Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 17 ақпандағы № 264-VIII ҚРЗ.

      2024 жылғы 4 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісім

      Бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен ОРЕС Халықаралық даму қоры (бұдан әрі - ОРЕС қоры)

      ОРЕС қорына мүше мемлекеттер барлық дамушы елдер арасында ынтымақтасудың қажеттігін әрі олардың және басқа дамушы елдердің арасындағы қаржылық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіне отырып, ОРЕС қорына мүше мемлекеттер басқа дамушы елдерге қаржылық көмек көрсететін қолданыстағы екіжақты және көпжақты арналарға қосымша соңғыларына қаржылық қолдау көрсету үшін ОРЕС қорын құрғанын назарға ала отырып,

      бұдан басқа, ОРЕС қорына мүше мемлекеттер ОРЕС қорына капитал легін ынталандыруға қатысуға және атап айтқанда, жоғарыда аталған қаржылық ынтымақтастық мақсатын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасын қоса алғанда, басқа дамушы елдердің аумағында орналасқан кәсіпорындардың қатысуымен жеке сектордың қызметін қаржыландыруға көмек көрсетуге өкілеттік бергендіктен,

      Үкімет пен ОРЕС қоры Қазақстан Республикасы үшін қызығушылық тудыратын инвестициялық жобалар үшін ОРЕС қорының қарыздары, кепілдіктері немесе басқа құралдары арқылы қаржыландыруға жәрдемдесу үшін тұрақты негіз құруды

      және осы мақсатта осындай жобаларды белгілі бір қорғауды және белгілі бір қорғалуын, сондай-ақ ОРЕС қоры үшін белгілі бір құқықтар мен артықшылықтарды қамтамасыз етуді қалайтынын назарға ала отырып,

      Тараптар осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

I бап

Анықтамалар

      1.01 Осы Келісімде қолданылатын барлық жағдайларда және егер мәнмәтінде өзгеше талап етілмесе, терминдердің мынадай мағыналары болады:

      (а) "Бенефициар" (немесе ұжымдық "Бенефициарлар") ОРЕС қорының қарыз алушысының кез келген тұлғасын, ОРЕС қоры кепілдік берген тең қарыз алушыны, кепілгерді, кредиторды және оның қарыз алушысын немесе жеке тұлға болсын немесе жекеше немесе жария құқыққа сәйкес құрылған, қарыз, кепілдік немесе ОРЕС қоры кез келген Жоба үшін ұсынған, бірақ онымен ғана шектелмейтін басқа құрал арқылы қаржыландырудан пайда алатын тұлға болсын, Жоба иесін білдіреді;

      (b) "Жоба" ОРЕС қоры тікелей немесе делдал арқылы қаржыландыратын немесе ОРЕС қоры кепілдік берген қарыздан пайда немесе ОРЕС қоры жұмылдырған қаражатты алатын және мынадай өлшемшарттарды қанағаттандыратын кез келген инвестициялық жобаны білдіреді:

      (i) ол Аумақта орналасқан немесе оны ОРЕС қорының қаржыландыруы Аумақта немесе Аумақ арқылы жүзеге асырылады;

      (ii) және егер ОРЕС қоры осы Келісім күшіне енген күннен кейінгі күні қаржыландыруға келіссе, Қабылдаушы ел ол үшін қаржыландыруды сұрайды немесе қаржыландыру осы Келісімнің қолданылу аясына жатады деп таниды;

      (c) "ОРЕС қоры" 1976 жылғы 28 қаңтарда Парижде түзетулермен қол қойылған Келісімге сәйкес Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОРЕС) мүше мемлекеттер құрған ОРЕС Халықаралық даму қорын білдіреді;

      (d) "Қабылдаушы ел" барлық саяси немесе әкімшілік бөлімшелерді, сондай-ақ олардың кез келген ведомстволық құрылымдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасын білдіреді;

      (e) "Салық" кез келген салықты, салық салуды, алымды, ұстап қалуды немесе ұлттық, өңірлік немесе жергілікті, тікелей немесе жанама болсын, кез келген түрдегі салықтық алымды білдіреді;

      (f) "Аумақ" Қазақстан Республикасының аумағын білдіреді.

II бап

ОРЕС қорының қызметі

      2.01 ОРЕС қоры осы Келісімге сәйкес Жобаны қаржыландыру, Қабылдаушы елде құрылған компаниялардың акцияларын сатып алу үшін қарыздар және (немесе) кепілдіктер беруді, рұқсат етілген барлық құралдардың көмегімен Қабылдаушы елдің ұлттық заңнамасына сәйкес қаражатты қарызға алуды, сондай-ақ осындай қаражатты иелену, пайдалану және оған билік ету және кез келген валютада шоттар жүргізуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, түзетулерімен 1976 жылғы 28 қаңтардағы ОРЕС қорын құру туралы келісімде көзделген қызметті Аумақта еркін жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, ОРЕС қоры Жобаны өзінің бағалауы негізінде қаржыландыру беретін-бермейтіні және қандай шарттармен беретіні туралы шешімді еркін қабылдай алады.

III бап

ОРЕС қорына салық салу

      3.01 ОРЕС қорына тиесілі және осы Келісімде көзделген қызмет нәтижесінде туындайтын пайыздар мен барлық басқа төлемдер, сондай-ақ ОРЕС қорының осындай қызметке байланысты активтері мен кірістері тікелей салықтан босатылады. Осы Келісімде қамтылған кез келген қаржылық операцияларға байланысты Аумақтағы ОРЕС қорының қызметі өз бетінше ОРЕС қорын немесе оның активтерін салық салуға тиісті етпейді.

IV бап

Валютаның айырбасталуы және қаражат аудару

      4.01 Осы Келісімнің II бабына сәйкес жасалған кез келген қаржылық операция қолданысының бүкіл мерзімі ішінде Қабылдаушы ел:

      (a) мынаған:

      (i) Қазақстанның валюталық операцияларға қатысты басқа халықаралық мекемелерге қолданылатын қағидаларына сәйкес Бенефициарларға қарыздарға, кепілдіктерге және кез келген жобаға байланысты кәсіпорындардың капиталындағы кез келген үлестерге қатысты ОРЕС қорына тиесілі барлық сомаларды уақтылы төлеу үшін қажетті Қабылдаушы елдің ұлттық валютасындағы сомаларды ағымдағы нарықтық бағам бойынша кез келген еркін айырбасталатын валютаға айырбастауға; және

      (i) Бенефициарлар тиісті келісімшарттық немесе өзге құжаттың шарттарына сәйкес ОРЕС қоры алдындағы өз міндеттемелерін орындай алуы үшін мұндай сомалардың Аумақтан тыс жерлерге дереу және тиімді түрде еркін аударылуына мүмкіндік беруге;

      (b) мынадай:

      (i) ОРЕС қоры үшін қарыздарға, кепілдіктерге және холдингтерге немесе кез келген басқа қызметке қатысты туындайтын төлемдер түрінде ОРЕС қоры аударған Қабылдаушы елдің ұлттық валютасындағы сомаларды осындай ағымдағы нарықтық айырбастау бағамы бойынша кез келген толық айырбасталатын валютаға айырбастау және Қазақстанның валюталық операцияларына қатысты басқа халықаралық мекемелерге қолданылатын қағидаларына сәйкес ОРЕС қорының осылайша айырбасталған сомаларды Аумақтан тыс жерлерде ОРЕС қоры еркін анықтай алатын банктік шоттарға; немесе ОРЕС қорының таңдауы бойынша еркін, дереу және тиімді аудара алуы;

      (ii) Аумақ шегінде осындай сомаларға еркін билік ету мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      (c) ОРЕС қорына толық айырбасталатын кез келген валютадағы кез келген соманы ағымдағы нарықтық бағам бойынша Қабылдаушы елдің ұлттық валютасына айырбастау мүмкіндігін беруге тиіс.

V бап

Жобаларды қарау

      5.01 Қабылдаушы ел өз өкілеттіктері мен билігі шегінде жобаларға, сондай-ақ оларды орындау үшін жасалған келісімшарттарға фискалдық, кедендік және басқа да мәселелерге қатысты кемсітпейтін негізде қарайтын болады және басқа халықаралық қаржы мекемелері қаржыландыратын және (немесе) кепілдік беретін салыстырмалы жобаларға немесе келісімшарттарға қарағаннан кем болмайтын ыңғаймен қарайтын болады.

      5.02 Қабылдаушы ел Жобаға байланысты туындаған борышқа қызмет көрсету үшін қолжетімді кіріс әкелуге Жобаның қабілеттілігін сақтау үшін қажетті шамада әрбір Жобаға экспроприация мен ұлттық меншікке айналдырудан толық және үнемі қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

VI бап

ОРЕС қорының мәртебесі мен режимі

      6.01 ОРЕС қоры Аумақта, атап айтқанда, келісім шарттар жасасу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу және иеліктен шығару және сот талқылауларында тарап болу құқығын қоса алғанда, толық заңды құқық субъектілігіне ие болады.

      6.02 ОРЕС қоры Аумақтағы өз қызметіне қатысты, ең болмағанда, басқа кез келген халықаралық мекемеге ұсынылатын режим сияқты қолайлы режимді немесе, егер ол анағұрлым қолайлы болса, осындай қызметті қамтитын кез келген тиісті халықаралық келісімге сәйкес ұсынылатын режимді пайдаланады.

      6.03 Атап айтқанда, ОРЕС қоры Қабылдаушы елдің сол кезде қолданыста болатын заңнамасына сәйкес Қабылдаушы елдің ұлттық қаржы нарығына еркін қолжетімділікке ие болуға тиіс, ал оның міндеттемелері, бағалы қағаздары және басқа да салыстырмалы қаржы құралдары қолайлылығы Қабылдаушы ел салық режиміне қатысты басқа халықаралық қаржы мекемелерінің салыстырмалы қаржы құралдарына ұсынатыннан кем болмайтын шарттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін шарттарда қаралатын болады.

VII бап

ОРЕС қорының артықшылықтары мен иммунитеттері

      7.01 ОРЕС қорының активтері:

      (a) тінтуден және экспроприацияның барлық түрлерінен;

      (b) ОРЕС қорына қатысты құзыретті юрисдикция соты шығарған түпкілікті, шағымдануға жатпайтын сот шешімі шығарылғанға дейін өндіріп алудан немесе кез келген атқарушылық шараларды қолданудан немесе қозғалыс бостандығын шектеуден босатылады.

      7.02 ОРЕС қорының өкілдері осы Келісімге байланысты қызметпен айналысқан кезде немесе оны жүзеге асыру шеңберінде мынадай иммунитеттер мен артықшылықтарды:

      (a) ОРЕС қоры мұндай иммунитеттен бас тартқан жағдайларды қоспағанда, өздерінің ресми тұлғасында жасаған әрекеттеріне қатысты сот және әкімшілік талқылаулардан иммунитетті;

      (b) Қабылдаушы ел ресми хабарламалар, құжаттарды тапсыру және сапарлар үшін беретін дипломатиялық артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.

      7.03 Осы Келісімнің VII бабының 2-тармағында көзделген иммунитеттер Қабылдаушы елдің азаматтары болып табылатын ОРЕС қорының өкілдеріне қолданылмайды.

      Көрсетілген иммунитеттер OPEC қорының лауазымды адамы немесе қызметкері тарапынан жасалған әрекет салдарынан жарақат алу немесе қайтыс болу жағдайларына да қолданылмайды.

      7.04 Осы Келісімнің ешқандай ережесі халықаралық келісімдерге, конвенцияларға және (немесе) қолданылатын кез келген құқыққа сәйкес Қабылдаушы елдің орталық банкіне және (немесе) Қабылдаушы елдің орталық банкіне меншік құқығында және (немесе) өзге түрде тиесілі, оның ішінде Қабылдаушы елдің орталық банкінің сенімгерлік басқаруындағы мүлікке берілетін кез келген иммунитеттерден, артықшылықтардан немесе ерекшеліктерден бас тарту, шегіну немесе өзге де өзгерту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

VIII бап

ОРЕС қоры мен Бенефициарлар арасындағы дауларды реттеу

      8.01 Осы Келісімде көзделген ОРЕС қорының қызметіне қатысты ОРЕС қоры мен Бенефициар немесе кез келген үшінші тарап арасында туындайтын кез келген дауға қатысты Қабылдаушы ел азаматтық істер бойынша сот және төрелік шешімдерін тануға және орындауға қатысты қолданылатын халықаралық шартта (Қабылдаушы ел қатысушы болып табылатын) көзделген көлемде:

      (і) ағылшын сотын немесе кез келген төрелік трибуналды қоса алғанда, Қабылдаушы ел соттарының сот немесе құзыретті юрисдикция трибуналы тиісті құқықтық рәсімге сәйкес шығарған түпкілікті шешімді тану өкілеттігінің болуын қамтамасыз етуге;

      (іі) қолданылатын ұлттық қағидалар мен рәсімдерге сәйкес кез келген осындай шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

IX бап

Ынтымақтастық

      9.01 ОРЕС қоры әрбір қаржыландыру алдында Үкіметке жазбаша жобалық ұсыныс нысанында Жобаны болжамды қаржыландыру туралы хабарлайды. Үкімет, егер ұсынысқа қарсылығы болса немесе ұсыныс осы Келісімнің шеңберінен шықса, ұсынысты алған кезден бастап 60 (алпыс) күн ішінде жазбаша нысанда жауап қайтаруға тиіс, жазбаша нысанда жауап жібермеу Үкіметтің ұсыныспен келіскенін білдіреді.

X бап

Байланыс мекенжайлары

      10.01 Кез келген хабарлама немесе осы Келісімге сәйкес жіберілуі талап етілетін немесе рұқсат етілген өзге хабар жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Тиісті талапқа қарай мұндай хабарлама немесе хабар Тараптың төменде көрсетілген мекенжайына немесе Tapaп хабарлама жіберетін немесе хабар беретін Тарапқа жазбаша нысанда көрсетуге тиіс кез келген басқа мекенжайға берілуге немесе хабарлануға тиіс Тарапқа жеке, поштамен, телефакспен немесе басқа да электрондық құралдармен жеткізілген болса, тиісінше берілген немесе жасалған деп есептеледі.

      Мекенжайлары:

      Үкіметтен:

      ОРЕС қорынан:

XI бап

Ақпаратты ашу

      11.01 Қабылдаушы ел Бенефициарларға осы Келісім шеңберіндегі жобалар үшін берілген қарыздарға, кепілдіктерге немесе басқа құралдарға қатысты осы Келісім туралы ақпаратты ашуға рұқсат етілгенімен және ол Қабылдаушы елдің ұлттық заңнамасын бұзбайтынымен келіседі.

XII бап

Дауларды реттеу

      12.01 Осы Келісімнің болуына, жарамдылығына, түсіндірілуіне, орындалуына немесе тоқтатылуына байланысты туындайтын кез келген дау, келіспеушілік, пікірталас немесе талап (бірге "Дау" деп аталады) Тараптар арасында келісу бойынша мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешілуге тиіс.

      12.02 Егер Тараптар осы тараптардың кез келгенін дау туралы хабардар еткен кезден бастап 180 (бір жүз сексен) күн ішінде дауды бейбіт жолмен реттей алмаса, дау осы Келісім жасалған күні қолданыста болатын Халықаралық ұйымдар мен Мемлекет арасындағы ерікті төрелікке арналған Аралық соттың Тұрақты палатасының регламентіне сәйкес түпкілікті және міндетті төрелік талқылауға жатады.

      12.03 Төрешілер саны үшеу болуға тиіс. Төрелік рәсімнің тілі ағылшын тілі болуға тиіс. Төрелік талқылау Гаага, Нидерландыда өтуге тиіс. Төрешілерді тағайындайтын орган Аралық соттың Тұрақты палатасының Бас хатшысы болып табылады.

      12.04 Егер өзгеше айтылмаса, төрелік соттың құрамы қалыптастырылған кезден бастап алты ай ішінде барлық материалдар ұсынылуға және барлық тыңдаулар аяқталуға тиіс. Төрелік сот өз шешімін түпкілікті материалдар ұсынылғаннан кейін 60 (алпыс) күн ішінде шығарады.

      12.05 Осымен Үкімет кез келген дауға қатысты төрелік талқылауға және аралық соттың шешіміне қарсылық білдірмейді.

XIII бап

Күшіне енуі

      13.01 Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

XIV бап

Қолданылуын тоқтату және өзгерістер енгізу

      14.01 Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.

      Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша хабардар ету арқылы осы Келісімнің қолданысы тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданылуы осындай хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң тоқтатылады.

      Осы Келісімнің қолданысын тоқтату осы Келісімнің қолданысын тоқтатылған күні басталған және аяқталмаған жобалар мен қаржылық операциялар бойынша жасалған шарттар шеңберіндегі ОРЕС қорының құқықтары мен мүдделерін қозғамайды.

      14.02 Тараптардың өзара жазбаша келісуі бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      2024 жылғы "4" қыркүйекте Астана қаласында ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада қол қойылды.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
ОРЕС Халықаралықдаму қоры үшін
      Байбазаров Нұрлан Абдулхамид Алхалифа
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Президент

      Осымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімнің осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика вице-министрі
Б. Омарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады