"Атырау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 51 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 76 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38617 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4999-06 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Атырау облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті" РММ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды
реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік
су инспекциясы" РММ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Атырау облысы бойынша
Экология департаменті" РММ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады