Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы" 2024 жылғы 1 наурыздағы №14/219 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7704-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептейді.".
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға қағидаларға сәйкес есептейді.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
1) осы шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Е. Туткушев
