"Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 41/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 ақпанда № 38006 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беруді қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі
      А. Байханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады