2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 12-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 8-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "Қауіпті өнім туралы" деген сөздер және 3-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
_________жылғы "___"__________________ Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
| Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
|---|
Осымен осы мәтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы 2021 жылғы 16 ақпандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Армения Республикасынан - Армения Республикасының Вице-премьер- министрі М.Г. Григорян;
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.В. Петришенко;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары С.М. Жұманғарин;
Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары А.А. Касымалиев;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Л.Оверчук.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
|
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
"2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Осымен 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
