Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 7 тамыздағы № 138 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39544 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Н. Кушеров

  2026 жылғы 7 тамыздағы № 138
Түркістан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілді

Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, олардың орнатылуы, жұмыс істеуі және бөлшектелуін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;

      2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

      3) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалды құрылыс;

      4) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);

      5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады;

      6) нобай (нобайлық жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;

      7) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбеті – құрылыс объектілерінің, құрылыс салудың, абаттандырудың және қоршаған ортаның барлық элементтерінің орналасуы тұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған аумақтың кеңістіктік-композициялық шешімі;

      8) стационарлық емес сауда объектісі – сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      9) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жиналмалы конструкциядардан жеңіл құрылатын құрылыс.

2-тарау. Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі

      3. Стационарлық емес сауда объектілеріне мыналар жатады:

      1) автодүкен;

      2) автомат (сауда автоматы);

      3) дүңгіршек;

      4) жылжымалы сөре;

      5) шатыр (павильон).

      4. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату орындарын айқындау кезінде көрсетіледі:

      1) нақты орналасқан жері;

      2) маршрут сызбасы;

      3) алып жатқан алаң;

      4) кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі;

      5) жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері).

      5. Стационарлық емес сауда объектілеріндегі сауда, Қазақстан Республикасының ҚР СТ 3675 "Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар" стандартының талаптарын сақтай отырып жүзеге асады.

      6. Автокөлік дүңгіршектері арқылы тауарларды өткізу кезінде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуы және "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікте белгісі болуы тиіс.

      7. Автокөлік дүкендері (мамандандырылған автомобильдер) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін көрсетілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен міндетті техникалық байқаудан өту шартымен пайдаланылады.

      8. Тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын, ластану, жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуі, тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінен қорғауды қамтамасыз ететін жуу және уытты емес материалдардан жасалған температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланылады.

3-тарау. Түркістан облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі, жұмыс істеуі және бөлшектеу

      9. Кәсіпкерлік субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде:

      1) жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысын (жаяу жолдардың жаяу жүргіншілері бөлігінің ені кемінде 1,5 метр), мүгедектігі бар тұлғалар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасауды;

      2) өрт сөндіру бөлімшелерінің, авариялық-құтқару техникасының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруін қарастыру қажет.

      10. Қоғамдық тамақтану саласындағы стационарлық емес сауда объектісінің орналасқан жерінен инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) қосылу нүктесіне дейінгі арақашықтық 20 метрден аспауы тиіс.

      11. Ішкі сауда субъектілері қызметін жүзеге асыру шеңберінде:

      1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдаланады;

      2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолданып, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермейді;

      3) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын уақтылы төлейді;

      4) жер учаскесiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтайды;

      5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбайды.

      12. Cтационарлық емес сауда объектісін орнату кезінде ішкі сауда субъектісінің маңдайшасы болуы қажет.

      13. Демонтаждау жүргізілетін жағдайлар:

      1) жер учаскесін жалға алу мерзімі аяқталған кезде;

      2) кәсіпкерлік субъектісінің қызметі тоқтағанда;

      3) пайдалану шарттары бұзылғанда.

      14. Демонтаждау жұмыстары меншік иесінің есебінен бір ай ішінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады