Жітіқара ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1019810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін";
1-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";
1-қосымшадағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.";
1-қосымшадағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар және бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттар бойынша көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".
2. "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Уразалинов |
