2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 06/11 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Д.С. Жиенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов

  Қарағанды қаласының
әкімдігінің
2026 жылғы "03" ақпан
№ 06/11 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 15.10.2026 № 70/03 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№

Мекемелердің түрлері

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

1.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудан атындағы үйде қызмет көрсету жағдайында

2526

2.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының үйде қызмет көрсету жағдайында

2426

3.

Уақытша болу жағдайында

9398

4.

Жартылай стационар жағдайында

8358,44

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады