

      3. 2-тармақта жазылған Тараптың егеменді шешімі қабылданған жағдайда, әрбір Тарап екінші Тараптың кәсіпорындары рұқсат беретін қабылдаушы Тараптың аумағында заңды тұлға ретінде құрылған көрсетілген кәсіпорын көмірсутектерді зерделеуге, барлауға және өндіруге қолжетімділікке және құқықтарды жүзеге асыруға қатысты кемсітілмеуін қамтамасыз етеді.

      4. Әрбір Тарап көмірсутектерді зерделеу, барлау және өндіру бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген кәсіпорыннан ақшалай қаражат түрінде жарна енгізуін немесе көмірсутек ұсынуын талап ете алады.

      5. Тараптар кәсіпорын көмірсутектерді зерделеуге, барлауға және өндіруге құқықтарын жүзеге асыруға құқылы лицензиялардың немесе басқа да рұқсаттардың жарияланған рәсімнен кейін немесе Тараптардың әлеуетті мүдделі өтінім берушілеріне өтініш беруін хабарлау арқылы шақырудан кейін берілуі үшін қажетті шараларды қолданады. Хабарламада лицензияның немесе басқа да рұқсаттың түрі, лицензияның немесе рұқсаттың басқа да түрлерін ұсыну үшін тиісті географиялық облыс пен болжанған күн немесе мерзім көрсетіледі.

      6. 3-5-тармақтар мемлекеттік кәсіпорынның өз Тарапымен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы көмірсутектерді зерделеуге, барлауға және өндіруге қолжетімділік пен құқықтарды алу құқығына нұқсан келтірмейді. Егер мұндай мемлекеттік кәсіпорын көмірсутектерді зерделеуге, барлауға және өндіруге өз құқығын толықтай немесе ішінара беруді шешкен кезде, онда 3 және 5-тармақтарда көзделген міндеттемелер қолданылады.

      7. 52-бап лицензиялау шарттарына және лицензия беру рәсіміне қатысты қолданылады.

140-бап

Шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларға инвестициялар тарту шарттары

      Шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларды зерделеу, барлау, өндіру және әзірлеу қызметіне инвестицияларды ынталандыру үшін, бірде бір Тарап:

      (a) егер Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамамен және Ұлыбритания ГАТС шеңберінде Ерекше міндеттемелер тізбелерінде өзгеше көзделмесе, екінші Тараптың тауарларға, көрсетілетін қызметті берушілерге, инвесторларға немесе инвестицияларға қатысты жергілікті қамту талаптарын көздейтін шараларды сақтамайды және белгілемейді;

      (b) осы Тараптың аумағында тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сату немесе инвестициялау үшін екінші Тараптың кәсіпорыны зияткерлік меншік құқықтарын беруге немесе оларды бөлісуге міндетті болатын шараларды сақтамайды немесе белгілемейді. Тараптар шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларды зерделеуге, барлауға, өндіруге және әзірлеуге арналған құқықтарды алуға ұмтылатын инвесторлармен ерікті негізде мұндай беру туралы келісімшарттарды олар нарықтық шарттарда және нарықтық баға бойынша жүзеге асырылған жағдайда, талқылай алады.

141-бап

Транзит

      1. Тараптар транзит еркіндігі қағидатына сәйкес энергетикалық тауарлардың транзитіне жәрдемдесу үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

      2. Әрбір Тарап өзінің бақылауына немесе юрисдикциясына жататын кез келген кәсіпорынның өз аумағы арқылы транзиті немесе тасымалдау кезінде шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларды рұқсатсыз іріктеуге тыйым салады және мұндай санкцияланбаған іріктеуге қарсы күрес үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

142-бап

Тоқтата туру

      1. Әрбір Тарап магистральды құбырлардың және энергияны транзиттеу немесе тасымалдау жүйелерінің операторлары:

      (a) транзитті және/немесе тасымалдауды кенеттен үзу, қысқарту немесе тоқтату тәуекелін барынша азайтуды;

      (b) кенеттен үзілген, қысқартылған немесе тоқтатылған осындай транзиттің немесе тасымалдаудың қалыпты жұмысын жедел қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

      2. Энергетикалық тауарларды транзиттеу немесе тасымалдау немесе аумағы арқылы көліктік/транзиттік маршруттың бөлігі ретінде оларды алу және сақтау жүзеге асырылатын Тарап Тараптардың немесе бір Тараптың бақылауындағы немесе юрисдикциясындағы бір немесе бірнеше кәсіпорынның қатысуымен кез келген мәселе бойынша дау болған жағдайда, бұл энергетикалық тауарларды транзиттеуді, тасымалдауды, көліктік/транзиттік маршрут бөлігі ретінде алуды және сақтауды реттейтін келісімшартпен немесе басқа шартпен арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті келісімшарт бойынша дауды реттеу жөніндегі рәсім немесе осы Бөлімнің 14-тарауында (Дауларды реттеу) белгіленген, 137-баптың (һ) тармағында айқындалған төтенше жағдайларға қатысты дауды реттеу жөніндегі рәсім аяқталғанға дейін энергетикалық тауарлардың қолда бар транзитті, тасымалдауды, көліктік/транзиттік маршрутының бөлігі ретінде алуды және сақтауды үзбейді немесе қысқартпайды немесе оның бақылауындағы немесе юрисдикциясындағы кез келген кәсіпорынға оны үзуге немесе қысқартуға рұқсат бермейді.

      3. Тарап форс-мажорлық жағдайда немесе егер Тарап үшінші елге немесе үшінші елдің бақылауындағы немесе юрисдикциясындағы кәсіпорынға тіркелетін іс-қимылдың нәтижесінде энергетикалық тауарларды жеткізуді немесе транзитін жүзеге асыруды орындауға жағдайы келмесе, осы бапқа сәйкес транзитті үзгені немесе қысқартқаны үшін жауаптылықта болмайды.

143-бап

Электр энергиясының жоғары вольтты тораптары мен тарату желілеріне қол жеткізу

      1. Әрбір тарап рұқсат беретін Тараптың аумағында заңды тұлға ретінде құрылған екінші Тараптың кәсіпорындарына рұқсат беретін Тарапқа ішінара немесе толықтай тиесілі және ол реттейтін электр энергиясының жоғары вольтты тораптарына және тарату желілеріне кемсітушіліксіз қолжетімділікті осындай жүйелер мен желілердің қолда бар техникалық мүмкіндіктері шегінде қамтамасыз етеді. Қолжетімділік әділ және тең түрде ұсынылады.

      2. Тарату тораптары мен желілеріне қатысты шараларды қолдану кезінде Тараптар мынадай қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етеді:

      (а) тасымалдауға қолжетімділік пен тарифтер жөніндегі барлық құқықтық және реттеуші шаралар толығымен транспарентті болып табылады;

      (b) шаралар электр энергиясының өз аумағында шығарылғанына қатысты және электр энергиясының межелі пунктіне қатысты кемсітуші болып табылмайды; және

      (с) Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания кәсіпорындарына қатысты тасымалдауға тарифтер кемсітушіліксіз қолданылады.

144-бап

Электр және газ саласындағы реттеуші органдар

      1. Әрбір Тарап өзінің аумағында электр және газ нарықтарын басқару үшін реттеуші органдарды құрады және оларға өкілеттіктер береді. Бұл реттеуші органдар кез келген басқа мемлекеттік органдардан немесе нарық қатысушыларынан заңды түрде бөлінген және функционалды түрде тәуелсіз болады.

      2. Реттеуші органдар шешімдері мен қолданатын рәсімдері барлық нарық қатысушыларына қатысты әділ болып табылады.

      3. Реттеуші органның шешімі ықпал еткен нарық қатысушысының осы шешімге апелляциялық органда наразылық білдіруге құқығы бар. Егер апелляциялық орган тартылған тараптардан тәуелсіз болып табылмаса және өзінің сипаты бойынша сотқа қатысы жоқ болып табылса, онда апелляциялық органның шешімдері әділ және тәуелсіз сот органының қарауына жатады. Апелляциялық орган мен сот органы шешімдерінде оларды қабылдау себептері қамтылады және жазбаша нысанда беріледі. Тараптар апелляциялық органның немесе сот органының түпкілікті шешімі, кім соңғы инстанция болып табылатынына қарамастан, тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.

145-бап

Жаңартылатын энергия секторы

      1. Осы бап жаңартылатын қазба емес энергетикалық көздерден, басқаларымен қатар, желдің, күн энергиясынан және судың күшінен энергия өндіруге байланысты Тараптар арасындағы сауда мен инвестицияларға ықпал етуі мүмкін шараларға қолданылады, бірақ осындай энергия өндірілетін өнімдерге қолданылмайды.

      2. Әрбір Тарап:

      (a) жергілікті компаниялармен әріптестік құруды, егер мұндай әріптестік техникалық себептер бойынша қажет болып табылмаса және мұндай шараларды күшінде сақтайтын немесе белгілейтін Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша мұндай техникалық себептерді көрсете алатын болса, талап ететін шараларды күшінде сақтаудан немесе белгілеуден тартынады;

      (b) қолданылуына қарай, атап айтқанда, жабдықтарға, зауыттарға қатысты және тарататын желілердің инфрақұрылымымен байланысты рұқсат беру, сертификаттау және лицензиялау рәсіміне қатысты кез келген қағидалар объективті, транспарентті және еріксіз болуын және екінші Тараптың өтінім берушілерін кемсітілмеуін қамтамасыз етеді;

      (c) тұтынушылар, жобалаушылар, сәулетшілер, құрылысшылар мен монтаждаушылар және жабдықтарды жеткізіп берушілер төлейтін жаңартылатын энергия секторындағы әкімшілік алымдар транспарентті және көрсетілетін қызметтердің шамаланған құнымен шектелген болуын қамтамасыз етеді;

      (d) екінші Тараптан шығарылатын тауарды әкелу және пайдалану немесе екінші Тараптың өнім берушісінің тауарын жеткізу осы Бөлімнің 1-тарауының (Тауарлар саудасы) ережелерімен реттелуін қамтамасыз етеді;

      (e) екінші Тараптың өнім берушілерінің қызметтер көрсетуі 52-баппен реттелуін қамтамасыз етеді;

      (f) электр энергиясын тарату тораптарына қосу және қол жеткізу мерзімдері, шарттары мен рәсімдері екінші Тараптың өнім берушілеріне немесе жаңартылатын ресурстардың электрге қатысты транспарентті және кемсітусіз болуын қамтамасыз етеді. Тараптар тораптармен және нарықпен байланысты тиісті шаралар жаңартылатын көздерден өндірілген электр көлемін қысқартуды (шектеуді) азайту үшін қолдануын қамтамасыз етеді;

      (g) мынадай мән-жайларда:

      (i) екінші Тараптың кәсіпорнына нақты өнімге, өнімнің көлеміне немесе құнына қатысты не көлемінің үлесіне немесе оның жергілікті өндіріс құнына қатысты көрсетілген қойылатын талаптар жергілікті шығарылған немесе Тараптың кез келген жергілікті көзінің өнімін сатып алуына немесе пайдалануына; немесе

      (ii) әкелінетін тауарларды кәсіпорынның сатып алуы және пайдалануы оны экспорттайтын жергілікті тауарлардың көлемімен немесе құнымен байланысты сомамен шектелуі үшін талап қоюдан немесе оны күшінде сақтаудан тартынады.

      3. Егер жаңартылатын және қазба емес көздерден энергия өндіру жабдықтары мен жүйелеріне қатысты халықаралық және өңірлік стандарттар бар болса, Тараптар мұндай халықаралық стандарттар немесе олардың тиісті бөліктері тиімсіз немесе заңды мақсаттарды орындауға сәйкес емес болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттарды немесе олардың тиісті бөліктерін өзінің техникалық регламенттері үшін негіз ретінде пайдаланады. Осы тармақты қолдану мақсатында Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым және Халықаралық электрлік техникалық комиссия стандарттарды белгілейтін тиісті халықаралық органдар ретінде қарастырылады.

      4. Орынды жағдайларда Тараптар өнімнің дизайнына немесе сипаттамасына қатысты емес, қоршаған ортаға әсерін қоса алғанда, өндіріске қатысты өнімге қойылатын талаптарға негізделген техникалық регламенттерін белгілейді.

      5. Осы бапта ештеңе де, егер Тараптар арасындағы сауда мен инвестицияда ұқсас жағдайлар немесе жасырын шектеу басым болса, Тараптардың өнімдері, көрсетілетін қызметтерді берушілер және инвесторлар арасында өз бетінше немесе негізсіз кемсіту құралы ретінде мұндай шаралардың қолданылмайтыны туралы талаптарды сақтаған жағдайда, қарастырылатын энергетикалық желілерді қауіпсіз пайдалану немесе энергияны жеткізудің қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды кез келген Тараптың белгілеуіне немесе орындалуына кедергі келтіретіндей түрде түсіндірілмейді,

146-бап

Шикізат материалдары мен энергетикалық тауарлар саласындағы ынтымақтастық

      1. Тараптар 204-208-баптардың ережелеріне нұқсан келтірмей, шикізат материалдары мен энергетикалық тауарлар саудасы саласында өздерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті ілгерілетуге келіседі.

      2. Тараптар транспаренттік пен кемсітпеушілік қағидаттарын құрметтеу және қағидалардың сауданы бұрмаламайтынын қамтамасыз ету өндіріске және шикізат материалдарымен және энергетикалық тауарлармен саудаға тікелей шетелдік инвестициялар үшін қолайлы орта құрудың ең жақсы тәсілі болып табылады деп таниды. Жалпы алғанда, мұндай орта шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларды тиімді бөлуге және пайдалануға ықпал етеді,

      3. Ынтымақтастық пен өзара түсіністікті ілгерілету екіжақты сауда мәселелерін, сондай-ақ халықаралық саудадан туындайтын ортақ мүддені білдіретін мәселелерді қамтиды. Мұндай мәселелер жаһандық нарыққа әсер ететін сауда бұрмалаушылығын, шикізат материалдары мен энергетикалық тауарлардың саудасымен нақты байланысты қоршаған орта және даму мәселелерін, сондай-ақ ЭЫДҰ Трансұлттық кәсіпорындарға арналған басшылық қағидаттары және ЭЫДҰ-ның қақтығыс болып жатқан аймақтардан және қатері жоғары аймақтардан пайдалы қазбаларды жеткізу тізбектері үшін ұсынылған тәртібі сияқты халықаралық танылған стандарттарға сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауаптылықты қамтиды. Ынтымақтастық пен өзара түсіністікті ілгерілету шикізат материалдары мен энергетика секторларына қатысты нормативтік құқықтық база туралы деректер мен ақпарат алмасуды қамтиды. Бұл Тараптардан ашылуы өздерінің қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келеді деп санайтын кез келген ақпаратты беруді талап ету ретінде тусіндірілмейді.

      4. Кез келген Tapaп Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының отырыстары кезінде шикізат материалдары мен энергетикалық тауарлар мәселелеріне байланысты арнайы отырысты немесе шикізат материалдары мен энергетикалық тауарлар мәселелері бойынша арнайы сессия ұйымдастыруды сұрай алады. Егер орынды болса, екіжақты ынтымақтастық екі Тарап қатысатын тиісті плюрилатеральды немесе көпжақты форумға дейін қосымша кеңейтілуі мүмкін.

147-бап

Ерте алдын алу тетігі

      1. Тараптар төтенше жағдайдың немесе оның қатерінің алдын алуға және оларға жедел ден қоюға бағытталған практикалық шараларды қолдану мақсатында ерте алдын алу тетігін белгілейді.

      2. Тараптар:

      (a) табиғи газға, мұнай немесе электр энергиясына сұраныс пен ұсынысқа байланысты ықтимал тәуекелдер мен проблемаларды ерте бағалау; және

      (b) төтенше жағдай немесе оның қатері жағдайында алдын алу және жедел ден қою үшін бірлесіп әрекет жасайды.

      3. Егер Тарапқа, оның пікірінше, төтенше жағдай немесе төтенше жағдайға әкеп соғуы мүмкін оқиға туралы мәлім болса, онда сол Тарап екінші Тарапты қысқа мерзімде хабардар етеді.

      4. Осы баптың мақсаты үшін Тараптар энергетикамен байланысты мәселелер үшін жауапты олардың тиісті үкіметтік ұйымдары жауапты органдар болып табылатынына келіседі.

      5. Тараптар хабарламаны алған кезде бір-біріне жағдайға өз бағаларын береді.

      6. Кез келген Тарап хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде:

      (a) жағдайды жалпы бағалауды тұжырымдау;

      (b) төтенше жағдайды жою және төтенше жағдайдың әсерін мейлінше азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      (c) қарастырылатын инфрақұрылымның тиісті орындарында, басқалармен қатар, энергия ағындарын мониторингтеу үшін арнайы мониторинг тобын құру мақсатында консультациялар өткізуді сұрата алады.

      Тараптар төтенше жағдай қатерін жою немесе төтенше жағдайды еңсеру мақсатында, егер орынды болса, үшінші елдермен ынтымақтасады.

      8. Төтенше жағдай әрекеті жалғасқан жағдайда, кез келген Тарап осы Бөлімнің 14-тарауында (Дауларды реттеу) көзделген арнайы тетікке сәйкес дауларды реттеудің шұғыл рәсімін бастай алады.

      9. Тараптар хабарламаны алған кезден бастап төтенше жағдайды ушықтыруы немесе күшейтуі мүмкін жағдайға орай шаралар қолдана отырып, қандай да бір әрекеттерден тартынады.

      10. Тарап осы Келісімге сәйкес дауларды реттеу бойынша рәсімде:

      (a) осы бапқа сәйкес екінші Тарап ұстанатын позицияларды немесе екінші Тарап рәсімдер барысында жасаған ұсыныстарды; немесе

      (b) осы бапта айтылған төтенше жағдай бойынша шешім қабылдауға, екінші Тараптың ниетін көрсететін кез келген факторға сүйенбейді және дәлелдеме ретінде ұсынбайды.

      11. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы қажет болған кезде осы бапты қолдану үшін егжей-тегжейлі шаралар әзірлеуі мүмкін.

148-бап

Ерекшеліктер

      1. Осы тарау осы Келісімде көзделген кез келген ерекшеліктерге, алып қоюға немесе шектеулерге нұқсан келтірмейді.

      2. Осы тарау коммерциялық емес негізде жүзеге асырылатын зерттеу жобаларына, әзірлемелерге немесе көрсетілімдік жобаларға қолданылмайды.

      3. Осы тарауда ешнәрсе де ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық қауіпсіздік мүдделерінде энергияны тасымалдау және өндіру бойынша тиісті жабдықты қоса алғанда, төтенше жагдайдың алдын алу және оған ден қоюды қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды қауіпсіз пайдалануға қажетті шараларды, мұндай шаралар Тараптар арасында ұқсас шарттар немесе сауданы және инвестицияларды жасырын шектеу басым болатын Тараптардың өнімдері, көрсетілетін қызметтерді беруіпілері немесе инвесторлары арасында еркін немесе жөнсіз кемсітушілік құралы ретінде қолданылмайтындай жағдайда, кез келген Тараптың белгілеуіне немесе орындауына кедергі келтіретіндей түсіндірілмейді.

10-ТАРАУ

Сауда және орнықты даму

149-бап

Түпмәтін және мақсаттар

      1. Тараптар БҰҰ-ның 1992 жылғы Қоршаған орта және даму жөніндегі конференцияның XXI ғасырға арналған Күн тәртібін, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) 1998 жылғы Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясын, 2002 жылғы Орнықты даму жөніндегі шешімдерді орындаудың Йоханнесбург жоспарын, БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 2006 жылы қабылданған Толық және өнімді жұмыспен қамту және барша адамдар үшін лайықты жұмыс мәселелері жөніндегі Министрлік декларациясын, сондай-ақ 2008 жылы қабылданған ХЕҰ-ның әділетті жаһандану мақсатындағы Әлеуметтік әділеттілік туралы декларациясын және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2012 жылғы 27 шілдеде "Біз қалайтын болашақ" деген атаумен қабылдаған 66/288 Қарарына енгізілген БҰҰ-ның 2012 жылғы Орнықты даму жөніндегі конференциясының Қорытынды құжатын назарға алады.

      2. Тараптар орнықты даму мақсатына ықпал ету үшін өздерінің бүгінгі және болашақ ұрпақтарының игілігі үшін халықаралық сауданың дамуына жәрдемдесу міндеттемесін тағы да растайды. Тараптар өздерінің сауда қарым-қатынастарының әрбір деңгейінде осы мақсаттың ықпалдасуына және көрсетілуіне ұмтылады.

150-бап

Қоршаған орта және еңбек саласындағы көпжақты стандарттар мен келісімдер

      1. Тараптар қоршаған ортаның жаһандық немесе өңірлік проблемаларына халықаралық қоғамдастықтың жауабы ретінде халықаралық реттеудің маңызын және қоршаған орта саласындағы халықаралық келісімдерді таниды.

      2. Тараптар толық және өнімді еңбекпен қамтылу және барлық адамдар үшін лайықты жұмыс барлық елдер үшін орнықты дамудың негізгі элементтері және халықаралық ынтымақтастықтың басым мақсаты болып табылатынын таниды.

      3. Осы тұрғыда Тараптар өздері тараптары болып табылатын табиғатты қорғаудың көпжақты келісімдерін және тиісінше Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания ратификациялаған ХЕҰ конвенцияларын өздерінің заңнамасында және практикада тиімді имплементациялау міндеттемесін тағы да растайды.

151-бап

Реттеуге құқық және қорғау деңгейлері

      1. Тараптар әрбір Тараптың қоршаған орта мен еңбекті ұлттық қорғаудың өз деңгейлерін белгілеуіне және өздерінің заңдары мен саясатын 150-бапта айтылған халықаралық танылған стандарттар мен келісімдерге сәйкес тиісінше қабылдау немесе өзгерту құқығын таниды. Тараптар қоршаған орта мен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ұмтылады.

      2. Тараптар ұлттық эқологиялық немесе еңбек заңнамасында көзделген қорғау деңгейін әлсірету немесе төмендету арқылы сауданы немесе инвестицияларды көтермелеуді орынсыз деп таниды.

      3. Тарап сауданы немесе инвестицияларды көтермелеу мақсатында өзінің эқологиялық және еңбек заңнамасынан кері шегінбейді немесе тұрақты немесе қайталанатын әрекет немесе әрекетсіздік арқылы оның тиімді орындалуынан тартынбайды.

152-бап

Орнықты дамуға жәрдемдесетін сауда және инвестициялар

      1. Тараптар экономикалық, әлеуметтік және эқологиялық өлшемдерде орнықты даму мақсатына қол жеткізудегі өзінің сауда үлесін кеңейту жөніндегі міндеттемесін тағы да растайды. Тиісінше олар:

      (a) экологиялық таза тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, сондай-ақ климат үшін қолайлы өнімдермен және технологиялармен саудаға және инвестицияларға;

      (b) әділетті және әдепті сауда немесе эко-таңбалау сияқты орнықтылықты қамтамасыз ету жүйелерін пайдалануға; және

      (c) корпоративтік әлеуметтік жауаптылық практикасына жәрдемдесуге келіседі.

      2. Тараптар сауда, әлеуметтік мақсаттар және қоршаған орта саласындағы мақсаттар арасындағы келісімділікті және өзара толықтыруды ілгерілету бойынша ақпарат алмасады және өз әрекеттері туралы тәжірибе бөліседі. Бұдан өзге, Тараптар өздерінің сауда қатынастары тұрғысынан пайда болуы мүмкін орнықты даму мәселелері бойынша, оның ішінде IV Бөлімде (Экономикалық және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық) айтылған тиісті аспектілер бойынша өз ынтымақтастығын және диалогты кеңейтеді.

      3. Осы баптың 2-тармағында айтылған диалог пен ынтымақтастық тиісті мүдделі тараптарды, атап айтқанда әлеуметтік әріптестерді, сондай-ақ 250-бапқа сәйкес белгіленген азаматтық қоғамның ынтымақтастығы арқылы азаматтық қоғамның басқа да ұйымдарын қамтиды.

      4. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы мұндай ынтымақтастық пен диалогқа арналған қағидаларды қабылдай алады.

153-бап

Даула рды реттеу

      Осы Бөлімнің 14-тарауы (Дауларды реттеу) 3-бөлімінің 2-кіші бөлімі осы тарау бойынша дауларға қолданылмайды. Кез келген мұндай дау үшін төрелік комиссия 178 және 180-баптарға сәйкес өзінің түпкілікті баяндамасын жібергеннен кейін Тараптар баяндаманы назарға ала отырып, орьшдалуға жататын қолданылатын шараларды талқылайды. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы кез келген мұндай шаралардың орындалуын қадағалайды және бұл мәселені шолуды, оның ішінде 152-баптын 3-тармағында айтылған тетік арқылы шолуды жүзеге асырады.

11-ТАРАУ

Бәсекелестік

154-бап

Қағидаттар

      Тараптар өздерінің сауда қатынастарында еркін және бұрмаланбаған бәсекелестіктің маңыздылығын мойындайды. Тараптар бәсекелестікке қарсы іскерлік практика мен субсидияларды қоса алғанда, мемлекеттің араласуы нарықтардың тиісінше жұмыс істеуін бұрмалау үшін әлеуетке ие екенін және сауданы ырықтандырудағы артықшылықтарын бұзатынын мойындайды.

155-бап

Монополияға қарсы заңнама мен бірігу жөніндегі заңнама және олардың орындалуы

      1. Әрбір Тарап өз аумағында бәсекелестікке қарсы келісімдерге, нарықта басым жағдайға ие кәсіпорындардың келісілген әрекеттеріне және бәсекелестікке қарсы біржақты әрекеттеріне тиімді қарсы әрекет ететін бәсекелестік туралы түпкі заңнаманы күшінде сақтайды, сондай-ақ шоғырландыруларға тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

      2. Әрбір Тарап 1-тармақта айтылған бәсекелестік туралы заңнаманың тиімді орындалуы үшін жауапты және тиісті түрде осыған жарақталған функционалды тәуелсіз органдарды қолдайды.

      3. Тараптар өздерінің бәсекелестік туралы заңнамасының ашық және кемсітпейтін түрде қолданылуының, рәсімдік әділдік қағидаттарын және қаралатын кәсіпорындардың қорғалу құқығын сақтаудың маңыздылығын таниды.

      4. Егер Тараптар өзара мүдделілік танытса, монополияға қарсы органдардың өзара әрекеттестігі Тараптар арасында құқық қолдану практикасы, ақпарат алмасу және озық тәжірибе саласындағы өткір мәселелерді талқылау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

156-бап

Мемлекеттік монополиялар, мемлекеттік кәсіпорындар және арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген кәсіпорындар

      1. Осы тарауда ешнәрсе де Тарапқа өз заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияларды немесе мемлекеттік кәсіпорындарды құруға немесе сақтауға немесе кәсіпорындарға арнайы немесе эксклюзиэті құқықтар немесе артықшылықтар беруге кедергі келтірмейді.

      2. Экономикалық қызметке тартылған мемлекеттік монополияларға, мемлекеттік кәсіпорындарға және арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген кәсіпорындарға қатысты әрбір Тарап мұндай кәсіпорындарға 155-бапта айтылған бәсекелестік туралы заңнаманың қолданылғанын қамтамасыз етеді. Осы тараудың мақсаты үшін экономикалық қызмет нарықта тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуды білдіреді. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібімен орындалатын қызметгі, атап айтқанда, бір немесе бірнеше экономикалық операторлармен коммерциялық емес негізде және бәсекелестік емес шарттарда жүзеге асырылатын қызмет түрлерін қамтымайды.

      3. 155-бапта айтылған бәсекелестік туралы заңнаманы қолдану қаралып отырған кәсіпорындарға жүктелген қоғамдық мүдденің белгілі бір міндеттерін орындауға заңды түрде немесе практикада кедергі келтірмейді. Ерекшеліктер шектелген және транспарентті болуы тиіс. Сауда және инвестициялар осы Келісімнің мақсатын бұзатындай дәрежеге дейін қозғалмайды.

157-бап

Субсидиялар

      1. Осы баптың мақсаты үшін "субсидия" кәсіпорындарға тауарларды өндіру үшін немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін берілуіне қдрамастан, СӨШ ж-ніндегі Келісімнің 1-бабының шартnарын орындайтын және көрсетілген Келісімнің 2-бабының мағынасы бойынша ерекше болып табылатын шараны білдіреді.

      2. Әрбір Тарап субсидиялар саласында транспаренттілікті қамтамасыз етеді. Осы мақсатта әрбір Тарап ДСҰ-ның субсидиялар және өтемақы шаралары туралы келісімінің (mutatis mutandis) 25-бабына сәйкес тиісті міндеттемелерді басшылыққа ала отырып, осы бөлім қолданылған күннен бастап әрбір екі жыл сайын екінші Тарапқа есеп ұсынады. Мұндай есеп, егер тиісті аппарат қолжетімді всб-сайтга немесе ДСҰ-ның хабарландыру тетігі арқылы жарияланса, берілген болып есептеледі.

      3. Егер Тарап екінші Тарап берген субсидияны бірінші Тараптың мүдделеріне теріс әсер етеді деп есептесе, бірінші Тарап осы мәселе бойынша консультация сұрата алады. Сұрау салынатын Тарап мұндай сұрау салуды тиісті түрде қарайды. Консультациялар, атап айтқанда, субсидияның ынталандырушы әсері бар ма және ол үйлесімді ме әрі сұрау салушы Тараптың саудасы мен инвестицияларына ықтимал бұрмалаушы әсерін шектеу үшін қандай да бір шаралар қолданылады ма деген субсидияның мақсаттарын айқындауға бағытталған.23

      4. Консультацияларға жәрдемдесу мақсатында сұрау салынатын Тарап қарастырылатын субсидия туралы ақпаратты сұрау салуды алған күннен бастап 90 күннен аспайтын уақыт ішінде береді. Егер сұрау салушы Тарап тиісті субсидия туралы ақпаратты алғаннан кейін қарастырылатын субсидия сұрау салушы Тараптың сауда немесе инвестициялық мүдделеріне теріс әсер етеді немесе барабар емес түрде теріс әсер етуі мүмкін деп есептесе, сұрау салынатын Тарап қарастырылатын субсидияның салдарынан туындаған сұрау салушы Тараптың сауда немесе инвестициялық мүдцелеріне теріс әсер етумен күресу үшін барлық күпі-жігерін салады.

      5. 3 және 4-тармақтар ДСҰ-ның Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімге 1-қосымшаға енгізілген балық шаруашылығы және тауарлар саудасына байланысты субсидияларға қолданылмайды.

      ________________

      23Егер субсидияның мөлшері мақсатка қол жеткізу үшін қажетті мөлшерге дейін шектелетін болса, ол пропорционалды болады.

158-бап

Дауларды реттеу

      Осы Бөлімнің 14-тарауының (Дауларды реттеу) ережелері 154-156-баптарға және 157-баптың 3 және 4-тармақтарына қолданылмайды.

159-бап

ДСҰ-мен қарым-қатынастар

      Осы тараудың ережелері Тараптардың ДСҰ келісімі, атап айтқанда, СӨШ жөніндегі келісімі және ДСҰ-ның Дауларды реттейтін қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластығы бойынша құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.

160-бап

Құпиялылық

      Осы тарауға сәйкес ақпарат алмасу кезінде Тараптар кәсіби және іскерлік құпияны сақтау туралы талаптармен салынатын шектеулерді назарға алады.

12-ТАРАУ

Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын кәсіпорындар және арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген кәсіпорындар

161-бап

Анықтамалар

      Осы тараудың мақсаттары үшін:

      (a) "мемлекеттік кәсіпорын" Тарал орталық немесе жергілікті деңгейде кәсіпорынның акционерлік калиталының немесе кәсіпорьш шығарған акцияларға бекітілген дауыстардьщ 50%-нан астамын иеленген коммерциялық қызметке тартылған кез келген кәсіпорынды білдіреді;

      (b) "мемлекет бақылайтын кәсіпорын" Тарап орталық немесе жергілікті деңгейде ондағы өзінің қаржылық қатысу құқығы бойынша немесе қағидаларға немесе жұмыс істеу практикасына сәйкес немесе кез келген басқа тәсілмен тікелей немесе жанама шешуші ықпал ететін немесе мұндай шешуші ықпалды белгілеуге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар, коммерциялық қызметке тартылған кез келген кәсіпорынды білдіреді. Тарап тікелей немесе жанама түрде кәсіпорынның әкімшілік, басқарушы немесе басшылық органы мүшелерінің жартысынан астамын тағайындай алатын болса, ол Тараптың шешуші ықпалы болып есептеледі;

      (c) "арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген кәсіпорын" Тарап орталық немесе жергілікті деңгейде, заңды түрде немесе іс жүзінде, арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берген, коммерциялық қызметке тартылған кез келген мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорынды білдіреді. Осындай құқықтар немесе артықшылықтар тауарды сатып алу немесе сату немесе көрсетілетін қызмет ұсыну немесе алу үшін дистрибьютор, желілік жеткізуші немесе басқа да делдал ретінде әрекет ету құқығын қамтуы мүмкін. Арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген кәсіпорындар коммерциялық қызметке тартылған монополияларды қамтиды;

      (d) "монополия" Тараптың аумағындағы тиісті нарықта орталық немесе жергілікті деңгейде тауарды немесе көрсетілетін қызметті жалғыз беруші немесе сатып алушы ретінде тағайындалған консорциумды қоса алғанда, коммерциялық қызметке тартылған кәсіпорынды білдіреді, бірақ зияткерлік меншікке айрықша құқық берілген кәсіпорын оған осындай кұқық берілу себебінен ғана кірмейді;

      (e) "арнайы құқықтар" Тарап орталық немесе жергілікті деңгейде осы географиялық аймақта немесе тауар не көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіпорындардың шектелген саны үшін берген құқықтарды білдіреді, олардың қолданысы кез келген басқа кәсіпорынның сол бір географиялық ауданда елеулі баламалы жағдайларда өзінің қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін айтарлықтай шектеуге тиіс. Объективті, пропорционалды және кемсітпейтін өлшемшарттар бойынша тапшы ресурсты бөлу үшін кәсіпорындардың шектеулі санына лицензия немесе рұқсат беру өздігінен арнайы құқық болып табылмайды;

      (f) "кемсітпеушіліксіз режим" осы Келісімде көрсетілген, қайсысының жақсы болатынына қарай ұлттық режимді немесе неғұрлым қолайлы режимді білдіреді;

      (g) "коммерциялық пайымдауларға сәйкес" өз қызметін халықаралық саудадағы нарыктық экономика кағидаттарына сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпорынның әдетгегі іскерлік практикасына сәйкес дегенді білдіреді;

      (һ) "тағайындау" заңды түрде болсын немесе іс жүзінде болсын монополияны құруды немесе оған рұқсат беруді немесе монополия саласын кеңейтуді білдіреді.

162-бап

Қолданылу саласы

      1. Тараптар 1994 ж. ГАТТ XVII бабының 1-3-тармақтарына, 1994 ж. ГАТТ XVII бабын түсіндіру туралы уағдаластыққа сәйкес, сондай-ақ ГАТС VIII бабының 1, 2 және 5-тармақтарына және осы арқылы осы Келісімге енгізілген және оның бір бөлігі болып табылатын, сондай-ақ қолданылатын Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылу туралы хаттамасының мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет бақылайтын кәсіпорындар, арнайы немесе эксклюзивті артықшылықтар берілген кәсіпорындар туралы тарауына сәйкес өздерінің құқықтары мен міндеттемелерін растайды.

      2. Осы тарау 119-баптың мағынасы бойынша Тараптың немесе оны сатып алушы ұйымдардың қамтылатын сатып алуларына қолданылмайды.

      3. Осы тарау осы Келісімде қамтылатын бүкіл экономикалық қызметке қолданылады. КҚСБК бойынша Тараптың Ерекше міндеттемелері тізбесінде санамаланбаған көрсетілетін қызметтерге 164 және 165-баптардың ережелері қолданылмайды.

163-бап

      1. Осы тарау бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмей, осы тарауда ешнәрсе де Тараптардың мемлекеттік кәсіпорындарды немесе мемлекет бақылайтын кәсіпорындарды құруына немесе сақтауына немесе монополияларды тағайындауына немесе сақтауына немесе кәсіпорындарға арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар беруіне кедергі келтірмейді.

      2. Егер кәсіпорын осы тараудың қолданыс аясына жататын болса, Тараптар мұндай кәсіпорынды осы Келісімді бұза отырып, орекет етуді талап етпейді немесе көтермелемейді.

164-бап

Кемсітпеушілік

      Егер 140-бапта немесе ГАТС бойынша Тараптың Ерекше міндеттемелері тізбесінде немесе I қосымшада белгіленген ұлттық режимге қатысты Тараптың алып қоюларында өзгеше көзделмесе, әрбір Тарап өз аумағында тауар не көрсетілетін қызметті сатып алуды немесе сатуды жүзеге асырған кезде 161-баптың с) және d) тармақтарында белгіленген шарттарды қанағаттандыратын кез келген кәсіпорынның екінші Тараптың тауарына және (немесе) көрсетілетін қызметіне не екінші Тараптың көрсетілетін қызметті берушілеріне кемсітпеушіліксіз режимді ұсынуын қамтамасыз етеді.

165-бап

Коммерциялық пайымдаулар

      Арнайы немесе эксклюзивті құқықтар немесе артықшылықтар берілген қоғамдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша міндеттеме сияқты мақсатты орындауды қоспағанда немесе мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекет бақылайтын кәсіпорын өзінің қоғамдық белгіленген мақсатын орындаған жағдайда және осы мақсатты немесе міндетті орындау үшін кәсіпорынның қызметі 164-баптың ережелерімен және осы Бөлімнің 11-тарауымен (Бәсекелестік) үйлескен жағдайда, әрбір Тарал 161-баптың (a)-(d) тармақтарында көрсетілген кез келген кәсіпорын өзінің тауарларды сатып алуы және сатуды жүзеге асыруы кезінде, оның ішінде сатып алудың немесе сату бағасына, сапасына, қолжетімділігіне, бәсекеге қабілеттілігіне, тасымалдауына және басқа да талаптарына катысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сатып алуды немесе ұсынуды жүзеге асыруы кезінде, оның ішінде бұл тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер инвесторға немесе екінші Тарап инвесторының инвестициясымен жеткізілген кезде тиісті аумақта коммерциялық пайымдауларға сәйкес әрекет етуін қамтамасыз етеді.

166-бап

Баға белгілеу

      Әр түрлі нарықтарда немесе сол нарықта әртүрлі бағаларды белгілеу, егер мұндай айырмашылық сұраныс пен ұсыныс шарттары сияқты қалыпты коммерциялық пайымдауларға негізделсе, 164 және 165-баптарға өздігінен қайшы келмейді.

167-бап

Корпоративтік басқару

      1. Тараптар 161 -баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кәсіпорындар 2005 жылғы ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына сәйкес транспаренттілік пен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді. 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардағы корпоративтік басқару саясатын одан әрі дамыту осы Басшылық қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.

      2. Әрбір Тарап 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кәсіпорындарды реттеу үшін жауапты кез келген реттеуші органның заңдық дербес және 161-баптың (а)- (d) тармақтарында көрсетілген кез келген кәсіпорындардан функционалдық тәуелсіз болып табылуын және оған есеп бермеуін қамтамасыз етеді.

      3. Әрбір Тарап мемлекеттік басқарудың орталық немесе жергілікті деңгейлерінде болсын барлық деңгейде, оның ішінде 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кәсіпорындарда заңдар мен заңға тәуелді актілердің рет-ретімен және кемсітпеушіліксіз негізде орындалуын қамтамасыз етеді. Ерекшеліктер шектеулі және транспарентті болып табылады.

168-бап

Ақпарат алмасу

      1. Осы Келісім бойынша өз мүдделеріне кәсіпорнының немесе 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кәсіпорынның немесе екінші Тараптың кәсіпорындарының әрекеттерімен пұксан келтіріліп жатыр деп пайымдауға негіздемелері бар Тарап екінші Тараптан осы Келісімнің ережелерін орындауға байланысты өз кәсіпорнының әрекеттері туралы ақпарат беруді талап ете алады. Мұндай ақпарат ұйымдастырушылық, корпоративтік және қаржылық ақпаратты қамтуы мүмкін.

      2. Әрбір Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген, сұрау салынатын Тараптың заңнамасындағы анықтамаға сәйкес шағын және орта кәсіпорындарға жатпайтын нақгы кәсіпорындар туралы ақпаратты береді. Мұндай ақпарат туралы сұрау салуларда кәсіпорындар, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер және тиісті нарықтар көрсетіледі және кәсіпорынның Тараптар арасындағы саудаға немесе инвестицияларға кедергі келтіретін практикаға тартылғаны туралы мәліметтер қамтылады.

      3. Әрбір Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойыніпа 161-баптың (a) - (d) тармақтарында көрсетілген кез келген кәсіпорынға сұрау салынатын Тараптың аумағында қолданылатын ең қолайлы режимді қоса алғанда, ерекшеліктер, сәйкес келмейтін шаралар, иммунитеттер және кез келген басқа да шаралар туралы ақпаратты береді.

      4. 1-3-Тармақтар кез келген Тараптан заңнаманың қолданылуына кедергі келтіруі немесе қоғамдық мүдделерге өзге түрде қайшы келуі мүмкін немесе нақты кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін құпия ақпаратты ашуды талап етпейді.

13-ТАРАУ

Транспаренттілік

169-бап

      1. Әрбір Тарап осы Белімге қатысы бар немесе әсер ететін жалпы қолданылатын өзінің кез келген шаралары немесе халықаралық келісімдер бойынша нақты ақпаратқа қатысты екініпі Тараптың барлық сұрау салуына дереу жауап береді. Әрбір Тарап екінші Тараптың мүдделі тұлғаларына барлық осындай мәселелер жөнінде нақты ақпаратты сұрау салу бойынша беру үшін бір немесе бірнеше ақпараттық орталық құрады24.Тараптар осы Бөлім қолданыла бастаған күннен бастап үш ай ішінде бір-бірін ақпараттық орталықтар туралы хабардар етеді. Ақпараттық орталықтардың заңдар мен нормативтік актілердің депозитарийі болуы міндетті емес.

      2. Осы Бөлімде реттелетін кез келген мәселеге қатысы бар немесе оларға әсер ететін Тараптардың жалпы қолданылатын барлық зандары, заңға тәуелді актілері, жарлықтары, шешімдері және әкімшілік қағидалары 1994 ж. ГАТТ X бабының, ГАТС III бабының және ТРИПС Келісімі 63-бабының талаптарын қоса алғанда, ДСҰ келісімінің қолданылатын талаптарына сәйкес болуы үшін дереу жарияланады. Тараптар осындай шараларды қамтитын жарияланатын ресурстарды, оның ішінде веб-сайттарды жүйелі түрде жаңартады және оларды мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді етеді. Мұндай шаралар олардың қолданыс мерзімі ішінде және өздерінің қолданысын тоқтатқаннан кейін де ақылға қонымды кезең ішінде қолжетімді болады.

      3. Тараптар осы Бөлімде реттелетін кез келген мәселеге қатысы бар немесе оларға әсер ететін жалпы қолданылатын барлық заңды, заңға тәуелді актілерді, жарлықтарды, шешімдерді және әкімшілік қағидаларды олар қабылданғанға дейін жариялайды. Олар тиісті шара келісілгенге немесе құзыретті органға оны қабылдау үшін берілгенге дейін жауапты органдардың түсіндірмелер ұсынуы үшін мүдделі тараптарға ақылға қонымды кезең, әдетте, кемінде күнтізбелік 30 күн уақыт береді. Түсіндірмелерге арналған кезең ішінде алынған кез келген түсіндірмелер назарға алынады.

      4. Тараптардың осы Бөлімде реттелетін кез келген мәселеге қатысы бар немесе оларға әсер ететін жалпы қолданылатын бірде бір заңы, нормативтік құқықтық актісі, жарлығы, шешімі немесе әкімшілік қағидасы жарияланғанға дейін қолданысқа енгізілмейді.

      5. Осы Келісімде ешнәрсе де Тараптан ашылуы заңнаманың қолданылуына кедергі келтіруі немесе өзге түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін немесе жекелеген мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдцелеріне нұқсан келтіруі мүмкін құпия ақпаратты беруді талап етпейді.

      6. 55-бап осы тарауға қатысты қолданылады.

      _____________________

      24ГАТС-ке сәйкес белгіленген ақпараттық орталық Қазақстан Республикасының ақпараттық орталығы болып табылады.

14-ТАРАУ

Дауларды реттеу

1-бөлім

Мақсаты және қолданылу саласы

170-бап

Мақсаты

      Осы тараудың максаты мүмкіндігіне қарай өзара келісілген шешім қабылдау үшін осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дауды болдырмау және реттеу бойынша тиімді әрі пәрменді тетік құру болып табылады.

171-бап

Қолданылу саласы

      Егер өзгеше көзделмесе, осы тарау осы Бөлімді түсіндіруге және қолдануға қатысты кез келген дауға қатысты қолданылады.

2-бөлім

Консультациялар және медиация

172-бап

Консультациялар

      1. Тараптар 171-бапта аталған кез келген дауды өзара келісілген шешімге қол жеткізу мақсатында адал консультациялар жасау арқылы шешуге ұмтылады.

      2. Тарап қаралатын шара мен 171-бапта аталған қолданылуы мүмкін деп есептейтін ережелерді көрсете отырып, екінші Тарапқа жіберілетін жазбаша сұрау салу арқылы консультациялар сұратады, көшірмесі Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жіберіледі.

      3. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе немесе Тараптар арасында келісілмесе, сұрау жасалған Тарап консультациялар туралы сұрау салуға оны алған күннен бастап он күн ішінде жауап береді.

      4. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, консультациялар сұрау салу алынған күннен бастап 30 күн ішінде сұрау жасалған Тараптың аумағында өткізіледі. Егер Тараптың екеуі де консультацияларды жалғастыруға келіспесе, консультациялар сұрау салу алынған күннен бастап 30 күн ішінде аяқталды деп есептеледі. Консультациялар және атап айтқанда, консультация барысында Тараптар алған барлық ашылған ақпарат пен ұстанымдар құпия болып табылады және бұдан әрі болатын кез келген талқылауларда кез келген Тараптың құқықтарына нұқсан келтірмейді.

      5. Егер Тараптың екеуі де консультацияларды жалғастыруға келіспесе, жедел сипаттағы мәселелер бойынша консультациялар сұрау салынатын Тарап сұрау салуды алған күннен бастап 15 күн ішінде аяқталды деп есептеледі.

      6. Егер сұрау салу жасалған Тарап, консультациялар өткізу туралы сұрау салуға, оны алған күннен бастап он күн ішінде жауап бермесе немесе егер консультациялар осы баптың 3 немесе 4-тармағында белгіленген мерзімде өткізілмесе немесе егер Тараптар консультациялар өткізбеуге келіссе немесе егер консультациялар аяқталса және өзара келісілген шешімге қол жеткізілмесе, онда консультацияларға сұрау салған Тарап 174-бапқа жүгіне алады.

      7. Консультациялар барысында әрбір Тарап қаралатын шара осы Келісімнің қолданысы мен қолданылуына қалай әсер ете алатынын толық зерделеу мүмкіндігін беру үшін жеткілікті нақты ақпаратты береді.

      8. Егер Тараптар өзге туралы келіспесе, егер консультациялар 137-баптың (һ) тармағында айқындалған төтенше жағдайларға қатысты болғанда, консультациялар туралы сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде консультациялар аяқталды деп есептеледі.

173-бап

Медиация

      VII қосымшаға сәйкес кез келген Тарап екінші Тараптан Тараптар арасындағы саудаға немесе инвестицияларға теріс әсер ететін кез келген шараға қатысты медиация рәсімін бастауды сұрай алады.

3-бөлім

Дауларды реттеу рәсімдері

1-кіші бөлім

Төрелік рәсім

174-бап

Төрелік рәсімге бастама жасау

      1. Егер Тараптар 172-бапта көзделген консультацияларға жүгіну арқылы дауды шеше алмаса, консультацияларды сұратқан Тарап осы бапқа сәйкес төрелік комиссияны құру туралы сұрата алады.

      2. Төрелік комиссияны құру туралы сұрау салу екінші Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жазбаша нысанда сұрау салу арқылы жасалады. Шағым берген Тарап өзінің сұрау салуында қаралатын шараны айқындайды және шағым жасау үшін жеткілікті анық құқықтық негізді баяндау үшін осындай шара 171-бапта аталған ережелерді қалай бұзатынын негіздейді.

      3. Дауларды шешу үшін Тараптар "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Халықаралық төрелік орталығына жүгіну мүмкіндігін қарастыруға келісе алады.

175-бап

Төрелік комиссияның құрылуы

      1. Төрелік комиссия үш төрешіден тұрады.

      2. Өзіне қарсы шағым берілген Тарапқа төрелік комиссияның құрылуы туралы жазбаша сұрау салуды жеткізген күннен бастап он күн ішінде Тараптар төрелік комиссияның құрамы туралы келісімге қол жеткізу мақсатында консультациялар өткізеді.

      3. Егер Тараптар осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде төрелік комиссияның құрамы туралы уағдаласа алмаса, әрбір Тарап осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнің өтіп кеткен күнінен бастап бес күн ішінде, осы Тараптың 194-бапқа сәйкес жасалған тізімде бар осы Тараптың кіші тізімінен төрешіні тағайындай алады. Егер кез келген Тарап төрешіні тағайындамаса, онда төрешіні екінші Тараптың өтініші бойынша Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасы немесе оның өкілі 194-бапқа сәйкес белгіленген тізімде бар сол Тараптың кіші тізімінен жеребе бойынша тандайды.

      4. Егер Тараптар осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде төрелік комиссияның төрағасына қатысты келісімге қол жеткізбесе, кез келген Тараптың өтініші бойынша Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасы немесе оның өкілі 194-бапқа сәйкес белгіленген тізімде бар төрағалардың кіші тізімінен төрелік комиссияның төрағасын жеребе бойынша таңдайды.

      5. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасы немесе оның өкілі 3 немесе 4-тармақта аталған кез келген Тарап сұрау салған күннен бастап бес күн ішінде төрешілерді тандайды.

      6. V қосымшада белгіленген Рәсім қағидаларына сәйкес барлық таңдалған үш төреші өз тағайындауларын қабылдауының соңғы күні төрелік комиссияның құрылған күні болып табылады.

      7. Егер 194-бапта көзделген кез келген тізімдерден осы баптың 3 немесе 4-тармағына сәйкес жасалған сұрау салынған кезінде есімдер анықталмаса немесе жеткілікті санын қамтымаса, төрешілер Тараптың бірі немесе екеуі ресми ұсынған адамдардың ішінен жеребе бойынша таңдалады.

      8. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, 137-баптың (һ) тармағында Тараптар арасында айқындалған төтенше жағдайларға байланысты дауға қатысты, осы баптың 2-тармағына жүгінбей осы баптың 3-тармағының екінші сөйлемі және 4-тармағы қолданылады және осы баптың 5-тармағындағы мерзім екі күнді құрайды.

176-бап

Жеделдік туралы алдын ала қаулы

      Тараптар сұрау салған жағдайда, төрелік комиссия құрылғанынан кейін 10 күн ішінде өзі аталған істі жедел деп санайтын мәселе бойынша алдын ала қаулыны шығарады.

177-бап

Энергетика саласындағы жедел даулар үшін татуластыру рәсімдері

      1. 137-баптың (һ) тармағында айқындалған төтенше жағдайларға байланысты дауға қатысты кез келген Тарап төрелік комиссияға сұрау салу жіберу арқылы комиссия төрағасын дауға қатысты кез келген мәселе бойынша татуластырушы ретінде болуына сұрау сала алады.

      2. Татуластырушы даудың келісіліп шешілуіне қол жеткізуге ұмтылады немесе осындай шешімге қол жеткізу үшін рәсімді келісуге ұмтылады. Егер өзін тағайындаған күннен бастап 15 күн ішінде татуластырушы осындай шешімді қамтамасыз ете алмаса, ол дауды шешу немесе осындай шешімге қол жеткізу үшін рәсімі бойынша ұсынымды шығарады және дау шешілгенге дейін көрсетілетін күннен бастап сақталуға тиіс мерзімдер мен шарттарды айқындайды.

      3. Тараптар және олардың бақылауындағы немесе юрисдикциясындағы кәсіпорындар татуластырушының шешімінен кейін немесе дау шешілгенге дейін олардың қайсысы бұрын болатынына байланысты үш ай ішінде 2-тармаққа сәйкес жасалған мерзімдер мен шарттар туралы ұсынымдарды сақтайды.

      4. Татуластырушы VI қосымшада белгіленген Төрелік комиссия мүшелері мен медиаторлардың мінез-құлық кодексін (Мінез-құлық кодексі) сақтайды.

178-бап

Төрелік комиссияның баяндамалары

      1. Төрелік комиссия Тараптарға тиісті ережелердің белгіленген факгілерін, қолданылуын және өзі жасайтын кез келген қорытындылар мен ұсынымдардың негізгі негіздемелерін қамтитын аралық баяндама жолдайды.

      2. Кез келген Тарап аралық баяндаманың нақты аспектілерін қарастыру үшін, оны алғаннан кейін 14 күн ішінде төрелік комиссияға жазбаша өтініш бере алады.

      3. Тараптардың аралық баяндама бойынша кез келген жазбаша түсіндірмелерін қарағаннан кейін, төрелік комиссия өзінің аралық баяндамасын өзгерте алады және өзі орынды деп санайтын кез келген қосымша сараптамадан өткізе алады.

      4. Төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасы 171-бапта көрсетілген тиісті ережелердің белгіленген фактілерін, қолданылуын және өзі жасайтын кез келген қорытындылар мен ұсынымдардың негізгі негіздемелерін қамтиды. Түпкілікті баяндама аралық шолу кезеңінде ұсынылған дәлелдердің жеткілікті талқылауын қамтиды және Тараптардың сұрақтары мен ескертулеріне нақты жауап береді.

179-бап

Төрелік комиссияның аралық баяндамасы

      1. Төрелік комиссия аралық баяндаманы Тараптарға төрелік комиссия құрылған күннен кейін 90 күннен кешіктірмей жібереді. Егер төрелік комиссия соңғы мерзім сақталмайды деп есептесе, төрелік комиссияның төрағасы кешіктіру себебін және төрелік комиссия өзінің аралық баяндамасын жіберуді жоспарлаған күнін көрсете отырып, Тараптарды және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жазбаша нысанда хабардар етеді. Қандай мән-жай болса да аралық баяндама төрелік комиссия құрылған күннен кейін 120 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      2. Шұғыл жағдайларда төрелік комиссия аралық баяндамасын 45 күн ішінде және кез келген жағдайда төрелік комиссия құрылған күннен кейін 60 күннен кешіктірмей жіберу үшін бар күш-жігерін салады. Кез келген Тарап 178-баптың 2-тармағына сәйкес аралық баяндама ұсынылған кезден бастап 7 күн ішінде аралық баяндаманың нақты аспектілерін қарастыру үшін төрелік комиссияға жазбаша сұрау салу жібере алады.

      3. 137-баптың (һ) тармағында Тараптар арасында айқындалған төтенше жағдайларға байланысты дауға қатысты аралық баяндама төрелік комиссия құрылған күннен кейін 20 күн ішінде жіберіледі және 178-баптың 2-тармағына сәйкес кез келген сұрау салу аралық баяндама ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде жіберіледі. Төрелік комиссия аралық баяндаманы ұсынбау шешімін де қабылдай алады.

180-бап

Төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасы

      1. Төрелік комиссия түпкілікті баяндаманы Тараптар мен Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына төрелік комиссия құрылған күннен бастап 120 күн ішінде жібереді, Егер төрелік комиссия соңғы мерзім сақталмайды деп есептесе, төрелік комиссияның төрағасы кешіктіру себебін және төрелік комиссия өзінің түпкілікті баяндамасын жіберуді жоспарлаған күнін көрсете отырып, Тараптарды және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын жазбаша хабардар етеді. Қандай мән-жай болса да, түпкілікті баяндаманың жіберілуі төрелік комиссия құрылған күннен кейін 150 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      2. Шұғыл жағдайларда төрелік комиссия өзінің баяндамасын төрелік комиссия құрылған күннен кейін 60 күн ішінде жіберу үшін бар күш-жігерін салады. Қандай мән-жай болса да, түпкілікті баяндаманың жіберілуі төрелік комиссия құрылған күннен кейін 75 күннен кешіктірілмейді.

      3. 137-баптың (һ) тармағында айқындалған Тараптар арасында төтенше жағдайларға байланысты дауға қатысты төрелік комиссия өзінің түпкілікті баяндамасын төрелік комиссия құрылған күннен бастап 40 күн ішінде жібереді.

2-кіші бөлім

Сақтау

181-бап

Төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау

      Өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын дереу және адал сақтау үшін қажетті шараларды қолданады.

182-бап

Сақтау үшін ақылға қонымды уақыт кезеңі

      1. Егер дереу сақтау мүмкін болмаса, Тараптар түпкілікті баяндаманы сақтау үшін уақыт кезеңі туралы уағдаласуға ұмтылады. Бұл жағдайда өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын алғаннан кейін 30 күннен кешіктірмей, шағым берген Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына сақтау үшін талап етілетін уақыт ("ақылға қонымды уақыт кезеңі") туралы хабарлама жібереді.

      2. Егер Тараптар арасында ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығы туралы келіспеушіліктер болса, шағым берген Тарап осы баптың 1-тармағында аталған хабарламаны алған кезден бастап 20 күн ішінде, бастапқыда 175-бапқа сәйкес құрылған төрелік комиссия ("бастапқы төрелік комиссия") ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығын анықтағаны туралы жазбаша сұрау салу жібере алады. Осындай сұрау салу бір мезгілде екінші Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жіберіледі. Төрелік комиссия өз баяндамасын Тараптарға және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына сұрау салуды алған күннен бастап 20 күн ішінде жібереді.

      3. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап шағым берген Тарапты төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау барысы туралы жазбаша хабардар етеді. Мұндай хабарлама ақылға қонымды уақыт кезеңі өткенге дейін кем дегенде бір ай бұрын жазбаша нысанда ұсынылады.

      4. Ақылға қонымды уақыт кезеңі Тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.

183-бап

Төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау үшін қабылданған кез келген шараға шолу

      1. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап шағым берген Тарапты және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау үшін қабылданған кез келген шара туралы хабардар етеді. Мұндай хабарлама ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталғанға дейін жіберіледі.

      2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес хабарланған кез келген шараның болуына немесе 171-бапта көрсетілген ережелерге сәйкестігіне қатысты Тараптар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, шағым берген Тарап бастапқы төрелік комиссияға осы мәселе бойынша шешім шығару туралы жазбаша сұрау салу жібере алады. Мұндай сұрау салу нақты шараны айқындайды және мұндай шара шағым жасау үшін жеткілікті дәрежеде айқын құқықтық негіз бола алатын 171-бапта көрсетілген ережелерге қалайша сәйкес келмейтінін түсіндіреді. Төрелік комиссия сұрау салуды алған күннен бастал 45 күн ішінде өз баяндамасын Тараптар мен Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жібереді.

184-бап

Сақталмаған жағдайда құқықтық қорғаудың уақытша құралдары

      1. Егер өзіне қарсы шағым берілген Тарап ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталғанға дейін төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау үшін қолданылған кез келген шаралар туралы хабардар етпесе немесе егер төрелік комиссия сақтау үшін қолданылған шара жоқ немесе 183-баптың 1-тармағына сәйкес хабарланған шара 171-баптың ережелеріне сай Тараптың міндеттемелеріне сәйкес келмейді деп шешсе, онда өзіне қарсы шағым берілген Тарап, егер бұл туралы шағым берген Тарап сұрау салса және осы Тарап пен консультациялардан кейін өтемақы туралы ұсыныс береді.

      2. Егер шағым берген Тарап осы баптың 1-тармағына сәйкес өтемақы сұрамауды шешсе немесе осындай сұрау салу ұсынған жағдайда, ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталған күннен бастап немесе төрелік комиссияның баяндамасы 183-баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған күннен бастап 30 күн ішінде өтемақыға қатысты келісімге қол жеткізілмесе, шағым берген Тарап екінші Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына хабарлағаннан кейін бұзушылықтан туындаған пайданы жоюға немесе қысқартуға25 барабар деңгейде тиісті шаралар қолдануға құқылы. Хабарламада осындай шаралар көрсетіледі. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап осы баптың 3-тармағына сәйкес төрелік жолмен талқылауды сұратпаса, шағым берген Тарап шараларды өзіне қарсы шағым берілген Тарап хабарламаны алған күннен бастап он күндік мерзім өткеннен кейін кез келген уақытта қолдана алады.

      3. Егер өзіне қарсы шағым берілген Тарап тиісті шараларды 171-бапта көрсетілген ережелерге сәйкес осы Тараптың міндеттемелерді бұзушылықтан туындаған пайданы жоюға немесе қысқартуға барабар деңгейде емес деп есептесе, өзіне қарсы шағым берілген Тарап бастапқы төрелік комиссияға осы мәселе бойынша шешім шығару туралы жазбаша сұрау салу жібере алады. Мұндай сұрау салу туралы шағым берген Тарап және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осы баптың 2-тармағында көрсетілген он күндік мерзім аяқталғанға дейін хабардар етіледі. Бастапқы төрелік комиссия сұрау салу жеткізілген күннен бастап 30 күн ішінде шағым берген Тарап хабарлаған шаралар туралы баяндамасын Тараптарға және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жібереді. Шағым берген Тарап хабардар етілген шараларды бастапқы төрелік комиссия өз баяндамасын ұсынғанға дейін қолданысқа енгізбейді. Баяндама ұсынылғаннан кейін қолданысқа енгізілген мұндай шаралар төрелік комиссияның баяндамасына сәйкес келеді.

      4. Шағым берген Тарап қолданысқа енгізген шаралар және осы бапта көзделген өтемақы уақытша болып табылады және:

      (a) Тараптар 189-бапқа сәйкес өзара келісілген шешімге қол жеткізгеннен кейін;

      (b) Тараптар 183-баптың 1-тармағына сәйкес хабарланған шара өзіне қарсы шағым берілген Тарапты 171-бапта көрсетілген ережелерге сәйкес келтіретіні туралы уағдаласқаннан кейін немесе

      (c) 183-баптың 2-тармағына сәйкес төрелік комиссия 171-бапта көрсетілген ережелерге сәйкес келмейтінін анықтаған кез келген шара осы ережелерге сәйкес келтіру үшін кері қайтарылғаннан немесе өзгертілгеннен кейін қолданылмайды.

      _______________________

      25"Пайданы жою немесе қысқарту" ДСҰ-ның Дауларды реттеудің қағидалары мен рәсімдері туралы уағдаластығына сәйкес "пайданы жою немесе қысқарту" ретінде тусіндіріледі.

185-бап

Сақталмаған кезде құқықтық қорғаудың уақытша құралдары қолданылғаннан кейін сақтау үшін қабылданған кез келген шараларға шолу

      1. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап шағым берген Тарап 184-бапқа сәйкес мән-жайларға байланысты өтемақыны қолданғаннан немесе тиісті шараларды қабылдағаннан кейін төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтау мақсатында өзі қолданылған шаралар туралы шағым берген Тарапты және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын хабардар етеді. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шағым берген Тарап хабарламаны алған кезден бастап 30 күн ішінде шараны тоқтатады. Өтемақы қолданылған жағдайларда және осы баптың 2- тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын орындағаны туралы хабарламаны алған кезден бастап 30 күн ішінде мұндай өтемақының қолданылуын тоқтата алады.

      2. Егер Тараптар өзіне қарсы шағым берілген Тараптың осы баптың 1-тармағына сәйкес хабарламаны алған күннен бастап 30 күн ішінде төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын орындағаны-орындамағанына қатысты келісімге келмесе, шағым берген Тарап бастапқы төрелік комиссияға осы мәселе бойынша шешім шығару туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Мұндай сұрау салу бір мезгілде екінші Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жіберіледі. Төрелік комиссия сұрау салу берілген күннен бастап 45 күн ішінде баяндаманы Тараптарға және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жібереді. Егер төрелік комиссия өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын орындады деп шешсе, шағым берген Тарап 184-бапқа сәйкес қолданылған тиісті шараны тоқтатады немесе шағым берген Тарап жағдайға байланысты өтемақыны тоқтатады. Егер төрелік комиссия өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын толық орындамады деп шешсе, өтемақы немесе 184-бапқа сәйкес қабылданған тиісті шара төрелік комиссияның баяндамасы шегінде бейімделінеді.

186-бап

Энергетика саласындағы жедел даулардағы құқықтық қорғау құралдары

      1. Осы бап 137-баптың (һ) тармағында айқындалған төтенше жағдайларға байланысты Тараптар арасындағы дауға қатысты қолданылады.

      2. 182, 183 және 184-баптардан ауытқу тәртібімен, шағым берген Тарап төрелік комиссияның түпкілікті баяндамасын сақтауға шамасы келмеген Тараптан туындаған пайданы жоюға немесе қысқартуға тең деңгейдегі тиісті шараларды ол шыққан күннен бастап 15 күн ішінде қолдана алады. Мұндай шаралар күшіне дереу енуі мүмкін. Мұндай шаралар өзіне қарсы шағым берілген Тарап төрелік комиссияның баяндамасын орындағанға дейін қолданылуы мүмкін.

      3. Егер өзіне қарсы шағым берілген Тарап сақтамаудың болуына немесе шағым берген Тараптың қолданысқа енгізген шараларының пропорционалдығына немесе сақталмауына дау айтса, ол 184-баптың 3-тармағына және 185-бабына сәйкес, жедел қаралуға тиіс талқылауға бастамашылық ете алады. Шағым берген Тарап төрелік комиссия осы мәселе бойынша шешім шығарганнан кейін шараны жоюға немесе реттеуге тиіс және шараларды төрелік талқылауға дейін сақтай алады.

3-кіші бөлім

Жалпы ережелер

187-бап

Төрешілерді ауыстыру

      Егер осы тарау бойынша төрелік талқылауға бастапқы төрелік комиссия немесе оның кейбір мүшелері қатыса алмаса, қатысудан бас тартса немесе олар VI қосымшада белгіленген Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейтіндіктен ауыстырылуға тиіс болса, 175-бапта белгіленген рәсім қолданылады. Баяндаманы ұсыну мерзімі жаңа төрешіні тағайындау үшін қажетті, бірақ 20 күннен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.

188-бап

Төрелік рәсімдерін және сақтау рәсімдерін тоқтата тұру және тоқтату

      Төрелік комиссия екі Тараптың сұрау салуы бойынша кез келген уақытта Тараптармен келісілген, қатарынан 12 айдан аспайтын кезеңге өз жұмысын тоқтата тұрады. Төрелік комиссия осы кезеңнің соңына дейін екі Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша немесе осы кезеңнің соңында кез келген Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша өз жұмысын қайта бастайды. Сұрау салушы Тарап бұл жөнінде тиісінше Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасын және екінші Тарапты хабардар етеді. Егер Тарап жұмысты тоқтата тұрудың келісілген кезеңі аяқталған соң төрелік комиссия жұмысының қайта басталуын сұрамаса, талқылау тоқтатылады. Төрелік комиссия жұмысын тоқтата тұру және тоқтату 195-бап ескеріле отырып, басқа талқылаулар шеңберінде кез келген Тараптың құқықтарына нұқсан келтірмейді.

189-бап

Өзара келісілген шешім

      Тараптар осы тарауға сәйкес кез келген уақытта дауға қатысты өзара келісілген шешімге қол жеткізулері мүмкін. Олар бірлесіп Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы мен төрелік комиссияның төрағасын, қолданылуына қарай, кез келген осындай шешім туралы хабардар етеді. Егер тиісті ішкі рәсімдерге сәйкес шешім кез келген Тараптың мақұлдауын талап етсе, хабарламада аталған талапқа сілтеме жасалады және дауларды реттеу рәсімі тоқтатыла тұрады. Егер мұндай мақұлдау талап етілмесе немесе егер кез келген осындай ішкі рәсімдердің аяқгалғаны туралы хабарлама жасалса, дауларды реттеу рәсімі тоқтатылады.

190-бап

Рәсімдер қағидалары

      1. Осы тарау бойынша дауларды реттеу рәсімдері V қосымшада белгіленген Рәсім қағидаларында және VI қосымшада белгіленген Мінез-құлық кодексінде реттеледі.

      2. Егер V қосымшада белгіленген Рәсім қағидаларында өзгеше көзделмесе, төрелік комиссияның кез келген тыңдауы жұртшылық үшін ашық болады.

191-бап

Ақпарат және техникалық консультациялар

      Төрелік комиссия Тараптардың сұрау салуы бойынша немесе өзінің жеке бастамасы бойынша дауға қатысатын Тараптарды қоса алғанда, кез келген көздерден төрелік комиссияның талқылауы үшін кажет деп санайтын кез келген ақпаратты сұрата алады. Төрелік комиссия, егер өзі қажетті деп есептесе, сарапшылардың пікірін сұрауға да құқығы бар. Осындай сарапшыларды таңдау алдында төрелік комиссия Тараптармен кеңесе алады. Жеке тұлғалар немесе Тараптардың аумағында құрылған заңды тұлғалар V қосымшада белгіленген Рәсім қағидаларына сәйкес төрелік комиссияға дауға қатыспайтын amicus curiae тұлғаның ақпаратын алады. Осы бапқа сәйкес алынған кез келген ақпарат әрбір Тарап үшін ашылады және оған түсіндірмелер беру үшін ұсынылады.

192-бап

Түсіндіру қағидалары

      Кез келген төрелік комиссия 171-бапта көрсетілген ережелерді халықаралық жария құқықты түсіндірудің, оның ішінде 1969 жылғы Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясымен кодификацияланған әдеттегі қағидаларына сәйкес түсіндіреді. Төрелік комиссия ДСҰ-ның дауларды реттеу жөніндегі органы (бұдан әрі ДРО деп аталады) қабылдаған, ДСҰ комиссияларының және Апелляциялық органның тиісті түсіндірмелерін де ескереді. Төрелік комиссияның баяндамалары осы Келісім бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін толықтыра немесе қысқарта алмайды.

193-бап

Төрелік комиссияның шешімдері мен баяндамалары

      1. Төрелік комиссиядағы талқылаулар құпия болып табылады. Төрелік комиссия кез келген шешімдерді консенсус негізінде қабылдау үшін барлық күш-жігерін салады. Алайда, егер шешімге консенсус негізінде қол жеткізілмесе, мәселе көпшілік дауыспен шешіледі. Ешбір жағдайда төрешілердің ерекше пікірлері ашылмайды.

      2. Төрелік комиссияның баяндамалары Тараптардың қатысуынсыз жасалады. Төрелік комиссияның баяндамалары 171-бапта аталған тиісті ережелердің қолданылуының белгіленген фактілерін және өзі жасайтын кез келген тұжырымдар мен қорытындылардың негізгі негіздемесін қамтиды.

      3. Төрелік комиссияның баяндамаларын Тараптар сөзсіз қабылдайды. Олар жеке немесе заңды тұлғалар үшін қандай да бір құқықтар немесе міндеттемелер тудырмайды.

      4. Тараптар төрелік комиссияның шешімдерін V қосымшада белгіленген Рәсім қағидаларында көзделгеніндей құпия ақпарат қорғалған жағдайда жариялайды.

4-бөлім

Жалпы ережелер

194-бап

Төрешілердің тізімдері

      1. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Тараптар жасаған ұсыныстардың негізінде, осы Келісім күшіне енгеннен кейін алты айдан кешіктірмей, төреші болуға ниеті бар және бола алатын кем дегенде 15 адамның тізімін жасайды. Тізім үш кіші тізімнен: әр Тарап үшін бір кіші тізімінен және қандай да бір Тараптың азаматтары болып табылмайтын және төрелік комиссия төрағасы функциясын орындай алатын адамдардың бір кіші тізімінен тұрады. Әр тізімге кем дегенде бес адам кіреді. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы бұл тізімнің әрқашан осы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.

      2. Төрешілердің құқық және халықаралық сауда саласындағы арнайы білімдері мен тәжірибесі болады. Олар тәуелсіз, өзі жеке болуы және қандай да бір ұйымнан немесе үкіметтен нұсқау алмауы немесе кез келген Тараптың үкіметімен байланысты болмауға және VI қосымшада белгіленген Мінез-құлық кодексін сақтауға тиіс.

      3. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осы Келісім қамтитын: нақты салаларда білімі мен тәжірибесі бар 15 адамнан тұратын қосымша тізімді жасай алады. Тараптардың келісімі болған жағдайда осындай қосымша тізімдер 175-бапта белгіленген рәсімдерге сәйкес төрелік комиссия құру үшін пайдаланылады.

195-бап

ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерге қатысы

      1. Осы Бөлімнің дауларды реттеу туралы ережелеріне жүгіну, дауларды реттеу бойынша әрекетті қоса алғанда, ДСҰ шеңберіндегі кез келген әрекетке нұқсан келтірмейді.

      2. Дегенмен, Тарап нақты шараға қатысты осы Келісімнің де, ДСҰ келісімінің де барабар елеулі міндеттемесін бұзушылықтарға байланысты екі қорғау органына жүгінбейді. Мұндай жағдайда, егер бірінші таңдалған орган рәсімдік немесе юрисдикциялық себептер бойынша бұл міндеттемені өтеу туралы талап жөнінде тұжырым жасай алмаса, Тарап басқа келісім бойынша басқа органға барабар міндеттеменің мәні бойынша бұзушылық үшін залалды өтеу туралы шағым бермейді.

      3. Осы баптың мақсаттары үшін:

      (a) ДСҰ-ның Дауларды шешуді реттейтін қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластығының 6-бабына сәйкес Тараптың комиссия құру туралы сұрау салуы бойынша ДСҰ келісімі шеңберінде дауларды реттеу жөніндегі талқылаулар басталды деп есептеледі;

      (b) 174-баптың 1-тармағына сәйкес төрелік комиссия құру туралы Тараптардың сұрау салуы бойынша осы тарау шеңберінде дауларды реттеу жөніндегі талқылаулар басталды деп есептеледі.

      4. Осы Келісімде ештеңе де Тараптарға ДРО-да белгіленген міндеттемелерді орындауын тоқтатуға кедергі келтірмейді. ДСҰ келісімі Тараптарға осы тарау бойынша сақталмаған кезде уақытша құқықтық қорғау құралдарын қолдануға кедергі келтіру үшін пайдаланылмайды.

196-бап

Мерзімдер

      1. Осы тарауда белгіленген барлық мерзім, оның ішінде төрелік комиссиялар өз баяндамаларын ұсынатын мерзімдер, егер өзгеше көрсетілмесе, өздері қатысты болатын әрекеттен немесе фактіден кейінгі бірінші күннен басталатын күнтізбелік күндермен есептеледі.

      2. Осы тарауда көрсетілген кез келген мерзім дау Тараптарының өзара келісуі бойынша езгертілуі мүмкін. Төрелік комиссия кез келген уақытта Тараптарға ұсыныстың себептерін жаза отырып, осы тарауда көрсетілген кез келген мерзімді өзгертуді ұсына алады.

197-бап

ЕО заңнамасына сілтемелер

      1. Өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімде ЕО заңнамасына сілтемелерді Ұлыбритания заңнамасына енгізілген немесе Ұлыбритания ЕО-ның тиісті заңнамасымен байланысты болуды тоқтатқаннан кейінгі келесі күні ЕО-ның сақталып отырған заңнамасы ретінде қолданылатын ЕО қолданыстағы заңнамасына сілтемелер ретінде түсіну керек.

      2. Осы бапта "Ұлыбритания заңнамасы" 274-бапта көрсетілгендей, осы Келісім қолданылатын Ұлыбритания халықаралық қатынастары үшін жауапты болатын аумақтардың құқығын қамтиды.

198-бап

Солтүстік Ирландия

      1. "Windsor framework"26 өз күшінде болған уақытта,27егер мұндай шаралар немесе мұндай шаралардың болмауы екінші Тарапқа қатысты ерікті немесе негізсіз кемсіту құралы немесе сауданы жасырын шектеу ретінде пайдаланылмаған жағдайда, осы Келісімдегі еш нәрсе Ұлыбританияның "Windsor framework", сондай-ақ оған түзетулерге және оның бөліктерін алмастыратын кейінгі келісімдерге сәйкес шаралар қабылдауына немесе шараларды сақтауына немесе оларды тартынуына кедергі келтірмейді.

      2. Кез келген Тараптың сұрауы бойынша Тараптар 1-тармақта сипатталған, Ұлыбритания қабылдаған шаралардың немесе олардың болмауының осы Келісімге әсеріне қатысты консультациялар өткізіп,28 өзара қолайлы шешім іздейді.29

      ______________________

      26"Windsor framework" Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі мен Еуропа Одағының 2023 жылғы 24 наурыздағы жазылған "Windsor framework" жөніндегі бірлескен комитетіндегі ЕО-дан шығу туралы № 01/2023 бірлескен декларациясында көрсетілген мағынаға ие.

      27Тараптар, атап айтканда, "Windsor framework" 18-бабында көрсетілген демократиялық келісім туралы уағдаластықтар 5-10-баптар мен қолданылуы дәл сол баптарға байланысты болатын "Windsor framework" басқа да ережелері 18-бапта көрсетілген шараларға сәйкес бұдан былай Құрама Корольдікке қолданылмауына алып келуі мүмкін екенін атап өтеді.

      28Нақтырақ айтқанда, бұл 1-тармақта сипатталған осы Келісім күшіне енгеннен кейін қолданылатын шара немесе мұндай шараның болмауы туралы айтылып отыр.

      29Бұл тармақ 169-бапқа (Транспаренттілік) нұқсан келтірмейді.

IV БӨЛІМ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1-ТАРАУ

Экономикалық диалог

199-бап

      Тараптар ақылға қонымды макроэкономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ете отырып, еркін нарықтық экономиканың қағидаттарын ұстанады және өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ орнықты даму мен экономикалық өсуге бағытталған тұрақты экономикалық диалогты дамытады және нығайтады.

200-6ап

      Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйіне тұрақты шолу жүргізеді және тұрақты түрде ақпаратпен, сараптамалық білімдермен алмасуды және экономикалық саясат, экономикалық және қаржылық даму мен статистика саласындағы озық тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.

2-ТАРАУ

Мемлекеттік аудит пен ішкі бақылауды қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы ынтымақтастық

201-бап

Тараптар үнемділік, өнімділік және нәтижелілік, сондай-ақ ашықтық пен есеп берушілік қағидаттарымен үйлесетін мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімді жүйесін одан әрі дамыту мақсатында, мемлекеттік аудитті, электрондық аудитті және ішкі бақылауды қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқару саласында ынтымақтасады.

      Ынтымақтастық:

      (a) қолайлы және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ Ұлыбританияның осы саладағы үздік тәжірибесімен жақындастыруға жәрдемдесуді;

      (b) осы саладағы ақпарат пен тәжірибе алмасуды және

      (c) семинарлар мен жұмыстық кездесулер ұйымдастыруды қамтиды.

3-ТАРАУ

Салық салу саласындағы ынтымақтастық

202-бап

      1. Тараптар салық салу мәселелері бойынша халықаралық шарттардың ережелері шеңберінде салық салу саласындағы, атап айтқанда, заңды салық түсімдерін жинауға жәрдемдесу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жақсартуға және ашықтық пен ақпарат алмасу қағидаттарын қоса алғанда, салық салу саласындағы тиісті басқару қағидаттарын тиімді қолдану үшін халықаралық стандарттарға сәйкес шараларды әзірлеуге ұмтылады. Тараптар жосықсыз салық практикасының алдын алу мақсатында диалогты нығайтады және тәжірибе алмасады.

      2. Осы Келісімде ешбір ереже салық салу мәселелері бойынша қандай да бір халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді. Осы Келісім мен кез келген салық конвенциясы арасында алшақтықтар болған жағдайда, осындай алшақтыққа қолданылатын салық конвенциясының шарттары басымдыққа ие болады. Егер қандай да бір сәйкессіздіктің бар-жоғы туралы мәселе туындаса, құзыретті органдар мұндай салық конвенциясына сәйкес кез келген сәйкессіздіктің болуын және дәрежесін айқындауға тиіс.

      3. Осы баптың мақсаттары үшін "салық салу мәселелері бойынша халықаралық шарттар" қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерді немесе салық салу туралы кез келген өзге де халықаралық келісімді немесе шартты немесе салық мәселелері туралы тиісті ақпарат алмасуды білдіреді.

4-ТАРАУ

Статистикалық ақпарат саласындағы ынтымақтастық

203-бап

      Тараптар ресми статистикалық ақпаратты жинау мен таратуды қоса алғанда, статистикалық әдістер мен практиканы үйлестіруге жәрдемдеседі. Статистикалық ақпарат саласындағы ынтымақтастық білім алмасуға, озық тәжірибені көтермелеуге және БҰҰ ресми статистикасының негізгі қағидаттарын және ресми статистика саласындағы халықаралық стандарттарды құрметтеуге назар аударады.

      Ұлыбритания осы мақсатқа, қажет болған кезде, Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету арқылы қол жеткізуге ықпал етеді.

5-ТАРАУ

Энергетика саласындағы ынтымақтастық

204-бап

      Тараптар энергетикалық қауіпсіздікті, тиімділікті, орнықтылықты және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында энергетика мәселелері жөніндегі өздерінің ағымдағы ынтымақтастығын нығайтуды жалғастырады. Осы ынтымақтастық жан-жақты әріптестікке негізделеді және нарықтық экономика қағидаттарына және осы саладағы қолданыстағы көпжақты және екіжақты шарттарға сәйкес өзара мүдде, өзара тең қатынастар, ашықтық және болжамдылық қағидаттарын басшылыққа алады.

205-бап

      Ынтымақтастық, өзгелермен қатар, мынадай салаларды:

      (a) энергетикалық стратегиялар мен саясаттарды іске асыру, энергия өнімдері үшін жаһандық нарықтық жағдайларға қатысты болжамдар мен сценарийлерді әзірлеу, сондай-ақ энергетикалық сектордағы статистикалық жүйені жетілдіру;

      (b) тартымды және тұрақты инвестициялық ахуал құру және энергетика саласындағы өзара инвестицияларды кемсітпейтін және ашық негізде көтермелеу;

      (c) Тараптар арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты қолдау үшін Еуропа инвестициялық банкімен, Еуропа қайта құру және даму банкімен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен және құралдармен тиімді ынтымақтастық;

      (d) VI бөлімнің 3-тарауына (Зерттеулер мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық) сәйкес ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту және энергияның тиімді және эқологиялық қауіпсіз технологияларға ерекше назар аудара отырып, энергетикалық технологияларды дамыту туралы ақпарат алмасу;

      (e) Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания жоғары оқу орындарындағы мамандандырылған курстарының тыңдаушыларымен алмасуға жәрдемдесу арқылы энергетикалық секторда, өзгелерімен қатар, басқарушы кадрларды даярлау және техникалық даярлау, сондай-ак озық практикаға сәйкес бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

      (f) көпжақты энергетикалық форумдар, бастамалар мен ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейту;

      (g) білім және тәжірибе алмасудағы, сондай-ақ инновациялық технологияларды берудегі, оның ішінде басқару және энергетикалық технология саласындағы ынтымақтастық салаларын қамтуы мүмкін.

206-бап

Көмірсутекті энергетика

      Көмірсутекті энергетика саласындағы ынтымақтастық мынадай салаларды қамтиды:

      (a) энергетика көздерін, өнім берушілерді, көлік маршруттары мен тасымалдау әдістерін әртараптандыруға бағытталған инфрақұрылымды қоса алғанда, нарықтық қағидаттарға сәйкес ортақ мүддені білдіретін қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен кеңейту және болашақтағы энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жаңа өндірістік қуаттар құру және энергетикалық, оның ішінде электр энергетикалық инфрақұрылымның тұтастығын, тиімділігін, қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      (b) озық тәжірибеге сәйкес бәсекеге қабілетті, ашық және кемсітпейтін энергетикалық нарықты реттеуші реформалар арқылы дамыту;

      (c) энергия ресурстарына сұраныстың кемсітпейтін негізде қоршаған ортаға тигізетін әсері мен қатерін барынша азайта отырып, болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, энергия тасымалдаушылар саудасының ұзақ мерзімді тұрақтылығын және қауіпсіздігін жақсарту мен нығайту;

      (d) энергетикалық секторда, оның ішінде өндіру, жасау, бөлу және тұтыну кезінде қоршаған органы қорғаудың жоғары деңгейіне және орнықты дамуға жәрдемдесу;

      (e) аварияларды болдырмау, авариядан кейінгі талдау, оған ден қою саясаты және салдарларын жою тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ апат болған жағдайда жауапкершілік және заң практикасы мәселелері бойынша озық тәжірибемен алмасу арқылы теңіздегі барлау және көмірсутектердегі өндіру қауіпсіздігін нығайту.

207-бап

Жаңартылатын энергия көздері

      Ынтымақтастық мына салаларда:

      (a) сертификаттау және стандарттау бойынша, сондай-ақ технологиялық даму бойынша ынтымақтастықты қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін экономикалық және эқологиялық тұрғыдан негіздеп дамытуда;

      (b) болашақ энергиясын және жасыл экономиканы құру үшін озық тәжірибені енгізу мақсатында қазақстандық және британдық мекемелер, зертханалар және жеке сектор кәсіпорындары арасындағы алмасуларға оның ішінде бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жәрдемдесуде;

      (c) бірлескен семинарлар, конференциялар және оқыту бағдарламаларын өткізуде, тұрақты негізде ашық қолжетімді ақпаратпен және ресми статистикалық ақпаратпен, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы ақпарат алмасуда жүзеге асырылуы мүмкін.

208-бап

Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу

      Көмір саласында, ілеспе газды жағу (және ілеспе газды пайдалану) кезінде, сондай-ақ ғимараттарда, электр аспаптары мен көліктерді пайдалану кезінде, энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді ілгерілетудегі ынтымақтастық, өзгелермен қатар;

      (a) энергия тиімділігі жөніндегі саясат, заңнамалық және нормативтік құқықтық базалар мен іс-қимыл жоспарлары туралы ақпарат алмасу;

      (b) энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласында тәжірибе және ноу-хау алмасу ға жәрдемдесу;

      (c) энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласындағы инновациялық технологиялар мен шешімдерді енгізу үшін жобаларға, оның ішінде көрсету жобаларына бастама жасау және оларды іске асыру;

      (d) осы баптың мақсаттарына қол жеткізу мақсатында энергия тиімділігі саласындағы оқу бағдарламалары мен оқу курстары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

6-ТАРАУ

Көлік саласындағы ынтымақтастық

209-бап

      Тараптар:

      (a) орнықты көлік жүйелерін дамытуға ықпал ету мақсатында көлік саласындағы ынтымақтастықты кенейту және нығайту;

      (b) көлік жүйелерінің әлеуметтік және эқологиялық аспектілеріне ден қою;

      (c) тиімді, қауіпсіз және сенімді көлік операцияларын ілгерілету;

      (d) өз аумақтары арасындағы негізгі көлік байланыстарын нығайту салаларында ынтымақтасады.

210-бап

      Осы тарауда аталған ынтымақтастық, өзгелерімен қатар, мынадай салаларды:

      (а) көлік саясаты бойынша озық тәжірибе алмасуды;

      (b) жолаушылар мен жүктердің қозғалысын жақсартуды, неғұрлым тығыз нарықтық ықпалдасуға қол жеткізу мақсатында әкімшілік, техникалық және басқа да кедергілерді жою арқылы көлік ағынын арттыруды, көлік желілерін жақсартуды және инфрақұрылымды жаңғыртуды;

      (c) ақпарат алмасуды және өңірлік және халықаралық деңгейдегі бірлескен қызметті және қолданылатын халықаралық келісімдер мен конвенцияларды орындауды;

      (d) теңіз көлігінің қауіпсіздігі және орнықты дамуы бойынша озық тәжірибе алмасуды қамтиды.

211-бап

      Осы тарауда қамтылатын мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізілуі мүмкін.

7-ТАРАУ

Қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық

212-бап

      Тараптар қоршаған органы қорғау саласындағы орнықты дамуға және тиісінше басқаруға жәрдемдесе отырып, қоршаған орта мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады және нығайтады.

      Ынтымақтастық:

      (a) қоршаған ортаға байланысты бағалау, мониторинг және бақылау;

      (b) қоршаған органы қорғау саласында білім беру және хабардарлығын арттыру, ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуын кеңейту және қоршаған орта мәселелері бойынша сот төрелігіне қол жеткізу;

      (c) қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама;

      (d) ауаның сапасы;

      (e) қалдықтарды басқару;

      (f) теңіз ортасын қоса алғанда, су сапасын басқару;

      (g) озық су үнемдеуші технологияларды ілгерілетуді қоса алғанда, су ресурстарын ықпалдасып басқару;

      (һ) биологиялық және ландшафтық әралуандылықты сақтау және қорғау;

      (i) орман шаруашылығын тұрақты басқару;

      (j) өнеркәсіптік ластану және өнеркәсіптік шығарындылар;

      (k) химикаттарды сыныптау және қауіпсіз басқару;

      (l) Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның жасыл экономика саласындағы бастамалары және

      (m) балық шаруашылығын орнықты дамыту саласындағы саясатпен байланысты өзара тәжірибе алмасу салаларында жүзеге асырылады.

213-бап

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық Тараптардың өзара келісуі бойынша, өзгелерімен қатар:

      (a) технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеу қызметі;

      (b) қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы және әдіснамаларды жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу нысандарында жүзеге асырылады.

214-бап

      1. Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті көпжақты келісімдер шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін іске асыруға және ол бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударады және ынтымақтастықты нығайтуға келіседі.

      2. Тараптар қоршаған ортаны коргау саласындағы озық тәжірибе алмасуды, білім деңгейі мен құзыреттілікті, білім беруді арттыруды және осы тарауда аталған салаларда хабардар болуды арттыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны басқа секторларға интеграциялауға жәрдемдесу ісінде тәжірибе алмасады.

8-ТАРАУ

Климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық

215-бап

      Тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрес және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ынтымақтастықты дамытады және нығайтады. Ынтымақтастық теңдік пен өзара пайда негізінде Тараптардың мүдделері ескеріле отырып және осы саладағы екіжақты және көпжақты міндеттемелер арасында орын алған өзара тәуелділік назарға алына отырып жүзеге асырылады.

216-бап

      Ынтымақтастық ұлттық және халықаралық деңгейдегі, оның ішінде:

      (a) климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету;

      (b) климаттың өзгеруіне бейімделу;

      (c) климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге нарықтық және нарықтык емес тәсілдер;

      (d) жаңа, қауіпсіз және тұрақты төмен көміртекті және бейімделу технологияларын зерттеу, әзірлеу, көрсету, өндіру және тарату;

      (e) климаттың өзгеруі саласында сараптамалық білімдермен алмасу және басқа секторларды қолдау;

      (f) хабардарлықты арттыру, білім беру және оқыту салаларындағы шараларға ықпал етеді.

217-бап

      Тараптар, өзгелермен қатар, неғұрлым таза технологиялар бойынша ақпаратпен және сараптамалық біліммен алмасады, өңірлік және халықаралық деңгейлерде, оның ішінде Тараптарға қолданылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы сияқты көпжақты табиғат қорғау келісімдеріне байланысты бірлескен қызметті және қолданылуына қарай, тиісті агенттіктер шеңберінде бірлескен қызметті жүзеге асырады.

9-ТАРАУ

Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық

218-бап

      1. Тараптар өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін одан әрі әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін пәрменді ынталарды және қолайлы жағдайларды дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады және нығайтады.

      2. Осы мақсатта Тараптар озық тәжірибе және практика алмасу арқылы мынадай:

      (a) ресурстарды пайдаланудың өнімділігі мен тиімділігі;

      (b) ДСҰ және Тараптардың басқа да қолданылатын қағидалары талаптарына негізделген енеркәсіп салаларын мемлекеттік қолдау шаралары;

      (c) интеграцияны тереңдету жағдайында өнеркәсіптік саясатты іске асыру;

      (d) өнеркәсіп саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру құралдары;

      (e) өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділік, оның энергия тұтынуын төмендету, сондай-ақ еңбек өнімділігі саясатын іске асыру саласында тәжірибе алмасу;

      (f) жаңа өндірістік технологияларды дамыту, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын қалыптастыру және білім мен технологиялар беру үшін, сондай-ақ инновациялық кластерлерге арналған негізгі инфрақұрылым мен қолайлы жағдайларды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау;

      (g) өзара түсіністік пен ашықтықты ілгерілету, іскерлік ортаны жақсарту мақсатында тау-кен өндіру өнеркәсібі мен шикізат материалдары өндірісіндегі инвестиция мен сауда және энергетикалық емес өндіруші өнеркәсіп саласында, атап айтқанда, металл кені мен өнеркәсіптік минералдар өндіру бойынша ақпарат алмасу мен ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

      (h) өңдеуші өнеркәсіптегі адам ресурстарының әлеуетін арттыру;

      (i) Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның кәсіпорындары арасындағы іскерлік бастамалар мен өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету секторларында ынтымақтасады.

      3. Осы Келісім Тараптар арасында өнеркәсіп саласындағы неғұрлым кең ынтымақтастықты Тараптар жоққа шығармайды, бұл туралы жекелеген уағдаластықтар жасалуы мүмкін.

10-ТАРАУ

Шағын және орта кәсіпорындар саласындағы ынтымақтастық

219-бап

      Тараптар шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) табысты дамуы мен құрылуына ықпал ететін іскерлік ортаны дамытуға жәрдемдесу мақсатында ШОК саласындағы ынтымақтастықты дамытады және нығайтады.

      Тараптар осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай:

      (a) ШОК-ты дамыту саласындағы саясат туралы ақпарат алмасу;

      (b) кәсіпкерлікті негізгі дағдылардың бірі ретінде нығайтатын бастамалар бойынша озық тәжірибе алмасу;

      (c) екі Тараптың да бизнес-қауымдастықтары арасында неғұрлым тығыз диалог арқылы неғұрлым тиімді байланыстарға жәрдемдесу;

      (d) халықаралық нарыққа қол жеткізу үшін ШОК-тың әлеуетін қолдау бойынша тәжірибе алмасу;

      (e) нормативтік құқықтық базаның ШОК-қа ықпал етуін жақсарту саласында тәжірибе алмасу;

      (f) ШОК үшін қаржыландыруға қол жеткізу бойынша озық тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтасады.

11-ТАРАУ

Компаниялар туралы заңнама саласындағы ынтымақтастық

220-бап

      1. Тараптар болжамды және ашық бизнес ортасы бар нарықтық экономиканың жұмыс істеуі жағдайында компаниялар және корпоративтік басқару туралы заңнама саласындағы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудит аясындағы қағидалардың және практиканың тиімді жиынтығының маңыздылығын таниды және осы саладағы реттемелік жақындасуға жәрдемдесудің маңыздылығын атап көрсетеді.

      2. Тараптар мынадай:

      (a) ұйым және тіркелген компаниялардың өкілдігі туралы ақпараттың болуын және осындай ақпаратқа айқын және жеңіл тәсілмен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында озық тәжірибе алмасу;

      (b) халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес корпоративтік басқару саясатын одан әрі дамыту;

      (c) листингтік компаниялардың шоғырландырылған есептілігі үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) енгізуге және дәйекті қолдануға жәрдемдесу;

      (d) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қағидаларын, оның ішінде ШОК-қа қатысты жақындастыру;

      (e) аудитор мен бухгалтер кәсіптерін реттеу және қадағалау;

      (f) кәсіби ұйымдардың, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың стандарттар мен әдеп нормаларын сақтауы арқылы аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында аудиттің халықаралық стандарттары мен Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының (БХФ) әдеп кодексі мәселелері бойынша ынтымақтасады.

12-ТАРАУ

Банк ісі, сақтандыру және басқа да қаржылық көрсетілетін қызметтер саласындағы ынтымақтастық

221-бап

      1. Тараптар тиімді заңнама мен практиканың маңыздылығына қатысты келісімін білдіреді және қажет болған кезде:

      (a) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жетілдіру;

      (b) инвесторлар мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды тиімді және тиісінше қорғауды қамтамасыз ету;

      (c) жаһандық қаржы жүйесінің тұрақтылығына және тұтастығына жәрдемдесу;

      (d) реттеуші және қадағалау органдарын қоса алғанда, қаржы жүйесінің әртүрлі қатысушылары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету;

      (e) тәуелсіз және тиімді қадағалауға жәрдемдесу мақсатында қаржылық көрсетілетін қызметтер саласында ынтымақтасады.

      2. Тараптар тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз ету мақсатында танылған халықаралық стандарттарға реттеушілік тұрғыдан жақындастыруға жәрдемдеседі.

13-ТАРАУ

Ақпараттық қоғам саласындағы ынтымақтастық

222-бап

      Тараптар ақпараттық және коммуникациялық технологияларға (АКТ) кеңінен қол жеткізу және қолжетімді бағалармен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту арқылы азаматтар мен кәсіпорындар игілігіне арналған ақпараттық қоғамды дамыту бойынша ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Бұл ынтымақтастық АКТ нарығындағы бәсекелестікті дамытуға және оның ашықтығына жәрдемдесуге, сондай-ақ осы секторға инвестициялар тартуға бағытталған.

223-бап

      Ынтымақтастық, өзгелермен қатар, мыналарға:

      (a) АКТ секторы үшін тиімді нормативтік құқықтық базаны дамытуға;

      (b) кеңжолақты қолжетімділікті дамытуға;

      (c) үйлесімді электрондық көрсетілетін қызметтерді дамытуға;

      (d) деректерді қорғауды қамтамасыз етуге; және

      (e) роуминг қызметін дамытуға бағытталған ақпараттық қоғамның бастамаларын іске асыру бойынша ақпарат және озық тәжірибе алмасуды қамтиды.

224-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасындағы және Ұлыбритания АКТ, оның ішінде электрондық коммуникациялар саласындағы реттеушілер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

14-ТАРАУ

Туризм саласындағы ынтымақтастық

225-бап

      Тараптар туристік сектордағы экономикалық өсудің, әлеуетті нығайтудың, жұмыспен қамту және алмасудың генераторы ретінде бәсекеге қабілетті және орнықты туристік саланы дамытуды күшейту мақсатында туризм саласында ынтымақтасады.

226-бап

      Ынтымақтастық мынадай:

      (a) жергілікті, атап айтқанда, ауылдық аудандардағы қоғамдастықтардың тұтастығы мен мүдделерін құрметтеу;

      (b) мәдени және тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығы; және

      (c) туризм мен қоршаған ортаны сақтау арасындағы онды өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделеді.

227-бап

      Тараптар мынадай:

      (a) ақпарат, озық тәжірибе, практика және ноу-хау, оның ішінде инновациялық технологиялар бойынша алмасу;

      (b) туризмді орнықты дамытуды қолдау үшін мемлекеттік және жеке сектор мен қоғам өкілдері арасында стратегиялық әріптестік орнату;

      (c) туристік өнімдер мен нарықтарды, инфрақұрылымды, адам ресурстар мен институционалдық құрылымдарды ілгерілету және дамыту, сондай-ақ туристік көрсетілетін қызметтер үшін кедергілерді анықтау және оларды жою;

      (d) тиісті құқықтық, әкімшілік және қаржылық аспектілерді қоса алғанда, тиімді саясат пен стратегияны әзірлеу және іске асыру;

      (e) қызмет көрсету стандарттарын арттыру үшін туризм саласында оқыту және әлеуетті арттыру; және

      (f) туризмді және туризмнің басқа да түрлерін жергілікті халықты тарта отырып, тұрақты негізде дамыту және ілгерілету тақырыптарына назар аударады.

15-ТАРАУ

Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық

228-бап

      Тараптар ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында ынтымақтасады.

229-бап

      Ынтымақтастық, өзгелерімен қатар, мынадай:

      (a) ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту саясатының өзара түсіністігіне жәрдемдесу;

      (b) ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту саясатын жоспарлау, бағалау және іске асыру бойынша озық тәжірибе алмасу;

      (c) ауыл тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін ауылдық аумақтарды дамыту саясатына қатысты білім мен озық тәжірибе алмасу;

      (d) ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғыртуға және оның тұрақты болуына жәрдемдесу;

      (e) ауыл шаруашылығы секторының бәсекеге қабілеттілігі мен нарықтардың тиімділігін және ашықтығын арттыру;

      (f) ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің географиялық нұсқаулары бойынша, сапа саясаты мен оны бақылау тетіктері бойынша, тамақ өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және ауыл шаруашылығының органикалық өнімдерінің өндірісін дамыту бойынша тәжірибе алмасу;

      (g) білім тарату және ауыл шаруашылығы өндірушілерін жаңа әдістерге оқытуға жәрдемдесу;

      (h) агроөнеркәсіптік инвестициялық жобалардағы, атап айтқанда, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға байланысты ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

      (i) агроөнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен бөлуге байланысты саясат бойынша тәжірибе алмасу салаларын қамтиды.

16-ТАРАУ

Жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, әлеуметтік саясат және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық

230-бап

      Тараптар диалогті дамытуға жәрдемдеседі және ХЕҰ-ның Лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы күн тәртібін, жұмыспен қамту, өмір сүру және еңбек жағдайлары, денсаулық сақтау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік, әлеуметтік диалог, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік инклюзивтілік, кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ екінші Тараптың аумағында заңды тұратын және жұмыс істейтін қызметкерлерге әділ қарым-қатынас жасау саласындағы саясатты ілгерілетуде ынтымақтасады.

231-бап

      Тараптар 232-бапта көрсетілген мақсаттарға, мынадай:

      (a) өмір сүру сапасын арттыру және үздік әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету;

      (b) барлық қызметкерлер үшін әлеуметтік инклюзивтілік пен әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру және сапа, қолжетімділік пен қаржылық тұрақтылық тұрғысынан әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту;

      (c) кедейлікті азайту, әлеуметтік топтасуды арттыру және халықтың әлсіз топтарын қорғау;

      (d) әрбір Тараптың халықаралық стандарттардан және конвенциялардан туындайтын міндеттемелеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелердегі кемсітушілікке қарсы күресу;

      (e) еңбек нарығындағы белсенді шараларға жәрдемдесу және жұмыспен қамту қызметінің тиімділігін арттыру;

      (f) еңбек жағдайлары лайықты, жаңа және неғұрлым сапалы жұмыс орындарын құру;

      (g) өмір сүру және еңбек жағдайларын, сондай-ақ жұмыс орнында денсаулық сақтау мен қауіпсіздік деңгейін жақсарту;

      (һ) әйелдердің әлеуметтік және экономикалық өмірге қатысуына жәрдемдесу және жұмыспен қамту, білім беру, кәсіптік оқыту, экономика, қоғамдық өмір саласында және шешімдер қабылдау процесінде ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы гендерлік теңдікті нығайту;

      (і) еңбек заңнамасының сапасын арттыру және қызметкерлердің жақсы қорғалуын қамтамасыз ету;

      (j) әлеуметтік диалогті кеңейту және ілгерілету мәселелерін ынтымақтастық және тәжірибе алмасу арқылы да қол жеткізуте ұмтылады.

232-бап

      1. Тараптар ұстануға келісімін берген және күшіне енген ХЕҰ конвенцияларын тиімді орындау жөніндегі өз міндеттемелерін тағы да растайды.

      2. Тараптар 2006 жылғы БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің Жұмыспен толық және өнімді қамту мен баршаға арналған лайықты жұмыс мәселелері бойынша министрлік декларациясын назарға ала отырып, жұмыспен толық және өнімді қамту мен баршаға арналған лайықты жұмыс тұрақты дамудың негізгі элементтері болып табылатынын мойындайды.

      3. Тараптар 1998 жылғы ХЕҰ-ның Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясына сәйкес барлық мүдделі тараптардың, атап айтқанда, әлеуметтік әріптестерді тиісті әлеуметтік саясатын әзірлеуге және осы Келісім бойынша Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастыққа қатысуын көтермелейді.

      4. Тараптар барлық тиісті форумдар мен ұйымдар шеңберінде лайықты жұмыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіреді.

17-ТАРАУ

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

233-бап

      Тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты Тараптардың ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес дамытады.

234-бап

      Ынтымақтастық инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде денсаулық сақтау саласында ақпарат алмасу, "барлық стратегиядағы денсаулық" тәсілін ілгерілету, халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық және 2003 жылғы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы, Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар және Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Астана декларациясы сияқты денсаулық сақтау саласындағы халықаралық келісімдерді жүзеге асыруға жәрдемдесу арқылы, алдын алуды және оларға қарсы күресті қамтамасыз етуге бағытталады.

V БӨЛІМ

ЕРКІНДІК, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 235-бап

Заң үстемдігі және адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерді құрметтеу

      1. Тараптар осы Бөлім бойынша өз ынтымақтастығында сот органдарының тәуелсіз болуын, сот төрелігіне қол жеткізуді және әділ сот талқылауына құқықты қоса алғанда, заң үстемдігі қағидатын ілгерілетуте, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеуге ерекше мән береді,

      2. Тараптар институттардың жұмыс істеуін күшейту, оның ішінде заңдарды орындалуын, сот қудалауы, сот төрелігін іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың, алдын алу және оған қарсы күрес саласында ынтымақтасады.

236-бап

Құқықтық ынтымақтастық

      1. Тараптар келіссөздерге, азаматтық сот ынтымақтастығы жөніндегі тиісті көпжақты конвенцияларды және атап айтқанда, Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының конвенциясын ратификациялау мен орындауға қатысты азаматтық және коммерциялық істер бойынша ынтымақтастықты дамытады.

      2. Тараптар қылмыстық-құқық саласында, оның ішінде өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерінде ынтымақтастықты күшейтеді. Мұндай ынтымақтастық Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылу және оларды орындау, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға, БҰҰ-ның тиісті халықаралық құжаттарын орындауы жөніндегі бастамаларын Ұлыбританияның қолдауын және Еуроәділетпен ынтымақтастықты қамтуы мүмкін.

237-бап

Ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету

      Тараптар ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін еуропалық және халықаралық құқықтық құжаттар мен стандарттарды назарға ала отырып, озық тәжірибе мен практика алмасу арқылы ынтымақтасады.

      Мұндай ынтымақтастық орынды болған жағдайларда және қолданылатын рәсімдер сақталған кезде Дербес деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына және оған Қосымша хаттамаға Қазақстан Республикасының қосылуы мен оны Қазақстан Республикасының орындауын қамтуы мүмкін.

238-бап

Көші-қон, баспана және шекараларды басқару саласындағы ынтымақтастық

      1. Тараптар өздері мән беріп отырған көші-қон ағындарын басқарудың маңыздылығын растайды. Ынтымақтастық Тараптар арасындағы өзара консультацияларға негізделеді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Тараптар азаматтардың мобильдігін арттыруға тырысады және тиісінше басқарылатын және қауіпсіз мобильдігін жағдайлары болған кезде азаматтардың саяхаттау мен бір-бірінің елдеріне баруын жеңілдетуге біртіндеп қадамдар жасайды.

239-бап

Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес

      Тараптар өздерінің қаржылық және тиісті қаржылық емес секторларын тұтастай қылмыстық әрекеттен де, атап айтқанда, есірткімен байланысты қылмыстардан түскен кірісті жылыстату үшін, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануды болғызбау мақсатында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы қабылдаған қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастық қылмыстық кірістен алынған активтер немесе қаражат өтелген, оларға тыйым салынған, олар тәркіленген және қайтарылғанға дейін жалғасады.

      Ынтымақтастық Тараптардың тиісті заңнамасы мен халықаралық міндеттемелері шеңберінде тиісті ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

240-бап

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес

      Тараптар есірткімен байланысты мәселелерге, атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттар, жаңа психоактив заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы мәселелеріне теңгерімді және интеграцияланған тәсіл бойынша ынтымақтасады. Есірткіге қарсы күрес саласындағы саясат пен әрекет тыйым салынған есірткінің заңсыз айналымын, оны жеткізуді және оларға деген сұранысты қысқартуға, алдын aлy шараларын кеңейтуге, адам құқықтарын тиісінше ескере отырып, емдеу мен сауықтыруға бағытталған құзыретті органдар арасындағы үйлестіру мен күшейтілген ынтымақтастықты кеңейту арқылы тыйым салынған есірткіні, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын жеткізуге және оларға деген сұранысқа қарсы күрес бойынша құрылымдарды күшейтуге бағытталған.

      Ынтымақтастық есірткімен байланысты зиянды азайтуға, синтетикалық есірткілерді шығаруға және пайдалануға қарсы күреске және есірткіні психотроптық заттарды және жаңа психоактив заттарды заңсыз дайындау кезінде пайдаланылатын прекурсорлар ағынын тиімді түрде болғызбауға қол жеткізуге де бағытталады.

      Тараптар осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық әдістері бойынша келіседі. Әрекеттер олардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

241-бап

Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

      1. Тараптар, контрабанданы және адам саудасын, есірткінің заңсыз айналымын, заңсыз қару саудасын, жымқыруды, алаяқтықты, контрафакцияны, құжаттарды қолдан жасауды және мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, ұйымдасқан, экономикалық, қаржылық және трансұлттық қылмыстық әрекеттің барлық нысанының алдын алу және оларға қарсы күресу мақсатында осы саладағы өздерінің қолданыстағы халықаралық міндеттемелерін толық орындау арқылы ынтымақтасады.

      2. Тараптар құқық қорғау органдары арасындағы екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде Ұлыбритания агенттіктерімен озық тәжірибе алмасуға және болуы мүмкін ынтымақтастыққа ықпал етеді.

      3. Тараптар тиісті халықаралық стандарттарды, атап айтқанда, 2000 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясында (БҰҰТҰҚК) және оның үш Хаттамасын және 2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясында бекітілген стандарттарды тиімді орындауға міндеттенеді. Ынтымақтастық өз кезегінде тиісті рәсімдерді қабылдануын қамтуы мүмкін. Бұл, қажет болған жағдайда, қолданылатын рәсімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі тиісті құжаттарына қосылуын және олардың орындауын қарастыруы мүмкін.

242-бап

Киберқылмысқа қарсы күрес

      Тараптар коммуникациялық желілерді және ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып немесе осындай желілер мен жүйелерге қарсы жасалған қылмыстық әрекеттердің алдын алу және оған қарсы күресу мақсатында ынтымақтастуды озық тәжірибе алмасу арқылы күшейтеді.

VІ БӨЛІМ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСҚА ДА БАҒЫТТАРЫ

1-ТАРАУ

Білім беру және оқыту саласындағы ынтымақтастық

243-бап

      Тараптар халықаралық стандарттар мен озық тәжірибені қоса алғанда, тәжірибе мен ақпарат алмасу арқылы білім, ғылым және кәсіптік даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді.

2-ТАРАУ

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық

244-бап

      1. Тараптар өзара түсінісу және өздерінің тиісті мәдениетін білуді жақсарту үшін мәдени әралуандылықты құрметтейтін мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

      2. Тараптар мәдени алмасуларға жәрдемдесу және әр түрлі мәдени салалардағы бірлескен бастамаларды көтермелеу үшін тиісті шаралар қабылдауға ұмтылады.

      3. Тараптар көпжақты халықаралық шарттар және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде консультациялар жүргізеді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытады. Тараптар, өзгелерімен қатар, 2005 жылғы ЮНЕСКО-ның өзін-өзі мәдени таныту әралуандығының нысандарын қорғау және көтермелеу туралы конвенциясының қағидаттарын ілгерілету мақсатында мәдени әралуандық мәселелері бойынша да пікір алмасады.

      4. Тараптар бірлескен қызметке, бағдарламалар мен жоспарларға, сондай-ақ мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, шығармашылық қызметкерлерін оқыту және олардың әлеуетін нығайту саласында озық тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі.

3-ТАРАУ

Зерттеулер және инновациялар саласындағы ынтымақтастық

245-бап

      Тараптар:

      (a) өзара пайда негізінде және зияткерлік меншік құқықтарын тиісінше және тиімді қорғау жағдайында азаматтық зерттеулер мен ғылыми-технологиялық дамудың барлық салаларындағы; және

      (b) инновацияларды дамытуды ынталандыру мақсатында ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

246-бап

      Ынтымақтастық:

      (a) саясат жөніндегі диалогті және ғылыми және технологиялық ақпарат алмасуды;

      (b) технологиялық бизнес-стартаптарды, кластерлік дамуды және қаржыландыруға қолжетімділікті қолдау құралдарын қоса алғанда, инновацияларға және зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыруға қатысты ақпарат және озық тәжірибе алмасуды;

      (c) әрбір Тараптың тиісті зерттеу және инновациялық бағдарламаларына барабар қол жеткізуін жеңілдетуді;

      (d) зерттеулер және инновациялар саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу мен ілгерілетуді;

      (e) бірлескен зерттеу және инновациялық жобалардың нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесуді;

      (f) Тараптардың ішкі нарығына жаңа технологиялардың енуін жеңілдетуді;

      (g) ғалымдар, зерттеушілер және екі Тараптың зерттеу және инновациялық қызметіне қатысатын басқа да қызметкерлері үшін оқыту және ұтқырлық бағдарламалар ұйымдастыруды;

      (h) қолданылатын заңнама шеңберінде осы Келісім қамтитын қызметке қатысатын зерттеушілердің еркін жүріп-тұруына, сондай-ақ осындай қызметте пайдалануға арналған тауарлардың трансшекаралық өткізілуіне жәрдемдесуді;

      (i) зерттеулер мен инновациялар саласындағы, оның ішінде өзара келісу негізінде өнірлік тәсілдер мен бастамалар арқылы ынтымақтастықтың басқа да нысандарын қамтиды.

247-бап

      246-бапта айтылған ынтымақтастық бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде оны 256 және 257-баптарда айтылған Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы қаржылық ынтымақтастықтың неғұрлым кең шеңберінде жүргізілетін өңірлік және басқа да қызметпен біріктіруге ұмтылу керек.

4-ТАРАУ

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы және дыбыс-бейне аясындағы ынтымақтастық

248-бап

      Тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы және дыбыс-бейне аясындағы, оның ішінде ақпарат алмасу және журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары, кино саласындағы және дыбыс-бейне аясындағы басқа да қызметкерлерді оқыту арқылы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

249-бап

      Тараптар қолданылуына қарай ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесінің конвенцияларын қоса алғанда, қолданылатын халықаралық конвенцияларда айқындалған стандарттардың негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіз және кәсіби болуына жәрдемдесу бойынша ақпарат және озық тәжірибе алмасуды жүзеге асырады,

5-ТАРАУ

Азаматтық қоғам ынтымақтастығы

250-бап

      1. Тараптар кездесулер мен консультациялар нысанында диалогті нығайтуды жалғастырады және мынадай:

      (a) әрбір Тараптың азаматтық қоғам өкілдеріне екінші Тарап пайдаланатын мемлекеттік институттармен және әлеуметтік әріптестермен консультациялар және диалог процестерімен танысуға мүмкіндік бере отырып, атап айтқанда, азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатты әзірлеу процесіне одан әрі қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасында және Ұлыбританияда азаматтық қоғамның барлық секторлары арасындағы байланыстарды нығайту мен ақпарат және тәжірибе алмасу;

      (b) азаматтық қоғамның Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы қатынастарға, атап айтқанда, осы Келісімді орындауға қатысуын қамтамасыз ету;

      (c) азаматтық қоғамда әлеуетті, тәуелсіздік пен ашықтықты барынша арттыруға жәрдемдесу және оның Тараптардың экономикалық, әлеуметгік және саяси дамуындағы рөлін қолдау мақсатында азаматтық қоғамның рөліне қатысты ынтымақтасады.

      2. Тараптар Қазақстан Республикасының және Ұлыбританияның үкіметтік емес ұйымдары арасында қатынастар орнатуды қолдайды.

      3. Тараптар адам құқықтары саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті институттар мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдайды және ынтымақтастық бағдарламалары туралы қажетті ақпарат алмасады. Тараптар ынтымақтастық бағдарламалары туралы кем дегенде жылына бір рет ресми түрде қажетті ақпарат алмасады.

      Жоспарланған және жүзеге асырылатын бағдарламалардың, жобалардың және екі елдегі тиісті мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарға Тараптар көрсететін басқа да қолдаудың тақырыптары Қазақстан Республикасында және Ұлыбританияда азаматтық қоғамды дамыту бойынша тиісті стратегиялық құжаттарда жазылған тұжырымдаманы толықтыруға тиіс.

6-ТАРАУ

Спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастық

251-бап

      Тараптар халықтың барлық жастағы топтары арасында саламатты өмір салтын дамытуға жәрдемдесу, спорттың әлеуметтік функциялары мен білім беру құндылықтарын қолдау және допинг, нәсілшілдік және зорлық-зомбылық сияқты спортқа төнетін қауіптерге қарсы күресу мақсатында спорт пен дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Ынтымақтастық, атап айтқанда, ақпарат және озық тәжірибе алмасуды қамтиды.

7-ТАРАУ

Азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастық

252-бап

      1. Тараптар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатерлерін өзінің аумағында да, жаһандық ауқымда да басқару қажеттігін таниды.

      2. Тараптар өз қоғамдары мен инфрақұрылымдарының орнықтылығын арттыру мақсатында өздерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардабын жеңілдету, оларға әзір болу және оларды жою жөніндегі шараларды жақсарту және тиісінше төтенше жағдайлардың қатерін жаһандық ауқымда басқару нәтижелерін жақсарту мақсатында екіжақты және көпжақты саяси деңгейде ынтымақтасу ниетін растайды.

      Ынтымақтастық қажетті ресурстар болған кезде:

      (a) азаматтық қорғау саласында қызметін жүзеге асыратын құзыретті органдардың, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардың арасындағы өзара іс- қимылды;

      (b) егер қажет болса, төтенше жағдайлар кезінде өзара көмекті үйлестіруді;

      (c) төтенше жағдайларға әзірлік туралы халықтың хабардар болуын арттыру бойынша тәжірибе алмасуды;

      (d) азаматтық қорғау саласында және ерте хабардар ету жүйелерін пайдалану бойынша мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыру мен оларды оқытуды қолдайды.

8-ТАРАУ

Ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық

253-бап

      Тараптар, орындылығына қарай, ғарыштық технологиялар, бейбіт мақсаттағы зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Тараптар өздерінің тиісті ғарыш қызметтерін өзара толықтыруды көздейтін бастамаларға ерекше назар аударады.

254-бап

      Тараптар спутниктік навигация, Жерді бақылау, ғарыштық технологиялар, зерттеулер мен әзірлемелер саласында және басқа да салаларда Тараптардың мүдделеріне сәйкес ынтымақтаса алады.

9-ТАРАУ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық

255-бап

      Тараптар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және өздерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйелерінің үйлесімділігіне қол жеткізу мақсатында ынтымақтасады.

      Ынтымақтастық, орындылығына қарай:

      (a) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясат бойынша, оның ішінде тауарлар өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша озық тәжірибе алмасу және нарықты қадағалау жүйесін және ақпарат алмасу тетігін ұйымдастыруды;

      (b) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйелері бойынша, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен оның қолданылып, тұтыну тауарларының қауіпсіздігі, тұтынушылардың хабардар болуын арттыру, тұтынушылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін және тұтынушыларды қорғау құралдарын кеңейту бойынша тәжірибе алмасуға жәрдемдесуді;

      (c) лауазымды адамдарды және тұтынушылардың мүдделерін білдіретін басқа да адамдарды оқытуды қамтамасыз етуді;

      (d) тәуелсіз тұтынушылар ұйымдарын дамытуды және тұтынушылар өкілдерімен байланыс құруды қамтуы мүмкін.

VII БӨЛІМ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

256-бап

      Қазақстан Республикасы, егер екі Тараптар келіскен болса, осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету үшін қаржылық көмекті пайдалануы мүмкін. Кез келген қаржылық көмек осы Келісімнің келесі баптарына сәйкес ұсынылады.

      Қаржылық көмек мұндай көмектің әртүрлі түрін және оны ұсыну тәсілдерін, оның ішінде көпжақты және өңірлік ұйымдар арқылы ұсынылған көмекті қамтиды.

257-бап

      Қолжетімді ресурстарды барынша тиімді пайдалану үшін Тараптар көмектің кез келген түрін басқа да донор-елдермен, донор-ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастықта және үйлестікте қолдану үшін, сондай-ақ көмек көрсету тиімділігінің халықаралық қағидаттарына сәйкес қолдану үшін күш- жігерін салады.

258-бап

      Тараптар көмектің кез келген түрін тиімді қаржылық басқару қағидаттарына сәйкес көрсетеді және Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында ынтымақтасады. Тараптар өзгелермен қатар, осы Келісім шеңберінде өзара әкімшілік қолдау және өзара заңды қолдау арқылы алаяқтықтың, сыбайлас жемқорлықтың және кез келген басқа заңсыз әрекеттердің алдын алу және олармен күресу үшін тиімді шараларды қолданады.

VIII БӨЛІМ

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕР

259-бап

      Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы

      1. Тараптар өзара келісім бойынша белгіленген деңгейде және жиілікпен Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын қолдайды. Ол осы Келісімнің орындалуын қадағалауды және оған тұрақты тексеруді жүзеге асырады. Ол осы Келісім шеңберінде туындайтын кез келген маңызды мәселелерді және осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін өзара мүдделілікті білдіретін кез келген басқа да екіжақты немесе халықаралық мәселелерді қарайды.

      2. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін осы Келісімде көзделген жағдайларда оның шеңберінде шешімдер қабылдайды. Мұндай шешімдер қабылданған шешімдерді орындау үшін тиісті шаралар қолданатын Тараптар үшін міндетті болып табылады. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы ұсынымдар да бере алады. Ол өз шешімдері мен ұсынымдарын Тараптар өздерінің тиісті ішкі рәсімдерін аяқтағаннан кейін олардың арасында келісу бойынша қабылдайды.

      3. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының III бөлімнің (Сауда және кәсіпкерлік) кез келген тиісті ережелеріне нұқсан келтірмей, осы Келісімге қосымшаларды жаңарту немесе оларға өзгерістер енгізу бойынша өкілеттігі бар.

      4. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы Тараптар өкілдерінен тұрады.

      5. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумын Қазақстан Республикасының өкілі мен Ұлыбританияның өкілі кезек-кезекпен басқарады.

      6. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы өзінің рәсімдер қағидаларын бекітеді.

      7. Әрбір Тарап 268-бапқа сәйкес осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты кез келген дауды шешу үшін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жүгіне алады.

260-бап

      1. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы III бөлімге (Сауда және кәсіпкерлік) байланысты мәселелерді қарау үшін арнайы құрамда отырыс өткізе алады.

      2. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы арнаулы кіші комитеттерді немесе оған өз міндеттерін орындауда жәрдемдесуі мүмкін кез келген басқа да органдарды құру туралы шешім қабылдай алады және мұндай кіші комитеттердің немесе органдардың құрамын, міндеттерін және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      3. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы өз рәсім қағидаларында Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы құрған кез келген кіші комитеттің немесе органның міндеттері мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      4. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Қазақстан мен ЕО арасындағы келісім Ұлыбританияға қолданылуын тоқтатқанға дейін Қазақстан мен ЕО арасындағы келісім шеңберінде құрылған кез келген комитеттер немесе кіші комитеттер қабылдаған шешімдер осы Келісімнің Тараптарына қатысты болатындай mutatis mutandis қабылданды деп есептелетін болады және 259-бапта белгіленген Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық форумы арқылы осы Келісімнің ережелерімен реттелетін болады.

IX БӨЛІМ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

261-бап

Соттар мен әкімшілік органдарға қол жеткізу

      Осы Келісім шеңберінде әрбір Тарап екінші Тараптың жеке және заңды тұлғаларына олардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғауы үшін өзінің құзыретті соттары мен әкімшілік органдарына кемсітуден еркін түрде және өзінің жеке және заңды тұлғалары сияқты жағдайларда қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді.

262-бап

Өкілеттіктер беру

      Егер осы Келісімде өзгеше көрсетілмесе, әрбір Тарап реттеушілік, әкімшілік немесе импорттық немесе экспорттық лицензиялар немесе экономикалық қызметтің басқа да түрлерін, лицензиялар беру, коммерциялық мәселелерді мақұлдау немесе квоталарды, алымдарды немесе басқа да төлемдерді белгілеу өкілеттіктері сияқты басқарудың кез келген деңгейіндегі басқа да мемлекеттік өкілеттіктері берілген тұлға осы өкілеттіктерді орындау кезінде сол Тараптың осы Келісімде жазылған міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін қамтамасыз етеді.

263-бап

Төлем теңгеріміне және сыртқы қаржылық қиындықтарға қатысты шектеулер

      1. Егер Тарап төлем теңгеріміне байланысты елеулі қиындықтарға немесе сыртқы қаржылық қиындықтарға тап болса немесе егер олардың туындау қаупі болса, ол капитал қозғалысын, төлемдерге немесе аударымдарға әсер ететін қорғау немесе шектеу шараларын қолдануы немесе сақтауы мүмкін.

      2. 1-тармақта көрсетілген шаралар:

      (a) Тарап үшін осыған ұқсас жағдайларда Тарап болып табылмайтын мемлекеттер үшін белгіленген режимнен қолайлылығы кем емес режимді қамтамасыз етуі;

      (b) мән-жағдайларға қарай Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына сәйкес келуі;

      (c) екінші Тараптың коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне қажетсіз нұқсан келтіруді болдырмауы;

      (d) уақытша сипатта болуы және 1-тармақта көрсетілген жағдайлардың жақсаруына қарай біртіндеп қысқартылуы тиіс.

      3. Тауар саудасы жағдайында Тарап өзінің төлем теңгерімін немесе сыртқы қаржылық жағдайын қорғау үшін шектеу шараларын қабылдай алады немесе сақтай алады. Мұндай шаралар 1994 жылғы ГАТТ-қа және 1994 жылғы ГАТТ-тың Төлем теңгерімі туралы ережелердің түсінігіне сәйкес келуі тиіс.

      4. Көрсетілетін қызметтер саудасы жағдайында Тарап өзінің төлем теңгерімін немесе сыртқы қаржылық жағдайын қорғау үшін шектеу шараларын қабылдай алады. Мұндай шаралар ГАТТ-қа сәйкес келуі тиіс.

      5. 1 және 2-тармақтарда аталған шектеу шараларын қолдайтын немесе қабылдаған кез келген Тарап екінші Тарапты олар туралы дереу хабардар етеді және мүмкіндігінше қысқа мерзімде оларды жоюдың уакытша графигін ұсынады.

      6. Егер шектеулер осы бапқа сәйкес қолданылса немесе сақталса, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы шеңберінде, егер консультациялар осы Келісімнің шеңберінен тыс өткізілмейтін болса, осындай консультациялар тез арада өткізілуі тиіс.

      7. Консультацияларда, атап айтқанда:

      (a) қиындықтардың сипаты мен дәрежесі;

      (b) сыртқы экономикалық және сауда ортасы; немесе

      (c) қолжетімді болуы мүмкін балама түзету шаралары сияқты факторлар ескеріле отырып, төлем теңгерімі немесе тиісті шараларға алып келген сыртқы қаржылық қиындықтар бағалануы тиіс.

      8. Консультациялар кез келген шектеу шараларының 1 және 2-тармақтарға сәйкестігіне қатысты болуы тиіс.

      9. Мұндай консультациялар барысында Тараптар барлық статистикалық тұжырымдарды және шетелдік валютаға, ақша резервтері мен төлем теңгеріміне қатысты ХВҚ ұсынған басқа да фактілерді қабылдайды және тұжырымдар тиісті Тараптың төлем теңгерімі мен сыртқы қаржылық жағдайына ХВҚ жасаған бағалауға негізделеді.

264-бап

Қауіпсіздіктің өмірлік маңызы бар мүдделеріне байланысты шаралар

      Осы Келісімде ешнәрсе де:

      (a) кез келген Тараптан ақпараттың ашылуы өз қауіпсіздігінің өмірлік маңызы бар мүдделеріне қайшы келеді деп есептейтін қандай да бір ақпаратты ұсынуын талап ету;

      (b) кез келген Тарап өз қауіпсіздігінің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғауға қажетті деп есептейтін, оның ішінде:

      (i) қару, оқ-дәрі немесе әскери материалдар өндіруге немесе олардың саудасына байланысты;

      (ii) қарулы күштерді жабдықтау мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын экономикалық қызметке байланысты;

      (iii) ыдырайтын немесе синтездік материалдарға немесе олар алынған материалдарға байланысты;

      (iv) ұлттық қауіпсіздік үшін немесе қорғаныс мақсаттары үшін қажетті мемлекеттік сатып алуға байланысты; немесе

      (v) соғыс немесе халықаралық қатынастардағы басқа да төтенше жағдайлар кезінде қабылданған кез келген әрекетті қолдануы үшін кедергі болу;

      (c) кез келген Тараптың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылдаған міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекетті қолдануы үшін кедергі келтіретіндей түсіндірілмейді.

265-бап

Кемсітпеушілік

      1. Осы Келісімде қамтылатын салаларда және онда қамтылған жекелеген ережелерге нұқсан келтірместен:

      (a) Қазакстан Республикасы Ұлыбританияға қатысты қолданатын уағдаластықтар Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғаларының арасында қандай да бір кемсітушілікке алып келмейді;

      (b) Ұлыбритания Қазақстан Республикасына қатысты қолданатын уағдаластықтар Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының арасында қандай да бір кемсітушілікке алып келмейді.

      2. 1-тармақ Тараптардың өз салық заңнамасының тиісті ережелерін өздерінің орналасқан жеріне байланысты бірдей емес жағдайдағы салық төлеушілерге қолдану құқығына нұқсан келтірмейді.

266-бап

Салық салу

      1. Осы Келісім салық салу жөніндегі шараларға осы Келісімнің ережелерін орындау үшін қолданылуы қажет шамада ғана қолданылады.

      2. Осы Келісімде ешнәрсе де қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің, салық жөніндегі басқа келісімдердің салық жөніндегі ережелеріне немесе ұлттық салық заңнамасының ережелеріне сәйкес салық салуды болдырмаудың немесе салықтан жалтаруға жол бермеуге бағытталған кез келген шаралардың қабылдануына немесе қолданылуына кедергі ретінде түсіндірілмейді.

267-бап

Міндеттемелерді орындау

      1. Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті кез келген шараларды қолданады. Олар осы Келісімде айқындалған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2. Тараптар осы Келісімді түсіндіруге немесе орындауға және Тараптар арасындағы қатынастардың басқа да тиісті аспектілеріне қатысты кез келген мәселені талқылау үшін кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша тиісті арналар арқылы бір-бірінен жедел консультациялар алады.

      3. Әрбір Тарап осы Келісімді түсіндіруге немесе орындауға қатысты кез келген дауды 268-бапқа сәйкес Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына береді.

      4. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы дауды 270-бапқа сәйкес және міндетті болатын шешім қабылдау арқылы реттей алады.

268-бап

Дауларды реттеу

      1. Тараптардың арасында осы Келісімді түсіндіруге немесе ауытқуға қатысты дау туындаған жағдайда, кез келген Тарап екінші Тарапқа және Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына даулы мәселені шешу қажеттігі туралы ресми сұрау салуды жібереді. III бөлімді (Сауда және кәсіпкерлік) түсіндіруге немесе орындауға қатысты даулар кері тәртіппен тек III бөлімнің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауында (Дауларды реттеу) ғана реттеледі.

      2. Тараптар өзара қолайлы шешімге қысқа мерзімде қол жеткізу мақсатында, 267-бапта көзделгендей, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы шеңберінде адал ниетті консультацияларға қосылу арқылы дауды шешуге ұмтылады. Дауға қатысты консультациялар Тараптардың арасындағы келісім бойынша 260-баптың негізінде құрылған кез келген басқа тиісті кіші комитеттің немесе органның отырыстарында да өткізілуі мүмкін. Консультациялар жазбаша нысанда да өткізілуі мүмкін.

      3. Егер Тараптардың бірі дауды реттеу мақсатында ресми сұрау салу жасаса, 259-баптың ережелеріне қарамастан, Тараптар Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы шеңберінде сұрау салу жасалған кезден бастап бір ай ішінде кездеседі. Тараптар дауды қарау үшін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының құрамына екі Тараптың өкілдерін кіруін қамтамасыз етеді. Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық форумы құрамының басқа нұсқаларына нұқсан келтірмей, Тараптар Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына немесе кез келген басқа тиісті кіші комитетке немесе органға жағдайды мұқият зерделеу үшін қажетті барлық ақпаратты береді.

      4. Егер Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы 267-бапта көзделгендей, мәселені реттеу бойынша міндетті шешім қабылдаса немесе ол дау аяқталды деп жарияласа, дау шешілген болып есептеледі.

      5. Консультациялар барысында ашылған барлық ақпарат құпия болып қалады.

269-бап

Міндеттемелер орындалмаған жағдайдағы тиісті шаралар

      1. Егер 268-бапқа сәйкес дауды реттеу туралы ресми сұрау салу туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай ішінде мәселе шешілмесе және егер шағым берген Тарап екінші Тарап осы Келісім бойынша міндеттемесін орындамады деп есептесе, ол, III бөлімді (Сауда және кәсіпкерлік) түсіндіруге немесе орындауға қатысты дауларды қоспағанда, тиісті шаралар қолдануы мүмкін.

      2. Осы баптың 1-тармағынан кері тәртіппен, кез келген Тарап:

      (a) 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 60-бабы 3-тармағының мағынасы бойынша халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен санкцияланбаған осы Келісімнің күші жойылған; немесе

      (b) екінші Тарап осы Келісімнің 1 және 11-баптарында көрсетілген осы Келісімнің кез келген елеулі элементтерін бұзған жағдайда, халықаралық құқыққа сәйкес осы Келісімге қатысты тиісті шараларды дереу қолдана алады.

      Мұндай жағдайларда екінші Тарап тиісті шаралар туралы дереу хабардар етіледі. Екінші Тараптың сұрау салуы бойынша консультациялар 20 күнге дейінгі кезең ішінде жүргізіледі. Осы кезеңнен кейін шара қолданылады.

      3. Тиісті шараларды таңдау кезінде осы Келісімнің жұмыс істеуін мейілінше аз дәрежеде бұзатын және бұзушылықтың сипаты мен күрделілігіне мөлшерлес болып табылатын шараларға басымдық беріледі. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумы мұндай шаралар туралы дереу хабардар етіледі және олар бойынша дереу консультациялар өткізіледі, олардың барысында әрбір Тараптың қарастырылатын бұзушылықты жоюға құқығы бар.

270-бап

Ресми құжаттарға жұртшылықтың қол жеткізуі

      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың ресми құжаттарға жұртшылықтың қол жеткізуіне қатысты тиісті заңнамасын қолдануға нұқсан келтірмейді.

271-бап

Келісімнің күшіне енуі, уақытша қолданылуы, қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді Тараптардың аяқтағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жіберілген жазбаша хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2. III бөлімнің 7-тарауының 1-тармағына (Зияткерлік меншік) қарамастан, 65 - 76-баптар Тараптар жазбаша түрде келісілген мерзімнен бастап қана қолданады.

      3. Осы Келісім күшіне енгенге дейін Тараптар осы Келісімді Тараптардың әрқайсысы өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес толықтай немесе уақытша қолдануы туралы уағдаласа алады.

      4. 3-тармаққа сәйкес келіскен кезде осы Келісім немесе оның белгілі бір ережелері Тараптар арасында мынадай: Қазақстаннан уақытша қолдану туралы немесе ратификация туралы хабарламаны алған күні немесе Ұлыбританиядан уақытша қолдану туралы хабарламаны алған күнінен неғұрлым кеш күні уақытша қолданылады. Тараптардың хабарламаларында қандай ережелер уақытша қолданылатындығы керсетілуі тиіс.

      5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасы Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігіне немесе оның құқықтық мирасқорына, ал Ұлыбритания Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне немесе оның құқықтық мирасқорына жіберуі тиіс.

      6. Егер осы Келісім күшіне енгенге дейін ол немесе оның белгілі бір ережелері 3 және 4-тармақтарға сәйкес уақытша қолданылса, егер осы құжатта өзгеше көзделмесе, онда кез келген уақытша қолданылатын ережелердегі күшіне ену күніне жасалған барлық сілтемелер осындай уакытша қолдану күшіне енетін күніне қатысты болып есептеледі.

      7. Осы Келісім екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жіберілген жазбаша хабарлама арқылы кез келген Тараптың әрекетін тоқтату мүмкіндігімен шектелмеген мерзімге жасалады.

      (a) Егер осы Келісім күшіне енсе, оның қолданылуын тоқтату Тарап осы Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны алғаннан кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.

      (b) Егер осы Келісім немесе оның белгілі бір ережелері 3 және 4-тармақтарға сәйкес уақытша қолданылса, қолданылуын тоқтату Тарап осы Келісімнің немесе оның белгілі бір ережелерінің уақытша қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны алғаннан кейін екі айдан соң күшіне енеді.

      8. Осы баптың 7 (а) немесе 7 (b) тармақтарына сәйкес қолданылуын тоқтату осы Келісімге сәйкес хабарлама алғанға дейін басталған ағымдағы жобаларды қозғамайды.

272-бап

Өзгерістер енгізу

      1. Тараптар ынтымақтастық деңгейін арттыру мақсатында осы Келісімге өзара келісу бойынша өзгерістер енгізе алады. Мұндай өзгерістер осы Келісімнің 271-бабының 1- тармағында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енуі тиіс хаттамалармен ресімделеді.

      2. Осы Келісімнің ешқандай ережелері Тараптардың қолдану аясына кіретін кез келген салада өзара қосымша халықаралық шарттар жасасуына жол бермейді деп есептелмеуі тиіс.

273-бап

Қосымшалар мен хаттамалар

      Осы Келісімге қосымшалар мен хаттамалар оның ажырамас белігі болып табылады.

274-бап

Аумақтық қолданылуы

      Осы Келісім, бір жағынан, Ұлыбританияның жауапты аумақтары: (а) Гибралтар; (b) Норманд аралдары мен Мэн аралына және, екінші жағынан, Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания Қазақстан мен ЕО арасындағы келісімінен шықпай тұрғанда қолданылған шамада және шарттарда қолданылады.

275-бап

Теңтүпнұсқалы мәтіндер

      Осы Келісім қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндері бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшін өздерінің тиісті биліктері тиісті түрде уәкілеттік берген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

      2024 жылғы "24" сәуірде Астана қаласында жасалды.

      Қазақстан Республикасы үшін
      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігі үшін

I ҚОСЫМША

45-БАПҚА СӘЙКЕС АЛЫП ҚОЮЛАР

А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛЫП ҚОЮЛАРЫ

      Қазақстан Республикасы ұлттық режим бойынша міндеттемелерге сәйкес келмейтін кез келген шараны төменде көрсетілген тәртіппен сақтау немесе белгілеу құқығын өзіне қалдырады:

      1. Жер қойнауын пайдалану секторы

      1.1 Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (яғни еншілес компания) нысанында құрылуды талап етеді.

      1.2. Мемлекеттің жер қойнауын (немесе оның бір бөлігін) пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтарымен байланысты объектіні иеленуге басым құқығы бар.

      2. Стратегиялық ресурстар мен объектілер

      Қазақстан Республикасы Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғаларға және олардың Қазақстан Республикасы аумағында құрылған филиалдарына, егер Қазақстан Республикасында стратегиялық ресурстарды пайдалану және (немесе) стратегиялық объектілерді сатып алу құқықтарының сол бір елдердің бір тұлғасының немесе тұлғалар тобының қолында шоғырлануына алып келуі мүмкін болса, Қазақстан Республикасында мұндай пайдалану немесе сатып алу бойынша мәмілелер жасасуға рұқсат беруден бас тарта алады. Осы шартты сақтау Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасында айқындалған үлестес тұлғаларға да қатысты міндетті болып табылады.1 Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік мүдделерінде Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстары мен объектілеріне меншік құқығын және меншік құқығын беруге шектеулер белгілей алады.

      3. Жылжымайтын мүлік

      3.1 Ауыл шаруашылығын/ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу немесе орман шаруашылығын жоспарлау мақсаттары үшін пайдаланылатын жер Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғалардың және олардың Қазақстан Республикасы аумағында құрылған филиалдарының жеке меншігінде бола алмайды немесе жалға алынуы мүмкін емес.

      3.2 Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғаларға және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына Қазақстан Республикасының шекара маңы аймағында, шекара маңы аумағында және теңіз порттарында орналасқан жер учаскелерін жеке иелік етуге тыйым салынады.

      3.3 Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдары үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына іргелес жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға алу шектелген.

      3.4 Ұлыбританияның жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғаларға және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына тұрақты жер пайдалану құқығы берілмейді.

      4. Фауна

      4.1 Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе оның юрисдикциясына жататын теңіз және ішкі суларындағы биологиялық ресурстарға және балық аулау орындарына қол жеткізу және оларды пайдалану, егер өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген балық аулау кемелерімен шектеледі. Ұлыбританияның заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы нысанында құрылған еншілес компанияларына тиесілі балық аулау кемелеріне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуге тыйым салынбайды.

      4.2 Белгілі бір салада немесе су аймағында жануарлар әлемін пайдалану құқығын беру кезінде Қазақстан Реслубликасының заңды тұлғаларына басымдық беріледі.

      5. Лицензиялау мақсаттары үшін құруды талап ету

      Халық денсаулығына қауіпсіздікке немесе ұлттық қауіпсіздікке байланысты маңызды себептер бойынша лицензиялануға жататын тауарларды өндіретін компаниялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы нысанында құрылады.

      6. Континенттік қайраң

      Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы шегінде шектеулер енгізілуі мүмкін.

      В. ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АЛЫП ҚОЮЛАРЫ

      Ұлыбритания режим бойынша ұлттық міндеттемелерге сәйкес келмейтін кез келген шараны, төменде көрсетілгендей, сақтау немесе белгілеу құқығын өзіне қалдырады.

      1. Тау-кен өндіру және мұнай мен табиғи газды өндіруді қоса алғанда, ашық өндіру

      Ұлыбритания Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын, үлесіне Ұлыбританияның мұнайы немесе табиғи газы импортының 5%-дан астамы тиесілі заңды тұлғаларға қатысты шектеулер қолдана алады.

      2. Мұнан өнімдері, газ, электр энергиясы, бу, ыстық су және жылу өндірісі

      Ұлыбритания Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын, үлесіне Ұлыбритания мұнайы немесе табиғи газы импортының 5%-дан астамы тиесілі заңды тұлғаларға хатысты шектеулерді қолдана алады.

      3. Балық аулау

      Егер өзгеше көзделмесе, Ұлыбританияның туын көтеріп жүзетін және Ұлыбританияның аумағында тіркелген балық аулау кемелерінің ғана Ұлыбританияның егемендігіне немесе юрисдикциясына жататын теңіз суларындағы биологиялық ресурстарға және балық аулау орындарына қол жеткізу және оларды пайдалану құқығы бар.

      4. Жерді қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті иемдену

      Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғалардың жерді қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті иемденуіне шектеулер қолданылуы мүмкін.

      5. Аң аулауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы

      Ұлттық режим Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын, ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құруға ниеті бар заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды; Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары бақылайтын заңды тұлғалардың жүзім алқаптарын иемденуі хабардар етуге немесе қажет болған кезде рұқсат алуға жатады.

      6. Балық өсіру қызметі

      Ұлыбританияның аумағында балық өсіру қызметіне ұлттық режим қолданылмайды.

      7. Ыдырайтын және синтездік материалдарды немесе олар алынған материалдарды өндіруге және қайта өңдеуге қатысты шектеулер қолданылады.

      _____________________

      1"Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 415 Заңының 64-бабы және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 220-I Заңының 12-бабы.

II ҚОСЫМША

47-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОЛДАНАТЫН ШЕКТЕУЛЕР

      Көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес секторға ішкі корпоратив ауысуларды (ІКА) тартатын Ұлыбританияның заңды тұлғасы тауарлар өндірумен айналысуға тиіс2.

      ІКА саны компаниялардағы әрбір санат шегіндегі басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының 50%-ымен шектеледі, бұл компанияларда персонал саны кемінде үш адамды құрайды.

      Тараптың ІКА келуі мен уақытша болуына уәкілетті орган жыл сайын беретін рұқсаттар негізінде үш жылға дейінгі мерзімге рұқсат етіледі.

      ________________________

      2Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде ІКА-ны тарту, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

III ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 8-ТАРАУЫНЫҢ (МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ) ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

1-БӨЛІК

Сатып алуына ережелер қолданылатын орталық мемлекеттік органдар

      Осы Келісімнің 119-бабы 2-тармағының (с) тармақкшасында аталған шекті мәндер:

      құрылыс қызметтерін қоспағанда (осы қосымшаның 4 және 5-бөліктері), тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін 300 000 арнайы қарыз алу құқықтары (АҚҚ) (құрылыс қызметтері үшін осы қосымшаның 6-бөлігі) 7 миллион АҚҚ

      Қазақстан Республикасына қатысты:

      - Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      - Қазақстан Республикасынын Сыртқы істер министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Су ресурстары мен ирригация министрлігі

      - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      - Жоғары аудиторлық палатасы

      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформ алар агенттігі

      - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

      Ескерту:

      Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар үшін сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған бір ұйым жүзеге асыра алады.

      Ұлыбританияға қатысты:

      Қосымшада кез келген шарттар, шектеулер мен ауытқуларды қамтитын осы Келісімге қол қойылған күннен бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында жасалған Мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің I қосымшасындағы 1-толықтыруында көрсетілген барлық субъектілер кіреді.

      Ескерту:

      Сатып алушы ұйымдардың тізімі, жеке құқықтық субъектілігі болмаған жағдайда, саналаманған кез келген сатып алушы ұйымның кез келген бағынысты мекемесін де қамтиды.

2-БӨЛІК

Сатып алуына ережелер қолданылатын өңірлік және жергілікті мемлекеттік органдар

      Осы Келісімнің 119-бабы 2-тармағының (с) тармақшасында аталған шекті мәндер:

      Құрылыс қызметтерін қоспағанда (осы Қосымшанын 4 және 5-бөліктері), тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін 400 000 арнайы қарыз алу құқықтары (АҚҚ)

      (Құрылыс қызметтері үшін осы қосымшаның 6-бөлігі) 7 миллион АҚҚ

      Қазақстан Республикасына қатысты:

      - Абай облысының әкімдігі

      - Алматы облысының әкімдігі

      - Атырау облысының әкімдігі

      - Ақтөбе облысының әкімдігі

      - Ақмола облысының әкімдігі

      - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

      - Жамбыл облысынын әкімдігі

      - Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

      - Жетісу облысының әкімдігі

      - Қарағанды облысының әкімдігі

      - Қызылорда облысының әкімдігі

      - Қостанай облысының әкімдігі

      - Маңғыстау облысының әкімдігі

      - Павлодар облысының әкімдігі

      - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

      - Түркістан облысының әкімдігі

      - Ұлытау облысының әкімдігі

      - Астана қаласының әкімдігі

      - Алматы қаласының әкімдігі

      - Шымкент қаласының әкімдігі

      Ескерту: Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар үшін сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған бір ұйым жүзеге асыра алады.

      Ұлыбританияға қатысты:

      Ұлыбританияның барлық өңірлік мемлекеттік органдары

      Ескерту:

      Осы Келісім мақсаттары үшін "өңірлік мемлекеттік органдар" 1 және 2-халықаралық аумақтық деңгейге жататын әкімшілік бірліктердің сатып алушы ұйымдары ретінде бөлініс түсініледі.

3-БӨЛІК

      Қолданылмайды

4-БӨЛІК

Қамтылатын тауарлар

      Қазақстан Республикасына және Ұлыбританияға қатысты:

      1. Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісім осы қосымшаның 1-3-бөліктерінде санамаланған ұйымдар сатып алатын барлық тауарларды сатып алуға қолданылады.

      2. Осы Келісімнің 136-бабында аталған тауарлардың тізбесі:

      Мына кестеде көзделген Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарлар сипаттамасы мен кодталуының үйлестірілген жүйесі (ҮЖ) номенклатурасы кодтарының нөмірлері осы Келісімнің 136-бабында аталған тауарларды айқындайды. Сипаттама тек ақпарат үшін беріледі.

№

ҮЖ коды

Тауар тобы

1

0401-0402

Сүт және кілегей

2

0701-0707

Жеуге болатын кейбір көкөністер

3

2501-2530

Минералды металл емес басқа бұйымдар

4

2801-2940

Белгілі бір химиялық заттар мен өнімдер

5

3101-3826

Белгілі бір химиялық заттар мен өнімдер

6

3917

Пластмассадан жасалған құбырлар, түтікшелер, шлангтер және олардың фитингтері

7

4801

Орамдардағы немесе парақтардағы газет қағазы

8

4803

Дәретханалық қағаз сулықтары немесе бет сүртуге арналған сулықтар, сүлгілер немесе жаялықтар және шаруашылық-тұрмыстық немесе санитариялық-гигиеналық мақсаттардағы қағаздың басқа да түрлері

9

5101-6006

Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары

10

7201 8113

Бағалы емес металдар мен бағалы емес металдардан жасалған бұйымдар

11

8201 8311

Машиналар мен жабдықтардан басқа, металдан жасалған дайын бұйымдар

12

8429

Өздігінен жүретін бульдозерлер, бұрышты бульдозерлер, грейдерлер, тегістегіштер, қырғыштар, механикалық күректер, экскаваторлар, экскаваторлық тиеуіштер, тығыздау машиналары мен жол тегістейтін тығыздағыштар

13

8501-8517

Белгілі бір машиналар мен жабдықтар

14

8535-8548

Белгілі бір электр жабдықтары

15

870130

Шынжыр табанды тракторлар

16

870190

8701 басқа да тракторлар (8709 тауар позициясындағы тракторлардан басқа)

17

8702

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

18

8703

Жүк-жолаушы автомобиль-фургондары мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа)

19

8704

Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

20

8705

Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себу-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)

21

8716

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; өзге де өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөлшектері

22

8802

Тікүшақтар мен ғарыш аппараттары

23

940350

Ұйықтайтын төсек үлгісіндегі ағаш жиһазы

24

9405

Шамдар мен жарықтандыру жабдығы

5-БӨЛІК

Қамтылатын көрсетілетін қызметтер

      Қазақстан Республикасына және Ұлыбританияға қатысты:

      Осы Келісім осы қосымшаның 1-3-бөліктерінде санамалаған ұйымдардың ДСҰ (MTN.GNS/W/120) көрсетілетін қызметтері секторларының Сыныптау тізімінде1 қамтылғандай БҰҰ-ның Негізгі өнімдердің алдын ала жасалған сыныптамасының (НӨС) қызметтерді сатып алуына 51-бөліміне сәйкес айқындалған мынадай көрсетілетін қолданылады:

Сипаттама

НӨС №

Телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер

7522

Қаржылық аудиторлық көрсетілетін қызметтер

86211

Бухгалтерлік аудиторлық көрсетілетін қызметтер

86212

Нарықты зерттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

86401

Басқару саласындағы консультациялық қызметтер

865

Басқару саласындағы консультациялық қызметке байланысты көрсетілетін қызметтер

8663

Сәулет саласындағы көрсетілетін қызметтер

8671

Инженерлік көрсетілетін қызметтер

8672

Кешенді инженерлік көрсетілетін қызметтер

8673

Қала құрылысы және ландшафты жобалау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

8674

Шектес ғылыми және техникалық салалардағы консультациялық қызметтер

86754

      Ескерту:

      Қамтылатын көрсетілетін қызметтерге ГАТС бойынша әрбір Тараптың Ерекше міндеттемелері тізбесінде белгіленген шектеулер мен талаптар қолданылады.

      Неғұрлым айқындылық үшін 5-бөлік мына қызметтердің сатып алынуын қамтымайды:

      (a) Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер (БҰҰ НӨС, 931-ереже);

      (b) Әкімшілік медициналық қызметтер (БҰҰ НӨС, 91122); және

      (c) Медбикелер мен медицина персоналы ұсынатын қызметтер (БҰҰ НӨС, 87206 және 87209).

      ________________________

      1Сатып алушы ұйымдар заңда, нормативтік құқықтық актіде немесе әкімшілік ережеде белгіленген эксклюэивті құқыққа сәйкес басқа ұйымнан сатып алуға міндетті көрсетілетін қызметтерді қоспағанда.

      2Қазақстан Республикасына қатысты, ГАТС бойынша Қазакстан Республикасының Ерекше міндеттемелері тізбесінде көзделген телекоммуникациялық қызметтер көрсетуге лицензиясы бар Қазақстан Реслубликасының заңды тұлғаларына шетелдік спутниктік байланыс операторлары көрсететін қызметтерді қоспағанда, спутниктік байланысты қоса алғанда, жергілікті телекоммуникациялық қызметтерді және радиокоммуникациялық қызметтерді қоспағанда.

      3Төрелікті және татуластыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда.

      4Шекара белгілеу, аэротүсірілім және аэро картография мақсатында жер бетін зерделеуді қоспағанда және ГАТС бойынша Қазақстан Республикасының Ерекше міндеттемелері тізбесінде көзделген НӨС 86754 қоспағанда.

6-БӨЛІК

Қамтылатын құрылыс қызметтері

      Қазақстан Республикасына және Ұлыбританияға қатысты:

      Осы Келісім осы қосымшаның 1-3-бөліктерінде санамаланған ұйымдардың НӨС-ке санамаланған барлық құрылыс қызметтерін сатып алуына қолданылады.

      Ескерту:

      Қамтылатын көрсетілетін қызметтерге ГАТС бойынша әрбір Тараптың Ерекшелік міндеттемелері тізбесінде белгіленген шектеулер мен талаптар қолданылады.

7-БӨЛІК

Жалпы ескертулер

      Қазақстан Республикасына қатысты:

      1. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 8-тарауы (Мемлекеттік сатып алу) мыналарды:

      (a) азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттары үшін сатып алуды қоса алғанда, ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына және адамзаттың тамақтану бағдарламаларына (мысалы, азық-түліктік көмек көрсету, оның ішінде жедел ізгілік көмекті қоса алғанда) жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды;

      (b) хабар таратушылардың бағдарламалық материалдарды иеленуі, әзірлеуі, шығаруы немесе бірлесіп шығаруы мақсатында сатып алуды және эфирлік уақытқа арналған келісімшарттарды;

      (c) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтері мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      (d) ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерделеу және зерттеу саласындағы ғарыш қызметі саласында бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезіндегі халықаралық ынтымақтастық аясындағы сатып алуды;

      (e) тек табиғи немесе мемлекеттік монополиялар беретін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; немесе

      (f) егер осы қосымшаның 5-бөлігінде өзгеше көзделмесе, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтымайды.

      2. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 8-тарауы (Мемлекеттік сатып алу) шағын бизнестің немесе аз ұлттар өкілдерінің иелігіндегі кәсіпорындардың немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жалдайтын кәсіпорындардың пайдасына кез келген резервтік шараға қолданылмайды. Резервтік шара тауарды немесе көрсетілетін қызметті беруге айрықша құқық сияқты преференциялардың, кез келген нысанын немесе баға бойынша кез келген преференцияны білдіреді.

      3. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 8-тарауы (Мемлекеттік сатып алу) сатып алуына ережелер қолданылмайтын ұйымның атынан қамтылатын ұйым жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.

      4. Сатып алушы ұйымдардың осы Келісімде өздігінен қамтылмаған тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бөліктерін сатып алуы қамтылатын сатып алу ретінде қарастырылмайды.

      5. Осы қосымшаның 1 және 2-бөліктерінде көрсетілген сатып алушы ұйымдардың ауыз су, энергетика, көлік және пошта секторы саласындағы қызметке байланысты сатып алуы осы Келісімде қамтылмайды.

      Ұлыбританияға қатысты:

      1. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 8-тарауы (Мемлекеттік сатып алу) мыналарды:

      (a) азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттары үшін сатып алуды қоса алғанда, ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына және адамзаттың тамақтану бағдарламаларына (мысалы, азық-түліктік көмек көрсету, оның ішінде жедел ізгілік көмек) жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды;

      (b) хабар таратушылардың бағдарламалық материалдарды иеленуі, әзірлеуі, шығаруы немесе бірлесіп шығаруы үшін сатып алуды және эфирлік уақытқа арналған келісімшарттарды қамтымайды.

      2. Осы қосымшаның 1 және 2-бөліктерінде көрсетілген сатып алушы ұйымдардың ауыз су, энергетика, көлік және пошта секторы саласындағы қызметке байланысты сатып алуы осы Келісімде қамтылмайды.

      3. Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың сатып алуына қатысты қамтылатын сатып алулар сезімтал емес және әскери емес материалдар болыл табылатын және ДСҰ аясында жасалған Мемлекеттік сатып алу туралы қайта қаралған келісімнің I қосымшасының 4-тармағында берілген тауарлармен шектеледі.

      4. Сатып алушы ұйымдардың осы Келісімде өздігінен қамтылмайтын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бөліктерін сатып алуы қамтылатын сатып алу ретінде қарастырылмайды.

IV ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 8-ТАРАУЫНА (МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ) СӘЙКЕС САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖӘНЕ ХАБАРЛАНДЫРУЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

1-БӨЛІК

САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА қатысты:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы сайты http://goszakup.gov.kz

      Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz

      ҰЛЫБРИТАНИЯҒА қатысты:

      Заңнама — Ұлы Мәртебелі Кеңсесі

      Сот практикасы — Құқықтық жинақтар

      "Мемлекеттік органдар" — Ұлы Мәртебелі Кеңсесі

2-БӨЛІК

ХАБАРЛАНДЫРУЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

      Қазақстан Республикасына қатысты:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы сайты http://goszakup.gov.kz

      Ұлыбританияға қатысты:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын сатып алуларға қатысты "Тендерді тап" сервисі - Find a Tender Service (FTS) (www.find-tender.service.gov.uk))KapHHnaHbiMHbin электрондық құралы болып табылады.

      FTS қызметі туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https ://www.gov.uk/guidance/public-seclor-procurement

      Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлыбритания үкіметі веб-сайтының мекенжайы: www.gov.uk.

V ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК)

14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС ТӨРЕЛІК РӘСІМНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Жалпы ережелер

      1. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауында (Дауларды реттеу) және осы қағидаларға сәйкес:

      (a) "кеңесші" төрелік комиссияның талқылауына байланысты осы Тарапқа консультациялар мен жәрдемдесу үшін дау Тарапы жалдаған адамды білдіреді;

      (b) "төреші" осы Келісімнің 175-бабына сәйкес құрылған төрелік комиссияның мүшесін білдіреді;

      (c) "көмекші" төрешіні тағайындау шарттарына сәйкес зерттеу жүргізетін немесе осы төрешіге көмек көрсететін адамды білдіреді;

      (d) "шағым берген Тарап" осы Келісімнің 174-бабы бойынша төрелік комиссияны құруға сұрау салған Тарапты білдіреді;

      (e) "өзіне қарсы шағым берілген Тарап" осы Келісімнің 171-бабында көрсетілген ережелерді бұзды деп болжамдалған Тарапты білдіреді;

      (f) "төрелік комиссия" осы Келісімнің 175-бабына сәйкес құрылған комиссияны білдіреді;

      (g) "Тараптың өкілі" осы Келісім бойынша даудың мақсаттары үшін Тарап тағайындаған қызметкерді немесе кез келген басқа да адамды білдіреді;

      (һ) "күн" күнтізбелік күнді білдіреді;

      (i) "жұмыс күні" мерекелік және демалыс күндерден басқа, кез келген күнді білдіреді.

      2. Тараптар төрешілердің сыйақылары мен шығыстарын қоса алғанда, ұйымдастырушылық мәселелерден туындайтын шығыстарды бөліп көтереді.

Хабарламалар

      3. Консультациялар туралы сұрау салу мен төрелік комиссияны құру туралы сұрау салу екінші Тарапқа электрондық пошта, факс, тапсырысты пошта, курьер немесе олардың жіберілуінің жазылғанын растайтын кез келген басқа да байланыс құралдары арқылы жеткізіледі.

      4. Әрбір дау Тарапы және төрелік комиссия, консультациялар туралы сұрау салудан және төрелік комиссияны құру туралы сұрау салудан басқа, кез келген құжатты екінші Тарапқа және тиісті жағдайларда төрешілердің әрқайсысына электрондық пошта және факс, тапсырысты пошта, курьер немесе олардың жіберілуінің жазылғанын растайтын кез келген басқа да байланыс құралдары арқылы жеткізеді. Егер өзгеше дәлелденбесе, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберген күні жеткізілген болып есептеледі. Егер қандай да бір ілеспе құжаттар құпия немесе электрондық пошта арқылы жіберу үшін тым ауқымды болып табылса, құжатты жіберетін Тарап осы құжатты екінші Тарапқа және тиісті жағдайларда төрешілердің әрқайсысына басқа электрондық форматта бір күн ішінде электрондық пошта арқылы жеткізілуін қамтамасыз ете алады. Мұндай жағдайларда құжатты жеткізетін Тарап электрондық пошта арқылы екінші Тарапқа және тиісті жағдайларда төрешілердің әрқайсысына құжаттың жіберілгені туралы ақпарат береді және оның мазмұнын белгілейді.

      5. Барлық хабарламалар тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлыбританияның Кәсіпкерлік және сауда мекемесіне немесе оның құқықтық мирасқорына жолданады. Рәсім қағидаларының 3 және 4-қағидаларына сәйкес осы Келісімнің III Бөлімі (Сауда және кәсіпкерлік) қолданылғаннан бастап 30 күн ішінде Тараптар электрондық байланыс үшін детальдармен алмасады. Тараптар бір-бірін және тиісті жағдайларда төрелік комиссияны электрондық пошта мекенжайларындағы немесе басқа да электрондық байланыс құралдарындағы кез келген өзгерістер туралы кідіріссіз хабардар етеді.

      6. Төрелік комиссиядағы талқылауға байланысты кез келген сұрау салудағы, хабарламадағы, жазбаша құжаттағы немесе басқа құжаттағы елеусіз кеңселік қателері, өзгерістер нақты көрсетіле отырып, жаңа құжатты дереу жеткізу арқылы түзетілуі мүмкін.

      7. Егер құжатгы жеткізудің соңғы мерзімі сенбіге, жексенбіге немесе Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның мемлекеттік мерекесіне тура келсе, жеткізудің соңғы мерзімі келесі жұмыс күні болып есептеледі. Егер құжат Тарапқа сол Тарап үшін демалыс күні болып табылатын күні жеткізілсе, ол келесі жұмыс күні жеткізілді деп есептеледі. Құжатты алу күні оны жеткізу күнімен бірдей күн болып есептелуге тиіс.

Төреліктің басталуы

      8. (а) Егер осы Келісімнің 175-бабына немесе осы Рәсім қағидаларының 19, 20 немесе 47-қағидаларына сәйкес төрелік комиссияның кез келген мүшесі жеребе бойынша таңдалса, онда жеребе шағым берген Тарап айқындаған уақытта және орында жүргізіледі және олар туралы өзіне қарсы шағым берілген Тарапқа дереу хабарланады. Өзше қарсы шағым берілген Тарап, егер ол осындай шешім қабылдаса, жеребе уақытында қатыса алады. Кез келген жағдайда, жеребе қандайда бір Тараптың/Тараптардың қатысуымен өткізіледі.

      (b) Егер осы Келісімнің 175-бабына немесе осы Рәсім қағидаларының 19, 20 немесе 47-қағидаларына сәйкес төрелік комиссиянын кез келген мүшесі жеребе бойынша таңдалса және Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық форумында екі төрағасы болса, онда екі төрағасы немесе олардың өкілдері немесе, басқа төраға немесе оның өкілі жеребе тастауға қатыспаса, бір төраға жеребені жүзеге асырады.

      (c) Тараптар сайланған төрешілерді олардың тағайындалғаны туралы хабардар етеді.

      (d) Осы Келісімнің 175-бабында айқындалған рәсімге сәйкес тағайындалған төреші тағайындалғаны туралы хабардар етілген күннен бастап бес күн ішінде төрелік комиссияның мүшесі ретінде әрекет етуге өзінің дайын екенін Стратегиялық әрштестік пен ынтымақтастық форумында растайды.

      (e) Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Тараптар төрелік комиссия құрылған кезден бастап жеті күн ішінде төрелік комиссиямен жеке не басқа байланыс құралдары арқылы кездесу өткізеді. Тараптар мен төрелік комиссия Тараптар немесе төрелік комиссия орынды деп есептейтін мәселелерді, оның ішінде төрешілерге төленуге жататын сыйақылар мен шығыстар мәселелерін айқындайды. Сыйақы мен шығыстар ДСҰ-ның стандарттарына сәйкес келеді.

      9. (а) Егер Тараптар төрешілер таңдалған күннен бастап бес күн ішінде өзгеше уағдаласпаса, төрелік комиссияның міндеттеріне:

      "дау тараптары қолданатын, Келісімнің тиісті ережелері аясында төрелік комиссияны құру туралы сұрау салуда көрсетілген мәселені зерделеу, қаралатын шараның 171-бапта көрсетілген ережелерге сәйкестігі туралы шешім шығару және осы Келісімнің 178, 179, 180 және 193-баптарына сәйкес баяндама жіберу" кіреді.

      (b) Тараптар төрелік комиссияны келісілген тапсырма туралы ол келісілген сәттен бастап үш күн ішінде хабардар етуге тиіс.

Бастапқы ұсынулар

      10. Шағым берген Тарап өзінің, бастапқы жазбаша ұсынуын төрелік комиссия құрылған күннен кейін 20 күннен кешіктірмей жолдайды. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап өзінің, жазбаша қарсы ұсынуын бастапқы жазбаша ұсынуды алған күннен кейін 20 күннен кешіктірмей жолдайды,

Төрелік комиссиялардың жұмысы

      11. Төрелік комиссияның төрағасы оның барлық отырыстарында төрағалық етеді. Төрелік комиссия төрағаға әкімшілік және рәсімдік шешімдерді қабылдау өкілеттігін бере алады.

      12. Егер осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауында (Дауларды реттеу) өзгеше көзделмесе, төрелік комиссия өз қызметін кез келген құралдардың, оның ішінде телефон, факсимильдік немесе компьютерлік байланыстың көмегімен жүзеге асыра алады.

      13. Төрелік комиссияның талқылауларына тек төрешілер ғана қатыса алады, бірақ төрелік комиссия өзінің көмекшілеріне өз талқылауларына қатысуға рұқсат бере алады.

      14. Кез келген баяндаманың жобасын жасау төрелік комиссияның айрықша жауапкершілігі болып қала береді және оған өкілеттік берілмеуі тиіс.

      15. Егер осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауының (Дауларды реттеу) ережелерінде және осы Келісімге V-VII қосымшаларда қамтылмайтын рәсімдік мәселе туындаса, төрелік комиссия Тараптармен консультациялар өткізгеннен кейін осы ережелерге сәйкес келетін тиісті рәсімді қабылдай алады.

      16. Егер төрелік комиссия өз талқылаулары үшін, осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауында (Дауларды реттеу) белгіленген мерзімдерден басқа, кез келген мерзімді өзгерту немесе кез келген басқа да рәсімдік немесе әкімшілік түзету қажеттілігі бар деп есептесе, ол дау Тараптарына өзгерістердің немесе түзетулердің себептері туралы және қажетті уақыт кезеңі немесе түзетулер туралы жазбаша нысанда ақпарат береді.

Ауыстыру

      17. Егер төреші осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауына (Дауларды реттеу) сәйкес төрелік талқылауға қатыса алмаса, одан шықса немесе осы Келісімге VI қосымшада жазылған Мінез-құлық кодексінің талаптарын сақтамауына байланысты ауыстырылуға тиіс болса, ауыстыру осы Келісімнің 175-бабына және осы Рәсім қағидаларының 8-қағидасына сәйкес таңдалады.

      18. Егер дау Тарапы төреші Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейді және осы себеп бойынша ауыстырылуға тиіс деп есептесе, бұл Тарап даудың екінші Тарапына Мінез-құлық кодексін төрешінің елеулі бұзуы негізінде жатқан мән-жайлар туралы растама алған күннен бастап 15 күн ішінде хабарлама жолдайды.

      19. Егер дау Тарапы төрағадан басқа, төреші Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, дау Тараптары консультациялар өткізеді және егер олар төрешіні ауыстыру қажеттілігі туралы келісімге келсе, осы Келісімнің 175-бабына және осы Рәсім қағидаларының 8-қағидасына сәйкес жаңа төрешіні таңдайды.

      Егер дау Тараптары төрешіні ауыстыру қажеттігі туралы келісімге келмесе, кез келген дау Тарапы төрелік комиссияның төрағасынан осы мәселені қарауға сұратуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

      Егер осындай сұрау салуға сәйкес төраға төреші Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, жаңа төреші осы Келісімнің 175-бабына және осы Рәсім қағидаларының 8-қағидасына сәйкес таңдайды.

      20. Егер Тарап төрелік комиссияның төрағасы Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, Тараптар консультациялар өткізеді және егер олар төрағаны ауыстыру қажеттілігі туралы келісімге келсе, осы Келісімнің 175-бабына және осы Рәсім қағидаларының 8-қағидасына сәйкес жаңа төрағаны таңдайды.

      Егер Тараптар төрағаны ауыстыру қажеттілігі туралы келісімге келмесе, Тараптардың кез келгені осы Келісімнің 194-бабының 1-тармағында айтылған төрағалардың кіші тізіміндегі адамдар резервінің қалған мүшелері ішінен біреуінің аталған мәселені қарауы туралы сұрата алады. Оның есімін Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық форумының төрағасы немесе оның өкілі жеребе бойынша анықтайды. Осылайша таңдап алынған адамның төрағаны ауыстыру қажеттілігі туралы шешімі түпкілікті болып табылады.

      Егер осылайша таңдап алынған адам іс жүзіндегі төраға Мінез-құлық кодексінің талаптарына сәйкес келмейді деп есептесе, ол осы Келісімнің 194-бабының 1-тармағында айтылған төрағалардың кіші тізіміндегі адамдардың қалған резервінен жеребе бойынша жаңа төрағаны таңдайды. Жаңа төрағаны таңдау осы тармақта көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      21. Төрелік комиссияның талқылаулары осы Рәсім қағидаларының 18, 19 және 20- қағидаларында көзделген рәсімдерді орындау үшін қажетті кезеңге тоқтатыла тұрады.

Тыңдау

      22. Төрелік комиссия төрағасы дау Тараптарымен және төрелік комиссияның басқа да мүшелерімен консультациялардан кейін тыңдау күні мен уақытын белгілейді және оны дау Тараптарына жазбаша нысанда растайды. Бұл ақпаратты, егер тындау жұртшылық үшін жабық болмаса, сот талқылауын логистикалық әкімшіліктендіруге жауапты Тарап та жариялайды. Егер Тарап қарсы болмаса, төрелік комиссия тыңдауды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады.

      23. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, егер шағым берген Тарап Қазақстан Республикасы болып табылса, тындау Лондонда және егер шағым берген Тарап Ұлыбритания болып табылса, Астанада өткізіледі.

      24. Егер Тараптар осыған келіссе, төрелік комиссия қосымша тыңдаулар шақыра алады.

      25. Барлық төрешілер кез келген тыңдаулар кезінде қатысады.

      26. Мына адамдар талқылаудың жұртшылық үшін ашық немесе жабық екеніне қарамастан, тыңдауға қатыса алады:

      (a) дау Тараптарының өкілдері;

      (b) дау Тараптарының кеңесшілері;

      (c) әкімшілік персонал, ауызша аудармашылар, жазбаша аудармашылар және стенографистер; және

      (d) төрешілердің көмекшілері.

      Дау Тараптарының өкілдері мен кеңесшілері ғана төрелік комиссияға жүгіне алады.

      27. Тыңдау күніне дейін бес күннен кешіктірмей, дау Тарапы төрелік комиссияға тыңдауда осы Тараптың атынан ауызша дәлелдерді келтіретін немесе таныстырылым жасайтын адамдар мен тыңдауға қатысатын басқа да өкілдер немесе кеңесшілер есімдерінің тізімін жолдайды.

      28. Төрелік комиссия шағым берген Тарапқа және өзіне қарсы шағым берілген Тарапқа бірдей уақыттың берілуін қамтамасыз ете отырып, тыңдауды мынадай тәртіппен өткізеді:

Дәлел

      (a) шағым берген Тараптың дәлелі

      (b) өзіне қарсы шағым берілген Тараптың дәлелі

Дәлелді теріске шығару

      (a) шағым берген Тараптың дәлелі

      (d) өзіне қарсы шағым берілген Тараптың қарсы дәлелі.

      29. Төрелік комиссия тыңдау барысында кез келген уақытта кез келген дау Тарапына сұрақ қоя алады.

      30. Төрелік комиссия әр тыңдаудың стенограммасын дайындауды және оны дау Тараптарына ең қысқа мерзімде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Дау Тараптары стенограммаға өз түсіндірмелерін бере алады және төрелік комиссия бұл түсіндірмелерді қарай алады.

      31. Әрбір дау Тарапы тыңдау кезінде туындаған кез келген мәселе бойынша тыңдау күнінен бастап он күн ішінде қосымша жазбаша ұсыну бере алады.

Жазбаша сұрақтар

      32. Төрелік комиссия талқылау барысында кез келген уақытта дау Тарапының біреуіне немесе дау Тараптарының екеуіне де жазбаша нысанда сұрақ қоя алады. Әрбір дау Тарапы төрелік комиссия қойған кез келген сұрақтардың көшірмесін алады.

      33. Дау Тарапы төрелік комиссияның сұрақтарына өзінің жазбаша жауабының көшірмесін екінші дау Тарапына жолдайды. Әрбір дау Тарапының екінші Тараптың жауабына жазбаша түсіндірме беруге мүмкіндігі бар, олар осындай жауап алынған күннен бастап бес күн ішінде жолдануға тиіс.

Құпиялылық

      34. Даудың әрбір Тарапы және оның кеңесшілері даудың екінші Тарапы құпия ретінде белгілеп, осы Тарап төрелік комиссияға ұсынған кез келген ақпаратты құпия ретінде қарайды. Егер дау Тарапы төрелік комиссияға өзінің жазбаша ұсынуларының құпия нұсқасын ұсынса, сондай-ақ ол екінші Тараптың сұрау салуы бойынша және сұрау салынған не ұсынылған күннен кейін, олардың қайсысы кешірек болуына қарай, 15 күннен кешіктірмей, жұртшылық үшін ашуға болатын, оның ұсынуларында қамтылған ақпараттың құпия емес қысқаша мазмұнын және ашылмайтын ақпарат неліктен құпия болып табылу түсініктемесін жолдайды. Екінші Тарап ұсынған ақпаратқа сілтеме жасаған кезде ол екінші Тарап құпия ретінде белгілеген кез келген ақпаратты ашпаған жағдайда, осы Рәсім қағидаларында дау Тарапына жұртшылық үшін өзінің жеке ұстанымы туралы мәлімдемелерді ашуға ештеңе кедергі болмайды.

      Егер Тараптың ұсынулары мен дәлелдерінде құпия ақпарат қамтылса, төрелік комиссия жабық отырыста жиналады. Егер тыңдау жабық отырыста өткізілсе, дау Тараптары мен олардың кеңесшілері төрелік комиссия тыңдауының құпиялылығын сақтауға тиіс.

Төрелік комиссия баяндамасының құпия емес нұсқасы

      35. Егер төрелік комиссия баяндамасында Тарап құпия ретінде белгілеген ақпарат қамтылса, төрелік комиссия баяндаманың құпия емес нұсқасын дайындайды.

      Тараптарға баяндаманың құпия емес нұсқасы бойынша өз түсіндірмелерін беру мүмкіндігі беріледі және төрелік комиссия баяндамасының түпкілікті құпия емес нұсқасын дайындаған кезде олардың түсіндірмелерін назарға алады,

Біржақты байланыстар

      36. Төрелік комиссия екінші Тарап болмаған кезде Тараппен кездеспейді немесе байланыс ұстамайды.

      37. Төрелік комиссияның бірде-бір мүшесі басқа төрешілер болмаған кезде дау Тарапының біреуінің немесе дау Тараптарының екеуінің талқылау нысанасының кез келген аспектісін талқылай алмайды.

Консультативтік корытындылар

      38. Егер Тараптар төрелік комиссия құрылған күннен бастап үш күн ішінде өзгеше уағдаласпаса, төрелік комиссия дау Тараптарының үкіметтерінен тәуелсіз болып табылатын, дау Тараптарының аумағында құрылған жеке және заңды тұлғалардан ерікті жазбаша ұсынуларды, олар төрелік комиссия құрылған күннен бастап 10 күн ішінде жеткізілген және олар қысқа және екіаралықпен басылған 15 парақтан аспайтындай және олардың төрелік комиссияның қарауындағы нақты немесе заң мәселесіне тікелей қатысы болған жағдайда қабылдай алады.

      39. Ұсынуда жеке немесе заңды тұлға болуына қарамастан, ұсынуды жіберген адамның сипаттамасы, оның ішінде оның азаматтығы немесе құрылған жері, оның қызметінің сипаты, оның құқықтык мәртебесі, жалпы мақсаттары мен оны қаржыландыру кезі қамтылады және адамның төрелік комиссия талқылауындағы мүддесінің сипаты көрсетіледі. Ұсыну осы Рәсім кағидаларының 42 және 43-қағидаларына сәйкес дау Тараптары таңдаған тілдерде жасалады.

      40. Төрелік комиссия өзінің баяндамасында осы Рәсім қағидаларының 38 және 39-қағидаларына сәйкес келетін барлық алынған ұсынуларды санамалап көрсетеді. Төрелік комиссия мұндай ұсынуларда көрсетілген дәлелерді өзінің баяндамасында пайдалануға міндетті емес. Кез келген осындай ұсыну дау Тараптарына олардың түсіндірмелер жасауы үшін жеткізіледі. Дау Тараптарының түсіндірмелері ұсыну алған сәттен бастап 10 күн ішінде жеткізіледі және кез келген осындай түсіндірмелерді төрелік комиссия назарға алады.

Шұғыл жағдайлар

      41. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауында (Дауларды реттеу) көрсетілген шұғыл жағдайларда төрелік комиссия Тараптармен консультациялар жүргізгеннен кейін осы Рәсімнің қағидаларында көрсетілген мерзімдерді түзетеді және осындай түзетулер туралы Тараптарды хабардар етеді.

Жазбаша және ауызша аударма

      42. Осы Келісімнің 172-бабында көрсетілген консультациялар барысында және осы Рәсім қағидаларының 8-қағидасының (е) тармағында көрсетілген кездесуден кешіктірмей, дау Тараптары төрелік комиссияға дейін талқылаудың жалпы жұмыс тілін келісуге ұмтылады.

      43. Егер дау Тараптары жалпы жұмыс тіліне қатысты келісімге келе алмаса, әрбір Тарап жазбаша ұсынуларын өзі таңдаған тілде жасайды. Мұндай жағдайда Тарап, егер оның ұсынулары ДСҰ-ның жұмыс тілдерінің бірінде жасалмаса ғана екінші Тарап таңдаған тілдегі аудармасын сол уақытта қамтамасыз етеді. Өзіне қарсы шағым берілген Тарап ауызша ұсынуларды Тараптар таңдаған тілдерге ауызша аудару жөнінде шаралар қабылдайды.

      44. Төрелік комиссияның баяндамалары дау Тараптары таңдаған тілде немесе тілдерде шығарылады.

      45. Кез келген дау Тарапы осы Рәсім қағидаларына сәйкес жасалған құжаттың кез келген аударылған нұсқасы аудармасының дәлдігі туралы түсіндірме ұсына алады.

      46. Әрбір Тарап өзінің жазбаша ұсынымдарының аудармасына байланысты шығыстарды көтереді. Төрелік комиссияның баяндамасын аудару мақсаттары үшін келтірілген кез келген шығыстар дау Тараптарының арасында теңдей бөлінеді.

Басқа да рәсімдер

      47. Осы Рәсімнің қағидалары осы Келісімнің 172-бабына, 182-бабының 2-тармағына, 183-бабының 2-тармағына, 184-бабының 3-тармағына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген рәсімдерге де қолданылады. Алайда, осы Рәсім қағидаларында белгіленген мерзімдерді төрелік комиссия басқа рәсімдерде төрелік комиссияның баяндамасын қабылдау үшін көзделген арнайы мерзімдерге сәйкес түзетеді.

VI ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС ТӨРЕЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕН МЕДИАТОРЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ

Анықтамалар

      1. Осы Мінез-құлық кодексінде:

      (a) "төреші" осы Келісімнің 175-бабына сәйкес ресми құрылған төрелік комиссияның мүшесін білдіреді;

      (b) "кандидат" есімі осы Келісімнің 194-бабында көрсетілген төрешілердің тізіміне кірген және осы Келісімнің 175-бабына сәйкес төрелік комиссияның мүшесі ретінде сайлану үшін қарастырылатын адамды білдіреді;

      (c) "көмекші" төрешіні тағайындау шарттарына сәйкес зерттеу жүргізетін немесе төрешіге көмек көрсететін адамды білдіреді;

      (d) "талқылау", егер өзгеше айқындалмаса, осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауына (Дауларды реттеу) сәйкес төрелік комиссияның талқылауын білдіреді;

      (e) "персонал" көмекшілерден басқа, төрешіге қатысты төрешінің басшылығы мен бақылауындағы адамдарды білдіреді;

      (f) "медиатор" осы Келісімге VII қосымшаға сәйкес медиация рәсімін жүргізетін адамды білдіреді.

Процестегі міндеттер

      2. Әрбір кандидат пен төреші дауларды реттеу тетігінің тұтастығы мен бейтараптығын сақтау мақсатында дөрекіліктен және дөрекілік көріністерінен аулақ болады, тәуелсіз және бейтарап, мүдделердің тікелей және жанама қайшылықтарынан аулақ болады және мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтайды. Бұрынғы төрешілер осы Мінез-құлық кодексінің 15, 16, 17 және 18-баптарында белгіленген міндеттемелерді орындауға тиіс.

Ақпаратты ашу жөніндегі міндеттемелер

      3. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауына (Дауларды реттеу) сәйкес төреші ретінде таңдалғаны расталғанға дейін кандидат болжам бойынша өзінің тәуелсіздігіне немесе бейтараптығына әсер етуі мүмкін немесе талқылауларда негізді түрде дөрекілік пен біржақтылық көріністерін туғызатын кез келген мүддені, қатынастарды немесе мәселелерді ашады. Осы мақсатта кандидат кез келген осындай мүдделер, қатынастар мен мәселелер туралы білу үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерін жұмсайды.

      4. Кандидат немесе төреші Тараптардың қарауы үшін осы Мінез-құлық кодексінің нақты немесе ықтимал бұзушылықтарға қатысты мәселелер туралы жазбаша нысанда Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына ғана хабарлайды.

      5. Сайланғаннан кейін төреші осы Мінез-құлық кодексінің 3-ережесінде көрсетілген кез келген мүдделер, қатынастар немесе мәселелер туралы білу үшін ақылға қонымды барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастырады және оларды ашады. Ашылу жөніндегі міндеттеме төрешіден талқылаудың кез келген сатысында туындауы мүмкін кез келген осындай мүдделердің, қатынастардың немесе мәселелердің ашылуын талап ететін тұрақты болып табылады. Төреші мұндай мүдделерді, қатынастарды немесе мәселелерді Тараптардың қарауы үшін Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумына жазбаша нысанда ақпарат беру арқылы ашады.

Төрешілердің міндеттері

      6. Сайланғаны расталғаннан кейін төреші жұмыс істеуге дайын болады және талқылаулар бойы өз міндеттерін мұқият және уақытылы, әділ және ынтамен орындайды.

      7. Төреші талқылауда көтерілген және төрелік комиссияның баяндамасы үшін қажетті мәселелерді ғана қарайды және осы міндетті кез келген басқа адамға бермейді.

      8. Төреші өзінің көмекшісі мен персоналының осы Мінез-құлық кодексінің 2, 3, 4, 5, 16, 17 және 18-ережелерін білуін және оларды сақтауын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті қадамдарды қолданады.

      9. Төреші талқылауларға қатысты біржақты байланыстарға араласпайды.

Төрешілердің тәуелсіздігі мен бейтараптығы

      10. Төреші тәуелсіз және бейтарап болуға, дөрекілік немесе біржақтылықтың көріністерін жасаудан аулақ болуға тиіс, сондай-ақ мүдделердің, сырттай қысымның, саяси пайымдаулардың, жұртшылық наразылығының, Тараптардың біреуінің адалдығының, немесе сыннан қорқудың ықпалына ұшырамауға тиіс.

      11. Төреші өз міндеттерін тиісті орындауын кез келген жағдайда шектейтін немесе шектей алатын тікелей немесе жанама ешқандай міндеттемелерді өзіне алмайды немесе қандай да бір пайда көрмейді.

      12. Төреші кез келген өзінің немесе жеке мүдделерін жылжыту үшін төрелік комиссиядағы қызмет бабын пайдаланбайды. Төреші өзіне басқа адамдар ықпал етеді деген әсерді туғызуы мүмкін әрекеттерден аулақ болады.

      13. Төреші қаржылық, іскерлік, кәсіби, жеке немесе әлеуметтік қатынастардың немесе міндеттердің өзінің мінез-құлқына немесе шешіміне ықпал етуіне жол бермейді.

      14. Төреші өзінің бейтараптығына ықпал ете алатын немесе дөрекілік пен біржақтылық көріністерін негізді түрде туғыза алатын кез келген қатынастарға түсуден немесе кез келген қаржылық мүддені иеленуден аулақ болады.

Бұрынғы төрешілердің міндеттері

      15. Барлық бұрынғы төрешілер өз міндеттерін орындаған кезде біржақтылық танытты немесе төрелік комиссияның шешімінен немесе баяндамасынан пайда көрді деген әсерді туғызуы мүмкін әрекеттерден аулақ болады.

Құпиялылық

      16. Төреші де, бұрынғы төреші де осы талқылау мақсаттарын қоспағанда, талқылауға қатысты немесе талқылау барысында алған жария емес ақпаратты ешқашан ашпайды немесе пайдаланбайды және кез келген жағдайда осындай ақпаратты жеке пайда немесе басқалардың пайда көруі немесе басқалардың мүдделеріне теріс ықпал ету мақсатында жария етпейді немесе пайдаланбайды.

      17. Төреші осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауына (Дауларды реттеу) сәйкес төрелік комиссияның баяндамасын немесе оның бір бөлігін ол жарияланғанға дейін ашпайды.

      18. Төреші немесе бұрынғы төреші кез келген уақытта төрелік комиссия талқылаған мәселелерді немесе кез келген төрешінің пікірін ашпайды.

Шығыстар

      19. Әрбір төреші рәсімдерге жұмсалған уақыт және өзінің шығыстары, сондай-ақ көмекшілері мен персоналының уақыты мен шығындары туралы есепке алуды жүргізеді және олар туралы түпкілікті есепті дайындайды.

Медиаторлар

      20. Төрешілерге немесе бұрынғы төрешілерге қолданылатын осы Мінез-құлық кодексінде сипатталған тәртіп mutatis mutandis медиаторларға қолданылады.

VII ҚОСЫМША

III БӨЛІМНІҢ (САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК) 14-ТАРАУЫНА (ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ) СӘЙКЕС МЕДИАЦИЯ ТЕТІГІ

1-бап

Мақсаты

      Осы қосымшаның мақсаты медиатордың көмегімен тұтастай және жылдам рәсім арқылы өзара келісілген шешім табуға жәрдемдесу болып табылады.

А БӨЛІМІ

МЕДИАЦИЯ ТЕТІГІНІҢ РӘСІМДЕРІ

2-бап

Ақпарат беру туралы сұрау салу

      1. Тарап медиация рәсіміне бастамашылық жасауға дейінгі кез келген уақытта Тараптар арасындағы саудаға немесе инвестицияларға теріс әсерін тигізетін шараға қатысты ақпарат туралы жазбаша сұрау салуды жібере алады. Сұрау салу жасалған Тарап сұрау салуды алған кезден бастап 20 күн ішінде сұрау салудағы ақпарат туралы өз түсіндірмелерін қамтитын жазбаша жауапты жолдайды.

      2. Егер жауап беруші Тарап сұрау салуды алған кезден бастап 20 күн ішінде жауап бере алмаймын деп есептесе, кешіктіру себептерін көрсетіп және өз жауабын жолдай алатын шамамен қысқа мерзімді белгілеп, сұрау салушы Тарапты дереу хабардар етеді.

3-бап

Рәсімге бастамашылық жасау

      1. Тарап екінші Тарапқажазбаша сұрау салуды жолдау арқылы, Тараптардың кез келген уақытта медиация рәсіміне кірісуін сұрата алады. Сұрау салу сұрау салушы Тараптың алаңдаушылығын айқын көрсету үшін жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі болып табылады және:

      (a) нақты қаралатын шараны айқындайды;

      (b) сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша, аталған шара Тараптар арасындағы саудаға немесе инвестицияларға тигізіп отырған немесе тигізетін болжамды теріс ықпалы туралы мәлімдеме ұсынады; және

      (c) сұрау салушы Тараптың осы ықпал неліктен аталған шараға байланысты деп есептейтінін түсіндіреді.

      2. Медиация рәсіміне бастамашылық Тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жасалуы мүмкін. Егер сұрау салу 1-тармаққа сәйкес жасалса, сұрау салу жасалған Тарап сұрау салуға оң ниеттестікпен қарайды және оны алған кезден бастап 10 күн ішінде сұрау салушы Тарапқа өзінің жазбаша келісімін немесе бас тартуын жібереді.

4-бап

Медиаторды таңдау

      1. Тараптар осы қосымшаның 3-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімді ұсынылған кезден бастап 15 күн ішінде медиатор туралы келісімге келуге ұмтылады.

      2. Тараптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде медиатор туралы келісімге келмеген жағдайда, кез келген Тарап Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасына немесе төрағаның өкіліне медиаторды осы Келісімнің 194-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тізімнен жеребе бойынша таңдауға өтініш жасай алады. Екі Тараптың өкілдеріне жеребеге қатысу үшін алдын ала шақыру жіберіледі. Кез келген жағдайда жеребе тастау Тараптың/Тараптардың қатысуымен өткізіледі.

      3. Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының төрағасы немесе төрағаның өкілі 2-тармаққа сәйкес жасалған сұрау салуды алған кезден бастап бес күннің ішінде медиаторды таңдайды.

      4. Егер осы Келісімнің 194-бабының 1-тармағында аталған тізім осы қосымшаның 3- бабына сәйкес сұрау салу жасалған кезге қарай қалыптастырылмаса, медиатор Тараптардың біреуі немесе екеуі де ресми ұсынған адамдардың арасынан жеребе бойынша таңдалады.

      5. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, медиатор кез келген Тараптың азаматы болып табылмайды.

      6. Медиатор шара және оның саудаға тигізетін ықтимал ықпалы туралы айқын түсінік енгізу үшін, сондай-ақ өзара келісілген шешімге қол жеткізу үшін Тараптарға бейтарап және ашық түрде жәрдем көрсетеді.

      7. Осы Келісімге VI қосымшада белгіленген төрелік комиссияның мүшелері мен медиаторлардың Мінез-құлық кодексі медиаторларға mutatis mutandis қолданылады.

      8. Осы Келісімге V қосымшада белгіленген Төрелік рәсімі қағидаларының 3-7 (Хабарламалар) және 42-46 (Жазбаша және ауызша аударма) қағидалары mutatis mutandis қолданылады.

5-бап

Медиация рәсімі қағидалары

      1. Медиатор тағайындалған кезден бастап 10 күн ішінде медиация рәсіміне бастамашылық жасаған Тарап медиаторға және екінші Тарапқа өзінің, атап айтқанда, қаралатын шараның әсері мен оның саудаға тигізетін ықпалына аландаушылығының егжей-тегжейлі жазбаша сипаттамасын жібереді. Екінші Тарап аталған сипаттаманы алған кезден бастап 20 күн ішінде сипаттамаға жазбаша түсіндірме жібере алады. Кез келген Тарап өзі сәйкес келеді деп санайтын кез келген ақпаратты өзінің сипаттамасына немесе түсіндірмесіне қоса алады.

      2. Медиатор қаралатын шара және оның саудаға тигізетін ықтимал әсері туралы айқын түсінік енгізу үшін неғұрлым қолайлы тәсіл туралы шешім қабылдай алады. Атап айтқанда, медиатор Тараптар арасында кездесулер ұйымдастыра алады, Тараптарға бірлесіп немесе жеке-жеке консультация бере алады, тиісті сарапшылардан немесе мүдделі тараптардан көмек сұрай алады немесе консультация ала алады және Тараптар сұраған кез келген қосымша қолдауды көрсете алады. Медиатор тиісті сарапшылар мен мүдделі тараптардан көмек немесе консультациялар сұрар алдында Тараптармен консультация жүргізеді.

      3. Медиатор қаралатын шараның осы Келісімге сәйкестігіне қатысты кеңес немесе оған түсіндірме бермейді. Медиатор кеңес бере алады және Тараптардың қарауы үшін шешімді ұсына алады. Тараптар ұсынылған шешімді қабылдауы немесе қабылдаудан бас тартуы немесе басқа шешім туралы уағдаласуы мүмкін.

      4. Медиация рәсімі сұрау салу жіберілген Тараптың аумағында немесе өзара келісім бойынша кез келген басқа жерде немесе кез келген басқа құралдардың көмегімен өткізіледі.

      5. Тараптар медиатор тағайындалған кезден бастап 60 күн ішінде өзара келісілген шешімге қол жеткізуге ұмтылады. Түпкілікті уағдаластықты күту кезінде Тараптар ықтимал аралық шешімдерді қарастыра алады.

      6. Өзара келісілген шешім немесе аралық шешім Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының шешімі арқылы қабылдануы мүмкін. Өзара келісілген шешімдер жарияланады, Жұртшылыққа арналған ашық нұсқада Тараптың құпия ретінде белгілеген ешқандай ақпараты камтылмайды.

      7. Тараптардың өтініші бойынша медиатор: (і) қаралатын шараның; (іі) кейінгі рәсімдердің; және (ііі) кез келген қол жеткізілген өзара келісілген шешімнің, оның ішінде ықтимал аралық шешімдердің қысқаша сипаттамасын қамтамасыз ететін Тараптарға фактологиялық баяндаманың жобасын жібереді. Медиатор Тараптарға 15 күн ішінде баяндама жобасына түсіндірме беруге мүмкіндік береді. Осы кезең ішінде алынған Тараптардың түсіндірмелерін қарастырғаннан кейін медиатор 15 күн ішінде Тараптарға түпкілікті фактологиялық баяндаманы жібереді. Фактологиялық баяндама осы Келісімнің қандай да бір түсіндірмелерін қамтымайды.

      8. Рәсім мынадай жолдармен тоқтатылады:

      (a) оны қабылдаған күні Тараптардың өзара келісілген шешімді қабылдау;

      (b) осындай уағдаластық күні рәсімнің кез келген сатысында Тараптардың өзара уағдаластығы;

      (c) осындай өтініш жасалған күні Тараптармен консультациялардан кейін медиатордың медиация өткізу жөніндегі бұдан кейінгі күш-жігердің пайдасыз екені туралы жазбаша өтініші; немесе

      (d) осындай өтініш жасалған күні медиация рәсімі шеңберінде өзара келісілген шешімдерді зерделегеннен кейін және кез келген кеңесті және медиатор ұсынған шешімдерді қарастырғаннан кейін Тараптың жазбаша өтініші.

В БӨЛІМІ

ОРЫНДАУ

6-бап

Өзара келісілген шешімді орындау

      1. Егер Тараптар шешім туралы уағдаластыққа қол жеткізсе, әрбір Тарап өзара келісілген шешімді келісілген мерзімде орындау үшін қажетті шаралар қолданады.

      2. Орындаушы Тарап екінші Тарапты өзара келісілген шешімді орындау үшін қолданылған кез келген қадамдар немесе шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

С БӨЛІМІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7-бап

Құпиялылық және дауларды реттеуге қатысы

      1. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса және осы қосымшаның 5-бабының 6-тармағына нұқсан келтірмей рәсімнің барлық кезеңдері, оның ішінде кез келген кеңестер немесе ұсынылған шешім құпия болып табылады. Дегенмен, кез келген Тарап жұртшылыққа медиацияның орын алғаны туралы фактіні аша алады.

      2. Медиация рәсімі осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауы (Дауларды реттеу) немесе кез келген басқа келісім бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.

      3. Осы Келісімнің III Бөлімінің (Сауда және кәсіпкерлік) 14-тарауына (Дауларды реттеу) сәйкес медиация рәсімі басталғанға дейін консультациялар талап етілмейді. Алайда, Тарап медиация рәсімін бастамас бұрын осы Келісімде көзделген ынтымақтастық немесе консультациялар туралы басқа да тиісті ережелерді пайдаланады.

      4. Тарап осы Келісім немесе кез келген басқа да келісім бойынша дауларды реттеу жөніндегі басқа рәсімдердегі:

      (a) медиация рәсімі барысында екінші Тарап ұстанып отырған ұстанымға немесе осы қосымшаның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жиналған ақпаратқа;

      (b) екінші Тарап медиация нысанасы болып табылатын шараға қатысты шешім қабылдауға өзінің дайын екені туралы мәлімдеген фактіге; немесе

      (c) медиатор жасаған ұсынымдар мен ұсыныстарға сүйенбейді немесе оларды дәлелдеме ретінде ұсынбайды және төрелік комиссия оларды назарға алмайды.

      5. Медиатор осы Келісім немесе ДСҰ келісімі бойынша дауды реттеу барысында сол бір мәселе қарастырылған талқылауда өзі медиатор болып табылған төрелік комиссия мүшесі ретінде жұмыс істей алмайды.

8-бап

Мерзімдер

      Осы қосымшада аталған кез келген мерзім Тараптар арасындағы өзара келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.

9-бап

Шығындар

      1. Әрбір Тарап медиация рәсіміне қатысудан туындайтын өзінің жеке шығыстарын көтереді.

      2. Тараптар ұйымдастырушылық мәселелері бойынша, оның ішінде медиатордың сыйақылары мен шығыстары бойынша шығыстарды бірге және теңдей көтереді. Медиатор сыйақысы осы Келісімге V қосымшада жазылған Рәсім қағидаларының 8-ережесінің (е)-тармағына сәйкес төрелік комиссия төрағасы үшін көзделген сыйақымен сәйкестікте болады.

КЕДЕН ІСТЕРІНДЕГІ ӨЗАРА ӘКІМШІЛІК КӨМЕК ТУРАЛЫ ХАТТАМА

1-бап

Анықтамалар

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:

      (a) "кеден заңнамасы" Тараптар аумағында қолданылатын, оларға тыйым салу, шектеу және бақылау жөніндегі шараларды қоса алғанда, тауарлардың импортын, экспорты мен транзитін және оларды кез келген кеден режиміне немесе рәсіміне сәйкес орналастыруды реттейтін кез келген құқықтық немесе нормативтік ережелерді білдіреді;

      (b) "өтініш беруші орган" осы Хаттамаға сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салу салатын және осы мақсат үшін Тарап айқындаған құзыретті әкімшілік органды білдіреді;

      (c) "сұрау салынатын орган" осы Хаттамаға сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салуды алатын және осы мақсат үшін Тарап айқындаған құзыретті әкімшілік органды білдіреді;

      (d) "дербес деректер" анықталған немесе анықталатын жеке тұлғаға байланысты кез келген ақпаратты білдіреді;

      (e) "кеден заңнамасын бұзатын операция" кеден заңнамасын кез келген бұзушылықты немесе оны бұзу әрекетін білдіреді.

2-бап

Қолданылу саласы

      1. Тараптар кеден заңнамасын бұзатын оперциялардың алдын алу, оларды тергеп-тексеру және оларға қарсы күресу арқылы өзінің кеден заңнамасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету үшін осы Хаттамада айқындалған тәртіппен және шарттарға сәйкес өз құзыреті аясында бір-біріне көмек көрсетеді.

      2. Осы Хаттамада көзделген, кеден істеріндегі көмек осы Хаттаманы қолдануға құзыреті бар Тараптардың кез келген әкімшілік органына қолданылады. Ол қылмыстық істерде өзара көмек көрсетуді реттейтін қағидаларға нұқсан келтірмейді және ақпаратты беруді осы сот органы рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, сот органының сұрау салуы бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы алынған ақпарат алмасуды қамтымайды.

      3. Баждарды, салықтарды немесе айыппұлдарды жинауға байланысты мәселелер бойынша көмек осы Хаттамада қамтылмайды.

3-бап

Сұрау салу бойынша көмек

      1. Өтініш беруші органның өтініші бойынша сұрау салынатын орган оған, кеден заңнамасын бұзатын операция болып табылатын немесе болып табылуы мүмкін көрсетілген немесе жоспарланып отырған қызмет туралы ақпаратты қоса алғанда, кеден заңнамасының дұрыс қолданылуына көзін жеткізуге мүмкіндік беретін барлық тиісті ақпаратты ұсынады.

      2. Өтініш беруші органның өтініші бойынша сұрау салынатын орган оған:

      (a) орындылығына қарай, тауарларға қолданылған кеден рәсімдерін көрсете отырып, Тарап аумағынан тауар экспортының және екінші Тарап аумағына импорттың мән-жайлары (фактілері мен шарттары) туралы;

      (b) орындылығына қарай, тауарларға қолданылған кеден рәсімдерін көрсете отырып, Тарап аумағына тауар импортының және екінші Тарап аумағынан экспорттың мән-жайлары (фактілері мен шарттары) туралы ақпарат береді.

      3. Өтініш беруші органның өтініші бойынша сұрау салынатын орган өзінің құқықтық немесе нормативтік ережелері шеңберінде:

      (a) өздеріне қатысты кеден заңнамасын бұзу операцияларына тартылған немесе тартылды деп есептеуге жеткілікті негіздер бар жеке немесе заңды тұлғаларға;

      (b) өздеріне қатысты кеден заңнамасын бұзу операциялары орын алды деп күдіктенуге жеткілікті негіздер бар, тауарларды сақтау орындарына;

      (c) өздеріне қатысты кеден заңнамасын бұзу операциялары орын алды деп күдіктенуге жеткілікті негіздер бар тасымалданатын немесе тасымалдануға арналған тауарларға;

      (d) өздеріне қатысты кеден заңнамасын бұзу операциялары орын алды деп күдіктенуге жеткілікті негіздер бар тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарына арнайы қадағалауды қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдар жасайды.

4-бап

Ерікті түрде көмек көрсету

      Егер Тараптар кеден заңнамасының дұрыс қолданылуы үшін қажет деп есептесе, өздерінің жеке бастамасы бойынша және өздерінің құқықтық немесе нормативтік ережелеріне сәйкес, атап айтқанда:

      (a) кеден заңнамасын бұзатын операция болып табылатын немесе солай түсінілетін және екінші Тарап үшін қызығушылық туғызуы мүмкін қызметке;

      (b) кеден заңнамасын бұзатын операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жаңа құралдар мен әдістерге;

      (c) кеден заңнамасын бұзатын операциялардың нысанасы болып табылатындығы белгілі болған тауарларға;

      (d) кеден заңнамасын бұзатын операцияларға тартылған немесе тартылды деп есептеуге жеткілікті негіздер бар жеке немесе заңды тұлғаларға;

      (e) кеден заңнамасын бұзатын операцияларда пайдаланылды, пайдаланылуда немесе пайдаланылуы мүмкін деп есептеуге жеткілікті негіздер бар көлік құралдарына қатысы бар ақпаратты ұсыну арқылы бір-біріне көмек көрсетеді.

5-бап

Жеткізу және хабардар ету

      Өтініш беруші органның өтініші бойынша сұрау салынатын орган соңғысына қолданылатын құқықтық немесе нормативтік ережелерге сәйкес сұрау салынатын органның аумағында орналасқан немесе құрылған адресатқа өтініш беруші органнан шығатын және осы Хаттама қолданылатын кез келген құжаттарды жеткізу үшін немесе кез келген шешімдер туралы хабардар ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

      Құжаттарды жеткізуге немесе шешімдер туралы хабардар етуге сұрау салулар жазбаша нысанда сұрау салынатын органның ресми тілінде немесе осы орган үшін қолайлы тілде жасалады.

6-бап

Көмек көрсету туралы сұрау салулардың нысаны мен мазмұны

      1. Осы Хаттамаға сәйкес сұрау салулар жазбаша нысанда жасалады. Оларға сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттар қоса беріледі. Қажет болған кезде, жағдайдың жеделдігіне байланысты ауызша сұрау салулар қабылдануы мүмкін, бірақ олар дереу жазбаша нысанда расталуға тиіс.

      2. 1-тармаққа сәйкес сұрау салулар мынадай ақпаратты қамтиды:

      (a) өтініш беруші орган;

      (b) сұрау салудың мақсаты мен себебі;

      (c) сұрау салынатын шара;

      (d) құқықтық немесе нормативтік ережелер мен басқа да тиісті құқықтық элементтер;

      (e) тексеруге жататын жеке немесе заңды тұлғалар туралы мүмкіндігіне қарай нақты және толық мәліметтер;

      (f) тиісті фактілер мен жүргізілген тексеру туралы мәліметтер;

      (g) сұрау салуды орындау үшін қажетті басқа да кез келген тиісті ақпарат.

      3. Сұрау салулар сұрау салынатын органның ресми тілінде немесе осындай орган үшін қолайлы тілде ұсынылады. Осы талап 1-тармаққа сәйкес сұрау салуға қоса берілетін кез келген құжаттарға қолданылмайды.

      4. Егер сұрау салу 1-3-тармақтарда жазылған формальды талаптарға сәйкес келмесе, оның түзетілуі немесе толықтыру сұралуы мүмкін, сонымен бірге қамтамасыз ету шаралары да жазылуы мүмкін.

7-бап

Сұрау салуларды орындау

      1. Көмек көрсету туралы сұрау салуды орындау мақсатында сұрау салынатын орган өзінің жеке мүдделерінде немесе өз Тарапының басқа органдарының өтініші бойынша іс-қимыл жасағандай, органда бар ақпаратты ұсыну, тиісті тексерулерді жүргізу немесе оларды жүргізуге жағдайларды ұйымдастыру арқылы өз құзыреті мен қолда бар ресурстары шегінде әрекет етеді. Егер сұрау салынатын орган дербес әрекет жасай алмаса, бұл оның сұрау салуы жолданған кез келген басқа органға да қолданылады.

      2. Көмек көрсету туралы сұрау салулар сұрау салынатын Тараптың құқықтық немесе нормативтік ережелеріне сәйкес орындалады, Егер сұрау салуды орындау мүмкін болмаса, сұрау салушы Тарапқа бұл туралы дереу ақпарат беріледі.

      3. Тараптың тиісті түрде уәкілеттік берілген қызметкерлері екінші Тараптың келісімімен және соңғысы айқындаған шарттарға сәйкес кеден заңнамасын бұзатын операция болып табылатын немесе болып табылуы мүмкін қызметке байланысты және осы Хаттаманың мақсаттары үшін өтініш беруші органға қажетті ақпаратты aлy үшін 1-тармаққа сәйкес сұрау салынатын органның немесе басқа да мүдделі органдардың кеңселерінде бола алады.

      4. Қатысушы Тараптардың бірінің тиісті түрде уәкілеттік берілген қызметкерлері екінші Тараптың келісімімен және соңғысы айқындаған шарттарға сәйкес соңғысының аумағында жүргізілетін тексерулерге қатыса алады.

8-бап

Ақпарат берілуге тиіс нысан

      1. Сұрау салынатын орган тексеру нәтижелерін тиісті құжаттармен, куәландырылған көшірмелермен немесе басқа да құжаттармен бірге жазбаша нысанда өтініш беруші органға хабарлайды.

      2. Аталған ақпарат электрондық нысанда болуы мүмкін.

      3. Құжаттардың түпнұсқалары куәландырылған көшірмелер жеткіліксіз болған жағдайларда ғана сұрау салу бойынша беріледі. Бұл түпнұсқалар алғашқы мүмкіндік болған кезде қайтарылады.

9-бап

Көмек көрсету жөніндегі міндеттемеден туындайтын ерекшеліктер

      1. Бір Тарап осы Хаттамаға сәйкес көмек:

      (a) Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның егемендігіне нұқсан келтіруі мүмкін; немесе

      (b) мемлекетгік саясатқа, қауіпсіздікке немесе басқа да өмірлік маңызды мүшелерге нұқсан келтіруі мүмкін; немесе

      (c) өнеркәсіптік, коммерциялық немесе қызметтік құпияны бұзады деп есептеген жағдайларда, көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкін немесе белгілі бір шарттар немесе талаптар сақталған кезде ұсынылуы мүмкін.

      2. Сұрау салынатын орган жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге, қудалауға немесе талқылауға кедергі жасауы мүмкін деген негізбен көмек көрсетуді кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл жағдайда сұрау салынатын органға қажет болуы мүмкін мерзімдерді немесе шарттарды сақтай отырып, көмек көрсету мүмкіндігін айқындау мақсатында сұрау салынатын орган өтініш беруші органмен консультациялар өткізеді.

      3. Егер өтініш беруші органға сұрау салынған жағдайда өзі көрсете алмайтын көмек қажет болса, ол өзінің сұрау салуында осы фактіге назар аударады. Онда сұрау салынатын орган осындай сұрау салуға қалай жауап беретіндігін шешеді.

      4. 1 және 2-тармақтарда аталған жағдайлар туындаған кезде сұрау салынатын органның шешімі және осындай шешімнің себептері өтініш беруші органға кідіріссіз хабарлануға тиіс.

10-бап

Ақпарат алмасу және кұпиялылық

      1. Осы Хаттамаға сәйкес қандай да бір нысанда берілген кез-келген ақпарат әрбір Тарапта қолданылатын қағидаларға қарай құпия немесе шектеулі сипатқа ие болады. Осы ақпаратқа қызметтік құпияға байланысты міндеттеме қолданылады және бұл ақпарат оны берген Тараптың тиісті заңдары негізінде ұқсас ақпаратты қорғаумен қамтамасыз етіледі.

      2. Дербес деректер алмасу тек алушы Тарап беруші Тараптың талаптарына сәйкес тиісті дәрежеде деректерді қорғауға міндеттенген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Осы Хаттамаға сәйкес алынған ақпаратты кеден заңнамасын бұзатын операцияларға қатысты қозғалған сот немесе әкімшілік істерде пайдалану осы Хаттаманың мақсаттарына арналған болып есептеледі. Осылайша, Тараптар өз хаттамаларында, есептерінде және куәліктерінде, сондай-ақ сотқа берілген талқылаулар мен айыптауларда осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес алынған ақпарат пен анықтама құжаттарын дәлелдеме ретінде пайдалана алады. Осындай ақпаратты немесе осындай құжаттарға қол жеткізуді ұсынған құзыретті орган осындай пайдалану туралы хабардар етіледі.

      4. Осы Хаттамаға сәйкес алынған ақпарат осы Хаттамада жазылған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады. Егер Тараптардың бірі осы ақпаратты басқа мақсаттар үшін пайдаланғысы келсе, ол ақпаратты ұсынған органның алдын ала жазбаша келісімін алады. Кейіннен мұндай пайдалану осы орган айқындаған кез келген шектеулерге жатады.

11-бап

Сарапшылар мен куәлар

      Сұрау салынатын органның лауазымды тұлғасына осы Хаттамада қамтылатын мәселелерге қатысты сот немесе әкімшілік талқылаулар барысында берілген өкілеттіктер шегінде сарапшы немесе куә болуға уәкілеттік берілуі мүмкін және ол талқылау үшін қажет болуы мүмкін заттарды, құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін ұсына алады. Лауазымды тұлғаға сұрау салуды өтініш беруші орган жасайды және сұрау салуда, атап айтқанда, лауазымды тұлға қандай сот немесе әкімшілік органның алдында, қандай мәселелер бойынша және қандай сипатта (лауазымда немесе біліктілікте) сөз сөйлейтіні көрсетілуге тиіс.

12-бап

Көмек көрсету бойынша шығыстар

      Тараптар, орындылығына қарай, сарапшылар мен куәларға арналған шығыстарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын ауызша және жазбаша аудармашыларға арналған шығыстарды қоспағанда, осы Хаттамаға сәйкес келтірілген шығыстарды өтеу бойынша бір-біріне қойылатын барлық талаптардан бас тартады.

13-бап

Орындау

      1. Осы Хаттаманы орындау, бір тараптан Қазақстан Республикасының кеден органдарына және екінші тараптан Ұлыбританияның кеден органдарына жүктеледі. Олар қолданыстағы, атап айтқанда, деректерді қорғау саласындағы қағидаларды ескере отырып, оны қолдану үшін қажетті барлық практикалық шаралар мен уағдаластықтар бойынша шешімдер қабылдайды.

      2. Тараптар осы Хаттаманың қағидаларына сәйкес қабылданған егжей-тегжейлі орындау қағидаларына қатысты бір-бірімен консультациялар жүргізеді және бұдан әрі бір-біріне ақпарат береді.

14-бап

Басқа да келісімдер

      1. Осы Хаттаманың ережелері:

      (a) Тараптардың кез келген басқа халықаралық келісім немесе конвенция бойынша міндеттемелеріне әсер етпейді;

      (b) Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жасалған немесе жасалуы мүмкін өзара көмек туралы келісімдерді толықтырады деп есептеледі;

      2. 1-тармақтың ережесіне қарамастан, осы Хаттаманың ережелері осы Келісімге қол қойылған күнге дейін Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жасалған өзара көмек туралы кез келген екіжақты ережелерінен соңғысының ережелері осы Хаттаманың ережелерімен үйлеспейтін бөлігінде басымдыққа ие болады.

      3. Тараптар осы Хаттаманың қолданылуына байланысты мәселелерге қатысты Тараптар арасында кеден істері бойынша диалог шеңберінде мәселелерді шешу үшін бір-бірімен консультация өткізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады