2006 жылғы 4 шiлдеде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiм және 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 4 желтоқсанда Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық обьектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімге және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын тану туралы хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Қырғыз Тарабы:
1) осы Келісімге қол қойылған сәттен бастап 5 айдың ішінде оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуге міндеттенеді;
2) осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірмей Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға Қазақстан Республикасының меншік құқығын ресімдейді, атап айтқанда:
"Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт-сауықтыру базасы (бұрынғы "Автомобилист Казахстана" демалыс үйі (Қорымды ауылы);
"Самал" демалыс үйі (Бөстері кенті);
"Қазақстан" санаторийі (Шолпан-Ата қаласы);
"Университет" спорт-сауықтыру лагері (Бөстері кенті).
2. Қазақстан Тарабы осы Келісімнің 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерге өзінің меншік құқықтарын ресімдегеннен кейін мынадай:
мүмкіндігінше жыл бойы жұмыс істейтін 3 немесе 4 жұлдызды қонақ үйлері деңгейіне:
"Қазақстан" санаторийін - екі жылдың ішінде,
"Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт-сауықтыру базасын (бұрынғы "Автомобилист Казахстана" демалыс үйі), "Самал" демалыс үйін, "Университет" спорт-сауықтыру лагерін - төрт жылдың ішінде жеткізу;
жоғарыда көрсетілген объектілерді салу және пайдалану кезінде жұмыс күшінің кемінде 80 пайызын Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.
2-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
3-бап
Осы Келісім Тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2006 жылғы "4" шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті
екі мемлекет арасындағы мүліктік мәселелерді реттеу мақсатында
2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттың Тараптары бола отырып,
Келісімнің 1-бабында көрсетілген курорттық-рекреациялық объектілерді кемінде 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
а) 1-тармақтың 2) тармақшасында:
үшінші абзацтағы "кенті" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "Шолпан-Ата қаласы" деген сөздер "Бөстері ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "кенті" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
a) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Тарапы осы Келісімнің 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерге (бұдан әрі - бірге "Объектілер", ал жеке-жеке "Объект") өзінің меншік құқықтарын ресімдегеннен кейін мынадай:
1) Қырғыз Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап бес (5) жыл мерзім ішінде Объектілерді мүмкіндігінше жыл бойы жұмыс істете отырып, Қырғыз Республикасының заңнамасында айқындалатын стандарттарға сәйкес жұлдыздық деңгейіне:
"Қазақстан" санаторийін (Бөстері ауылы) - кемінде 4 жұлдызды қонақүй;
"Университет" спорт-сауықтыру лагерін (Бөстері ауылы) - кемінде 3 жұлдызды қонақүй;
"Самал" демалыс үйін (Бөстері ауылы) - кемінде 3 жұлдызды қонақүй;
"Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт-сауықтыру базасын (бұрынғы "Автомобилист Казахстана" демалыс үйі (Қорымды ауылы) - спортшыларға арналған спорт-сауықтыру орталығы (жұлдыздық деңгейіне байланыстырмай) деңгейіне жеткізу жөнінде;
2) Объектілерді салу және пайдалану кезінде Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан жұмыс күшінің кемінде 90 пайызын тарту жөнінде шаралар қабылдайды.";
в) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы Келісімнің 1-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемелерді іске асыру мақсатында Қазақстан Тарапының Объектіге/Объектілерге, оның ішінде болашақтағы жаңа күрделі құрылыс объектілеріне меншік құқығын сақтай отырып, Қазақстан Тарапының Объектіге/Объектілерге инвесторды/инвесторларды тартуға құқығы бар.";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Екінші Тарап міндеттемелерді сақтамаған жағдайда Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
Осы Келісімнің 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген міндеттемелер сақталмаған жағдайда Тараптардың бірі екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу жолымен Келісімнің қолданысын барлық Объектілерге қатысты толығымен не жекелеген Объектіге немесе бірнеше Объектіге қатысты ішінара тоқтату туралы өзінің ниетін білдіре алады. Бұл жағдайда Келісім осындай хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн еткен соң өз қолданысын тоқтатады.
Осы Келісімнің қолданысы Обьектілерге қатысты толығымен немесе жекелеген Объектіге немесе бірнеше Объектіге қатысты ішінара тоқтатылған кезде бұл Объектілер немесе жекелеген Объект Қырғыз Тарапының меншігіне өтеусіз етеді.".
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас белігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2024 жылғы 4 желтоқсанда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
|
Қазақстан Рсспубликасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РсспубликасыныңМинистрлер Кабинеті үшін |