Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/381-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6277 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалар осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | |
| Д. Рыпаков |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 15 шілдедегі № 29/252-VIII шешіміне қосымша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/381-VI шешімімен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Шығыс Қазақстан облысының елді мекендеріндегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуден тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама-кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
2) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жүгiртпе жол – сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
5) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
6) маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;
7) нұсқағыш – жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оларға тікелей жақын жерде орналасқан, тек қана олардың атауы, дараландыру құралы (болған кезде) және навигация туралы ақпаратты қамтитын, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі конструкция;
8) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
9) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары
4. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
6. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени игілікті, мемлекеттік рәміздерді (елтаңбаларды, туларды, әнұрандарды), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.
7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
8. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйылтылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
5) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
6) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
7) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.
9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.
10. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн орналастыру үшiн уақытша жер пайдалануға беріледі.
11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі.
12. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.
13. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
14. Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама жібермей сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз еркінше орналастыруға жол берілмейді.
15. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде – аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
16. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
17. Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) нобайларымен қоса жарнаманың еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
18. Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
19. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.
20. Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.
21. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырғаны үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
22. Сыртқы (көрнекі) жарнама тиісті санитарлық және техникалық жағдайда ұсталуы және эстетикалық келбетін бұзбай орналастырылуы тиіс.
Аталған іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама иелері есебінен жүргізіледі.
23. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру, егер заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерімен немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттық құқықтары бар адамдармен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы
ХАБАРЛАМА
Меншік иесі __________________________________________________
(сыртқы (көрнекі) жарнама иесін, меншік құқығын растайтын құжатты көрсету).
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны мен кезеңі ________________________________________________________________
(орналастыру орнын, орналастыру кезеңін көрсету)
Эскиздің сипаттамасы: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жасалғанын растайтын құжат;
2) эскиз.
Күні _______ Қолы__________________________
