"Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 қаңтарда № 37841 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады