Атырау облысы әкімдігінің "Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 және "Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2025 жылғы 26 мамырдағы № 100 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 қаңтарда № 37876 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің "Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелген) және "Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2025 жылғы 26 мамырдағы № 100 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5279-06 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады