Қарабалық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 136 "Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2026 жылғы 6 ақпандағы № 246 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 ақпанда № 37960 болып тіркелді

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 136 "Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10242-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      "Тұрғый үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізі талаптардың тізбесі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген.".

      Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады