"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Г. Нурмухамбетов
| Солтүстік Қазақстан | |
| облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 5 наурыздағы | |
| № 61 Қаулыға | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1780 болып тіркелді).
2. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшілікктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3839 болып тіркелді).
3. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 97 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5351 болып тіркелді).
4. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7596-15 болып тіркелді).
