Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 207 қаулысы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 18-тармағына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 қазандағы
№ 207 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

№

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылында 1 студентті/ 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

Бакалавриат
6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

10

1 230,7

1 218,3

2

Резидентура
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

40

1 939,9

1 811,3


Барлығы:


50

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады