1. "Қамысты ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 36 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7722 тіркелген).
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:
1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) Осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қамысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |
