Бәйтерек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 14-5 "Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2026 жылғы 11 ақпандағы № 30-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37981 болып тіркелді

      Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек аудандық мәслихатының "Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 14 мамырдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375-07 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және көрсету қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсету қағидалары айқындалсын";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.";

      6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауаптың мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      7 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Бәйтерек аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады