"Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 қаулымының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38200 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасысының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


      А. Тлеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады