"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген);
2) "Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 99 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1767-02 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
