"Железин ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезіңде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 98/8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 234/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 маусымда № 38926 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облысы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Железин ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезіңде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 98/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7506-14 болып тіркелген).

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады