Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 44/4-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38582 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2026 жылғы 24 сәуірдегі
№ 44/4-VIII шешімге қосымша

Өскемен қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VІII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8917-16 болып тіркелген).

      2. "Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VІII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 18/4-VIІI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8993-16 болып тіркелген).

      3. "Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VІII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/5-VIІI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9141-16 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады