"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасысының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
А. Тлеубергенов