"Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 256 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысының 18-қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген 2-тарауындағы 14-тармақтың 31) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "31) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуын, білім беру ұйымдарында олардың білім алуына арнайы жағдайлар жасалуын, білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылыстарына және үй-жайларына мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайластыру қағидаттарын ескере отырып, қолжетімді болуын қамтамасыз етеді";

      Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Трофим Клименко атындағы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Қасым Қайсенов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Привольный мектеп-бөбекжай-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 23-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "23) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Қоңырбай Құдагелдинов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі қарамағындағы ұйымдар тізбесінің 33-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "33) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

  "Келісілді"
  Шығыс Қазақстан облысы
  мемлекеттік сатып алу
  және коммуналдық меншік
  басқармасының басшысы
  ___________ Р. Баирбеков
  2026 жылғы "__" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады