Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5156-06 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Бейсқали |
